КІРІСПЕ Зерттеудің көкейкестілігі: Қазіргі кезеңде Республикасызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақсандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңестігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде. Сондықтан білімгерді тек маман ретінде ғана қарамай, оны ез қоғамының азаматы, жеке тұлға, келешектің иесі, тірегі ретінде тану, соған мүмкіндік жасау қажет. Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. ....
Адамзат о заманнан табиғат аясында өмір сүріп, оның мол байлығын мейлінше қажетіне жаратумен келді. Адамның жатса – төсегі, жантайса – жастығы, тоңып-жаураса – баспанасы, үстіне киер киімі, қарны ашса – тамағы, басқа да толып жатқан мұқтаждығы табиғаттан табылды. Табиғат перзенті – адам, өз анасы – табиғатқа жақсылығымен қоса қиянат жасағанында кешірек сезінді. Адамзат өз ағаттығын кешірек болса да енді аңғарды. Қазір айналадағы ортаны аялап қана қоймай, оны қорғау – бүкіл халықтық мүддеге айналды. Табиғаттағы ғажайып байлықтың бірі – суасты әлемі. Бірақ ондағы тіршілікті кез-келген адам тікелей көзбен көріп, қолмен ұстай алмайды. Алайда, адам құдіретінде шек бар ма?! Оның да жолы табылды. Мінез-құлығы өте күрделі, пішіні әртүрлі тірі организмдер тіршілік еттетін суасты әлеміндегі құбылыстарды адам өзі басқарып, қажетіне қарай реттей алатын кішкене көшірме – суасты әлемінің терезесі, бейнелеп айтсақ, айнасы, яғни моделі ретінде аквариум дүниеге келді. Аквариумнан бөлмеде отырып-ақ табиғи тоғандар мен көлдер де өтетін биологиялық процестердің барлығын дерлік бақылауға болады. Аквариум – экологиялық жүйе моделі, ол – адамзаттың табиғатпен қашан да етене жақын екендігінің дәлелі. Адам балық және өсімдіктер тіршілігін бақылаумен бірге аквариуммен айналыса жүріп....
Бюджетаралық қатынастар- бұл тұрақты немесе ұзақ мерзімді елдің бюджеттік жүйесіне түсетін кірістер, шығыс өкілеттіліктерді шектеу, тұрақты және ұзақ мерзімді негізде реттеуші салықтардың бекіту нормативтерін анықтау, бюджеттік реттеу тәртібі бойынша жоғарғы деңгей бюджеттерінен төменгі бюджеттерге қаржыларды қайта тарату, қосымша шығындар туғызатын шешімдер қабылдаумен немесе шығыс өкілеттіліктерді берумен байланысты шығындардың орнын толтыру, қайтымды ақылы және ақысыз негізде уақытша көмек көрсету, сонымен қатар биліктің әртүрлі деңгейлері және бір билік деңгейінің әртүрлі мүддесінде, шығындарды қаржыландыру үшін аумақтарды біріктіру бойынша бюджеттік үдеріс барысында мемлекеттік және муниципалдық билік органдары арасында пайда болатын, экономика-құқықтық қатынастар. Берілген анықтаманың принциптік ерекшеліктері мынадай: Мұнда бюджетаралық ретінде қарастыруға болатын, бюджеттік үдеріс барысында пайда болатын қатынастардың толық тізімі келтірілген; Берілген анықтамада бір деңгей бюджеттері арасындағы қатынастар да бюджетаралық қатынастарға жатқызылған. Бюджет жүйесі- мемлекеттік бюджеттің қызмет етуінің ұйымдастырушылық нышаны болып табылады. Бұл елдің бүкіл аумағындағы әлеуметтілік әділеттілік принципін сақтау қажеттілігімен, мүмкін болатын икемділікті қамтамасыз ету маңыздылығымен, бюджет қаржыларын пайдалану тиімділігімен шартталған. Бюджетаралық қатынас- мемлекетті реттеудің негізгі мәселелерінің бірі. Саяси тұрақты қоғамды және өнімі өспелі ұлттық экономиканы құру аумақаралық айырмашылықтарды теңестіру мәселелерін шешпейінше мүмкін емес. Бюджетаралық қатынастарға жалпы алғанда мыналар жатады: • Жеке әлеуметтік және экономикалық функцияларды орындау үшін жауапкершілікті республикалық және жергілікті деңгейлер арасында бөлу және заңдық тағайындауға негізделген шығыстарды тарату, • Бюджеттік жүйенің әрбір деңгейіне бекітілген өкілеттіліктерге бара-бар шығындар шамасын негіздеу; • Барлық деңгейдегі бюджеттер кірістерінің көздерін заңдық бекіту және анықтауды көздейтін кірістерді тарату. Қалыптасқан бюджетаралық қатынастардың мәнін, олардың ұйымдастырылу ретін және ерекшеліктерін зерттеу келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді: бюджетаралық қатынастар қалыптасатын, бюджеттік жүйелер деңгейлеріне тәуелді, олардың бюджетаралық қатынастарға және бір деңгей бюджеттері арасындағы қатынастарға бөлуге болады, ал бюджетаралық қатынастардың пайда болу бағыттарына тәуелді оларды үш негізгі блоктарға бөлуге болады. ....
Педагогика тарихы – тәрбиенің шығуы мен дамуының заңдылықтарын зерттейді. Педагогика әуел бастан – ақ балалар тәрбиесі жайындағы ғылым болып қалыптасқан. Тәрбие жайындағы жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенді. Алғашқы қоғамдағы адамдардың тәрбие жөніндегі таным – мағлұматтары, дәстүрлері мен әдет – ғұрыптары заман ағымына орай бір буыннан екінші буынға ауысып отырды. Адамзат қоғамының , ғылым - білімінің дамуына байланысты тәрбиенің шығуын, оның даму заңдылықтарын ғылыми жолмен түсіндірудің қажеттігі туды. Осындай өмір, ғылым елегінен өткен мәліметтерді пайдаланып, педагогика адам тәрбиесіне қатысты мәселелерді жан – жақты түсіндірудің ғылыми және әдіснамалық жолдарын қарастырады. Кейінгі кезде педагогиканы тек қана мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды зерттейтін пән деген ұғым шеңберінен шыға алмаушылық та бар. оның себебі, педагогика орта және жоғары дәрежелі білім беретін кәсіптік оқу орындарының жұмысы мен жұртшылық арасындағы тәрбие мәселелерін зерттеумен айналысқан жоқ. Ал педагогика пәні жайындағы талас, пікірлер оның тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында болмай, тек қана терминологиялық тұлға да айтылып келеді. Өйткені , оқулықтар мен оқу құралдарында педагогика пәніне берілген әр түрлі анықтамалардың өзі авторлар арасында бірыңғай көзқарастың жоқ екенін көрсетеді. Әрине, термин жөніндегі мұндай талас пікірлер педагогика ғылымының дамуына игі әсерін тигізбейді. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау өрісі орасан кеңейе түсуде. Осыған орай, педагогиканы тек қана балалар тәрбиесі жағдайындағы ғылым деп щек қою дұрыс болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Сондықтан педагогика жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым. Ал тәрбие жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлау , оларға қоғамдық – тарихи тәжірибені үйрету процесі. ....
Пән:Алгебра Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-сыныптағы алгебра курсын қайталау Сабақ тақырыбы: «Квадрат түбір және иррационал өрнек» бөлімін қайталау Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.1.1 иррационал және нақты сандар ұғымдарын меңгеру; 8.1.1.2 санның квадрат түбірі және арифметикалық квадрат түбірі анықтамаларын білу және ұғымдарын ажырату; 8.1.2.1 арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолдану; 8.1.2.2 квадрат түбірдің мәнін бағалау; 8.1.2.3 көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу; 8.1.2.4 бөлшек бөлімін иррационалдықтан арылту; 8.1.2.5 құрамында түбір таңбасы бар өрнектерді түрлендіруді орындау; 8.1.2.6 нақты сандарды салыстыру; 8.4.1.1 y=√x функциясының қасиеттерін білу және оның графигін салу; 8.4.1.4 аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін табу және функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табу; Сабақ мақсаттары: Оқушылар: Иррационал және рационал сандарды анықтау; Нақты сандарды салыстыру; Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолдану; Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру y=√x функциясының қасиеттерін есеп шығаруда қолдану; ......
Жаздық демалыстан кейін мектеппен қауышуға дайындық көбіне қиынға соғады. Әсіресе 1-сыныпқа баратын балалар үшін әлдеқайда қиынырақ. Өмірдің жаңа қадамына аяқ басуға, сыныптастарына және де сабақтағы парталастарына үйренісуге тура келеді.
Bilim-all.kz жазғы демалыстан кейін оқушыларды мектепке дайындауға көмекші құрал ретіндегі ұтымды тәсілдерді ұсынады.
1. Балаңызды тек баға үшін оқуға үйретпеңіз
Ата‑аналар балаларын: мектепке барғанда тек бестік бағамен оқуың керек деп айтумен қателік жасайды. Қағаз жүзіндегі баға мектепке неліктен бару қажеттілігін көрсететін айғақ емес. Әр нәрсені білгісі келетін ізденімпаз ақыл иесі үшін білімнің маңыздылығы неғұрлым қызықтырақ. Балаға оның қаншалықты нәреселерді білетінін айтып беріңіз. Жаңалықтармен бөлісіңіз, жорамалдар құрыңыз, балаңыздың әлемнің қалай құрылғаны жөніндегі дүниетанымына деген болжамын құрметпен қабылдаңыз. Оны мазалайтын әрбір сұрақтың жауабын мектеп пәндерінен таба алатындығын айтыңыз.
«Адам қандай да бір қателік жасамайынша немесе өзі қалаған нәтижеге қол жеткізуде өзінің әрекетін өзгертпейінше одан сабақ алмайды. Қателік жасай білген адам, көбірек сабақ алып үйренеді. Қателіктің бағасын мойындамау, көп нәрсені білуге кедергі келтіреді. Егер жіберілген қателіктеріңізге дұрыс мән берсеңіз, ол сіздің жетістікке жетуіңізге көмектеседі».
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері Сабақ тақырыбы: Адам – экожүйенің бір бөлігі. Антропогенді фактор. 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): адам мен экожүйе арасындағы қарым-қатынастарды сипаттау Сабақ мақсаттары: адам – экожүйенің біртұтас бөлігі екендігін түсіну; адамның экожүйеге жағымды әсерін түсіндіру және сараптау;.......
Қазақ тіл білімінің қалыптасып, даму тарихында оның негізін салушылар А.Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Жиенбаев, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев есімдері ерекше аталатыны сөзсіз. Аталған ғалымдар жалпы қазақ тіл ғылымының дамуына зор үлес қосты дейтін болсақ, соның ішінде синтаксис саласына қалдырған мұралары күні бүгінге дейін маңызын жоймағандығын атап өтуіміз керек. Синтаксистің аса күрделі де күрмеуі мол салаларын зерттеп, зерделеу, оның тілдік табиғатын таныту мен құрылымдық-семантикалық белгілерін айқындау ісінде белгілі ғалымдар Н.Сауранбаев, М. Балақаев, Т. Қордабаев, Қ. Есенов, Р. Әмір еңбектерінің мәні зор. Кейiнгi жылдары жарық көрiп жатқан оқулықтар мен зерттеу жұмыстары аталған ғылым саласының әлi де зерттей түсудi қажет ететiн тұстары бар екендiгiн көрсетiп отыр. Тілді грамматикалық тұрғыдан қарайтындар да, логикалық аспектіде қарайтындар да сөйлемнің қандай түрі болмасын предикативтік қасиетке ие және ол бұның ең басты белгісі болып саналады деп есептейді. Осыған байланысты да көп уақытқа дейін сөйлем атаулының барлығы дерлік тек екі басты мүшелі болуға тиіс деген идея үстем болып келді. Алайда сөйлемді үздіксіз әрі жан-жақты зерттеу нәтижесі құрылымдық ыңғайда оның белгілі бір стандартқа сыймайтынын, сөйлем сан қырлы сыры бар құбылыс екенін көрсетті. Сөйлемнің сондай ерекшелігінің бірі - олардың бір бас мүшелі болып та келуі. Осыған байланысты тіл ғылымында “ бір бас мүшелі” (бір құрамды) сөйлемдер идеясы қалыптасты. Сөйлем синтаксисін зерттеушілердің қайсысы болмасын бір құрамды сөйлемдердің де предикативтік құрылымға негізделетінін жоққа шығармайды. Қазақ тіл білімінде бұл мәселені арнайы зерттеген – ғалым Ж. Сәдуақасов. Аталған проблемаға қатысты негізгі мәселелер айқындалды десек те, әлі де айқындауды қажет ететін тұстары бар. ....