Реферат: Тарих | Африка Бірлігі Ұйымы

ХХІ ғасырға аяқ басумен бірге адамзат халықаралық қатынастар дамуының жаңа кезеңіне де аяқ басты. Ол халықаралық экономикалық, саяси және мәдени қарым-қатынастардың кеңеюі мен тереңдеуі, халықтар достығы мен ғаламданудың дамуы арқылы көрінді. Халықаралық қауымдастық ірі интеграциялық байланыстарға, көп мәселені алдын ала болжап білуге ұмтылып, соған сай түрлі ұйымдардың жұмыс механизмдері нығайды. Ұлттық деңгейден жоғары ұйымдар да жаппай күшею үстінде, ал бұл — алға қарай табысты жылжудың алғышарты.

Ғаламдану заманында халықаралық ұйымдардың, соның ішінде бірте-бірте ғаламдық мәселелерді шешуге ұйысатын ұйымдардың тәжірибесі мен қызметін зерттеудің маңызы зор. Даму неғұрлым жылдам қарқынмен жүрген сайын халықаралық қауымдастық та құлағын түріп отыруға мәжбүр, өйткені дамумен бір мезгілде қауіп-қатер де бой көтереді. Халықаралық қатынастарды демократияландырудың негізгі алғышарттарының бірі жәрдемдесу принципі екенін есепке алсақ, түрлі қауіп-қатерлер ең алдымен аймақтық ұйымдарға жетеді. Ал Африкалы Одақ (АО), яғни бұрынғы Африкалық Бірлік Одағы бүгінгі таңда Африка құрлығындағы барлық мемлекеттердің басын біріктіріп отырған бірден-бір аймақтық ұйым.

Жұмыстың хронологиялық шегі біз қарастырып отырған ұйымның, яғни АБО-ның қызмет ету уақыты негізінде анықталады. Ал 1963 жылы африкалық ынтымақтастық және бірлік принципі негізінде құрылған АБО алғаш құрылған күнінен-ақ Африка мемлекеттерінің отаршылдық езгіден, тәуелділіктен тұтастай арылуы үшін күресті. Оның жұмысы да соған негізделді. Ұйым жұмысындағы екінші басым бағыт апартеидтік режимді және нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрін түп орнымен жою болды. Ұйым бұл орайда кереметтей табандылық және батылдық танытып, құрлықтағы барлық мемлекеттердің тізесін біріктіре алды. Сол арқылы жаңа айтылған мәселелерге әлемдік қоғамдастықтың да назарын аудартып, соның арқасында ойға алған мақсаттарын табысты аяқтады. Қарулы күрес тәсілдері мен дипломатиялық акцияларды шебер үйлестіру арқылы 1990 жылдардың бас кезінде құрлықтағы отаршылдықты күл-талқан етті. Қазіргі таңда АО-ның (АБО-ның қазіргі атауы) Африка құрлығындағы халықаралық қатынастарда айтарлықтай өзіндік орны бар. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): № 6 зертханалық тәжірибе «Спирттердің судағы ерігіштігі, жануы, бір атомды және көпатомды спирттерге сапалық реакциялар» (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Спирттер
Сабақтың тақырыбы: № 6 зертханалық тәжірибе «Спирттердің судағы ерігіштігі, жануы, бір атомды және көпатомды спирттерге сапалық реакциялар»
Оқу мақсаты: 10.4.2.27 біратомды және көпатомды спирттерге сапалық реакция жүргізу;
Сабақтың мақсаты: Орындалған тәжірибелерге сүйене отырып, спирттердің физикалық қасиеттерін (түсін, иісін, суда ерігіштігін) анықтау.
Қаныққан біратомды спирттердің кейбір химиялық қасиеттерін зерттеу.Көпатомды спирттердің сапалық реакциясын белгілеу. ......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Біртұтас педагогикалық процесс педагогиканың пәні және мұғалімнің іс-әрекет объектісі

Кіріспе
Мақсаты: Оқушыларды қоғамның белсенді және білімді азаматты етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау.
Міндеті:
- Мұғалімнің сабағына қойылатын талаптарды анықтау
- Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымның қалыптасуының адамгершілік қасиеттерін, дүниетанымдылығын арттыру.
- Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипатын анықтау.
Өзектілігі
Мұғалім - өмір бойы оқып тынбай ізденетін мамандық мұғалімнің беделі-білімде.
Бүгінгі таңда жаңаша жұмыс жасау, оқу мен тәрбие үрдісін жаңаша ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр. Ал егемен еліміздің дамуы мектеп жұмыс әдістерінің түбегейлі өзгеруінсіз, оның іс-әрекетінің жаңадан құрылуынсыз мүмкін емес. Өйткені бүгінгі бала-ертеңгі дарынды білімді, жастар тәуелсіздігімізді баянды етіп, қоғамдық әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан жоғары сынып оқушылары мұғалім берген білімді ғана игеріп қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, нысаналы, зерделі, дарындық іс-әрекеті мен сабақтастары білуі тиіс. Осыған орай, жоғары сынып оқушыларының интелектуалдық мәдениетінің дамуын арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты оқу табылады.
Білім беру мектептің ғана ісі емес мектеп білім алудың кілтін ғана береді. Мектептен тыс білім алу дегеніміз- бүкіл бір ғұмыр! Адам өмір бойы білімін көтеріп отыруы тиіс.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Қасым Аманжолов | Сын сағатта тас түйін біртұтас болған ел

1941 жылғы 22 июньде фашистік Германия Совет Одағына соғыс жарияламай, тұтқиылдан шабуыл жасады. Фашистік Германия 1939 жылы совет — герман мемлекеттері арасында жасалған өзара соғыспау туралы келісімді опасыздықпен бұзды. «Империализмнің ең негізгі сипатының бірі — империализм әр кезде-ақ ұлттық соғыстарды тудырып отыруға тиіс» — деп атап көрсеткен еді, Владимир Ильич Ленин өз еңбегінде. Европаның көп елдерін басып алғаннан кейін фашист жендеттерінің әскери-экономикалық қуаты барынша нығайды. Францияның, Австрияның, Чехословакияның соғыс заводтары, Румыния мен Венгрияның мұнай кәсіпшіліктері, Норвегияның рудниктері гитлершілерге қызмет етті. Бұл — аса күшті әрі зұлым жау еді. Неміс-фашист армиясының жеке адам санының құрамы Қызыл Армиядан 1,8 есе, танкісі 1,5 есе, соғыс самолеттері 3,2 есе, зеңбіректері мен минометтері —1,2 есе артық болатын. Фашистік Германияның 217 девизиясы және 5 әуе флоты болса, 1941 жылғы июньде жаудың 153 дивизиясы мен 4 әуе флоты СССР-ге қарсы қойылды. Германия сатиллит (одақтас елдер) әскерлерін қосқанда Совет Одағына қарсы барлығы 190 дивизиясын, 5,5 миллион солдат және офицерлерін, 3712 танкісін, 4950 әскери самолетін, 47260 зеңбірегі мен минометін, 193 соғыс кораблін және т. б. соғыс техникасын соғысқа қосты. СССР-дің әуе кеңістігіне мыңдаған фашистік самолеттер ұшып келіп қалаларға, аэродромдар мен темір жол тораптарына бомбалар тастады, мыңдаған зеңбіректер шекарадағы заставалар мен Қызыл Армия бөлімдерін атқылады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Біріккен Ұлттар Ұйымы БҰҰ әмбебап ұйым

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. БҰҰ дүние жүзіндегі мемлекеттердің басым көпшілігін біріктіретін, ең ықпалды, әмбебеп халықаралық ұйым. Басты мақсаты – халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтып, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту.
БҰҰ-ның Жарғысында бірінші кезектегі мақсат ретінде халықтар арасындағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бейбіт өмірге төнген қауіптің алдын алу немесе бетін қайтару агрессиялық және елдердің тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттерге тойтарыс беру, халықаралық даулы мәселелер мен шиеленістерді реттеу екендігі жарияланған.
БҰҰ қызметінің негізгі бағыттары – жер бетінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті жақтап, мемлекеттердің сан алуан саладағы ынтымақтастығына жәрдемдесу, адам құқылары мен бостандықтарын қорғап, халықаралық құқықты жүйелеу және оның прогрессивті дамуын қамтамасыз ету болып табылады.
Халықаралық тыныштық және қауіпсіздік, қарусыздандыру және қару жарақты жаппай жоюды қажет ететін аумақтарға ұйымдарды қатыстыру БҰҰ мүшесіндегі мемлекеттер үшін маңызды мәселе.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0