Балабақша сабақ жоспары: Сонша көбірек азырақ

Мақсаты: Балалардың үлкен - кіші, көп - аз туралы ұғымдарын қалыптастыру. Көп - аз, үлкен - кішіні ажыратып күнделікті өмірде қолдана білуге және бір - бірін аттарымен атай білуге үйрету. Балалар бойына достық, мейірімділік сезімін егу. Заттарды түстеріне, түрлеріне қарай ажыратып салыстыруды меңгерту. Ойлау, көріп тану, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Қоршаған ортамен жан-жануарларға қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: Қуанышты сәт, әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сергіту сәті, қорыту.
Көрнекілігі: қуыршақтар, үлкен - кіші алмалар муляжы.
Сөздік жұмыс: Қуыршақтар, қызыл - сары алмалар, үлкен - кіші, көп – аз

Оқу іс – әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Баланы тапсырманы орындауға қызықтыру
(талпындыру) - Балалар сендер қандай әдемісіңдер, тобымызда әдемі, күніміз де әдемі. Осы әдемілігімізді сезініп, көңілімізді көтеріп ән айтайықшы.
Күн күлімдеп әлемде
Күлімдейді әдемі
Төбемізде қарлығаш
Айналады әдемі
Әніміз осындай
Сәніміз осындай.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Әңгіме: Бейімбет Майлин | Бір суреттің тарихы

Аспан жүзін қаптаған күзгі сұр бұлт оқтын-оқтын қабағын түйгендей тұнжырап, себелеп бүркіп-бүркіп алады. Ысқырған ексімді жел арбиған қу қаңбақты домалатып, ескі апандарға, сай жырасына малша иіріп тыға түседі.

Дала иесіз. Көңілсіз.

Айдабол сайының жол етер кезеңінде бейнеусіз үйілген тезектей қиқайып, құммен көміліп бара жатқан тәрізденіп қараша үй отыр. Жел ішін тартып үйірілте соқса, қараша үйдің киізі қолп-қолп етеді. Үй ортасына жағылған от шалқи жанып, от басына төнгендердің көзінен сорасын ағызып, берекесін тым-ақ алып отырған секілді.

От басында екі әйел отыр. Қатпар бетті қара кемпір жаулығының шетімен көзінің сорасын сүртті де, бақшиып шаңыраққа қарады. Аспан жүзінің түнерген бұлты үрейді ала түсейін дегендей әлденеге түксие қалыпты. Кемпір ауыр күрсініп, аузы күбірлеп, жанында отырған жас әйелге қарады. Жас әйелдің бауырында бесік. Ажарында ауыр қайғының, кейістіктің ізі.

— Ұйықтады ма, сәулем? — деді кемпір.

— Ұйықтады.

Екеуі де үнсіз, отқа телмірумен отырды. Екі ортасында бесік. Іргеден соққан ызғырық жел отпен ойнағандай түтіннің ұйқы-тұйқысын шығарды. Тарамыс саусағы қалтылдап, кемпір бесіктің жабуын қымтай түсті. Бір кезде кемпірдің иегі кемсең қақты:

— Келінжан, не болар екен күніміз?

Жас әйел ақшыл беті сұрғылт тартқан секілденіп, мөлдір қара көзі жаспен көміліп, төменгі ерні әдеттегісінен сәл қымқырыла түскендей боп, үнсіз отырды да қойды...

Жел ызыңы бұрынғысынан да үдеп, жыртық киізді жұлмалап ойнағандай сілкіп-сілкіп қояды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Метрология | Қазақстан Республикасының өлшем бірліктері

Метрологияның ғылым ретінде адамзатқа сіңірген үлкен еңбегі – бүгінде қолданылып жүрген метрологиялық сынап бақылауларды жүзеге асыру.
Өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізілімі – өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарға қатысушы объектілер мен құжаттарды тіркеу есебінің құжаты.
Уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын тиісті халықаралық келісімдер (шарттар) (бұдан әрі - келісім) негізінде шет елдерде жүргізілген сынақ нәтижелерін тану және өлшем құралдарының түрін бекітуді жүзеге асырады.
Сынақ нәтижелерін тану және өлшем бірліктерінің түрін бекіту «Сынақ нәтижелерін өзара танудың, өлшем құралдарының түрлерін, салыстырып, тексеруді және метрологиялық аттестаттауды бекіту» 06-2001 ПГМ-де белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Жаппай шығарылатын немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін өлшем бірліктерінің түрлері түрлерді бекіту мақсаттары үшін сынақтардың оң нәтижелері негізінде бекітуге жатады. Өлшем бірліктерінің түрлерін бекіту туралы шешімді техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган қабылдайды. Техникалық реттеу саласында нормативтік құқықтық актілермен белгіленген міндетті талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының аумағында, шетелдік ұйымдарды қоса алғанда, заңды және жеке тұлғаларда жүзеге асырылады
Жаппай шығарылатын немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін өлшем бірліктерінің түрлері түрлерді бекіту мақсаттары үшін сынақтардың оң нәтижелері негізінде бекітуге жатады. Өлшем бірліктерінің түрлерін бекіту туралы шешімді техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган қабылдайды....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Бір уыс мақта

Мақсаты:. Әңгіме мазмұнымен таныстыру, түсінгенін айта білуге үйрету. Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру. Еңбекқорлыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ыбырай Алтынсариннің портреті, мақта және әңгімеге байланысты суреттер.
Сөздік жұмыс: шапан, мамық, қиқым,
Әдіс - тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ - жауап, көрсету

Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбер
- Ал балалар, шеңберге тұрамыз. Алдымен келген қонақтармен амандасып алайық.
Күннің көзі ашылсын
Көкке шуақ шашылсын
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу

Это важно!
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Өлеңдер
Толық
3 -2

Дипломдық жұмыс: География | Шаңды дауыл кезіндегі кейбір метеорологиялық элементтерге сипаттама

Жылдамдығы секунднына 10 метрден асатын, күшті желмен көтерілген, қалындығы 100 метрден асатын атмосфера қабатына енген шаң-тозаңдар ағыны – шанды борандарға жатқызылады.
Шаңды дауы пайда болу үшін екі жағдай қажет, яғни күшті жел және топырақтың борпылдақ болуы. Кеуіп қалған топырақ пен шөптің сирек өсетін жерлерінде, 8-10 м/с жел жылдамдығында байқалады. Басқа кездерде желдің жылдамдығы 20 м/с-тан асса да байқалмауы мүмкін. Оның негізгі себебі топырақ бетіндегі 20 см су қоры мен оның құрылымы емес сонымен қатар оның кедір-бұдырлығы және термикалық тұрақтылығы болып табылады.
Осы жұмысты зерттеулері бойынша қорыта келетін болсақ 1997 жылы өте ұзаққа созылған шаңды дауыл байқалмаған. Қазақстан территориясында батыста, солтүстікте және оңтүстікте байқалған. Шаңды дауылдың жылы кезеңге қалыптасуы, топырақтың кебуі және топырақ бетін жел соғып құнарсыздандыруынан шаңды дауыл қалыптасады.
Шаңды дауылдардың мамыр мен маусымда пайда болуы мередиональды процестер мен сипатталады, солтүстік батыс, солтүстік және ультрополярлы енулермен жақсы көрсетілген.
Шаңды дауылдар шілде мен тамыз айларында пайда болатынынын синоптикалық процес зональді процестер басымдылығымен өзгешеленеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Жасөспірімдер өз ауылындағы жағдайдың қала тұрмысымен бірдей болғандығын қалайды!

Мен, қарапайым, кішкентай ауылдың тұрғынымын! Өз ауылымның көркейіп, әлеуметтік тұрмыс-тіршілігінің жақсы болғанын қалаймын. Ауылдан жыраққа шыққан жағдайда, яғни қала орталығына бара қалсаң, өзіңе қажетті нәрселердің бәріне қол жеткізесің. Ал, мен ән айтып, би билегенді, қоғамдық ортада пікір тастап, ғылыми жұмыспен айналысқанды қатты ұнатамын. Бірақ, біздің мектепте ән сабағы болғанымен, нағыз маманның болмағандығы қынжылтады, сонымен қатар би үйрететін биші де жоқ.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Ферменттердің активтілігі мен мөлшерінің өлшем бірлігі

Тірі ағзалар үнемі қозғалыста және тепе теңдікте болад, яғни ағзаға сырттан қоректік заттар еніп тұрады және керексіз өнімдер сыртқа шығарылады. Бұл құбылысты зат алмасу деп атайды. Зат алмасудыі қалыпты жүруін орталық жүйке жүйесі және эндокрин бездерінің гормондары реттейді. Эндокрин бездері өз әсерін ферменттер арқылы іске асады.
Ағзаның барлық клеткасында бір мезгілде белгілі ретпен және өзара үйлесімді де алуан түрлі химиялық реакциялар жүріп жатады. Ал ферменттер осы реакцияларды миллиондаған есе жылдамдатады. Тіршіліктің мағынасы да осында. Егер ферменттер қатыспаса, ағзадағы химиялық реакциялар өте баяу да тәртіпсіз жүретін еді. Мұндай жағдайда тіршіліктің өзі де болмайды. Сондықтан да ферменттер барлық тіршілік процестерінің негізі болып табылады. Ал ферменттер әсерінің қандай болмасын бұзылуы әр түрлі жайсыз құбылыстарға әсер етеді.

Біздің мұндағы негізгі қарастыратынымыз, тақырыптың негізгі ашпақ болған мәні-ол ферменттердің жалпы ерекшеліктері, қасиеттері , медицина саласындағы әсіресе медициналық диагноз қоюдағы маңызын түсіну және қолдана білу, сондай-ақ ферменттердің синтезінің бұзылуы немесе жетіспеуінен туындайтын ферментопатиялардың не энзимопатиялардың түрлері жайлы, олардың клиникалық белгілері жайында мәлімет ала отырып, түрлі ауруларды бір бірінен айыра білу жөніндегі ақпараттар болып табылады.

Демек, фермент биологиялық катализатор болғандықтан, термодинамиканың негізгі ережелеріне бағытталады.Атап айтқанда, бейорганикалық катализаторлардың көптеген ерекшеліктерін ферменттік реакцияларда байқауға болады, яғни олар бірнеше ортақ қасиеттерге ие:біріншіден, энергетикалық мүмкіншілігі бар реакцияларды ғана катализдей алады; екіншіден, реакция тепе-теңдігін өзгертпейді, тек осы тепе-теңдікке жету уақытын ғана қысқартады; үшіншіден, реакция бағытын өзгертпейді; төртіншіден, реакцияның соңғы өніміне айналмайды.Алайда, ферменттер биологиялық катализатор болғандықтан, оның өзіне тән ерекшеліктері болады ,оны ферменттердің жалпы қасиеті деп атаймыз.....
Рефераттар
Толық
0 0