Қазіргі таңда Қазақстан-бүкіл әлем таныған ел.Қазақстанның асты байлыққа толы.Жері құнарлы,елі жайсан,халқы мейірімді мемлекет.Қазақстан дамыған 30 елдің қатарында,көптеген ұйымдардың құрамында. Қазақ елін әлемдік аренаға танытқан,халық қамын ойлап,ел сенімін ақтап,жарқын болашаққа жол бастаған дара тұлға ол-Елбасы.Тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы тәй-тәй қадам басқан....
Пән:Дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ежелгі Үндістан: буддизмнің гүлденуі мен индуизмнің триумфі Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Үндістанда ғылыми білімдер қаншалықты дамыды 2-сабақ Сабақтың оқу мақсаттары (оқу мәліметіне жолдама): 5.2.4.2 ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау Сабақтың мақсаты: Оқушылар тематикалық білім әдістемесін құру арқылы әртүрлі елдердегі белгілі бір уақыт аралығында орын алған шаруашылық және ғылыми өзгерістерді салыстырады, саяси өзгерістердің пайда болуына шаруашылықтың тигізген әсерін қорытындылайды......
«2019 жыл- Жастар жылы» деп елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл -ауқатының өсуі табысымен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында жариялаған болатын.
Жалпы жас келсе іске дейтін дана қазақ жастардың мүмкіндіктерін бағалай білген. «Он үш жаста отау иесі» деп жастарға үлкен үміт артқан. Қазақ жазушысы Ілияс Жансүгіров «Жас мұраты білім, тәлім -талабы, өнер оқу- жастықтың қару жарағы» деп жырлағандай , жастардың талапты, білімді, негізгі мақсаты оқу екендігін анық айтқан. Жастарға үлкен сенім артып «Болашақ» бағдарламасы, «Дипломмен ауылға» «Жүз жаңа есім» сияқты түрлі жобалар ,бағдарламалар жастарды қолдау мақсатында жүзеге асырылып жатыр.
Бізге ,яғни жастарға үлкен сенім арттып , болашақ біздің қолымызда болғандықтан әрбір жас жауапкершілікті сезінсе екен. Себебі ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы ұлағатты сөзінде «жастардың оқу - тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді»деген. Яғни, жастар ел болашағы , тәлім -тәрбие алу ғана емес , соны дәріптеу өскелең ұрпаққа жеткізу қажет. Балаларды оқуға шықырған, білімді азамат болуларын қалаған Ыбырай Алтынсарин «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»деген. Ең бірінші жас ұрпақты тәрбиелеуде білімді болу керек. Сапалы білім- саналы ұрпақ кепілі, тәрбиенің негізгі бастауы ол білім. Білімсіз істің реті болмайды. Болашағымыз жарқын болу үшін жастар талмай еңбек етуіміз қажет. Әрбір жас елдің тірегі, елдің , жердің дамуына үлес қосу тиіс деп санаймын. Заман талабына сай құзырлы болу үшін үш тілді еркін меңгеру, инновациялық технологияларды қолдана білу, бәсекеге сай зайырлы қоғамда өз ойын ашық жеткізе алатын, өмірге деген көзқарасы айқын , жетістіктерге қолжеткізе алатындай еркін өмір сүруі керек. Өзге елге еліктемей, өз елінің тарихын, шежіресін құрметтеп, дәстүрін сыйлап, насихаттауы қажет. .....
Мен білімді болғым келеді. Болашақта өзімді жан-жақты, көзі ашық, білікті азаматтардың қатарынан көремін. Бұл менің ғана қалауым емес, ұстаздарымның және ата-анамның да қалауы. Сабақтан бос уақытымда ғаламтордан, теледидардан елімізде болып жатқан кей жаңалықтарды оқып, тыңдап отырамын. Ара-тұра шәй үстінде әкем екеуміз мемлекетімізде болып жатқан оқиғаларды талқылайтынымыз да бар.
Жуырда мен Қазақстаннан өткен жылы 300 мың адамның шетелге тұрақты түрде жұмыс істеуге кеткені туралы ақпарат оқыдым. Елімізден көптеген жастардың Корея, Түркия, Америка, Ресей секілді шет мемлекеттерге жоғары жалақы үшін кетіп жатқанын білемін. Бірақ бір жылда 300 мың жастың бірден шетел тұрғынына айналып кетуі мені біраз ойландырды. «Сонда барлық жастар, аға-әпкелеріміз басқа елге жұмыс істеуге, сонда өмір сүруге осылай ағылып кете берер болса, Қазақстанда кім қалады? Үлкендер болашақ жастардың қолында дейді. Олай болса болашағымыз не болмақ?» деген ойға қалдым.
Өз басым, мен мұны қолдамаймын. Шетелге кетпей-ақ, Қазақстанда да жайлы әрі жақсы өмір сүруге болады. Ол үшін елімізде барлық мүмкіндік бар. Жоғары білім алғысы келетіндер үшін жақсы деңгейлі оқу орындары жетерлік. Жыл сайын талапкерлерге сан мыңдаған гранттар бөлінеді. Әр жақсы оқыған студент шәкіртақы алады, жатақханамен қамтамасыз етіледі. Кәсіп бастап, табыс тапқысы келетіндер үшін де жеңілдіктер бар. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар негізінде өз ісін бастағысы келетін жастарға қаржылық қолдау жасалады, бизнес бастауды үйретіп, оны оқытатын курстар да аз емес. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жастарға көп көңіл бөліп келді. Биылғы жылдың «Жастар жылы» деп аталуы да осының дәлелі. Ол кісінің сындарлы саясатын жалғастырып жатқан қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та жастардың рухын көтеріп, оларды білімге, еңбекке шақыруда. Яғни, еңбек еткісі келетіндерге елде ешкім кедергі емес. Елімізде бейбіт, мамыражай заман орнап тұр. Соғыс, қырғын-жойқындардан аулақпыз......
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға білімнің адам үшін аса қасиетті екенін түсіндіру. Мектептегі бірінші күн, мектептегі алғашқы жиын, білім күні қалай өткенін еске түсіру. Мәтінді өз бетімен талдау жасату арқылы оқушы біліктілігін арттыруға, ойлануға, жүйелі жұмыс жасауға үйренуге жағдай жасау. Ауызбіршілікке, мұғалімге құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Типі: Жаңа білімді меңгерту, кіріктірілген. Әдісі: топтастыру, топтық жұмыс, оқу, талдау, ән айту. Көрнекілігі: слайдтар. Сөздер, тапсырмалар. плакат гүлдер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру Сыныпты 4 топқа бөлу. Қиылған неше түрлі түстер беріледі ол қағазда топтың атаулары жазылған. Қиылған түстерді жинастырып, сол топқа мүше болады.......
БҚО,Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы, «Айгөлек» МДҰ МКҚК Дене шынықтыру нұсқаушысы: Султанова Сания Жаксылыковна Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы «Ақерке» ортаңғы тобы Білім беру саласы: «Денсаулық», «Қатынас»,«Шығармашылық» Бөлімі: Дене шынықтыру,Тіл дамыту,Музыка. Тақырыбы: «Мен және менің денсаулығым» Мақсаты: 1. Балаларға денсаулық туралы түсінік бере отырып,өз еркілерімен жаттығуларды жасауға дағдыландыру.
Мақсаты: 1 қыркүйек - Білім күнін, 30 тамыз - Ата Заң күнін атап өту, маңызын түсіндіру. Мерекені сезіндіру. арнайы әндер, тақпақтар үйрету. Отаншылдыққа тәрбиелеу. Сахна мәдениетіне баулу. Көңілді орта қалыптастыру.
Би «Мереке»
1 - бала: Ерекше бүгінгі күн, салтанат сән Тербетер жүректерді бір әсем ән Шат - шадыман барша ел, барша халық Құлпырып тұр гүлдермен айнала, маң Қымбатты балалар, құрметті ата - аналар, балабақша қызметкерлері! Баршаңызды бүгінгі 1 қыркүйек - білім күнімен, жаңа 2016 - 2017 оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! Мерекемізге қош келдіңіздер!......
Мақсаты: Білімділік: Балаларды білімге деген ынтасын арттырып, сөздік қорын көбейту, тақпақтарды мәнерлеп нақышына келтіріп айта білуге үйрету. Тәрбиелік: Балаларды бір - бірін құрметтеуге, оқу құралдарын ұқыпты ұстауға, өз Отанын сүюге тәрбиелеу. Дамытушылық: Балалардың ақыл - ойын қиялын, өз Отанына деген сүйіспеншілігін дамыту. Керекті құрал - жабдықтар: бильборд, слайд, суреттер, тақта, оқу құралдары
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері Достарды біз қолдаймыз Қиын шақта қорғаймыз Біздің топта ұл - қыздар Тату - тәтті ойнаймыз Балалар бүгінгі оқу іс - әрекетін бастамас бұрын бір ойын ойнағым келіп тұр. Ойынның аты «Кім білгір». Ойынның шарты: допты балаларға лақтыру арқылы сұрақ - жауап алу......