"Анамдай болып кетті". Болат Назарбаев бірінші әйелі туралы айтты.

Youtube желісіндегі Aina арнасына сұхбат берген Қазақстанның экс-президенті, қазір биліктегі "Нұр Отан" партиясының және Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып отырған Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев бірінші әйелі туралы айтты. Оның сөзінше, бірінші әйелі қара шаңырақта тұрады. "Мен әскерден келгеннен кейін марқұм ағам Сатыбалды "Бірінші май" деген ауылда тұратын. Бауырым екеуміз Үштөбеде жүргізуші болып жұмыс істедік. Сол совхозда Гүлжанды кездестірдім (ред. бірінші әйелін айтып отыр).
Жаңалықтар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Батыр Баян Байболатұлы

Батыр Баян Байболатұлы - 1731 жылы дүниеге келіп, 1771 жылы қайтыс болған. Таманың Дәулеткелді руынан. Әкесі Байболат та уағында елді қорғаған, жүрегі ештеңеден қаймықпайтын батыр болған екен. Баян батыр атымен танылған бірнеше батырлар болған. Абылай ханның байрақдары .....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Нарықтық экономика | «Болат» өндірістік кооперативінің қаржы нәтижелерін талдау


Кіріспе
Қоғамда қаржылық жоспарлау және талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындадыды: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шыгыиды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік-әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік («иесіз») меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, басқарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Бекболат Баян | Жақсы сөз жарым ырыс

Жақсы сөз жанның жылуы. Бір бірімізге жылы қабақ танытып, жақсы сөзімізді арнап жүрген қандай ғанибет. Қарыштап дамыған өркениетке ілесеміздеп осынау жақсы қасиетімізден айырылып бара жатқандаймыз. Асығыспыз... Тіпті ет жақынымызбен араласуға уақыт жоқ. Қайда асығамыз?... «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын...», «Жақсы сөз жарым ырыс», т. б. толып жатқан мақал – мәтелдерді естіп жүрміз. Жақсы сөз естіп көңіліңнің көтеріліп қалғанын өзің де байқамай қаласың. Тұнып тұрған психология! Жаз жайлау, қыс қыстау мал соңында жүріп, психология оқымаған қазақ осының бәрін қайдан білген?! Сірә, халық даналығы деген осы болар.

Мектеп қабырғасында оқып жүргенде, қабырғаларда ілініп тұрған түрлі мақал – мәтелдерді, нақыл сөздерді көріп, біріміз болмаса да, біріміз ойланып жүретін едік. «Тәрбие тал бесіктен емес пе?». Бірақ бұл өскен соң тәрбиені тоқтатып қоюға болады деген сөз емес қой. Айтқым келгені біздің ҚазҰУ - нің механика – математика факултьтетіне келгелі мен ол тәрбиені көре алмадым. Ұлы адамдардың портреттері ілініп тұр, олда тәрбие, бірақ, тәрбие көптік етпейді ғой.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, біздің факультетте және өзге де факултьеттерде, егер жоқ болса, мақал – мәтелдеріміздің және нақыл сөздеріміздің ілініп тұрғанын қалар едім. Бір жағынан тәрбие, екінші жағынан қазақы дәстүр университетіміздің ажарын аша түсер еді. Көрген көзде жазық жоқ, естіген құлаққа алтын сырға.

Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Механика – математика факультеті

Бекболат Б. baian-gt@mail.ru

.....
Әңгімелер
Толық
0 0