Реферат: Қазақ әдебиеті | Бекболат Қазыбекұлы (Бекболат би)

Бекболат Қазыбекұлы (Бекболат би) (1714-1790 жылдары) атақты Қаз дауысты Қазыбек бидің баласы. Жас кезінен өкесіне еріп билік мәслихатына көп қатысқан. Әкесі Қазыбек және Төле би, Әйтеке би тағы сондай кара қылды қақ жарған әйгілі әділ билер, хандар, бектер, сұлтандардан көп тәлім-тәрбие алған.
Ол әсіресе Абылай хан сарбаздары арасында өзінің шешен, тапқырлығы, әбжіл, алғырлығы, батырлығымен зор беделге ие болған. Абылай ханның өскери істер, жорык-жортуыл кезіндегі кеңесшілерінің бірі. Сондықтан да Абылай хан оған ерекше сенім білдіріп, шиеленіскен қиын дауларға қауіпті шапқыншы жауларға жұмсап отырған. Бекболат бидің ол сапарлары сәтті болып, үлкен абыроймен оралған.
Әкесі қартайған шағында Бекболатқа билік тізгінін берген. Ол әкесінің билік, .....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова

Әнші Жазира Байырбекова 1978 жылы 30 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауылына қарасты Пақташы атты жерде дүниеге келген. Өзінің де, күйеуі Жанболат Ербатыровтың да отбасында тоғыз ағайынды. Жазира Байырбекованың әпкесі журналист, бірақ бүгінде ән айтып жүр. Бауыры Серік университетте, Аққал Хасенова есімді сіңілі кітапханада жұмыс істейді, сіңілі Ұлдан теміржолда, әпкесі Сәбира аспаз, тағы бір әпкесі Ботагөз тігінші және ағасы Ерболдың жеке кәсібі бар.
Бұдан өзге Ләззат есімді әпкесі үлкен сахналарда ән айтса, өзінен кейінгі сіңілі Нәзира төртінші билік қатарында. Айтуларынша, Жанболат Ербатыровтың да бауырлары өнерден құр алақан емес. Ол 1973 жылы Қызылорда облысы Арал қаласында дүниеге келген.
Жазира Байырбекова ес білгелі ән айтып келетінін айтады. Тіпті, мектеп табалдырығын аттамай жатып туған әпкесі Ләззат Байырбекованың сыныбына барып, әр мерекеде қосылып ән шырқайтын болған.
Қос әнші Алматы қаласына келгенде жейтін тамақтары мен жолға төлейтін ақшалары болмай қиналған. Десе де, олар тағдыр тауқыметін көп көргендеріне қарамастан, бір-бірін таңдағандары үшін ешуақытта өкінбегенін айтады...
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Ертегі: Бекболат

Ертеде бір кедей болыпты, оның төрт баласы болыпты. Кішісінің аты Бекболат екен. Бір күні ол кедей «тілімді алмайсың» деп Бекболатты үйден қуып жібереді. Бекболат қаңғырып келе жатып, көлдің жиегіндегі жалғыз үйге сәлем беріп, кіріп келсе, бір шал мен кемпір отыр екен. Олар жөн сұраса, Бекболат:

— Әке-шешем жоқ, қаңғырып жүрген жетім баламын, баласы жоққа бала болар едім, – дейді.......
Ертегілер
Толық
0 0

50 түрлі дертке дауа болатын ерекше өсімдік

Қара зере (черный тмин) — ерекше емдік қасиеті бар өсімдік.
Қара зеренің жиырмаға жуық түрі бар. Өсімдік дәнінің түсі қара болып келеді, оның «қара зере» деп аталуының себебі де осы. Қара зеренің емдік қасиетіне байланысты көптеген ғылыми зерттеулер жүргізілген. 1960 жылы профессор Дахакна қара зеренің майымен артритті емдеуге болатындығын дәлелдеген. Ал 1992 жылы Дакка (Бангладеш) университетінде жүргізілген зерттеуде қара зеренің бактерияға қарсы тұра алатын қасиеті анықталған. Сондай-ақ ол қатерлі ісікті емдеу үшін де қолданылады.
Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ерекше мақтаған бұл өсімдік бар дерттің дауасы екенін бірі білсе, бірі білмейді. Араб елдерінде «пайғамбар өсімдігі» аталып кеткен қара зеренің пайдасы айтарлықтай. Медицина мамандарының айтуынша, қара зере майының химиялық құрамын фосфат, темір, фосфор, кальций, карбогидраттар, Е және В дәрумендері, линолей, олеин,пальмитин, эйкозен, стеарин, альфа-линолен қышқылдары құрайды. ......
Кеңестер
Толық
0 0