Шығарма: Бала - ата-ана бейнесінің айнасы

Барлық ата-аналар сыпайы, тілалғыш және ақылды балалар армандайды, олар бақытты, ашық балалық шағы бар. Онда отбасындағы кішкентай және тілазар,бұзық балалар қайдан пайда болады? Айта кету керек, ата-анасына бағынбайтын бала жоқ, тек ата-ана баласын тыңдап үйрену керек. Себебі ата-ананың бала сөзін түсінбеуі бүлдіршіннің қырсықтығына алып келеді. Ата-анасы тәрбие беруде қателіктер жасайтын немесе олармен ешқандай қарым-қатынас жасамайтын балалар,көбінесе қырсық әрі айтқанынан қайтпайтын болып өседі,себебі,олар тек өзінікінің дұрыс деп біледі,оларды ешкім түзетуге тырыспаған.. «Ата-анасын білгіңіз келсе, олардың баласына көз салыңыз» деген ой дұрыс айтылған деп ойлаймын. Бала жетілгеннен кейін,ата-ананың мінез-құлқы......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Қыз бен жігіт айтысының жарқын бейнесі

«Тұңғиық сырым барлағанға...»
«Біржан мен Сара» айтысынан
Сараның сөзі
Айтыс өнері – халық ауыз әдебиетінің ерекше түрі. Бұл ертеден келе жатқан сөз саптау шеберлігі. Қазақ халқы сөз өнерінің құдіретіне тәнті болып, «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп ұтқыр сөзді басынан асыра білген. Айтыс көне түркі тілдес халықтарында, үндістер елінде де өркендеген. Дегенмен қазақ халқының тіл мен жақтың ұйқасқа тірелген ой ұшқырлығы айтыс өнеріне ұласқаны шындық. Ғасырлар бойы шебер өрнектелген сөз жарысы тыңдаушылар қауымын үйіріп әкететін сиқырға ие.......
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі 8-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Қиял мен шындық
Сабақтың тақырыбы: Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі 8-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.3.1.1 шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау
Сабақ мақсаты: тақырыбы мен идеясы ұқсас шығармалардың айырмашылықтарын, ортақ белгілерін анықтап, салыстыру, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі 7-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Қиял мен шындық
Сабақтың тақырыбы: Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі 7-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу;
Сабақ мақсаттары:
Оқушылар:
• кейіпкерге қатысты тура және жанама мінездеулерді жіктейді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Поэзиядағы табиғат бейнесі

КІРІСПЕ
ТАҚЫРЫПТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ. Поэзия әдебиеттің ертеде қалыптасқан көне саласы. Қазақ әдебиетінде табиғатты жырлау ауыз әдебиетінен бастау алатындығы белгілі. Төл арнада тамыр алған табиғатты бейнелеулер өзінің даму барысында жеке "Табиғат лирикасы" деп аталарлық күйге жетті."Поэзия - сөз өнері, көркемдік шеберліктің теңдесі жоқ озық үлгісі. Оның үстіне поэзияның аса маңызды әлеуметтік, қоғамдық құбылыстарды бейнелеп көрсете алатын зор мүмкіншілігі бар"[1, 3]- дейді З. Ахметов.

Ал, поэзиядағы табиғат бейнесі - бізді қоршаған ортадағы, тылсым дүниелердің, ағаштардың, аспан әлеміндегі жарық жұлдыздар мен айдың, күннің, сонымен қатар жыл мезгілдерінің, табиғаттың тылсым сырларын көркем сөзбен, астарлы мағынада, тікелей мағынада, символды түрде берілуі деп түсінеміз.
Поэзия деген сөздің өлең, жыр деген мағынасынан басқа, ретіне қарай көркемдік, әсемдік деген мағынаны да беретіні тегін емес. Поэзия нәзік, терең сезімнен туады. Ол көңілдің толқынын, жүректің лүпілін білдіреді.

Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Ғылыми жұмыстың мақсаты - ХХ ғасырдың басындағы белгілі қазақ ақындарының табиғатты жырлаудағы өзіндік қолтаңбасын, лирикалық кейіпкер ерекшелігін, тілінің бейнелілігі арқылы жалпы қазақ әдебиетіндегі табиғат лирикасының алатын орнын, даму бағытын айқындау. Осы мақсатқа жету үшін мынадай мақсаттар алға қойылды:
1. Тарау "Поэзияда табиғаттың бейнелену тәсілдері ( Абайдың поэзиясындағы табиғат көріністері жайында және табиғатты жырлаудағы дәстүр жалғасы және жаңашылдық "

2. Тарау "Табиғат лирикасының көркемдік арналары (Символистік поэзиядағы табиғат суреті және белгілі бір табиғат құбылысының символдық мағынада қолданылуы)"
Зерттеу нысаны. Зерттеу жұмысына Абай, Мағжан, Сәкен, поэзиясы алынды.
Зерттеудің теориялық - әдіснамалық негіздері. Зерттеудің теориялық - әдіснамалық негіздеріне әдебиеттану ғылымының көрнекті өкілдерінің зерттеу еңбектері тақырыпты зерттеудің көзіне айналды. Оған З. Ахметовтың "Поэзия шыңы - даналық" еңбегін негізге алдық. Осы аталған ақындардың поэзиясындағы табиғат көріністерін және олардың көркемдік қызметін

айқындау үшін қазақ әдебиеттануындағы теориялық еңбектер, монографиялық зерттеулер басшылыққа алынды. Зерттеудің әдістері. Тақырыпты зерттеу барысында салыстырмалы талдау, жүйелеу, тұжырым жасау әдіс - тәсілдері қолданылды. Ғылыми жұмыстың құрылымы кіріспеден, негізгі 2 тарау және қорытындыдан тұрады......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 14 сабақ Бейнематериал бойынша мазмұндама жазу (Қысқа ғана тарихи сәулет туындысын алуға болады Мысалы Арыстан баб кесенесі) (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: 14 сабақ. Бейнематериал бойынша мазмұндама жазу (Қысқа ғана тарихи сәулет туындысын алуға болады. Мысалы, Арыстан баб кесенесі)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне (келісу/келіспеу себебін ) өз көзқарасын білдіру
3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың барлығы:
• аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне (келісу/келіспеу себебін ) өз көзқарасын білдіреді
• сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;
• қызығушылықпен тыңдап, сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;
• сұхбаттасын тыңдап, оның айтқанын түсінеді
• көпшілік алдында сөйлеуге қойылатын талаптарды біледі
Оқушылардың көпшілігі:
• бейнематериал бойынша мәтін мазмұнын болжайды, мазмұндама жаза алады
• қызығушылықпен және комментарий айта отырып тыңдайды, түрлі жағдаяттарда жүйелі, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;
• диалогке белсенді қатысады;
• көпшілік алдында сөйлеуге қойылатын талаптарды анықтайды
Оқушылардың кейбірі:
• бейнематериал бойынша оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды, ой қорытындысын жасайды
• диалогте рөлдерді (тыңдаушы, сөйлеуші) еркін алмастыра алады
• көпшілік алдында сөйлеуге қойылатын талаптарды ұсынады....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0