Қазақша шығарма: Қамбар батыр

«Қамбар батыр» эпосы да қазақ халқына көптен мәлім, мейлінше кең тараған. Қазақстанның қай түпкірінде болсын, ел сүйсіне тыңдап, сүйіп оқитын шығармасының бірі.
«Қамбар батыр» туралы аңыз ел аузынан жазылып, алғашқы рет 1865 ж. басылады. Бұдан кейін 1868 ж. «Қисса Қамбар», 1903 ж. «Тоқсан үйлі тобыр» деген аттармен Қазанда басылып, ең толығырақ түрі «Қамбар батыр» деген атпен 1922 ж. Ташкентте шығады. «Қамбар батырдың» бұл вариантын баспаға даярлаған А.Диваев. Бізше, Диваев варианты тек толығы ғана емес, ең көркемі, ең жақсы варианты. Диваевтың 1922 жылы бастырған «Қамбар батырын» Сәкен Сейфуллин (1933 ж.), Сәбит Мұқанов (1939 ж.) жолдастар шығарған батырлар жинағында өзгертілмей, қайта басылды. Ең соңғы рет басылуы - 1957 ж. Мұнда «Тоқсан үйлі тобыр», «Қамбар батыр» екі вариант қатар берілген. Бұл баспасында «Қамбардың» басылу тарихы, версия, варианттары жайлы....
Шығармалар
Толық
151 -83

Қазақша шығарма: Ілияс Жансүгіров шығармашылығындағы өнер адамның бейнесі [жоспарымен]

Қазақша шығарма: Ілияс Жансүгіров шығармашылығындағы өнер адамның бейнесі [жоспарымен]Ілиястың «Құлагер» поэмасы сырт қарағанда ақынның сәйгүлік- тұлпарының мерт болуына арналған, соған байланысты жазылған сияқты. Ол кездері , тоталитаризм меңдеген кезде, әдебиеттану ғылымында тұрпайы социализмнің айқайшыл сынның бел алып тұрған кезі еді.
Ілияс қазақтың ән, музыка өнерін аса асқақтата жырлаған. Ақын осыны бар жан тәнімен түсінгенде, мейірі қанғанша сусындаған. Тек сондай жан әлемінен ғана «Әнші», «Күй», «Күйші», «Құлагер» сынды бірегей туындылар жаралған.
Ақан сері- өнер тұлпары. Оның әдебиеттегі, өнердегі орны ерекше. Ақан серінің көптеген өлеңдерінің тақырыбы махаббат, сүйспеншілік жайында. Жастық дәурені жүріп тұрған кезде сауық-сайран, ойын тамашаның бел ортасында болған өнерлі жігіттің әсемдікке, сұлулыққа іңкәр болмауы мүмкін емес еді. Осылайша Ақанның көңілі құлаған аруларға деген сүйспеншілік сезімі өлең боп өріліп, ән боп төгілді. Ақындық пен серілік, сазгершілік пен әншілік бір бойында тоғысуы Ақанның атақ-даңқын арттыра түсті. Ақанның әнін жастар жағы іліп әкетіп, ел арасына таратып жатты.
Ақан сері жеке-дара, салт жүріп, серілік, саяткершілік құрмаған. Оның қасында қашанда талантын құрмет тұтып, қолдап отыратын Ағытай қарауылдың ішіндегі небір өнерлі, балуан ақын жора-жолдастары болған. Ол суырып-салма ақындығымен қоса қызыл тілдің шешені әрі әнші-сазгерлігімен де ел құрметіне бөленген. Күлбілтелемей кесіп айтатын турашылдығы тағы бар. Ол әділдіктің ақ жолын аттап, елге тізесін батырған талайларды тәубесіне келтіреді. Тіпті турасын айтамын деп туғанына жақпаған кездері көп.
Ақан сері Сарыарқаны аралап ән салады, серілік құрады. Жанындағы сайдың тасындай іріктелген жиырма шақты жолдастары асқақ кейіпті Ақанның шоқтығын биіктете түседі.
Шығармалар
Толық
51 -30

Месяц рамадан 2017. Расписание уразы и время намазов на 2017 г. хиджри 1438

Толық
0 0

Қазақша Ашық сабақ: Бейнелеу өнері және сызу | Үш заттан құралған натюрморт

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы
"Аудандық көркемсурет лицейі" МКҚК-нің кескіндеме пәні мұғалімі
Құндақбаева Тамара Төлепбергенқызы



Ашық сабақтың тақырыбы: «Үш заттан құралған натюрморт»
Ашық сабақтың мақсаты:
а)білімділік: Оқушыларды бейнелеу өнері пәнінде заттың өзіне қарап бейнелеуге баулу. Затты бір-бірімен салыстыра отырып бейнелеуге үйрету.
б)дамытушылық: живопись өнерінің натюрморт жанры туралы білімдерін тереңдету.
в)тәрбиелік: Оқушыларды өнер танушылыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Ашық сабақтың түрі: жаңа сабақ, жазықтықта (қағаз бетінде) бейнелеу.
Ашық сабақтың әдісі: баяндау, үйрету, практикалық.
Пәнаралық байланыс: математика, композиция, сурет.
Ашық сабақтың көрнекілігі: 4 кезеңдік сурет салу үлгісі, қойылым, түрлі суреттер, натюрморттар, т.б.
Ашық сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: ақ қағаз, акварель бояу, қылқалам, су құятын ыдыс, карандаш бояулар езуге араластыруға қажетті палитра.
Ашық сабақтар
Толық
59,5 -32,5