Мобильді ойындар продюсері. «Ұлы Сұлтан», «Түс шеберлері» секілді ойындарды ойлап тапқан. Қазіргі уақытта ежелгі қазақ елі туралы «Ұлы хан» атты әлемдегі алғашқы 3D мобильді ойынын әзірлеу үстінде.
Қытай, ағылшын тілдерін жетік меңгерген. Қытайдың Xiamen қаласында тұрады, Mechanist Games компаниясында еңбек етеді. Жасы 26-да.....
Я,как учитель начальных классов на своих уроках всегда ставила перед собой цель: дать учащимся глубокие и прочные знания, научить их думать и размышлять. Мои традиционные уроки всегда были нацелены на формирование знаний и умений. Но как показывает практика, не все учащиеся способны принять и понять излагаемый мною материал. Поэтому, передо мною всегда стояли вопросы: Как организовать свои уроки, чтобы изучаемый материал был доступным каждому учащемуся? Как выстроить урок, чтобы все учащиеся были вовлечены в процесс обучения? Кроме этого большой проблемой.......
Қайып Айнабеков халық ортасынан шыққан, көрнекті талант иесі, ақын. Қ.Айнабеков 1885 жылы Нұра өзенінің жағалауындағы Кеңқия аулында (қазіргі Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Көгілдір селосы) кедей шаруаның отбасында туды. Әкесі Айнабек Қайыптың қаршадайында қайтыс болған. Ержетіңкіреп еңбекке жарағанға дейін Қайып нағашылырының қолында тәрбиеленеді. Кейін олардан бөлініп шығып, өз бетінше еңбек етіп, күн көрген. Қазақ даласындағы қалың кедейдің сол кездегі шеккен азабын, тұрмыстың ауыр жүгін Қайып та бірге арқаласып, басынан бірге өткізеді. Тек Ұлы Октябрь социалистік революциясының арқасында ғана ақын азат өмір құшағына еніп, еркін еңбекке беріледі. Кейін ол әр түрлі әлеуметтік қызметтерге қатынасады. Орталық Қазақстанда Совет өкіметін орнату жолындағы күреске белсене араласа отырып, Қайып 1920 жылы Коммунистік партияның мүшелігіне кіреді. Саяси шаруашылық мекемелерінде жұмыс істейді. Ауылда мектеп ашып, жас ұрпақтарға білім беру ісіне жіті ат салысады. Қайып ұзақ уақыт бойы Қарағанды қаласында тұрған.
Қоғамдық тіршілік пен әдебиет ісіне белсенді қатысқаны үшін халық Қайып Айнабековты Қарағанды қалалық, облыстық Советтеріне көп жылдар депутат етіп сайлап, зор құрмет көрсеткен. Еңбекшілердің білдірген бұл сенімін Қайып қалтқысыз зор абыроймен ақтап отырған. Ақынның "1941–1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы тұсындағы еңбектегі ерлігі үшін" медалімен және Қазақ КСР Жоғарғы Советінің грамотасымен марапатталуы, 1943 жылы Қазақстан совет жазушылар одағының мүшесі болып алынуы сол елеулі еңбектің нәтижесі еді. Жас кезінде-ақ Қайып өлең, әңгіме-ертегі, жырға әуес болады. Жастық, достық жайында өлең шығарып дағдыланған ақын бірте-бірте ширап, жетіле береді. Сөйтіп, өлең Қайып өмірінің өрнекті өзегіне айналады ....
Дәурен Айдарқұлов - актер. «КешYOU» тобының экс-солисті Ақбота-Нұр Сейтмағамбетке үйленген. Бұл жұптың 2017 жылдың жазында Ибрагим есімді ұлдары дүниеге келді. Алдыңғы некесінен актердің үш баласы бар. Дәурен Айдарқұлов 1982 жылғы 6 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келді. Дәурен физика-математикалық мектепті бітіріп, Қазақ мемлекеттік университетіне «Менеджмент» мамандығына түскен. Кейін магистратурада халықаралық қатынастар бағыты бойынша оқыды.....
Дулыға Досмахамбетұлы Ақмолда (1971 жылы 10 желтоқсанда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылында туған) - кино және театр актері, тележүргізуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2010). Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері. 1971ж. Жамбыл облысы Сарысу ауданы Саудакент ауылында дүниеге келді. Байқадам орта мектебі және Саудакенттегі Ықылас атындағы музыкалық мектепті бітірді. 1993ж. Қазақ Мемлекеттік Т.Жүргенов атындағы Театр жәнЕ кино институтын (қазіргі Өнер академиясы) «Театр-кино актері» мамандығы бойынша бітірген. Театрда осы жылдан бастап қызмет етеді....
Асылбек Райханұлы Боранбай (1972 жылы 9 қыркүйекте Қызылорда облысы Арал ауданында туған) — актер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2011). Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты (2002). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрынің актері (1993 жылдан). Асылбек Райханұлы 1972 жылы 9 қыркүйекте Қызылорда облысы Арал ауданында дүниеге келген. 1989 - 1993 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген. 1993 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында. 1994 жылдан Тамаша әзіл-сқақ театрының актері. 2008 жылдан Тамаша әзіл-сқақ театрының бас режиссері, көркемдік жетекшісі. Гастрольдік сапармен Қазақстанның бірқатар қалаларында өнер көрсеткен.....
Нұрхат Қуандықұлы Жәкиев – физика бойынша PhD докторы, 2015 жылдан бері Назарбаев университетінде ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. Бүтін санды сызықтық программалауды пайдаланып энергожүйенің компьютерлік модельдерін жасаған, онысы инвестициялық және операциялық сценарийлік талдау жасауға мүмкіндік береді. Зерттеулер ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Ұлыбритания корольдік инженерлер қоғамының, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының ғылыми зерттеулерге бөлген гранттары аясында жасалған. Жұмыстардың нәтижесі халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне қойылды. Нәтижелер жоғары рейтингілі “Energy Procedia”, "Energy Conversion and Management" (Impact Factor: 5.589) және “The Energy” (Impact Factor: 4.520) журналдарында жарияланған. 15-тен аса ғылыми жарияланымдары, ЭЕМ-ге арналған программаларға 5 авторлық куәлігі және бір патенті бар. Нұрхат Қуандықұлы Халықаралық Энергетика Қауымдастығы ұйымдастырған энергомоделистер форумында (Брюссель, 2018), Еуропалық Комиссия ұйымдастырған энергомодельдеу сарапшыларының сессиясында (Афины, 2016) баяндама жасаған. Ньютон-Әл Фараби серіктестік бағдарламасының семинарын ұйымдастырған (Астана, 2016). БҰҰ Шектемелі Конвенциясына климаттың өзгеруі туралы VII ҚР Ұлттық хабарламасы мен Біріккен ұлттар ұйымының даму бағдарламасының өнеркәсіптік процестер бойынша ұлттық сарапшы ретінде парниктік газдар шығарылуын болжаудың екі жылдық баяндамасын дайындауға қатысқан. Халықаралық статистикалық сауаттылық қоғамының еліміздегі үйлестірушісі. Польша, Великобритания, Германия елдерінде ғылыми тағылымдамадан өткен.....
Данияр Ақылбайұлы Құлымша, BALA (19 ақпан 1998 жылы туған, Ақтөбе, Қазақстан Республикасы) — қазақстандық әнші, Ninety One тобының мүшесі ретінде танымалдылыққа ие болды.
Өмірбаяны Данияр 1998 жылдың 19 ақпанында Ақтөбе қаласы, Қазақстан Республикасында дүниеге келген. Топтың кенжесі болғанымен отбасында үлкені; інісі және қарындасы бар. Отбасы қазіргі таңда Астана қаласында тұрады.
Білімі 11 жылдық жалпы орта білім алғаннан кейін Алматы қаласындағы Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк өнері колледжіне түседі. Қазіргі кезде осы коледждің 2-курс студенті.
Арманы Вокалист боламын деген нақты мақсат 1-курсқа дейін толықтай болмады. Армандарының ішінде архитектор болу да болған, өйткені Bala сурет салуды жақсы көретін. IT саласына баруды да армандаған. Компьютермен айналысқанды, ішкі құрылғыларын қопарып техникаға қызығатын. Үйінде Данияр болмаса, компьютер бұзылып қалатын да сәттер болған. Алайда әкесі бұл екі салада маман болу үшін математиканың қажет екендігін түсіндіреді. Сөйтіп Bala үшінші арманы музыкамен айналысуды жанына жақын көреді. Мүлдем үш түрлі әлемді көздеген Даниярға әкесінің ақыл-кеңестері өмірінде маңызды рөл атқарады. Ninety One тобын дебюттен кейін жаппай негатив қоршағанда, ата-аналары баласы үшін қамығумен болады.....
Мы должны сформировать кадровый задел высокотехнологических и наукоемких производств будущего. Без современной системы образования и современных менеджеров, мыслящих широко, масштабно, по – новому, мы не можем создать новую инновационную экономики. В условиях быстро меняющихся.......
Ел арасында «Қап-қарашка» атанып кеткен әнші Нұржан Керменбаев 1989 жылдың 17 ақпанында Қарағанды облысының Жезді ауылында дүниеге келген. Алдымен Жезқазғандағы музыкалық колледжде, кейінірек Алматыдағы Орталық Азия университетінде білім алған. Ол 2006 жылы «Superstar.kz – 3» телевизиялық жобасында жеңіске жетіп, жарқырай көрінді. Осыдан соң, әншінің қазақ эстрадасындағы жемісті жолы басталды. 2009 жылы Латвияның Юрмала қаласында өткен халықаралық «Новая волна» байқауына қатысты. Нұржан алғашында «Арнау» дуэтінің құрамында «Superstar.kz – 3» жобасына бірге қатысқан әріптесі Жанар Хамитовамен бірге ән салды. Кейін Жанар жеке жағдайларына байланысты топтан кеткенде, оның орнына Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі Салтанат Бақаева келді. Салтанат Нұржанмен тез тіл табысып, дуэттің одан ары танылуына ерекше үлес қосты. Бұл дуэттің репертуарындағы «Аңсарым сен», «Егіз-лебіз», «Адалдық», «Махаббат жыры», «Астана – махаббатым менің» әндерін халық жылы қабылдады.....