Танымал отандық продюсер Баян Есентаеваның қызы Айсәуле Бақытбек те анасы секілді танымал. Ол мұндай танымалдылыққа анасының ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік желілердің арқасында жетті. Желіге үздіксіз суреттері мен видеоларын жүктейтін Айсәулені елдің барлығы таниды. nur.kz порталы қоғамда Айсәуле Бақытбектің дау тудырған образдарына тоқталмақ.
Бүгінде ел алдында жүрген қыз-келіншектер әр көйлегінің, тіпті әр сәнді бұйымының ешкімге ұқсамайтын, қайталанбайтын, ерекше болғанын қалайды. Дегенмен, кей жағдайда олардың бірдей көйлек киіп қалатын кездері де болады. Мәселен, отандық дизайнерден эксклюзивті көйлекке тапсырыс берген Аиша дәл сондай көйлекті Гүлнұр Оразымбетованың үстінен көріп, таң-тамаша болған еді.