Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін басқару

Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі – бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыраттты. Жеке меншікте, аралас, акционерлік меншікте құрылған миллиондаған кәсіпорындар пайда болды және қазіргі таңда қызмет етуде, көбею үстінде, даму барысында. Осылардың барлығы кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ұйымдастыру және басқару механизмінің өзгеруіне себеп болды. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі олардың экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз.
Нарықтық қатынастардың дамуымен қатар барлық ұйымдық-құқықтық кәсіпорындардың қаржылық-шаруалылық тәжірибесінде қаржылық инвестициялар да кеңінен етек жайып келеді. Акционерлік қоғамдар жыл өткен сайын көптеп ашылу үстінде, банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ мемлекет те уақытша бос ақша қаражаттарын тарту үшін қарыздық құнды қағаздарды кеңінен пайдаланатын болды. Туынды құнды қағаздар (фьючерстер, опциондар және т.б.) нарығы да дамып келе жатыр.
Осы айтылғандар кәсіпорындар тарапынан қазіргі заман талаптарына, нарықтық экономика талаптарына сай инвестициялық саясат жүргізуді қажет етеді. Кәсіпорындардың инвестициялық саясаты мүмкін болған инвестициялық жобалардың ішінен өзінің стратегиялық мақсаттарына сай нұсқаларын таңдап ала білумен сипатталады. Сонымен қатар, инвестициялық саясат жобаларды қаржыландырудың оңтайлы көздерін тартуды, оларды тиімді орналастыруды, нәтжижесінде инвестициялық табыс табуды немесе капитал өсімін қамтамасыз етуі керек. Сондықтан да инвестицияларды дұрыс басқару қазіргі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Өнеркәсіптік кәсіпорында өнім сапасын басқару

Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезеңінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан әрі жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.
Соңғы кезде біз өнімнің сапасы, сенімділігі, бәсеке қабілеттілігі, қауіпсіздігі сияқты түсініктермен жиі-жиі кездесіп, өнімнің сертификациясы туралы сөздер естіп, тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңын сақтауын талап етеміз.
Мұның бәрі біздің тауарлар мен қызметтердің сапасына деген көзқарасымызды өзгерткенін дәлелдеп отыр. Нарықтық жағдайда егер кәсіпорын өз өнімнің немесе қызметтің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ете алмаса, онда бұл кәсіпорынды ешқандай инвестициялар құтқара алмайды. Бәсеке қабілеттіліктің негізі сапа болып табылады. Бәсеке қабілеттіліктің құрамына сападан басқа баға, жеткізу уақыты, кепілдік, сервистік қызмет көрсету және тағы басқа көрсеткіштер кіргенімен сатып алушылар мен тапсырыс берушілер өнімді таңдағанда сапаны басқа қасиеттерден жоғары бағалайды.
Сапаны қамтамасыз ету үшін тек қана тиісті материалдық база мен жоғары білімді персонал жеткіліксіз, сонымен қатар мұнда сапаны басқару өнері де керек. Кәсіпорындар жағынан сапаны басқаруға деген жоғары назар аударатыны да осыдан.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Менджмент | Персоналды басқарудың әлеуметтік-психологиялық аспектілері

Кез келген ұйымның болашақтағы жетістігі персоналының клалиффикациясынан ғана емес, сонымен қатар кадрларды дұрыс пайдалануына және оларды ықтималды басқаруына байланысты болады.
Персоналы басқару- жаңа ғылым емес, бірақ соған қарамастан көп уақыт бойы біздің елімізде оған аса көп көңіл бөлінген жоқ. Өкінішке орай, біздің елімізде бизнестің алғашқы өмірінен бастап тек аз шығын шығару арқылы қысқа мерзімді пайда алуға негізделген. Сондықтан адам ресурсына аз көңіл бөлінген, өйткені ол ұзақ мерзімді және көп шығынды қажет етеді. Сонымен бірге Қазақстандағы еңбек нарығындағы жұмыс күшінің шамадан тыс көп блуыда әсерін тигізді.
Бірақ өткен 10 жылдық реформалар бұл көзқарастын дұрыс емес екндігін көрсетеді. Қазіргі Қазақстанда сенімділік абыройы жоғары бағаланады. Жақсы абыройдын негізгі құраушысы персоналдың жоғары біліктілігі болып табылады. Егерде адам колективын басқару кезінде әлеуметтік-психологиялық даму заңдылығы назарға алынбаса және кадрларды таңдау кезінде дұрыс көңіл бөлінбесе колективте қарама-қайшылықтар туындайды, жұмыс нәтижелігі төмендейді және жұмысшылардың жұмыстан шығу саны көбееді. Кейін уақыт өте көптеген қолайсыз мәселелер пайда болады. Ғылыми зерттеулер көрсеткендей мемлекеттік комерциялық кәсіпорындар аса көп көңілді қаржы менеджментіне бөледі. Ал персонал басқару объектісі болып табылады, сондықтан оған аз көңіл бөлінеді. Сондықтан өкінішке орай көптеген кәсіпорындарда ұйым персоналын басқару дұрыс дамымаған. Бүгінгі таңда бәсекелестік фирмалар техника жағынан ұқсас жабдықталған және бірдей өндірісті ұйымдастыру мен маркетингтін амал-тәсілдерін қолданады, сондықтан бәсекелестік күресте фирмалар арасында айырмашылық персоналда және персоналды басқару жүйесінде көрінеді. Қазіргі уақытта кәсіпорындар үшін білікті мамандарды іздеу өте маңызды болып келеді. Жақсы білікті мамандарды өзіне тарту үшін кәсіпорын басшылары үлкен жалақы көлемін төлеуге және жаксы жағдайлар жасауға дайын.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару құрылымы

Мемлекеттік басқару жүйесі қоғам дамуының «іргетасы» - экономика мен әлеуметтік өмірімізде ұдайы болып жататын өзгерістерге «құлақ түріп» отыру керек. Өйткені, тынымсыз өзгерістер уақытында еленбейтін, сондықтан да есепке алынбайтын болса, онда олар бұрынырақ қалыптасқан басқару жүйесіне қайшы келіп, оны әрі қарай жетілдіре өзгертуге мәжбүр етеді. Мұны қоғам дамуының ғасырлар ғана емес, өткен мыңжылдықтар дәлелдеп отыр. Ол дәлелдер марксизм ілімдерінің маңызды тармақтарының бірі – қоғамның өндіргіш күш-қуатында болатын жан-жақты өзгерістер өндірістік-экономикалық қатынастардың да сәйкесті өзгеруіне алып келетіндігі жөніндегі ғылыми тұжырымды толығымен растап отыр. Осындай қатынастар жүйесіне мемлекеттік басқарудан туындайтын қарым-қатынастарды да жатқызуға болар еді. Өйткені мемлекеттің даму негізі экономика болса, онда аталмыш қарым-қатынастар да ең алдымен әлеуметтік-шарушылық сипатта болып, осы бағыттағы заңнамалық шешімдерге сүйенеді.
Осы тұрғыдан келгенде еліміз тәуелсіздік алған кезден (1991 жылдың желтоқсаны) бастап мемлекеттігімізді жаңадан құру барысында оны басқару жүйесі өзгермелі жағдайларға жиі ұшырағаны өзінен-өзі түсінікті. Міне, осы өзгерістердің негізі болған – экономикалық тоқырау жағдайынан шығу кезеңдері, шаруашылық жүргізудің жаңа нарықтық үлгісінің орнығуы және де әлеуметтік-экономикалық өсу қарқынының тұрақтылығына қол жеткізу проблемаларын шешу барысында мемлекеттік басқару органдар жүйесі мен міндеттері осы аталған курстық жұмыстың негізі болып табылады.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты – тарихи шолу жасай отырып, мемлекетіміз бен оны басқару жүйесін бөлек және арнайы зерттеуді талап ететін мәселе ретінде қарастыру.курстық жұмыс екі бөлімнен құралған. Бірінші бөлімінде, «Мемлекет мәні және нысандары», жалпы мемлекеттің пайда болуы, дамуы, мемлекеттің нысандары мен жіктелуі қарастырылған. Мұнда сонымен қатар мемлекеттік нысандары әр түрлі елдердегі басқару айырмашылығына көңіл бөлінген.
Ал, екінші бөлімде, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесінде» еліміздің мемлекеттік басқарудағы ұстанып отырған саясаты мен мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдірудің негізгі бағыттарына тоқталған. Ең алдымен, мемлекетіміздің мемлекеттік-аяси құрылымы көрсетілген және де мемлекеттік басқарудың қалыптасу және даму кезеңдері қамтылған.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Менеджмент | Ұйым тәуекелділігін бейдағдарыстық басқару

Қазақстан нарықтық экономикаға өткеннен кейін, оның қызметінің нәтижиелігін дамыту қажет болды, ал ол үшін біз ең алдымен несиелік байланысты дамытып, қолдануымыз қажет.
Жұмыс актуалдылығы: Қашан және қай кезеңде тәуекел пайда болуы мүмкін. Тәуекелділікті қарастырудың екі көз қарасы бар: 1) бірілік тәуекел, мұнда әр бір актив бөлек қарастырылады; 2) портфельді тәуекел, мұнда әр актив қандайда бір портфельдің бөлігі болып табылады. Белгілі бір көз қарас бойынша тек портфельді актив бар деп есептеледі, өйткені банктар өз активтерін диверсификациялауға тырысады, сондықтан әр активті бөлек қарастыруға болмайды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қаржы тәуекелдерін басқару

Қазақстандық нарықтың қаржылық тәуекелдерін бағалау және басқаруды жетілдіру проблемасын шешудің практикалық маңызы және өзектілігі осы негізде нарық қатысушыларының қаржылық тұрақтылығын жоғарылату мүмкіндігімен анықталады. Қаржы нарығының қатысушыларының қаржылық тұрақтылығын жоғарылату осы нарықтың тұрақтануына әкеледі, ал бұл өз кезегінде бүкіл елдің экономикасының тұрақтануына себебін тигізеді.

Қаржы тәуекелдерінің теориялық негіздері.
Кез келген кәсіпорынның қаржылық әрекеттерінің барлық түрлері көптеген тәуекелмен тығыз байланысты болады. Оның ықпал ету дәрежесі нарықтық экономикаға байланысты біршама артуда.
Тәуекел шаруашылық қызметті жүзеге асырумен байланысты категориялардың ішінде ең күрделілерінің бірі болып табылады. Тәуекел - бұл бір жағынан, барынша мүмкінді қауіптілік, ресурстардан айырылу мүмкіндігі немесе ресурстарды ұтымды пайдаланудан алынатын табысты толық алмау, басқа жағынан, тәуекелдің арқасында қосымша пайда табу мүмкіндігі. Шынында да тәуекелдің салдарын біз алдын-ала нақты айта алмаймыз. Тәуекелге бару арқылы кәсіпорын табыс табуы да мүмкін, сонымен қатар оның шығынға ұшырамайтынына да ешкім кепілдік бермейді. Сондықтан да қаржы менеджменті табыс алу мүмкіндігін ылғи да тәуекелмен байланыстырады. Тәуекел және табыс - өзара байланысты қаржылық категориялар.
Тәуекел - бұл экономикалық категория. Экономикалық категория ретінде ол болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін оқиғаны білдіреді. Кәсіпорынның тәуекелі деп оның қаржылық қызметінің жүзеге асырылуының шарттарының белгісіздігі жағдайында табыстар жоғалту немесе капитал жоғалту формасында жағымсыз қаржылық салдарлардың пайда болу ықтималдылығы түсіндіріледі.
Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелді оқиғаның пайда болуын қандай да бір дәрежеде болжауға мүмкіндік беретін әртүрлі шараларды қолдануға және тәуекел дәрежесін төмендетуге шаралар қабылдауға болады.
Тәуекелдердің сыныпталуы деп белгілі бір мақсатқа жету үшін қандай да бір белгілер бойынша тәуекелдерді жеке топтарға бөлуді түсінуге болады. Мүмкін болатын нәтижеге байланысты тәуекелдерді екі үлкен топқа бөлуге болады: таза және спекулятивті тәуекелдер.
Таза тәуекелдер теріс немесе нөлдік нәтиже aлy мүмкіндігін білдіреді. Мұндай тәуекелдерге табиғи, экологиялық, саяси, транспорттық және коммерциялық тәуекелдердің кейбір түрлері (мүліктік, өндірістік және сауда тәуекелі) жатады.
Спекулятивті тәуекелдер оң нәтиже де, сондай-ақ теріс нәтиже де алу мүмкіндігімен айқындалады. Оларға коммерциялық тәуекелдердің бір бөлігі болып табылатын қаржылық тәуекелдер жатады.
Пайда болуының негізгі себебіне байланысты тәуекелдер келесідей категорияларға бөлінеді: табиғи, экологиялық, саяси, транспорттық және коммерциялық тәуекелдер. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Менеджмент | Басқару стилі мемлекет басқарудың ажырамас бөлігі

КІРІСПЕ
Басшылық – бұл басшының мақсатқа жету бағытында және жеке мақсаттары жалпы мақсатпен ұйымдастыру жолында өзіне бағыныштыларын нақты іс-қызметтерге итермелейтін, сезімдерін оятатын шараларының жиынтығын білдіру.
Басшылық тәсілдері:
Иелік жасау. Басшы өзінің қызметкерлеріне, бағыныштыларына нені жасау, нені жасамау және қандай жағдайда не істеу керек екендігін көрсетеді, тапсырады.
Түсіндіріп тарату – ауыртпашылық ортасы (нүктесі) тікелей кестеден адамдармен өз еріктеріне, ынталарына ауады. Мұнда басшы үлкен белсенділік көрсетеді.
Түсіндіріп беру, ақыл айту (беру) – бұл адамдар, ұжымдар, өз еріктерімен жұмыс жасап, өзін-өзі бақылай алу деңгейіне жетуі.
Кей жағдайларда басшы билік жүргізу, беруден бас тартады, сөйтіп белгілі шешімдерді қабылдауда, шешуде өзінің қызметтеріне өкілеттілік беріп, оларға проблеманы (мәселені) шешуде белгілі дәрежедегі жауапкершілік жүктейді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорындардағы персоналды басқару

Мансап - бұл адамның бүкіл өмір бойы жұмыс істеу кезіндегі еңбек тәжірибесі мен іс-әрекетіне байланысты өзі ұғынған көзқарасы және мінез-құлқы.
«Мансапты жасау» - демек, қоғамда жаңа беделді деңгей мен үлкен мүмкіндіктерге жету, жоғары мәртебе, абырой, билік, көп көлемдегі ақшаға ие болу деген сөз. Бұл жердегі абырой - кең қоғам ішінде кең тараған көзқарас.
Еңбек нарығы жағдайында мансап жасай отырып, біздің әрқайсымыз өзіндік жұмыс күшімізді кұраушы да, сатушы да боламыз. Нарықтың конъюнктурасы мен оның заңдылықтарын біле отырып табысқа жетуге болады.
Еңбекақы - бұл жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады. Еңбекақы төлеудің негізінде еңбекақы төлеудің шекті өнімділігімен шектелінетін, өндіріс факторы ретіндегі еңбектің құны жатыр. Шекті өнімділік теориясына сәйкес қызметкер еңбек ақыны орнын толтыратын өнім өндіруге міндетті, олай болса еңбекақы қызметкердің еңбек тиімділігіне тәуелді.
Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізгі және басты бөлігі болып табылады, сонымен қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл - ауқатын деңгейін жоғарлататын құрал болып саналады. Осыдан еңбекақының ынталандырушы ролі алынатын сыйақының көлемін көбейту үшін еңбек нәтижесін жақсартудан тұрады.
Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып табылады. Жұмыс беруші, әсіресе, бұйымның бірлігіне кететін шығындарды азайтуға тырысады. Еңбекақы кәсіпорын қызметкерлері үшін маңызды ынта және еңбек төлемінің нысаны болып табылғандықтан ұдайы өндірістік және уәждемелік қызмет атқарады.
Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай нысандары бар. Қызметкерлерге ақша өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ақшалай форма, еңбекақы төлеудегі ең басты нысандарының бірі болып саналады. Еңбекақының заттай нысаны сирек пайдаланылады. Еңбек төлейтін мұндай нысан ақша айналымының бұзылу кезінде, экономикалық тұрақсыз, гиперинфляция және құлдырау жағдайларында кең қолданамыз.
Еңбекақы төлеудің аралас жүйесі мерзімдік және кесімді еңбекақы төлеудің негізгі артықшылықтарын қамтиды және еңбекақы мөлшерінің жеке қызметкерлер және кәсіпорын қызметінің нәтижесі мен икемді байланысын қамтамасыз етеді. Мұндай жүйелерге қазіргі кезде тарифсіз жүйе жатады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Коммерциялық банктегі несиелік тәуекелді басқару («Альянс Банк» АҚ мысалында)

Қазақстан Республикасының нарықтық аймағында орын алатын барлық экономикалық реформалардың табысты жүргізілуінің негізі тұрақты ақша айналымының жақсы қызмет етуі болып табылады.
Банктік жүйе – бұл кез келген мемлекеттің ұлттық шаруашылығының маңызды саласы. Оның ролі мемлекетте төлемдер мен есеп айырысулар жүйесін басқаратындығымен, өзінің коммерциялық мәмілелерінің көп бөлігін салымдар, инвестициялар және кредиттік операциялар арқылы жүргізуімен анықталады. Коммерциялық банктер мемлекеттің ақша-кредит саясатына сәйкес әрекет ете отырып, ақша ағындарының айналымына, эмиссиясына, жалпы массасына әсер ету арқылы ақша қозғалысын реттейді.
Банкілік тәуекелдер экономикалық тәуекелдер санатына жатады. Банкілік кіріс пен капиталға болжанбаған талаптардың салдары болып табылатын қандай да бір өзгерістер тәуекелдің көзі болып табылады. Банкілік операцияларды басқару дегеніміз – іс жүзінде банкілік қоржынға байланысты, яғни банк кірісін қамтамасыз ететін активтер жиынымен байланысты тәуекелді басқару. Ал тәуекелді басқару банктің стратегиялық басқаруының маңызды мәселелерінің қатарына жатады. Аталған мәселе тәуекелді басқарудың ерекше жүйелерін жасау жолдары арқылы іске асырылуы әрі ол банктің қандай да болмасын бөлімдерінің қызметін қамтуы керек.
Барлық банктік операциялар олардың жүргізілу тәуекелділігімен байланысты болғандықтан, банктік қызметті реттеу және қадағалаудың барлық процесінде коммерциялық банктер тәуекелін қарастыру және оны басқару ең қажетті мәселе болып келеді.
Курстық жұмысының мақсаты - банктерді заманға сай бәсекеге қабілетті етіп жетілдіру, оны еліміздің экономикасының маңызды секторына айналдыру, Қазақстан банктерінің позитивті имиджін қалыптастыру мәселелерін қарастыру.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі керек:
- коммерциялық банктердегі несие тәуекелін басқаруды ұйымдастырудың қазіргі заманғы тенденцияларын үйрену;
- коммерциялық банк қызметін дамытуға және оның материалдық базасын жетілдіруге жәрдемдесу жөніндегі стратегиялық ережелерді пайдалану;
- Отандық банктердің қазіргі жағдайына баға беру;
- «Альянс Банк» АҚ жұмысына талдау жүргізу;
- осы саланы реттеу тетігін жетілдіруге ықпал ету.
Зерттеу обьектісі: «Альянс Банк» Акционерлік қоғамы.
Бұл жұмыста зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде заң актілері, ҚР Президентінің Жарлықтары мен ҚР Үкіметінің Қаулылары, отандық және шетелдік ғалым-экономистердің ғылыми еңбектері пайдаланылды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Мемлекеттік қызмет | Қазақстандағы мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің түсінігі

Кіріспе
Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері Қазақстан халқы өз алдына жоғары мәртебелі мақсат қойып отыр. Ол-құқықтық мемлекет құру. Бұл мақсатқа жету өте қиын. Құқықтық мемлекетте заң бір әлеуметтік топтың емес, халықтың шынайы еркін білдіреді. Мұндай мемлекетте заңның рухы үстемдік етеді. Барша адамдар, ең жоғарғы лауазымды иелерінің қатардағы азаматтарға дейін заңдардың бүкіл халықтың мүддесі, игілігі үшін жасалып, қолданылатынын, заңдар адамдарға қажет қоғамдық тәртіпті орнататынын, адамдарға еркіндік беруін, қоғам ісіне қатысуға жағдай туғызуға керек екенін тусінуі қажет.
Құқықтық мемлекет болуына ең бірінші қадамымыз Ата Заңымыздың қабылдануы және де заңдар мен нормативтік актілермен барлық саланың қамтылуы болып есептелінеді. Осылар арқылы мемлекеттік билік пен басқарылу жүзеге асырылады. Соның ішіндегі мемлекеттік басқарудың рөлі өте зор.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0