Арал-Сырдария су алабының соңғы жарты ғасырда зор экологиялық апатқа ұшырағаны белгілі. Үлкен Арал теңізінің қайырылмас құрдымға кеткені халқымыз үшін орны толмас өкініш. 1992 ж. Үлкен теңізде ең соңғы экологиялық зерттеу Ресей ғалымдарының қатысуымен жүргізілді. Сол жылы теңіз суының тұздылығы орта есеппен 33,8 %(%-промиля, немесе г/дм3) болған. Демек 1950- 1960 ж. мөлшерінен (10,08 %) үш еседен артық жоғарылаған болатын. 1996 ж. зерттеулеріміз бойынша теңіз суының тұздылығы 42,1-84,3 % шамасында кей жерлерде 85,8% жетті. Кейінгі жылдардағы деректер бойынша су тұздылығы 100% дейін көтерілген. Демек Үлкен Арал айтарлықтай тіршілік қалмаған өлі теңізге айналды. Кіші Арал теңізінің қалпына келтіру шаралары 1992- жылдан басталды. Жергілікті ұйымдардың күшімен екі дүркін екі теңіз аралығына уақытша бөгет салынды. Бірақ олар су деңгейі көтерілген мезгілде жарылып, жиналған су Үлкен теңізге ағып кетіп жатты. Соңғы жылдары Кіші теңіз және Сырдария өзенін қалпына келтіру жобасы іске асырылуда. Көкарал бөгеті салынып теңіз суы 42 метрлік деңгейге көтерілді. Бұл деңгейде теңіздің жалпы аумағы 330 мың гектарды ....
Ертеде Атырау бойы тұрғындарының батагөй ақсақалы – Бақан дейтін балықшы қарт болыпты. Күн райын бақылап, дауыл мен жауын-шашын болатын күндерді алдын ала болжап отыратын көреген кісі екен. Күндердің күнінде Атырау бойына бір саудагер шал келіп, сол арадан қоныс тебеді. Оның да аты Бақан екен. Әлгінің қулық-сұмдығын байқаған жұрт: — Саудагер Бақан деген аттан садаға кетсін. Ол Бақан емес, бақалшы, – депті де солай атап кетіпті.......
Тақырыбтың өзектілігі. Күміс мөңке балығы Garassius auratus Қазақстан су айдындарында таралған балықтар түрінің бірі болып, басқа түрлерімен салыстырғанда ең қолайсыз ортаға шыдамды, маниторингтік түр талабына сәйкес дене өлшемі жеткілікті және судың экожүйесінде улы заттардың әсерін бағалауға арналған перспективті объект болып табылады. Дипломдық жұмыстың мақсаты Қапшағай су қоймасы мөңке балығының биологиялық ерекшеліктерін және морфометриялық көрсеткіштерін зерттеу. Менің «Мөңке балығының морфо - биологиялық ерекшеліктері» тақырыбындағы дипломдық жұмыстың мақсатына сай зерттеу жұмыстарын атқару үшін төмендегідей міндеттер қойылды: Қапшағай су қоймасындағы мөңке балығының биологиялық және морфологиялық талдау жүргізу арқылы ерекшеліктерін зерттеу және басқа бағалы кәсіптік балықтарға бәсекелестік маңызына тоқталу, әдебиетке шолу. Адамзат балықты басқа объектілермен бірге ерте заманнан бері маңызды тамақтық зат есебінде пайдаланып келеді. Балықтардың табиғаттағы маңызы ерекше себебі, жер жүзіндегі 43 мыңдай омыртқалылардың 50 % шамасын құрайтын балықтар. Планетамыздың 2/3 бөлігін алып жатқан судағы өсімдіктер мен басқа организмдер жинаған энергия қорын өңдеуде балықтардың орны бөлек. Қоректік спекторының әртүрлілігінен барлық қоректік тізбектерге әсер етеді. Балықтар судағы және құрлықтағы көптеген жануарлардың қоректік қоры. ....
Кіріспе Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Балық шаруашылығы – балықты өндіру және өңдеумен айналысатын тамақ өнеркәсібінің бір саласы. Тамақ өнеркәсібінің бір саласы ретінде балық шаруашылығы ХYII - ғасырда пайда болды. Балық шаруашылығы Қазақстан республикасы территориясында негізінен Каспий және Арал теңіздерінде жүргізілді. Шардара су қоймасында балық аулау 1968 жылдан басталған және 1974 жылы оны өндіру көлемі 400-ден 1652 тоннаға дейін өсті. 80 - жылдардан бастап, балық аулау көлемі күрт төмендей бастады. Шардара су қоймасының пайда болуынан бастап мұнда мекен еткен балықтың 33 түрінен 2001 жылы тек 19 түрі ғана қалды. Оңтүстік Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың маңызы зор. Шардара су қоймасы – Оңтүстік Қазақстан облысындағы балықты ең көп аулайтын су қоймасы. Жұмыстың мақсаты: Шардара су қоймасында балық аулаудың тарихы мен қазіргі жағдайына тоқтала отырып, мұнда балық аулаудың облыс экономикасындағы алатын орнын айқындау. Жұмыстың міндеті: Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасына жалпы сипаттама бере отырып, оның экономикасында тамақ өнеркәсібінің алатын орнын анықтап, Шардара су қоймасында балық аулау шаруашылығының даму жағдайына талдау жасау.....
Қазіргі кезде нематодтардың 27000 – ден астам түрлері белгілі. Олар барлық жерде кең таралған, нематодтар тауарлық тұщы су балықтарының паразиттері болып табылады. Нематодтардың балық организіміне тигізетін әсері әр түрлі. Паразиттер өздерінің фиксациялық мүшелері (сорғыштары, ілмешектері, бекінгіш аппараттары т.б.) арқылы балықтардың ұлпаларын бұзып, механикалық әсер етуі мүмкін. Сондай – ақ паразиттер балықтардың қантамырларын бітеп, дұрыс қанайналу процесін бұзады. Ішекте кездесетін паразиттер асқорыту жүйесін бұзып, қоректің өтуіне кедергі жасайды. Гельминттердің арасында нематодалар балықтардың ішкі мүшелерінде: бауыр, бүйрек, гонада, ішегі, торсылдағында кездеседі, яғни бұлар эндопаразиттер. Осының бәрі балық шаруашылығына үлкен әсерін тигізеді [1]. Бұрын нематодтар қауіпсіз деп саналған, сол үшін аз зерттелген. Қазір олардың пайда болу себебін зерттеу, ауру жұқтыруының және таралуының алдын – алу суқоймалардың балық өнеркәсібінде үлкен орын алады. Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: - балықтардың морфологиялық белгілерін анықтау; - паразиттік құрттарды оқып, зерттеу, солардың ішінде паразитті тіршілік ететін нематодтармен әдеби, ғылыми кітаптар арқылы танысу, зертеу әдістемесін үйрену; - балық шаруашылықтарында интенсивті лас танудың алдын – алу. ....
Адамзат о заманнан табиғат аясында өмір сүріп, оның мол байлығын мейлінше қажетіне жаратумен келді. Адамның жатса – төсегі, жантайса – жастығы, тоңып-жаураса – баспанасы, үстіне киер киімі, қарны ашса – тамағы, басқа да толып жатқан мұқтаждығы табиғаттан табылды. Табиғат перзенті – адам, өз анасы – табиғатқа жақсылығымен қоса қиянат жасағанында кешірек сезінді. Адамзат өз ағаттығын кешірек болса да енді аңғарды. Қазір айналадағы ортаны аялап қана қоймай, оны қорғау – бүкіл халықтық мүддеге айналды. Табиғаттағы ғажайып байлықтың бірі – суасты әлемі. Бірақ ондағы тіршілікті кез-келген адам тікелей көзбен көріп, қолмен ұстай алмайды. Алайда, адам құдіретінде шек бар ма?! Оның да жолы табылды. Мінез-құлығы өте күрделі, пішіні әртүрлі тірі организмдер тіршілік еттетін суасты әлеміндегі құбылыстарды адам өзі басқарып, қажетіне қарай реттей алатын кішкене көшірме – суасты әлемінің терезесі, бейнелеп айтсақ, айнасы, яғни моделі ретінде аквариум дүниеге келді. Аквариумнан бөлмеде отырып-ақ табиғи тоғандар мен көлдер де өтетін биологиялық процестердің барлығын дерлік бақылауға болады. Аквариум – экологиялық жүйе моделі, ол – адамзаттың табиғатпен қашан да етене жақын екендігінің дәлелі. Адам балық және өсімдіктер тіршілігін бақылаумен бірге аквариуммен айналыса жүріп....
Кәсіптік балықтардың өнімділігін арттыру үшін олардың қоректік компонеттерін зерттеу қажет. Қоректік базасына байлансты менің тақырыбым «Бентосжегіш балықтардың қоректенуі». Балықтардың қорегін зерттеу олардың қоректік компоненттерінің сапалық және сандық көрсеткіштерін, рационын, қоректік базасын анықтайды. Бұл бітіру жұмысында сазан балығының қоректік компоненттері көрсетілген. Сазан балығының қоректенуі туралы оны өңдеу әдістері, материалды қалай жинау туралы және су қоймада қандай қорекпен қоректенетіні туралы жазылған. Сазан балықтары әр өсу сатысында әртүрлі қорекпен қоректенеді, шабақ- личинка сатысында көбінесе планктонмен қоректенеді, себебі бентостық организмдер планктонға қарағанда ірі және су түбінде болады. Ал ересек сатысында қоректік спектрі ауысады. Планктонды және бентосты балықтардың қоректік спектрінде белгілі мөлшерде өсімдіктер кездеседі, жыныстық жетілген және жыныстық жетілмеген бір түрдың балықтарында қоректік компоненттер әртүрлі және айырмашылығы болады. Қоректену типіне байланысты балықтардың ішек-қарнында айырмашылығы болады. (мысалы өсімдік жегіш балықтардың ішек- қарны өзінің денесінен әлде қайда ұзын болады). ....
Қаржыландыру, мұның қайтарымы ақша айналымынан түсетін қаржы болып табылады. Ол шевестициалық жобаны дұрыс ұйымдастыру арқасында жүзеге асады.Онығ кепілі ретінде жобалық тек заттай құндылық емес сонымен бірге құрлыққа қатынасушылардың арасындағы келісім шартқа негізделген құқықта болады. Осы орайда ережеге сәйкес, жобаны жүзеге асыратын компания құрылады, оның функциясы ретінде негізгі кәсіпкер рөлін орындау болып табылады. Бұл жағдайда демеушілер міндетті түрде несиелік ресурстарды алу үшін кепілдік бермейді, сондықтан мұндай қаржыландыруды регрессіз қаржыландыру деп атайды. Басқа жағдайда демеушілер мынадай кепілдік береді: құрылысты сияқтау кепілдігі:....
Бүгінгі күнде жеңіл жүрісті қыздар күн санап артып бара жатыр. Қазақ елі, инаббатты, ибалы, салиқалы, үлкенді сыйлай білетін кішіпейіл xалық емес пе? Әттең, бұл тек қана он тоғызыншы ғасыр тариxына тән оқиға деп білем мен. Бесіктен белі шықпаған қыздар,түні бойы көше кезіп,сақа жігіттердің ойыншығына айланып жүргені рас. Мектепке бармақ түгіл, бір-екі аптаға үйлеріне келмей,әке-шешесі амалсыздан көп жағдайларда тәртіп сақшыларының көмегіне жүгініп,артарынаң іздеу салып жатады. "Есін барда,елінді тап"-деп қазақ атамыз айтқандай,көшеде жоғалып,үйін таппай жүрген бой жеткен қыздар қанша ма? Үйінде дұрыс тәртіп берілмегендіктен бе,жоқ,әлде тым ерке қылып өсіргендіктен бе, кінәлі кім заман ба адам ба? Осындай мектеп жасында жүрген оқушы қыздардың бірі, А... болып табылады,өзінен әлде қайда үлкен бәз біреулермен көңіл жарастырып жүргенін жиі-жиі ауылымнаң немесе көрші ауылдағы достарымнаң естіп қаламын. Өткен жылы өзім мектеп бітіріп жатқан кезде, бұл қыздың үстінен бір айға жуық іздеу салынған болатын. Бірақ,қашан,қай күні табылғаның анық білмеймін. Ал,бүгінгі күні І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша білім алып жүрмін. Сол оқиғадан бері, А... көрмей кеткен едім. Оразаның үшінші күнінде яғни, бүгін есік алдымнан ыржалақтап өтіп бара жатқан А-ны, көріп қалдым.Біраз жанына барып ақыл айтып, есін жидырайым ба деп тырыстым да, жә, "бұндай ессіз қызға сөзімді шығын қылып қайтем" -деп ішімнен, артыма қарамайа құлағыма құлаққап киіп, бұрылып кеттім. Қазақта өсек деген дүние ең жаман, әр бір қазақ қызының атына дақ келтіретін заттқой. Мектеп жасында жүрген түнгі көбелектердін санын азайтып, дұрыс жолға қалай түсірсек болады?