Ертегі: Түлкі мен ешкі

Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді.

- Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті.

- Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім.......
Ертегілер
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Қош келдің Жаңа жыл

Балалар әуенмен ішке кіреді
Тәрбиеші: Қандай жақсы шыршамыз,
Ән шырқайық, баршамыз.
Тақпақ айтып, би билеп,
Жаңа жылды бастайық

Құрметті бүлдіршіндер, ата - аналар, ұстаздар. Көптен күткен қуанышты мереке жаңа жыл келе жатыр. Келе жатқан жаңа жыл құтты болсын. Барлығымызға бақыт, береке, көп қуаныштар, жақсылықтар әкелсін! Жәнеде осы жаңа жылға арналған бүгінгі ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз. Біздің бүлдіршіндеріміздің жаңа жылға шашуы ретінде «Кукарелла» биін билеп береді. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Қазақстан халықтар бірлігі күні Достық мерекесі

Тақырыбы: Достық мерекесі
Мақсаты: Балаларға 1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейту. Мерекелік көңіл күйлерін көтеріп, өздеріне ұнайтын шар, жалаушаның суретін салдыру. Ойын арқылы әр ұлттың киімдерін ажырата білуге үйрету.
Әдіс – тәсілі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, ән айту.
Көрнекілігі: Әр ұлт өкілдерінің суреттері, ДVД, теледидар, сурет салу құралдары.
Салалық байланыс: Шығармашылық, таным.
Мотивациялық қозғаушы:
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілі.
- Дұрыс айтасыңдар, қазір көктем мезгілі, көктем мезгілінде біз қандай мерекелерді тойладық, қане есімізге түсірейікші.
- 8 наурыз аналар мерекесі, 22 наурыз, наурыз мерекесі.
Жарайсыңдар, сендер жақсы біледі екенсіңдер, естеріңе жақсы сақтап қалыпсыңдар. Осы көктем мезгілінің соңғы мамыр айында тойланатын тағы бір мереке бар екен. Ол мереке 1 мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні мерекесі.
Іздену ұйымдастырушы:
- Балалар біздің ұлтымыз қандай?
- Қазақ
- Біз қай тілде сөйлесеміз?
- Қазақ тілінде.
Қазақстан халқының өзінің қазақ тілі, ұлттық киіміміз, салт – дәстүріміз бар. Сол сияқты біздің Қазақстанда басқада ұлттар тұрады. Өзбек, орыс, қырғыз, татар және тағы басқа да ұлт өкілдері тұрады. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (П әрпі бойынша ат қою)

ПАЗЫЛ - (қараңыз: Фазыл).

ПАЛУАН - араб тілінен алынған пахлаван — күшті күрескер.

ПАЛУАНҒАЛИ - аса күшті палуан.

ПАНАБЕК - иран тілінен алынған панаһ — қорғаныш, тірек + бек. Мықты қорғаныш, тірек.

ПАРАСАТ - араб тілінен алынған ақыл-ой.

ПЕРДЕБЕК - араб тілінен алынған парда — күш; яғни күшті, мықты.

ПІРӘЛІ - араб тілінен алынған пир — ауыспалы мағынасы мықты, күшті. Біріккен тұлғалы есім – Пірімғұл.
Есімдер мағынасы
Толық
0 0

Ертегі: Тазшаның қырық өтірігі

Ертеде бір хан халқына жар шақыртты:

— «Кімде-кім алдыма келіп, кідірмей-мүдірмей, бір өтірік әңгіме құрастырып айтып өтсе және артынан қырық ауыз өтірікті өлең қылып айтса, сол адамға қызымды беріп, күйеу етемін, тіпті, уәзір қоямын. Бірақ, бір сертім бар: әңгімесінің, иә өлеңінің ішінде бір ауыз рас сөз қосылса, дарға тартқызамын!» – депті.

Бұл хабар жұрттың құлағына тегіс тиген соң, ханның қызын алып, күйеу болуға қызықпайтын адам болмайды. Әркімдер-ақ дәмелі болып: «Ой, айтпай несі бар!» – деп ханның алдына ......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Үш батыр

Ертеде құла қасқа атты Құрмерген деген батыр болады. Батырдың жаны қылышында екен. Оның әкесі кедей адам болыпты. Мал дегенде жалғыз биесі бар екен. Бүкіл елінің қарағаны да осы бие көрінеді. Биенің туған құлынын жылда бір дәу көтеріп әкетеді екен. Жалғыз Құрмергеннен басқа ешкім оны іздеп шыққылары келмейді.

Бір күні ол әкесінен бата алып, құлындарды іздеуге шығады. Іздеп күн жүреді, ай жүреді. Жолда құлағын жерге төсеп жатқан кісіні кездестіреді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қасым Қайсенов Жау тылындағы бала (7 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Балалар мен үлкендер
Сабақтың тақырыбы: Қасым Қайсенов Жау тылындағы бала
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: БС1 Тарихи және көркемдік құндылығы.
Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.
Сабақтың мақсаттары: Ұлы Отан соғысындағы партизандар қозғалысы туралы тарихи деректер мен повесть оқиғаларын салыстырады
Кейіпкерлер әрекетін талдайды
Талқылаулардан қорытынды шығарады....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Әріптер мен әліпбидің шығу тарихы

Абстракт (аннотация)
Зерттеудің мақсаты: Әріптер мен әліпбидің шығу тарихын зерттеу.
Зерттеудің міндеттері:
 Әріптердің қолданысқа еңуін қарастыру;
 Қазақ әліппесінің атасы А.Байтұрсынұлы;
 Латын әліпбиіне көшу заман талабы;
 Зерттеу жұмысына сүйене отырып, ұсыныс жасай алу;
Зерттеу жұмысының болжамы:
Егер «Әріптер мен әліпбидің шығу тарихы» тақырыбына байланысты пікірімді толық жеткізе алсам, оны әрі қарай толықтырып, жұмыс жүргіземін деп ойлаймын. Әділ қазылар ғылыми жұмысымды құнды .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0