Ертеде бір бай болыпты. Байдың ауру әйелі және үш қызы бар екен. Бір күні әйелі науқасынан айықпастан қайтыс болады. Біраз уақыттан кейін бай үйіне басқа әйел алып келеді. Бұл әйел қатыгез адам болып шығады. Ол байдың қыздарын жек көреді. Бір күні өгей шешелері қыздарын шақырып алып: — Шырақтарым, бүгін сендер тоғайдан жеміс теріңдер, – деп түбі тесік шелек береді. Қыздар: — Алақай! Жеміс тереміз! – деп қуанып тоғайға кетеді. Тоғайға келіп, жеміс тере бастайды. Бірақ, терген жемістері тесік шелектен түсіп қала береді. Сол себепті қыздар тоғайда көп жүріп қалады.......
Түлкі мен бөдене екеуі айырылмас дос болыпты. Екі дос талай жерді шарлапты, талай қызық көріпті. Күндерде бір күні: — Досым, мені бір күлдірші, – депті түлкі. — Жарайды, күлдірейін. Сен менің артымнан ер де отыр. Мен ұшамын да отырамын, – депті бөдене.......
Азат күн туды қырандай еркін самғаған, Асыл арманы ақиғат күнмен жалғаған Ұғынсаң елім, бостандық атты бақ құсы Сан ғасыр бойы басымызға да қонбаған.....
Қожаның үйіне бір күні шәкірттері жиылып келіп байқаса, қораның ішінде бір семіз тоқты тұр екен. Қожаның сойғалы семіртіп отырған тоқтысы болады. Шәкірттері Қожаның аңқаулығына сеніп, оны алдап, тоқтыны сойғызбақ болып, қасына жиылады да:
— Қожеке-ай, мына тоқтыға көп еңбекті босқа сарп қылғаныңыз-ай! Енді қызығын көрмей қаласыз-ау! — деседі.......
Ертеде Қарынбай деген өте кедей адам болады. Оның дүние, мал дегенде жалғыз қаршығасы болыпты. Ол қаршығасы көзіне көрінген құсты құтқармайтын, өте алғыр болыпты.
Қарынбай осы қаршығасының ұстаған қаз, үйректерімен ғана қоректеніп күнелтеді екен. Бір күні қаршыға салып жүргенде, алдынан бір хан кез болады. Хан қаршығасы қаз, үйрекке түспей, қапаланып тұр екен. Қарынбайдың қаршығасын көріп, қалайды. Хан қалаған соң, Қарынбай амалсыз қаршығасын береді. Қаршығасынан айырылған соң, Қарынбайдың күн көрісі нашарлап, ішер ас таба алмай, қапаланып......