Тақпақ: Тәуелсіздік

Қазақ тәуелсіздік алған күн,
Тәуелсіздік күткен күн.
Желтоқсанның ызғарына,
Беті қызарған күн.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Алма

Ауладағы бау-бақшада,
Алма ағашын баптадым.
Майдандағы ағама,
Сегіз алма сақтадым......
Тақпақтар
Толық
0 0

Ертегі: Ай неге жалаңаш қалды

Бірде ай өзіне көйлек тіктіріп алмақ болыпты. Тігінші айдың бой тұрқын өлшеп алады да көйлекті пішіп, тігуге кіріседі. Уәделескен шағында Ай көйлегін алуға келсе, көйлегі әрі тар, әрі қысқа болып шығыпты.
— Иә, мен қателескен екем, - дейді тігінші. Сөйтіп, көйлекті қайта пішіп, қайта тіге бастайды. Уәделескен мерзім жақындап, Ай көйлегін алуға тігіншіге тағы келеді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Тақпақ: Абай атама

Қазақ елін жырлаған,
Абай атам ұлы адам.
Ақылын беріп ұланға,
Қара сөз жазып қалдырған.

Ағартушы тағы да,
Ақылды бір таза адам.
Дана ақын бұл адам,
Абай атам ұлы адам.
Тақпақтар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Дене шынықтыру | Иілгіштік дене қасиеттерін оқыту әдістемесінде ұғымдар негізі

Жаттығу құрамына кіретін қимылды немесе дене қалпын атау үшін арнайы терминдерді білу қажет. Арнайы терминологияның болуы жаттығуларды үйрету барысын жақсартуға , сабақ берудің үздік тәжірибелерін қорытындылауға ілімі мен әдістерін жете зерттеуге , жас мамандарға тәжірибе беруге мүмкіндік береді.
Терминдерге қойылатын талаптар:1) қолайлығы: терминдер анна тілінің сөздік құрамы негізінде, сонымен қатар басқа тілдерден алынған сөздерді пайдалана отырып құралуға тиісті; 2) дәлдігі: термин көзделген бір қимыл (жаттығу) немесе ұғым туралы дұрыс түсінік алып, оны тез меңгеріп кетуге зор ықпал етеді; 3) ықшамдылығы: қысқа терминдер орынды, айтуға ыңғайлы болады. Сол үшін де ждаттығулардың аталуын және жазылуын жеңілдететін қысқарту ережелері қолданылады.
Әуелі дене қалпының нақты бір тобын анықтайтын негізгі терминді көрсету керек, содан соң қимыл ерекшеліктерін нақтылайтын қосымша терминдер көрсетіледі. Кез келген терминнің қимылды орындаудың нақты техникасын білдіретінін ұмытпаған жөн, ал қимылды дәстүрлі орындаудан ауытқыған жағдайда қосымша түсініктеме беру қажет. Мысалы, «Қолдарды екі жаққа созу» термині қолдардың тік созылуын, алақанның төменге қаратылуын, саусақтардың біріктірілуін білдіреді. Егер бұдан өзгеше қалыпты атар болсақ, оны нақтылай түсу керек: «Қолдарды екі жаққа алақандарды жоғары қаратып, саусақтардың арасын ашып созу». Бірнеше дене бөліктерін бір мезгілде қимылға қосу қажет болған жағдайда оларды төменнен жоғары қарай атау дәстүрге айналған.
Егер қимыл қысқа жолмен орындалатын болса, онда тек соңғы қалыпты ғана атауға болады.Ал егер қимыл күрделірек жолмен орындалатын болса, қимылды нақтылап, оның бағытын анықтайтын қосымша терминдер қолданылады. Мысалы, «Қолдарды доға жасай алға созып барып, екі жаққа жаю». Бұл қолдардың әіуелі алға жылжып, содан кейін барып екі жаққа созылған қалыпқа келетінін білдіреді. Көптеген қимылдарды белгілеу кезінде оларды орындау тәслін көрсетуге тура келеді, мысалы: «Бір қадам оңға, аяқ арасы ашық» немесе «Секіру, аяқ бірге».
Жалпы дамыту жаттығуларда қолданылатын негізгі дене қалыптарының жалпыға ортақ терминдері мыналар ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Тақпақ: Анашым

Жылылық шашқан күнімсің,
Шуағын шашқан балаңа.
Бір қуат алады өзіңнен
Сағат сайын сан бала.

Өзіңсің өсір тірегім,
Аман жүрші анашым.
Жарқырай берші жайнашы
Тілейді соны балаң шын.
Тақпақтар
Толық
0 0