Мама, мұздап кеттік, - Даланың суығын-ай!-деп шағымдарын айта кірді. Биыл дала аппақ көрпесін ерте жамылды. Сары шұнақ аяз да балаларды үйге ерте қамап қойды.
Кіріспе Зерттеу өзектілігі: Көшпелі елдің барлық тіршілік болымысы табиғатта және табиғатпен біте қайнасып отырады. Ұлы далада көшпелі өмір сүруге бейімделген қазақ халқы өз мекен еткен кеңістіктің барша қадір қасиетін танып, біліп және сол кеңістіктегі құбылыстарды уақытымен зерделеуге, теңестіруге, пайымдауға машықтанды. Осыған орай халқымыздың дәстүрлі білім мен тәрбиелер жиынтығы – ғұмыр бойы жинақталған тәжірибелердің қорытындысы. Онда талай ғасырлар сүзгісінен өткен ұғымдар, түсініктер ,пайымдар жатыр. Мәдени мұралар уақыт озып, қоғам дамыған сайын екшеленіп, жаңарып жаңа мазмұнға ие болады. Сондықтан қазақ халқының мәдени мұралары адамзат баласының қол жеткізген дана пікірлері мен асыл ойларына, тәжірибелік тұжырымына өте бай. Мәдени мұралардың тәрбиелік мәні әрқашан да нәр беріп байытып отыратын қуатымен бүгінгі білім беру саласының.....
Ата – анам таңертең салқын сумен жуын, ол денсаулыққа пайдалы дейді. Бірақ ол қалай пайдалы екенін ойланбаймыз? Сұрақтың жауабын табуда маған ой келді. Неге ерте салқын сумен жуынамыз, неге үлкендер суды төге берме дейді. Осыларды білгім келді. Сондықтан зерттегім келді. Жобаны жазу мақсатым – судың қасиеттерімен маңызымен, табиғи сулармен, газдалған, шипалы сулармен танысып, лас суларды тазартуды оқу, меңгеру болды. Адам өмірінде судың орны бөлек. Сусыз өмір жоқ, су – тіршілік көзі. Адам 1 апта су ішпей жүре алады. Су адамның зейінін ашады. Жер бетінің 3тен 2 бөлігін су алып жатыр. Суға сипаттама берсек: Судың дәмі, исі, түсі жоқ сұйық. Су – адамның зейінін ашады. Қасиеті – судың аққыштық қасиеті бар, ол көлемін сақтайды, пішінін сақтамайды. Заттың 3 күйінде болады. Мысалы: мұз – қатты, су – сұйық, бу – газ. 22. 03 – су қорларын сақтау күні. Химиялық формуласы Н2О. Пайдаланған су шайынды суға айналады. Ол лас су. Қазіргі кезде лас суды тазартатын қондырғылар бар. .....
Әкесі әлемнің мұхиттары мен теңіздері, анасы көк аспандағы қара бұлт кішкентай Тамшы бүгін қатты қуанышты. Өйткені, ол алғаш рет жерге түспекші. Биіктен қарағанда жер өте әдемі екен. Жап-жасыл бір әлем. Әдемі қызғалдақтар мен сарғалдақтар, раушан гүлдер мен қоңыраугүлдер, жасыл тал-теректер......
Алматы жазда да, күзде де әсем ғой, шіркін! Сентябрьдың аяқ кезі болса да, астана ыстық, шуақ, жылы нұрға бөгіп тұр. Бірақ ауа райының хабаршылары бүгін жиырма бес градус ыстық болады деп айтқанымен, жаз жиырма бесі мен күз жиырма бесінің жалыны бірдей болмайды екен. Жаздың мұндай күндерінде шолақ жең көйлек киген көше жаяулары жандарына сая таппай дедектейтін еді. Қазір де көйлекшеңдер көп кездескенімен, бірсыпыра жұрт иықтарына костюм іліпті, бәрі де аяқтарын асықпай басатын болыпты.
Күн әлі де едәуір ыстық болғанымен, сары күздің келгенін сары ала жапырақтар айқын аңғартқандай еді. Төбеден төмен қарай қалықтай құлаған екі-үш жапырақ Фурманов көшесімен жоғары қарай өрлеп бара жатқан менің алдыма келіп түсті.
Комсомол көшесінің қиылысындағы «Ювелирторг» магазинінен өткеннен кейін, үйлердің номеріне көз сала бастадым. Өйткені менің іздеп келе жатқан үйім осы тұста болуға тиіс. Білетін адамдар маған магазиннен өтісімен-ақ оң жағыңа қарай бер деп түсіндірген. Расында да лезде-ақ мен бұрышында төрткіл көк қаңылтырға ақ сырмен 117 деп бадырайта жазылған номері бар үш қабат үйдің қасына келдім.
Үйдің осы номеріне көзім түскен сәтте жүрегім сәл шым ете қалып, өн бойымды әлде бір жеңіл діріл аралап өткендей болды. Ол бірте-бірте ұмытылыңқырап бара жатқан ескі сезім еді. Ұлы Отан соғысында жүрген кезімізде, шабуылға шығар алдында дәл осындай болып, көңіл қобалжыңқырайтын да, артынан дайындық басталғаннан кейін, дененің дірілі басылып, қорыққаның, қобалжығаның ұмыт боп кететін.