Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша айналымындағы ақшаның ролі және оларды шығару

Ақшаларды ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмiр сүрiп келедi десе де болады. Ғасырлар бойы ақша өзгерiп отырған және бүгiнде олардың жағдайы аяқталған соңғы фраза болып табылмайды.
Тауар айналысының тарихи дамуы процесiнде жалпыға бiрдей балама формасында әр алуан тауарлар болған: мал терi, қабыршақ, металл бұйымдары және т.б. Мұның барлығы тауар өндiрiсi мен тауар айналысының болуына негiзделген ақша қажеттiгiнiң себептерiн түсiндiредi.
Экономикалық категория ретiнде ақшалар өндiрiс және бөлу процесiнде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейдi. Бұл жерде ақша бес түрлi қызмет атқарады: құн өлшемi, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау және қорлану құралы, дүниежүзiлiк ақшалар.
Ақшаның өзiнде, сондай-ақ олардың қызметтерiнде жылдар бойы өзгерiстер болды. Егер де бұрындары сатып алу- сату процесi жалпыға бiрдей балама – алтынмен жүргiзiлсе, бұл күндерi қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда.
Ақша айналысының объективтi негiзi – тауар өндiрiсi мен тауар айналысы болып табқылады. Ен формасының өзгерiп отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшiн қолданылуы, ақшаның әрдайым қозғалыста, яғни айналыста болуына мүмкiндiк жасайды.
Жалпы ақша айналысының көлемi тауар бағаларының сомасынан әрдайым артық болады. Ақшаның қызмет көрсетуi тек сату-сатып алумен шектелмейдi.
Курстық жұмыстың тақырыбы маңызды мәселенiң бiрi ақшалар айналымындағы ақшаның ролін ашып көрсетуге бағытталып алынды. Күнi бүгiнде айналымдағы ақшаның ролi жоғары.
Курстық жұмысым екi бөлiмдi қарастыра отырып жазылды. Бiрiншi бөлiмде қоғамдық қатынастарды таратушы ретiндегi ақшаның маңыздылығын оның шығу тегiнен бастап, тарихи даму кезеңдерiне, қасиеттерi мен мән-маңызына тоқталып, атқаратын бес түрлi қызметiн ашып жаздым.
Жұмыстың екiншi бөлiмiнде ақша айналымындағы ақшаның алатын орны мен айналысқа ақшаларды шығаруды басты мәселе етiп ала отырып, ақша айналысы және ақша айналымы ұғымдарының мәнiн, айналысқа ақшаларды шығару процесiн сипаттап жазуға ұмтылдым.
Курстық жұмысты жазу кезiнде ақшалар туралы көптеген оқулықтарды, оқу құралдарын, монографияларды, яғни экономикалық әдебиеттердi пайдаландым. Мысалы, бiрнеше авторлар бiрiгiп жазған және аударған, жалпы редакциясын басқарған ғалым-экономист Сейтқасымов С. “Ақша, несие, банктер” оқулығы, сондай-ақ мерзiмді баспасөз материалдарын, әсiресе “Қаржы-қаражат” журналы жұмысты жазуыма кө.......
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Әкеден бала жас қалды-ау! (Қазақ ауыз әдебиеті)

Әкеден бала жас қалды-ау,
Ақылдан бәрі бос қалды-ау.
Бісміллә деп бастайын,
Көңілді жаспен басайын.
Иманды болғыр, сабазым,
Зарымды айтып сарнайын.
Сабазым еді ақ маңдай,
Жоқтаушы енді жез таңдай.
Ұжымақтан болсын орныңыз,
Шариғат жолы айтқандай.
Кесте тіктім ершімдеп,
Ою салдым өрнектеп.
Алладан ажал келді ме,
«Орта жаста алсын» деп.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Салық кодексі | Қазақстан Республикасының салықтық жүйесінің құрылымы

Кіріспе.
¥йымдық-қүқықтық жағынан салықтар- бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратың ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Азамат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңарумен қабаттаса жүреді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өмірбаян: Аида Балаева Ғалымқызы

Аида Балаева 1974 жылы 4 шілдеде дүниеге келген. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін "орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007 жылы "құқықтану" мамандығы бойынша Қазақ ұлттық аграрлық университетінде оқыды.

Әр жылдары Алматы қаласының ішкі саясат....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Шығарма: Неменеңе жетістің бала батыр...

Ұшқыр ойды от - қайраққа жаныған,
Туған елді өз үйім деп таныған,
Жалындаған жастар керек еліме
Батыр баба қасиеті дарыған!
Сырбай Мәуленов
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе радио-телехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері Ұлы Отан соғысының басталғанына 75 жыл, ал Жеңіске 71 жыл уақыт болса да , ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі Кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Дегенмен, сол сұрапыл соғыстың куәгерлері мен қатысушыларының күннен-күнге қатары азайып барады.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмыр басты пенде үшін теңдессіз құндылық – ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр.......
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Заңды тұлғалардың салықтары

Менің курыстық жұмысымның тақырыбы заңды тұлғалардың салықтары, яғни жанама салықтар, корпорациялық табыс салығы . Яғни жанама салықтар дегеніміз қосылған құн салығы мен акциз салықтары.
Салық - өркениет үшін төленетін төлем. Оның қандай түрінен болмасын жалтаруға жол бермеу – бүгінгі күннің басты назарында. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі 2001 жылғы қабылданған Заң күші бар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Жарлығы барлық салық органдарына үлкен міндеттер жүктейді. Салықтан жалтарғаның, халықтан жалтарғаның болып шығатынын да түсіну қиын емес.Салық салынатын база жасау жөніндегі қорытынды жұмыстарға әзірлік проблемасы жетіп артылады. Бұл салада өзге де проблемалар жеткілікті. Қазіргі қолданып жүрген Салық кодексі тікелей ықпал ететін заң күшіне әлі де толық ие емес. Салық жөніндегі заңды дамыту тұжырымдамасын жасау саласындағы жұмыс әлі күнге дейін аяқталған жоқ.Салықтардың толық көлемде, уақытылы аударылуы және алынуы бюджет қорының толығыуын айқындайтын фактор болып табылады. Салық төлемдерінің бюджетке толық көлемге түсуінің алуан әдістерін қолданып, қадағаланбайынша енді- енді құқықтық мемлекет болуға бағдар ұстап отырған еліміздің бұл бағытта табысты қадамын қамтамасыз ету мүмкін емес. Өркениетті елдердегідей кәсіпорынның, ұйымның, кәсіпкердің қарапайым салық төлеушінің ең бірінші кезектегі міндетін салықтан құтылу екенін түсінетіндей жауапкершілікке жете қоймағанымыз әмбеге аян болса керек. Әлі де салықтын жалтарушылар, табысын кемітіп көрсетушілер, қайтсем заңдылықты айналып өтем деушілер баршылық. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Салық кодексі | Мүлiк салығының салық жүйесi

Кiрiспе
Салық-халық несiбесi. Бүгiнгi күнi осы бiр ұғымды қатардағы еңбек адамынан бастап салықшылардың өздерiне дейiн қағидаға айналдырып алған сияқты. Қалай десек те бюджет байлығы салық түсiмiне келiп тұр. Бұл ел экономикасына әсер ететiн фактор.
Нарықтық қатынастар жағдайында салықтар мемлекеттi қаржыланды-ру қызметi және аппаратын ұстайтын негiзгi қайнар көзi болып табылады. Мемлекет салықтарды пайдалана отырып, елде болып жатқан экономикалық процестерге активтi тұрде қатыса алады. Салықтар есебiнен жиналған ақшалай қаржылар, мемлекетке әлеуметтiк саясат жүргiзуге мүмкiндiк бередi, соның iшiнде өзiнiң өмiр сүру денгейiн минималды денгейде қамтамасыз ете алатын халық топтарына материалды көмек көрсету мүмкiндiгi бар. Кез келген мемлекет өзiнiң қаржылық базасы болғанда ғана өмiр сүре алады, басқаша айтқанда, өзiнiң аппаратын ұстауға және өзiнiң функцияларын орындау процесiнде туындайтын шығындарды жабуға ақшалай қаржылары болғанда ғана өмiр сүредi. Салық- мемлекеттiң бекiтуi. Қазақстан Республикасында салықты төлеу мiндеттемелерi, азаматтардың Конституциялық мiндеттемелерiнiң қатарына жатады. Осыған байланысты мемлекет саяси ѕкiмет саяси субъект өкiлдiгiне сүйене отырып әрекет етедi.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Эссе: Бала - бақытың

«Бала – бауыр етің» деп бекер айтылмаған. Дүние есігін мен келдім деп, тірлік иесі екенін аңғартып, ертеңгі еліміздің болашағы екенін білдіртіп айқайлап ашатын, кішкене ғана қызылшақаны әр ана жүрегі елжірей, мейіріміне қарсы алатыны баршаға аян. Келе сала айналаны қарманып анасының омырауын іздей бастайтыны, аузына ана сүті тиісімен өзінің кәнігі ісіне кірісіп кететін, ал ананың алпыс екі тамырын иітіп берген ақ сүтіне тойған бойда балғын иісі бұрқырап, албырай ұйқыға кететін сәбиіне кім еміренбейді дейсің?

Дүниеге сәби әкелу әр ананың бақыты. Сәбидің тәтті үнін дүниеде еш нәрсе алмастыра алмайды. Талай жанның өмірін өзгертіп, ата-ана болу бақытын сездіретін жұдырықтай шақалақтың құдыреті шексіз. «Баламның табанына кірген тікен менің маңдайыма кірсін деген еліміз». Әр бала өз несібесімен келеді деп баланы шектеуді де жөн көрмейтін қазақ емеспіз бе?

Жұмыстан шаршап келгенде сәбилеріңнің құшақ жая жүгіргені, сәл нәрсеге өкпелеп, сәл нәрсеге шаттанатын тәтті қылықтары шаршағаныңды ұмыттырып, шаңырағынды шаттыққа толтыратын тағы бар. Баланың үйге кіргенде көзімен іздейтіні де, алдымен сұрайтыны ол ата-анасы. Ең жақын қамқор адамдары жанында болса сәбидін жарқын күлкісі, алаңсыз бейқам шаттығы әлемді нұрға бөлеп тұрады. Тәңірім баланы ешқашан анасынан, ананы баласынан айырмашы! Өмірдін мәні ата-ана үшін байлықта емес, сананалы, иманды ұрпақта. Ата-ана әрқашан баласымен мақтанып, марқаяды. Сондықтан әр ата-ана баласына байлық емес, түзу тәрбие беріп, адами құндылықтарды жинап алуына көмектесу керек. Себебі бала өміріңнің жалғасы, өміріңнің мәні.......
Эсселер
Толық
0 0

Өлең: Райханның баласын жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Халықтың дана молдасы,
Батырлардың қолбасы.
Осындай ердің, қарағым,
Болып едің жолдасы.
Оң жаққа төсек салмадың,
Атантай қызын алмадың.
Ортамызды толтырып,
Бір қызық тастай алмадың.
Салусыз қалды-ай төсегің,
Дұшпаннан болды өсегің.
Қиямет қайым болғанда,
Сол жауың болсын есегің.
Орайда орай оқ атқан,
Он екі сала бағы атқан. ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Дүниеге сәбидің (әлди) келуіне құттықтау – тілек

Достым, сені әке болуыңмен, ал жарыңды ана болуымен құттықтаймыз. Сендердің шаңырақтарыңды қуанышқа бөлеген дүниеге келген сәбидің бауы берік болсын, өмір жасы ұзақ болсын.
Құттықтау сөздер мен тост тілектер
Толық
0 0