Курстық жұмыс: Экономика | «МАҢҒЫСТАУГЕОЛОГИЯ» АҚ – НЫҢ ЖАЛПЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

КІРІСПЕ
Қазіргі жағдайда кәсіпкерлік бәсекелік күреспен ынталандырылатын шаруашылық ізденіссіз, жаңашылдықсыз жүзеге асыра алмайды. Нарық жағдайында тек қана өз өнімінің жоғары сапсы мен тұрақты жаңаруын қамтамасыз ететін кәсіпорын жеңіске жете алады.
Кәсіпкерлік – осы қызметтің барлық қатысушылары үшін өзара тиімді нәтижелер мен табысқа қол жеткізу мақсатында меншікті қарыз және басқа да қаражаттар есебінен өз тәуекелімен жүзеге асырылатын ынталы шаруашылық қызмет.
Кәсіпкерлік қызметтің басқа коммерциялық емес құрылымдардан ерекшелігі болып табыстар мен шығыстар арасындағы айырбас ретінде пайдаға қол жеткізу болып табылатын, өз иелігіне қарыз меншігін алып кәсіпкер жаңа өнім шығаруды ұйымдастырады, тиімді коммерциялық байланыстарды жүргізеді.Айналымға өзінің капиталын және басқаның капиталын жіберіп, өзіне пайда алады. Сәйкесінше кәсіпкер нарықтық байланыстарды орнататын, өндірісті қалыптастыратын және кеңейтетін нарықта белсенді іс- әрекет етуші болып табылады.
Қазақстанның әлеуметтік-экономиаклық дамуының жаңа сатысы экономикалық ғылымға көп деген проблемаларды тудыруда. Бәсекеге қабілетті экономиканы құру және «Қазақстан-2030»атты ұзақ мерзімді стратегияны жүзеге асыру шаруашылықтың барлық басқарудың тиімділігін қажет етеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2006жылғы 1 наурызда Қазақстан халқына жолдауындағы бірінші приоритетін жүзеге асыруда – Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті мемлекеттердің қатарына енуі: «Қазақстан жаңа технологияны ойлап табушы мен дамытушы халықаралық акционерлік компания ретінде қатысады» деп анықталды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Бабалар ерлігі туралы үзік ой

Түні бойы мені ауыр зіл басып, көз ілмедім. Таң атқасын күшімді жинап, тысқа шықтым... Арайлап атқан таң. Әсем дала. Күлімдеген күн. Оң жағыма қарасам балалық шақтың қызығына түскен балалар. Сол жағыма қарасам, күйбең тіршілікпен айналысып жүрген адамдар. Аспанға қарасам қалықтап ұшқан құстар. Бәрі тамаша. Осының бәрі өмірге мән беріп тұрғандай. «Туған жердің ауасы да шипа» демекші, терең тыныс алдым да, осындай бейбіт елде өмір сүріп жатырғаныма шүкіршілік еттім! Шүкіршілік еттім де өзімді билеген белгісіз сезімді ақ қағазға түсіруге асықтым. Ойлап отырсам, бізге осы тыныштықты сыйлаған ата-бабаларымыз, аға-әпкелеріміз! Азаттық жолында өз жауларымен арыстандай алысып, жолбарыстай жұлысқан батырлардың ерлігінің арқасында ғана қазір бейбіт өмір сүрудеміз. Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді. Басқа емес, бір ғана Ұлы Отан соғысын айтсақ та жеткілікті. Міне, бүгінгі таңда Ұлы Отан соғысындағы жеңіске жетпіс бір жыл толып отыр.
Соғыс оты тұтанған сол бір замандағы Ұлы Жеңіс еліміздің тарихында алтын әріптермен қалатыны хақ. Ел басына күн туып, шаңырақ шағылған сол сәттерде "Отан үшін отқа түс, күймейсің" дегенді жадына тоқыған атабабаларымыз атқа қонып, жаумен аянбай күресті. «Ел бостандығы, халық бақыты, ұлттық арман ешқашан арзанға түскен емес». Олар Отан үшін өмірлерін қиюға дайын еді. «Тағдыр мені адамзаттың жан түршігерлік қайғы қасіретінің куәгері болуға жазса да, ақ қағаздың бетіне болат қаламсаптың ұшымен қисынды сөзді маржандай етіп тізе алатындай өнерім болмаса да, жай себеппен, менің қолым жауға сілтер қылыштың сабын ұстауға, пистолеттің шүріппесі мен жауынгердің атының тізгінін ұстауға үйренген қолыма-қаламсап та, уставтың өктем бұйрығына үйреніп қалған тілім де ырық берер емес, бірақ та сарандардың санатында қалмас үшін, өлгендердің рухы, зардап шеккен, адал солдаттарымның алдында – үн-түнсіз қалмауға, бастан кешкендерді тілсіз қағаз бетіне түсіруді өзіме парыз санаймын, өйткені ол: «ерлік елеусіз қалмасын, олжа – елге, атақ – ерге сауға» деген әділеттілік қағидасын еске салатын, шындық оқиға куәгерінің тілі болсын.» ......
Шығармалар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Р дыбысы және әрпі

Сабақтың мақсаты: 1) Балаларға өткен сабақты еске түсіре отырып, Р дыбысы мен және әрпімен таныстыру. Дидактикалық материалдар арқылы Р дыбысы бар сөздер ойлауға, сөйлем құрауға үйрету.
2) Сөздік қорларын байыту, ой - өрісін, танымын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. 3) Ұқыптылыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу, эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекілігі: суреттер, кеспе әріптер, гүл шоқтары, электронды оқулық.
Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру.
Түрі: Ойын

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру: Қара достым жан - жаққа,
Дайынсың ба сабаққа?
Орнында ма қараңдар,
Кітап - дәптер қаламдар.
- Балалар мына гүлдерге зер салып қараңдаршы. Гүлдер құрғақта жатыр, бұлар жайқалып өсуі үшін не қажет? .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Елестердің физиологиялық негізі.

Кіріспе
Өзектілігі: Қоршаған дүниенің біз қабылдаған заттары мен құбылыстары біздің санамыздан ізсіз кетпейді, ми қыртысында бейнелер түрінде сақталады, біз заттар мен құбылыстардың өздері біздің алдымызда жоқ кезінде де оймен оларды қайта жаңғыртамыз. Мысалы, біз Москвада болсақ Кремльді де, Ленин ескерткішін де, Үлкен театрды да және өзіміздің назарымыз ауған көптеген басқа нәрселерді көз алдымызға айқын елестете аламыз. Біз — бұрын қабылдаған, ал қазір оймен қайта жаңғыртып отырған заттар мен құбылыстардың бейнесі елестер деп аталады. Елестер өзінің тууына негіз болған қабылдауларға ұқсас, бірақ әдетте күңгірттеу болады, көбінесе қабылдаудан солғындау келеді, одан толықтығы кемірек болуымен ажыратылады. Біздің көз алдымызға елестеткен зат белгілерінің толық емес, тіпті солғын болуын мына мысалдан көруге болады. Бір мектеп оқушысынан өзі күн сайын мініп жүрген велосипедінің суретін салуды сұрайды. Бала бұл суретті салуда мықтап қиналады, оған себеп болған — сурет сала білмеуі емес, педальдың қалай кондырылғанын, жылжу тетігінің қалай орналасқанын т. с. с. есіне түсіре алмауы еді. Елестерде заттар мен құбылыстардың тек кейбір жақтары ғана бейнеленуі мүмкін; кейде олар үзік-үзік, фраг-менттік сипатта болады. Ақырында елестер тұрақты, бір қалыпты емес. Бірнеше минут бойы өзіңізге жақсы таныс бір нәрсені, мысалы өзіңіз тұрған үйді ойша көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Сіз көп ұзамай-ақ бұл бейненің жоғалып, ойыңыздың басқа жаққа ауып кеткенін байқайсыз. Біздің көбімізде елестер көрсетілген қасиеттерімен ерекшеленеді. Бірақ елестері қабылдауға дәл келетін адамдар да кездеседі.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Шағын кәсіпорынның экономикалық дамуындағы алатын орны мен рөлі

Кіріспе.
Қазақстан экономикасы әкімшілік-әміршілдіктен нарықтық экономикаға өтудің қиын кезеңінде. Негізінен ТМД елдерінің үкіметтері нарықтық қайта құруларда іске асыру үшін қажетті, мынадай бағыттарды ұстануда – мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржылық, несиелік саясат, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы нарықтық инфрақұрылымды қарастыру. Кезек күттірмейтін шаралар қатарында кәсіпкерлік қызметті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері тұр. Экономикалық дамудың экономикалық моделі қазіргі заманғы экономикалық даму теорияларының арасында ең соңғы орында емес, оның мәні – экономика жағдайын жақсартуда жаңа шағын және орта кәсіпорындардың үлкен потенциалы бар екендігінде. Осы теорияға сәйкес мемлекет кәсіпорын белсенділікті ынталандырудың жеткілікті дәрежеде тиімді және оңтайлы әдістерін табуы тиіс. Өтпелі экономика кезеңінде экономиканы сауықтырудың маңызды факторы және дағдарыстан шығу жолындағы алғашқы қадам болып табылуы мүмкін. Кәсіпорынды дамытудың теориялық және методологиялық мәселелері отандық, сондай-ақ шетелдік ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты. Дегенмен, бұл салада жасалған жұмыстардың бар екендігіне қарамастан, ол жұмыстарда негізінен, кәсіпорын қызметін дамытудың жалпы экономикалық көзқарастары ғана қарастырылып отыр. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Соғыс балалары

Аңыздардан тере жүріп масақты,
Рас, рас көзімізден жас ақты.
Бірақ со бір дауыл жылдар, от жылдар,
Бірімізден бір-бір батыр жасапты...
Өмір біреу. Әр адамның басынан сәбилік кез бен жасөспірімдік, жастық шақ пен ересек шақ өтеді. Бұл өте қызықты жылдар. Өмірдің бұл кезеңдерінде адам баласы көп нәрсені жаңа танып, өмір жолын таңдап, еңбекпен айналысады. Ал... ХХ ғасырдың басында туылған адам өмірі өлім аузында болды ғой...
Менің жасы бірге жаңа толған және үштен төртке аяқ басқан сіңлім бар. Олардың қылығына отбасымызбен сүйсіне күлеміз. Біз бақыттымыз...олар бақытты. Әкем, анам, мен және жасы тоғыздағы сіңлім қосылып дәмді –тәттіні оларға төрт жақтан тасимыз. Біз де баламыз. Біз де, әрине, бақыттымыз. Отбасымды мен қатты жақсы көремін. Енді айтайын дегенім –осы нәзік сүйіспеншілік сезімі, отбасылық сүйіспеншілік әр уақытта болды ғой. Бір мен сияқты қыз өз сіңлі інілерін дәл мен секілді қатты сүйді. Дәл мен сияқты мектептен келе сала құшақтап көтерді. Ойнады. Анасын құшақтап, әке мейірімін көрді. Дәл мен секілді....Дәл менің кішкентакй сіңлім секілді бала ойнақтап, еркеледі. Тәтті тілімен алғашқы сөздерді былдырлап сөйледі... Осы мейірімге толы бақытты күндер күрт үзіледі деп сонда кім ойлаған?! Жауыз заман! Таңғы алтыда тәтті ұйқыда жатқан баланың ұйқысын солай үзуге қалай ғана қол барды?! Қалай ?! Атып жатқан адам да адам емес пе?! Бала кінәсі нешік? Ана кінәсі нешік?....
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | БӘСЕКЕ – РЫНОКТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГIЗГI ЭЛЕМЕНТI РЕТIНДЕ

КIРIСПЕ
Әлемдiк тәжiрибе дәлелдегендей экономиканың шикiзат бағыттылығы елдiң тиiмдi және тұрақты дамуын қамтамасыз етпейдi. Сондай-ақ бүгiнгi жаһандану кезiнде ұлттық экономика бәсекеге қабiлеттi болмаса, онда оның болашағы бұлынғыр болып табылады. Сондықтан да бiзге мемлекет ретiнде қалыпты жұмыс iстеу үшiн тұтастай алғанда экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болу керектiгi сөзсiз. Ал осыдан барып әр сектордың өз мiндетi туындайтыны белгiлi. Жалпысында бәсекеге қабiлеттiлiк – экономикалық категория болып табылады.
Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетiстiктердi дамытудың негiзгi құралы болып табылады. Бәсекелiк рынокта қызмет етушi фирмалар мен кәсiпорындар қоғамның әр түрлi сұранысына бейiмделiп, тиiмдi инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске ұмтылады, өндiрiстiк және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнiмдер шығарудың көлемiн арттыруға ынталы болады.
Осылайша әрбiр кәсiпкердiң бәсекеқабiлетi жоғары болуының нәтижесiнде әлемдiк экономикалық рынокта ұлттық экономиканың бәсекеқабiлеттiлiгi артады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Технология | Жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесін тұрғызуды жобалау

Кіріспе
Мемлекет тәуелсіздігінің ең басты шарттарының бірі дербес салық саясаты болып табылатытындығы баршаға мәлім. Егемендік қолға тиген алғашқы күндерден-ақ салық қызметіне басты назар аударылғаны белгілі. Қай кезеңде болмасын кез-келген елдің қоғамдық әлеуеті мен тұрақтылығы, экономикалық дамуы мен өркендеуі салық жүйесінің іс-әрекетіне байланысты екені белгілі. Салық ісі күрделі. Нарықтық экономика жағдайында салық ісі жоғары дәрежеде болуы тиіс.Мемлекетте алынатын салықтардың түрлері,салық қызметінің мемлекеттік салық жүйесін құрайды. Қазақсатан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Конституциясына және Салық Кодексіне сәйкес экономикалық іс-әрекеттеріне байланысты мемелекеттік бюджетке төленетін міндетті төлемдерді бюджетке беріп отыруға міндетті. Салық комитеті біздің республикамыздағы азаматтарға салық төлемдерінің есептелуін және төленуінің тәртібін хабарлап, түсіндірулері керек, сонымен қатар бюджетке белгілі мерзімде түсіп отыруын бақылап отырулары қажет.Бүгінгі күнде салық комитеттерінің ең басты бағыттарының бірі ол қазіргі замандағы ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, салықты жинауды ұйымдастыруды жетілдіру. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Еңбек құқығы | Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару

Кіріспе
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару тәртібі.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері: зейнетақы жарналары, инвестициялық кіріс, өсімпұл және жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақыларын шегеріп тастағандағы залалдарды өтеу ретінде түскен қаражат есебінен қалыптасады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым не қызметтің осындай түрімен айналысу құқығына тиісті лицензиясы болған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры дербес, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар:
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым заңды тұлға, бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысы болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен акционерлiк қоғам нысанында құрылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Топырақтың адамзат үшін маңызы

Кіріспе
Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызы өте ерекше. Ең алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдар жабайы өсімдіктерді мәдени өсімдіктерге айналдыра бастады. Құнарлы топырақта өнімді өте көп алатынын адамдар сол кезде-ақ білген. Жер яғни топырақсыз адамның өмірі.
Адамзаттың бүкіл өмірі осы топырақпен байланысты. Топырақ ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі құрамы болып табылады. Топырақтың құнарлығын арттыратын әр түрлі тыңайтыштар бар. Бейорганикалық тыңайтқыштар құстың саңғырығы, малдың тезегі және т.б. осыларды ерте кезден бастап адамдар өздерінің шағын жерлеріне еккен егіндеріне тыңайтқыш ретінде пайдалана білген.
Қазіргі кезде топырақтың құнарлығы өте төмендеп бара жатыр. 1953-55 тың игеру жылдарда Қазақстан даласының едәуір көп бөлігін жыртып тастады. Артынан ол жерлер түгел игерілмей қараусыз қалды. Осы кезде Қазақстан жерлерінің көп жерлері эрозияға ұшырап үстіңгі қара топырақ қабаты ұшып кетті. Кейін ол жерлер шөлді жерге айнала бастады. Ол жерді өте көп жыртудың зиянды еді. Егін салғанда да жерді жыл сайын өңдеп, тыңдырып отырмаса, құнарлығы төмендеп кетеді. Соңғы жылдары бактериялық тыңайтқыштар да қолданыс табуда. бактериялар массасын топыраққа араластырып микробиологияық процестерді күшейтуге және химиялық элементтердің сіңімділігін көтеруге қол жеткізуде.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0