Курстық жұмыс: Қолданбалы математика | Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының диагностикасы

Қазіргі таңда математикалық – статистикалық әдістерді экономикада, басқару саласында, банк ісінде пайдалану жаңа ғылыми пәндердің тууына алып келеді. Сондай бір ғылыми пәндердің бірі кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқару шешімдерін қабылдауда статистикалық бейнені айқындау теориясын тиімді пайдалану нәтижесінде пайда болған кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының диагностикасы болып келеді.
Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының диагностикасы кәсіпорынның дағдарыстық жағдайға жақындығын, яғни оның бар екендігін және қаншалықты тереңдігін анықтайды. Жалпы экономикалық теория шеңберінде кәсіпорынның ешқайсысын жанданудағы немесе дағдарыстағы деген кластарға жатқызудың нақты анықтамасы жоқ. Кәсіпорын бизнесінің сәтті немесе сәтті еместігін анықтауда, тек кәсіпорын ішіндегі жағдайды анықтауды ғана білу жеткіліксіз, сонымен қатар ішкі экономикалық көрсеткіштерді де салыстыра отыра анықтап отыру қажет. Сонымен бірге дағдарыстық жағдайды дер кезінде анықтап отыру басты мәселелердің бірі болып келеді.
Дағдарыс туралы шешім қабылдағаннан кейін, ең біріншіден сол дағдарысқа алып келген себептерін анықтауға тырысу қажет және оның қаншалықты салмақтылығын бағалауымыз қажет.
Бұл ғылым кәсіпорынның дағдарыстық құбылыстарын тану әдістерін үйренуге көмектеседі.
Менің бұл курстық жұмысымда еліміздің қаржы саласы бойынша талдау жүргізілген. Оның ішінде банк саласы бойынша еліміз ТМД елдерінің ішінен алдыңғы орындардың қатарында екеніні білеміз. Бүгінде заң бойынша 34 банк мекемесі жұмыс атқарып , үш банк көшбасшылардың қатарына жатады. Ал менің зерттеуге алған объектіме даму қарқыны соңғы жылдары өсіп келе жатқан АТФ Банк болып келеді. Соңғы кезде БСҰ-на кіру мәселесі көп көтеріліп, жақын арада кіруге дайындалып жатқанымыз айдан айқын. Сондықтан еліміздің қай саласы болмасын, бәсекеқабілеттілікке төтеп беру қажет. Банктер арасында бүгінде күннен күнге бәсекқабілеттілік артыруда. Бірақ қай банктің болсын ары қарай ешбір қауіпсіз жұмыс атқаруына ешкім кепіл бере алмайды. Сондықтан да диагностика жүрігізіп отыру қажет. Сол арқылы, біз кәсіпорынның жағдайын тұрақтандырып отырамыз.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде, осы кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының теориялық негіздеріне тоқтала кетеміз. Сонымен қатар қандай жағдайда кәсіпорынның дағдарысқа ұшырайды. Оған себепші болған факторлардың кәсіпорынды қалай құлдырауға алып келетіндігі түсіндіріледі. Яғни факторларды дұрыс таңдап алу, диагностиканың факторлар кеңістігінің қалыптасуын қарастырамыз.
Екінші бөлімінде, жалпы банк саласына және зерттеліп отырған банкке қысқаша тоқталып, ,бәсекелестермен салыстыра отырып нарықтағы орнын және бүгінгі даму жетістіктері түсіндіріледі. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Балабақша тәрбие сағаты: Ана тілім-ардағым

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
2.Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру
Көрнекіліктері: Тақырып жазылған плакат, шарлар, әр түрлі суреттер......
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы салықтардың негізгі түрлері

¥йымдық-қүқықтық жағынан салықтар- бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратың ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Азамат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңарумен қабаттаса жүреді.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрлысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі-ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрлысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Френсис Бэкон салықтарлды төлеу- әрбір адамзаттың қасиетті борышы деген еді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-ші бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады,- деп жазылған.
Салықтарда ежелден салық жүктемесін бөлудің екі қағидаты қалыптасқан:
1. пайда (алынған игіліктер) қағидаты;
2. «қайыр көрсету» (төлем қабілеттілігі) қағидаты. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың көкейкестілігі: «Адамның баласын заман өсіреді. Кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі кінәлі" деп Абай атамыз айтқандай, бала тәрбиесіне бәріміз: мектеп, ұстаз, қоршаған орта, қоғам жауаптымыз.
Орта білім дамыту тұжырымдамасында "Қоғамымыздың ірге тасын нығайту мақсатында ең алдымен адамгершілік, ізгілік, имаңдылық тәрбиесін көркейту керек" делінген. Сондықтан қоғам талабына сай психология, педагогика ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып, дені сау, ұлттық сана-сезімі жоғары рухани ойлау дүниесі биік, мәдениетті, (еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан Қазақстан азаматын тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз. Ол "Қоғамымыздың ірге тасын нығайту мақсатында ең алдымен адамгершілік, ізгілік, имандылық тәрбиесін көркейту керек" делінген. Сондықтан қоғам талабына сай психология, педагогика ғалымда-рының жетістіктерін пайдалана oтырып, дені сау, ұлттық сана-сезімі жоғары рухани ойлау дүниесі биік, мәдениетті, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан Қазақстан азаматын тәрбиелеу баршамыздың мінде-тіміз. Ол сондай-ақ тіршілік көшіне ілескісі келіп, жеке басы үшін әрқандай қам-қаракет жасайды, өзін болашаққа бағыттайды. Осындай ұмтылыс әрбір жас жеткіншектен көрінгенімен, оның сапалық дәрежесі әркімде әр түрлі болады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚР Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміздің егемендік алғаннан бергі 15 – шақты жылдың ішінде экономикамызбен әлеуметтік өмірімізде болып жатқан оңтайлы өзгерістер мен қол жеткен табыстарды сөз еткенде, ең алдымен мемлекеттік бюджеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау, екіншіден оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатына пайдалану мақсатымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақша қатынастары екені көрсетуіміз керек.
Мемлекеттік бюджет жүйесі қаражаттарын қайта бөлуді экономикалық өсімнің сапасы мен нәтижесі арқылы анықтайды. Бюджет Қазақстанның жалпы шаруашылық байланыстар жүйесіне толық кіруіне, қазіргі таңдағы өтпелі кезеңді жеңіп шығуына мүмкіндік туғызуы керек.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық тілімен анықталады, өйткені Қазақстан — федералдық емес, басқарудың Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет......
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Рахмет Өтесінов | Дала шақырады

Ол уақытта Маңқыстауға барам дегендерге басшылар қарсы болмайтын. Босату жөнінде нұсқау да бар еді, сол кезде. Осыған қарамастан менің жолым тым қиынға түсті.

Оруджев бастаған ғалымдардың құрамында болып Маңқыстау мұнайының бүгіні мен болашағын байқаған сапар маған үлкен әсер қалдырды. Оруджев, Есенов секілді әйгілі геолог оқымыстылардың өз ара сөздерін тыңдай отырып, қазыналы түбектегі үлкен істер көз алдыма еріксіз елестей берген. АН-2 самолетімен Гурьевке қайтар жолда сол әсерлерді өзімізше ой таразысына салмақтай келе бір тәуекелге бел байлаған сияқтымын. Ендігі бағытым — қазыналы өңірдің өркенді ісіне мықтап араласу.

Гурьевке келе обкомның бірінші хатшысына арыз бердім. «Мені Маңқыстау түбегіндегі экспедиция жұмысына жіберуіңізді сұраймын. Өз мамандығыма орай орналассам болғаны, Партия сенімін адал ақтаймын...»

Өтінішімді оқып отырып, секретарь өзгере қалды. Сонан соң жүзіме тіке қарап:

— Коммунистер жұмысты сұрап алмайды. Керек кезінде өзіміз жібереміз, — деді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Газет және оқырман


Айтсын деп ақиқатты тіл берілген

Тәуелсіздік таңы атқалы да 25 - жыл. Осы ақ түйенің қарыны жарылып, Еліміз Тәуелсіздік тойын есте қаларлықтай ұрпақтан ұрпаққа аңыз болып жетерліктей дәрежеде атап өтіп жатқан тұста әркім-ақ өткен жылдарға өзі куә болған жайларды есіне түсірген болар. Дегенмен атқарылған істі бастан кешкен жайларды бір-ақ сәтте еске түсіру, бағамдап баға беру мүмкін бе? Тәуелсіздік жылдарында атқарылған игілікті істер ұшан - теңіз ғой.

Білім беру, денсаулық сақтау, отан қорғау, индустрия т.б. Салалардағы жетістіктерді айтып шығу тіптен де мүмкін емес және оның бір мақалаға сыюы да екіталай ғой. Толғаныс үстінде менің ойыма өзіміздің облыстық «Сарыарқа самалы» газеті орала кеткені. Сәл шегініс жасау артықшылық етпес. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Өнербаян

"Өнербаян" - Тынышбай Рахымның кітабының аты.

Мектептің жоғары сыныбында оқып жүргенде, үйдегі кітап сөресінде кітап саны аз емес болса да, өзіне тиесілі жалғыз кітап болған еді. Тиесілі дейтін себебі бұл кітапты сыныптың қыздары сыныптың ұлдарына 23 ақпанға қатысты сыйлыққа берген болатын. Бұл - сырты сары түсті, жылтырақ мұқабалы кітап. Сыртында Тынышбай Рахимов "Бесігіміз - бейбіт күн" деген жазу бар.

Мектепті бітірген жылдардың бірінде бірде осы ақынның телевизордан өлең оқығанын көрді. Сонда өзіне Тынышбай Рахимовтың оқыған өлеңі де, сол өлеңді оқыған даусының мәнері де ұнап қалған еді. Сөйтсе, бұл кісі ән салатын ақын екен. Мұны кейіндеу білді. Ән де шығарады, ән де салады.

Енді жатпай-тұрмай әлгі өлеңді іздеді. Әлгі кітаптың да бағасы арта түсті. Бірақ бұл өлең ол кітаптың ішінде жоқ екен.
.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Ұстазға тілек

Қымбатты Ұстаз!

Егер шәкірттік жылдарымыздың балдәурен, балалық сезімге толы парақтарын бүгінгі есейген, ес тоқтатқан болмыс-бітімімізбен тағы да бір ой елегінен өткізіп, сараптап отырсақ, соның әр бетінде көзге ыстық, көңілге жылы көрініп ұшыраса беретін аяулы бір бейне бар, ол - Өзіңіз. Содан бері өткізген әрбір жылымыздың мазмұн-мағынасында ақыл-парасат, сабыр мен төзім, адалдық пен ар дүниесіне деген іңкәрлік, әділдік пен жақсылыққа деген құштарлық, махаббат пен достыққа деген табандылық танылып, ізгілік пен руханиятқа жүрек көзі ашылып, "бойда қайрат, ойда көз" жатқан сәттеріміз аз ұшыраспаса, осының барлығының түпкі төркіні - Сіздің еншіңізде. Шәкірттеріңізбен араласа жүріп қызмет еткен сәттеріңізде біздің әлі қалыптаса қоймаған балаң сана-сезімімізге баға жетпес білім, білік байлығын сіңіруді, сөйтіп ғылым әлемінің таусылмайтын шетсіз-шексіз көкжиегіне жетелеуді ғана мақсат етіп қойған жоқсыз, Сіз ең алдымен мына әлемге, мына қоғамға, мына өмірге Адам беруге тырыстыңыз. Бұл тіпті де Сіздің мәнді де мағынаға толы ұстаздық сәттеріңіздің басты өлшеміне айналғандай еді. Сізден бөлініп, қанат қатайтып, өмір баспалдағының басқышымен әрбір .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Құлын caльмонeллeзін пaтоморфологиялық диaгноcтикaлaу

1.1 Жұмыcтың өзeкті мәceлeлeрі жәнe тәжірибeлік мaңыздылығы
Жылқы шaруaшылығы мaл шaруaшылығының тиімді caлacының бірі.Қaзaқcтaндa нaрық экономикacынa бaйлaныcты мaл шaруaшылықтaры қолғa aлынып, қaйтaдaн өркeндeудe. Хaлықты мaл шaруaшылығының өнімдeрімeн қaмтaмacыз eту aуыл шaруaшылығы дaмуының бaғдaрлaмacы. Қaзіргі жaғдaйдa мaл шaруaшылығын жүргізудің өзіндік eрeкшeліктeрі бaр. Рыноктaғы қaтaң конкурeнцияғa бaйлaныcты, әрбір шaруaшылық aз шығын жacaп, өнім өндіруді көбeйтугe тырыcaды.
Бұл үшін acылтұқымды мaл eнгізілeді, жaңa жaбдықтaр қолдaнылaды, вeтeринaриялық қызмeткe қойылaтын тaлaптaр күшeйeді. Мaл дәрігeрлік қызмeтті caпaлы дeңгeйгe көтeру үшін мaл шaруaшылығындa өтe күрдeлі жәнe жaуaпты мәceлeлeрді шeшу қaжeт.
Көптeгeн жұмыcтaр мaл дәрігeрлік нeгізгі мәceлeлeрді жоюдa aтқaрылып жaтca дa, кaзігі уaқыттa жылқылaр мeн ірі қaрa мaлдaрдың жәнe оның ішіндe төлдeрдің aурулaры жиі кeздecіп мaл шaруaшылығының өнімділігін тeжeп жүр.Мaл шaруaшылықтaрынa мaлдың тығыз шоғырлaнуы инфeкциялық aурулaрдың тeз тaрaлуынa жол бeрeді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0