Кәсіптік балықтардың өнімділігін арттыру үшін олардың қоректік компонеттерін зерттеу қажет. Қоректік базасына байлансты менің тақырыбым «Бентосжегіш балықтардың қоректенуі». Балықтардың қорегін зерттеу олардың қоректік компоненттерінің сапалық және сандық көрсеткіштерін, рационын, қоректік базасын анықтайды. Бұл бітіру жұмысында сазан балығының қоректік компоненттері көрсетілген. Сазан балығының қоректенуі туралы оны өңдеу әдістері, материалды қалай жинау туралы және су қоймада қандай қорекпен қоректенетіні туралы жазылған. Сазан балықтары әр өсу сатысында әртүрлі қорекпен қоректенеді, шабақ- личинка сатысында көбінесе планктонмен қоректенеді, себебі бентостық организмдер планктонға қарағанда ірі және су түбінде болады. Ал ересек сатысында қоректік спектрі ауысады. Планктонды және бентосты балықтардың қоректік спектрінде белгілі мөлшерде өсімдіктер кездеседі, жыныстық жетілген және жыныстық жетілмеген бір түрдың балықтарында қоректік компоненттер әртүрлі және айырмашылығы болады. Қоректену типіне байланысты балықтардың ішек-қарнында айырмашылығы болады. (мысалы өсімдік жегіш балықтардың ішек- қарны өзінің денесінен әлде қайда ұзын болады). ....
Кәсіпкерлік қызмет әрқашанда белгісіздіктің үлкен немесе кіші деңгейімен байланысты болады. Белгісіздіктердің қайнар көздері болып өндірістің барлық сатылары саналады,яғни қажетті құрал-жабдықтарды сатып алудан тауар өндіру мен өткізуге дейін. Мұндай жағдайда кәсіпкердің әрбір іс-әрекеті қолайсыздықтардың пайда болуына,әр түлі жоғалтулардың болуына (қаржылық,материалды,еңбек және т.б.) әкелуі мүмкін. Нарыққа қозғалыс ең алдымен экономикалық еркіндікке жол болып табылады,ал тәуекелді күшейту — кәсіпкерлік еркіндіктің кері жағы және ол үшін өтелетін өзіндік төлем. Дер кезінде тәуекелге бара алатын кәсіпкер табысқа жете алады.Кәсіпкер саналы түрде өзінің іс-әрекетінің рационалды стратегиясын таңдауы қажет: жоғалтатынын біле отырып, тәуекелге бару немесе тәуекелмен байланысты қызметтен бас тарту . Тәуекел бұл кәсіпкерлік жоспарды және бюджетті орындауда қолайсыз жағдайлардың болу мүмкіндіктері. Сонымен, кәсіпкерлік тәуекелді кәсіпкердің өз ресурстарының белгілі бір бөлігін жоғалту мүмкіндігімен, яғни қауіп-қатерімен байланысты және табыс алуы төмендеп, қосымша шығындардың пайда болу нәтижесімен байланысты болатын іс-әрекеттер деп түсінуге болады. Кәсіпорынның жақсы қызмет етуі үшін кәсіпкер өз жұмыс барысында кездесуі мүмкін барлық тәуекелдердің түрлерін ескеруі қажет. Кәсіпорынның қызметіне әсер ететін тәуекелділік факторы үдей түседі. Тәуекелділік қандай да бір жағымсыз жағдайлардың болуының мүмкіндігін көрсетеді ....
А. Линкольннің Америкада жүргізген саяси қызметі , шығарған заңдар жинағы, сол кезеңдегі құлдықты жою, солтүстік пен оңтүстік арасындағы шиеленіс соғыстың қорытындысын шығару үшін АҚШ- тың екінші азамат соғысына дейінгі аралықтағы дамуындағы ерекшелігін көрсету. Онда екі жүйе пайда болды. Елдің оңтүстігінде құл иеленуші плантаторлық шаруашылық қалыптасып, солтүстік капиталистік даму жолына түсті. АҚШ- та капитализм өте тез қарқынды дамып , әсіресе 1840-1860 жылдары аралығында дүние жүзіне әйгілі елге айнала бастады. Менің негізгі өзекті мәселем осы пунктің мәнін ашып, сипаттама беріп, тарихи тұрғыдан баға беру болып табылады. Тарихнамасы: Бұл тақырыпқа сәйкес әдебиеттер жоқтың қасы. Мен бұл тақырыптарды негізінен орыс жазушыларының еңбектерінен алдым. Мысалыға айтар болсам: 1. История США М. 1983 ж І том 2 . Иванов Р.Ф. «Дипломатия А. Линкольна» М 1987г 3. Қ. Ізтілеуов «Жаңа заман тарихы» І кезең Алматы қаласынан 1995 жылы жарық көрген кітаптар.....
Кіріспе ХХ ғасырдың 2-жартысынан бастап көптеген елдерде құс жұмыртқасының өндірісті қолдану кең етек алуда. Жұмыртқа шаруаларының негізгі құраушылары үлкен құс фабрикасымен құс фирмалары, комбикорм заводтары және жұмысқа өңдеу заводтары. Қазіргі кезде көптеген елдер жұмыртқа шаруашылығымен айналысып жатыр. Интернет арқылы басқа елдердегі жетістіктерді қолдануға болады. Тауық жұмыртқасы – табиғи құнды азық. Соңғы 20-25 жылдарда жұмыртқа шаруашылығы кең алып келеді. Мысалы: 2003 жылы 55,8 млн тонн (ол деген сөз 930 млрд түйір жұмыртқа) оның 6 % инкубаторлық ыжұмыртқалар. Қазіргі кезде Қазақстанда жұмыртқаның көптеген өнімдері сауда орталықтарында көбейіп келеді. Жұмыртқаның ұтымды жері оның басқа өнімдерге қарағанда арзандығы және оны қарапайым халықтың тұтынуы. Қазіргі кезде мекендер 12 айда 300-330 жұмыртқа басып шығарады. Ол өте жақсы көрсеткіш.....
Кіріспе Бүгінгі күнде ғылыми-техникалық прогресс адамдардың қалада өздерін жайлы және ыңғайлы сезінуіне жағдай жасайды. Өткен ғасырға қарағанда, қазіргі кезде көптеген адамдарға қолжетімді болып келетін - су құбыры, жылумен қамтамасыз ету, жарықтандырудың орталықтандырылған қызметі деген сияқты жайлылықтың түрлері көп кездеседі. Біздің өмірімізге тұтастай сіңісіп кеткен өркениеттің осындай оңтайлылықтарынсыз күнделікті тіршілігімізді елестету мүмкін емес. Электр станциясы – табиғи энергияны элекр энергиясына айналдыратын энергетикалық құрылғы болып табылады. Электр станциясының түрі табиғи энергияның түрімен анықталады. Органикалық отынды (көмір, мұнай, газ, т.б.) жандыру кезінде бөлінетін жылу энергиясы пайдаланылатын жылу электр станциялары (ЖЭС) қазіргі кезде ең көп қолданылатындардың қатарына жатады. ЖЭО – жылу элекр орталығы, жандырылатын органикалық отынның химиялық энергиясын пайдалану арқылы электрлік және жылу энергияларын араласып өндіруге арналған орталық. Электр станцияларының жұмыс жасау ерекшелігіне олардың уақыттың әрбір мезетінде бөлінетін электр энергиясының жалпы көлемі тұтынылатын энергияның мөлшеріне толықтай сәйкес келетіні жатады. Жоғары температуралы су буын өндіретін құрылғы бу қазаны болып табылады. Бұл кезде қазанның ішінде бу түрінде б олатын судың қысымы атмосфералық қысымнан әлдеқайда жоғары болып келеді. Судың қызуы қандай да бір отынды жағу кезінде жылу энергиясының бөлінуі негізінде жүзеге асады. Бұл құбылыс қазіргі кезде бу қазандарының құрылысы әр түрлі болғандығына және өндірістік те, тұрмыстық жағдайларда да қолданылуына қарамастан да жүзеге асып жатыр. Дипломдық жобамның мақсаты: Siemens өнеркәсіптік контроллерді қолдана отырып ЖЭО - дағы бу қазанының автоматты басқару жүйесін жетілдіру. Барлық бу қазандары өздерінің құрылысына байланысты бірдей қағида бойынша жұмыс жасайды: - қазанның жоғарғы бөлігінде орналасқан барабан типтес резервуарға электрсорабын пайдалану арқылы су жіберіледі; - бұл резервуардан су арнайы ағызып апаратын құбырлар арқылы құрылғының төменгі жағында орналасқан коллекторға ағады; - коллектордан жоғарғы резервуарға тағы да бір құбырлар жалғасады, олар отынның жану кеңістігінде орналасқан. 1 бөлім. Технологиялық бөлім ЖЭО-дағы бу қазанының негізгі функцияларының технологиялық сызбасы Бу қазаны - органикалық отынның жануы кезінде бөлінетін жылуды пайдалану жолымен оған тоқтаусыз ағылатын судан бу алу үшін қажетті қызу беті бар құрылғы болып табылады. Заманауи бу қазандарында камералық пештегі жанудың факелдық әдісі қолданылады, ол призмалық тіке шахта түрінде келеді. Жанудың факелдік әдісі отын камерасында отынның ауамен бірге толассыз қимылдары арқылы жүзеге асады. ЖЭО-ның бу қазаны сызбасы 1.1 суретте көрсетілген.....
Сақтандыру – сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру көлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені. [1, 4б] Осы біріктіру жұмысында: сақтандырудың мәні, сақтандыру нарығының түсінігі, қызметі, құрылымы мен түрлері қарастырылады. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы, сақтандыру ұйымдарына талдау жасалып, алдағы уақытта сақтандырудың дамитыны туралы баға беріледі. Зерттеу тақырыбының мәні. Сақтандырудың сенімді, әрі тұрақты жүйесі экономикалық сақтандырудың жоғарғы дәрежесі, олардың нарықтық экономикада табысты қызмет етуін көрсетеді. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі сақтандыру ролінің өсуіне қажетті алғышарттарды туғызады. Бір жағынан, сақтандыру халықты әлеуметтік қорғаудың маңызды элементі ретінде, ал басқа жағынан едәуір ақша қаражаттарын жұмылдыра отырып, мемлекет экономикасына институтционалды инвестор ретінде шыға алады. Осының барлығы сақтандырудың экономикадағы ролінің маңызды екенін көрсетеді. ....
Интернет адам өміріне маңызды роль атқарады: әлемде болып жатқан жаңалықтар, телеарнадан көрсетуге тиым салынған хабарламалар, үйден шықпай ақ дүкендерді шолу, сату,сатып алу, тіпті өмірлік қажетіңнің барлығын осында табасын. өкіндіретін бір жайт, интернет құрттардың төндіретін қауіпі өте зор. Мен өз курстық жұмысымда осы туралы шолып өтсем,.. Ақпараттық қауіпсіздік және болашақтағы интернет қандай болмақ? Компьютерлер де өмірлік маңызы бар жүйелі жұмыстарда өте көп қолданылады: әуежайлардың диспетчерлік облыстарда, энергетиканы басқаруға, ядролық және химиялық өндірушілерде. Ақпарат қауіпсіздігінің мәселесі жылдан жылға күшеюде. Жабық ақпаратқа заңсыз кіру –берілген аймақтағы тек бір бөлігі. Қазақстанда желі интернетінің массалық таралғанына 7 жылдай уақыт өтті. Күшті структуралар интернетті қадағалап, интернеттегі мүмкін цензураларды талқылау туралы ақпараттар шығуда. Бірақ, желідегі барлық хаттар немесе тек электрондық почталарды қадағалау мүмкін емес. Болашақта бір жағынан интернетте еркіндік сақтау, екінші жағынан компьютерлік желідегі қылмыстық істерді болдырмау үшін желіде жұмыс істеу ережелері қандай болуы керек? Кей кезде ақпараттық кеңістікте ретке келтіру үшін белгілі бір қолдану көрсетеді. Мысалы, АҚШ елінде Advice жүйесін құру жоспарлануда. Бұл автоматтық жүйе интернеттен кез келген өзгерісті бақылауға мүмкіндік береді- блокта көрінуі, трафик көлемі, интернет дүкендерінен сатып алу. Осындай жүйе көрсетілген қатерлерге кері әсерін бере ала ма? Ол жеке электронды почтаның вирусын тексермейді, ал интернет дүкендерді бақылау компьютерлік қылмыстарға көмек беретіні екі талай. Интернетте тоталды цензура керек пе? Шын мәнісіне келгенде, бәрін қадағалау және әр бұзушымен жеке күрессе әжептәуір қымбат және ең жақсы шешім емес. Желіде жұмыс персонификация жүйесін дұрыстау эффективті және арзанырақ. Осы ғана бастапқы қадамда компьютерлік қылмыстарды толық істен шығарады....
Әлемде әр алуан тіл, әр алуан ел өмір сүріп отырған жағдайда аударма мәселесінің күнделікті қажетті іске айналуы заңды. Қазақ ғылымында да арнайы зерттеуді талап ететін салалардың бірі – аударма әдебиеттің тілі. Бұдан жарты ғасыр бұрын М.О.Әуезов: «...аударма төл күйінде, қалыптасып, есею күйінде ғана екендігін» атап өткен. Аударма көне де, жаңа да өнер. Ол басқа адамдар қауымын түсінудің құралы, олармен қарым қатынас жасаудың делдалы, дәнекері. Тургенев: «Всякий перевод назначен преимущественно для незнающих подлинника. Переводчик не должен трудиться для того, чтоб доставить знающим подлинник случай оценить, верно или неверно передал он такой-то стих, такой-то оборот: он трудится для "массы",-деген. (4;47) Аударма өнерінің құбылыстарын зерттеу де, табиғаттағы және қоғамдық өмірдегі сан алуан құбылыстарды зерттеу сияқты, әр қырынан қарастыруды қажет етеді. Аударма проблемасын әр қилы тұрғыдан: тарихи-мәдени, әдебиеттану, лингвистикалық және психологиялық тұрғыдан алып қарастыруға болады. Қазақ аудармасының тарихына, теориясы мен тәжірибесіне арналған мақалаларда, жинақтарда, монографияларда, аударманың тарихи-мәдени, әдебиет салаларындағы жайы көбірек. (14; 15) Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болған тұсынан бері қарай ғылымның аударма саласы едәуір сипатқа ие болып отыр. Егеменді елдің рухани дамуындағы бағыттардың бірі – дүниежүзілік ақпараттар алмасудың сапалы деңгейіне көтерілуі; ақпараттық база жасау; ақпараттық-анықтамалық ресурстар құру. Шет мемлекеттер мен Қазақстан Республикасының саяси-әлеуметтік байланыстары, қарым-қатынастары жөнінде ақпараттарды жинау, қабылдау, өңдеу, жеткізу жүйесі бір тілден екінші тілге аудару ісімен тығыз байланысты. Аталған жағдаяттарға орай соңғы жылдарда аударылу процесінің объектісі ұлғайды, көркем аудармамен қоса күнделікті баспасөз материалдары, публицистикалық стильдің әр алуан жанрлары, саяси қайраткерлердің сөздері мен баяндамалары, ресми құжаттар (жарлықтар, бұйрықтар, өкімдер, жарғылар мен ережелер, қатынас қағаздары), кинофильмдер, жарнамалар негізінен аударма жолы арқылы жүзеге асырылуда. Жазба аудармамен қатар ауызша аударма (ілеспе аударма және қосарласа аударма) жеке жанр ретінде байқала бастады. Қазақ тілінен өзге тілге тәржімалау ісі де жоғары деңгейде қалыптасқан. Қазіргі жаңа қоғамдағы еңбек қарым-қатынастары шетел тілдерін оқып-үйренуді, шетел тілдері туралы білім-дағдыны еңбек процесінде пайдалануды талап етіп отыр. Осыған байланысты аудармашылық кәсіп жаппай сипат алуда. Аударма туралы белгілі әдебиеттанушы Ю.Д.Левин былай деген: «... Преобразование инонационального писателя в переводе имеет двоякий смысл. С одной стороны он вводит этого писателя в новую литературу, тем самым обогащая ее. Но с другой стороны «обогащается» и сам переводимый писатель». (24; 6) ....
Паскаль тілінде: латынның әріптері (Аа, ..., Zz)а,б цифрлары (0,...,9) және арнайы таңбалар қолданылады. Арнайы таңбалар: -арифметикалық және салыстыру амалдары (+,-,*,/,>,,=,@); -арифметикалық және логикалық функциялар (DIV,MOD, NOT,AND,OR,IN,SHL,SHR). -әр түрлі тыныс белгілері: {} немесе (**)-түсініктеме жазатын жақшалар; [] – массив индекстерін және жиын элементтерін белгілеу; () – айнымалы тізімін белгілеу; ‘ ‘ – апостроф; := - меншіктеу белгісі; ; - операторлар мен хабарларды ажырату; : - айнымалыны бөліп көрсету; = - айнымалының типін типтің сипаттамасынан немесе тұрақтыны өз мәнінен бөліп көрсету; , - тізім элементтерін ажырату; Программа құрылымы Программа келесі бөлімдерден тұруы мүмкін, бұл бөлімдер (тек соңғыдан басқасы) бір-бірінен нүктелі-үтір арқылы ажыратылады: • программа тақырыбы; • белгілер бөлімі; • тұрақтылар бөлімі; • типтерді сипаттау бөлімі; • процедура мен функцияларды сипаттау бөлімі; • программа денесі; Программалау барысында алдын-ала анықтауды қажет етпейтін мәліметтердің стандартты типтері мен программалаушының өзі анықтайтын типтерді пайдалануға болады. Стандартты типтер - бүтін типтер-SHORTINT, INTEGER, LONGIN, BYTE,WORD; - нақты типтер – REAL, SINGLE, DOUBLE, EXTENDED, COMP; - логикалық тип -BOOLEAN ; символдық тип CHAR ; жолдық тип STRING ; ASCII –жолдық- PCHAR; текстік файл TEXT; Басқа типтердің барлығы типтер бөлімінде, айнымалылар немесе тұрақтыларды сипаттау бөлімінде анықталуы қажет. Нақты типтен басқа қарапайым типтер үшін мына функциялар анықталады: DEC(N) N-ді азайту (қысқарту) INC(N) N-ді үлкейту (ұзарту)....