Курстық жұмыс: Педагогика | Педагогика теориясы мен тарихындағы тәрбиенің мақсаты туралы ойлар

Қазір халқымызда орта мектепті әрең бітіретін, зерделері таяз медицина тілімен «дебил» деп айдар тағылған балалар тым көбейіп кетті. Бұрынғыдай ауыздан шыққанды қағып алып, жатқа айтатын зерек ұрпақ мүлде азайып барады. Оның бірден бір себебі - арақ ішіп, шылым шегіп, апиын атудың нәтижесінде уланған ұрықтан екендігін ғылым баяғыда-ақ дәлелдеген.
Олай болса қоғамдық мәні аса зор бала тәрбиесінің алтын қазығы болып саналатын халық педагогикасының ғылыми негіздері мен жүйелерін анықтап алмаса болмайды.

Педагогика гректің «пайс»- балалар, «эгейн»-баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу ұғымдарынан шыққан. Ертедегі Грецияда өзінің қожайынының баласынгың қолынан ұстап, жетектеп, мектепке ертіп апаратын құлдарды педагогтар деп атаған.
Қоғамның даму формацияларының әр кезеңінде «педагогика» сөзі (ұғымы) кең, жалпы мағынада қолданыла бастады. Білімнің жетілуіне байланысты балалардың тәрбиесі туралы ғылым пайда болды.
Педагогика оқулықтарында, жекелеген ғылымдардың зерттеу жұмыстарында, сөздіктер мен анықтамаларды педагогика ғылымына берген анықтамалар көп және әртүрлі. Соларды жалпылай келе, қорытындылайтын болсақ, педагогика-тәрбие туралы ғылым болып табылады.
Педагогика әуел бастан-ақ балалар тәрбиесі жайындағы ғылым болып қалыптасқан. Тәрбие жайывндағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенеді. Алғашқы қоғамдағы адамдардың тәрбие жөніндегі таным- мағлұматтары дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары заман ағымына орай бір буыннан екінші буынға ауысып отырады.Адамзат қоғамының ғылым-білімінің дамуына байланысты тәрбиенің шығуын, оның даму заңдылықтарын ғылыми жолмен түсіндірудің қажеттігі туды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Менеджмент | Менеджменттің қызметі

Кіріспе
Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді. Тіпті білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі.
Сонымен, менеджменттің бастапқы ұғымы - бұл басшылық. «Менеджмент» ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялық қоғамда жұмыс істейтін экономикалық орган. Менеджмент қабылдаған кез келген әрекет, кез келген шешім –бұл экономикалық сипаттағы шаралар. Сонымен, менеджменттің тиімділігін және менеджерлердің іс-әрекетін экономикалық табыстар, экономикалық нәтижелер арқылы ғана таразылауға болады. Кәсіпорын ең сапалы, әрі бағасы бір шама арзан тауарларды шығара алуы немесе бәсекелестеріне қарағанда ең тәуір қызмет көрсете алуы тиіс. Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа рыноктарды игеруіне жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Егер кәсіпорын нашар әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайыны жұмысшыларды емес, басшыларын ауыстырады. Сонымен, менеджмент дегеніміз ұжым (коллектив) жұмысын ұйымдастыру. Кәсіпорын жұмысын ұйымдастырғанда, қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандыруды, олардың жұмысын жандандыруды, әрі тиімділігін арттыруды көздеу қажет.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ертегі: Корольдер мәткелер мен балталар

Қағаздан қиып, желімдеп, қандай ғажап ойыншықтар жасап алуға болады десеңші! Бірде қиып, желімдеп ойыншық қорған жасалынды; оның үлкендігі сондай бір өзі бүкіл үстелдің үстін алып кетті; сонан соң оны құдды қызыл кірпіштен жасалғандай етіп бояп қойды. Қорғанның әдемі мыс шатыры, мұнарасы мен ашылмалы көпірі болды, ордың ішіндегі суы айнадай жалтырады, ол араға өзі де айнала шыны қойылған болатын. Ең биіктегі қарауыл мұнарасында қолында кернейі бар күзетші қойылды, ол кернейді......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Рахмет Өтесінов | Жарқырады Маңқыстаудың оттары


Күзге қарай Маңқыстау табиғаты күрт өзгерді. Күн әдеттен тыс суыта түсті. Далалықтан соққан суық жел кейде бет қаратпайтын болды. Түрікмения, Азербайжан сияқты жылы жақтан келгендер бұл түбектің қатал табиғатына көпке дейін көндіге алмай жүрді. Суыққа шыдау қиын болды. Бізге бәрінен қиыны парафинді мұнайлық ағуы еді.

Июль айында, тамылжыған шілденің ыстығында жіберілген мұнай бастапқы қарсаңында көп сыр бере қойған жоқ. Жедел ағып жатты. Қоюланған майды насоспен кідіріссіз айдап келдік. Бірқатар ұсақ-түйек қиындықтар жүре түзеліп кеткен. Алайда, алғашқы салқын түсісімен үш-бес шақырым қашықтықтағы скважиналар өз өнімін топтық қондырғыға жеткізе алмай «қақала» бастады. Олардың бойындағы қатып жатқан парафинді мұнайлы агрегатпен айдап, жылжымалы бу қондырғылар арқылы жібітіп отыратын күйге түстік. Бірақ бұл амалымыз да ұзаққа бармады. Бір жерден жібітіп жіберсең екінші жерден қатады. Күн суыған сайын құбырлардағы мұнай түгелдей қатып, өнім беру тоқтап қалуға айналды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Тоқаш Бердияров | Тойда


Күмбірлеген жана үйдің ішінде Қонысбайдың үйлену тойы басталып та кетті. Ерлі-зайыптылардың денсаулығы үшін және олардың бақытты өмірі үшін дүркін-дүркін тостар көтеріліп, жас семьяға инабатты құттықтау сөздер айтылып жатты.

Жаңа әлгінде ғана пешке салынған көмір қып-қызыл шоқ боп, салқын үйді қыздырып барады. Сол сияқты қызғылт түсті ішімдіктер де тым-тырыс отырған жұртты қыздыра бастады. «Т » әрпіне ұқсас ұзын столды жағалай отырған қонақтар дабырласып, өзара ду-ду әңгімеге кірісті. Мұндай көңілді шақта әркім ағынан жарылып өз мансабын, тұрмыс-күйін немесе күнделікті тіршілігін сөз етеді емес пе?!

Босағада отырған екі қатынның ауыздары сүйреңдей жөнелді:

— Бетім-ау, Шайзада айрылысып кетіпті!

— Жиырма бес жыл отасқан күйеуімен бе?

— Ия.

— Тәуба!.. Алиментін алып тұра ма екен?

— Алғанда қандай, үш баласына елу процент!..

—Мен өзім сауатты әйелдерді жек көремін.

— Е, неге?

— Байының үстінен арызды бұрқыратады да жатады... Қыздарды тек қана шағым жазу үшін оқытпайды ғой, құдағи-ау!..

Бір бұрышта отырған екі дүкенші де өзара жайлап сырласа бастады.

— Ойбай, Үмеке-ау, саудадан пайда түсіру қиындап кетті. Бір кезде таңсық болған тігін машинесі мен түбіт орамал дегендеріңе қазір жұрт пысқырып та қарамайды.

— Несін айтасың,— деп ауыр күрсінді екіншісі,— бес-алты кәмпитті таразыға сылқ еткізіп салып жіберіп, бес-он тиынды жылп еткізіп қалтаға жымқыратын заман әлдеқашан өтті ғой... Екінің бірі — тексеруші. Қымқырғаныңды сезе қойса, әкеңді танытады. Басы ауырған қызыл мұрындарға «ақ телпекті» құйып сатып, там-тұмдап пайда түсіруші едік, оны да құдай көп көрді. Біздің сорымызға ішермендер де азайып барады... .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мақсат Рамазанұлы | Із


Ілкі сәтте санасы іске қосылған ол, айналасына көз сүзді. Айдалада тұр екен, көз жетер жерде ешкім көрінбейді. Өз денесіне қарады, үстінде лыпа жоқ. Тыр-жалаңаш. Базбір бұзақылар шешіндіріп, тонап кеткендей. Бірақ еш қысылмады, себебі мұны көріп тұрған ешкім жоқ болатын. Бәрінен бұрын алаңдатқаны жалғыздық еді. Қабырғасы қайыса қайғырды, өзінің жалғыздығына. Бір нәрселерді есіне түсіргісі келген, ештеңе өнбеді. Санасы ақ парақ секілді, тап-таза. Ми қуыстарында тек табиғат құбылыстарының елесі тұр, сондай ақ қоршаған ортаны білетін сияқты. «Анау тұрған ағаш» деді, анадайда қуарып тұрған жалғыз теректі өзіне көрсетіп. «Мынау Жер» деді, табанының астын оң аяғымен тебіп. Ауық-ауық әлденелерді айтты өз-өзіне. Бірақ адамдарға қатысты еш нәрсе оралмады есіне. «Сірә, мен жер бетіндегі ең соңғы адам шығармын. Бір алапат дүлейде барлығы қырылып, қатты соққыдан құлағандықтан есімнен ауысып, осы сәтте ғана өз-өзіме келіп тұрған шығармын» деп ойлады. «Бірақ, жер бетіндегі ең алғашқы адам болуым да мүмкін ғой, еш нәрсе есіме түсер емес» деген екінші бір ой қылаң берді санасында. Шегі жоқ екі ойдың ортасында ақыл-есі біраз сарсаңға түсті. Қайсысы ақиқат, қайсысы өтірік, шетіне жете алмады екі ойдың. Есеңгіреген қалыпта біршама уақыт орнында тұрды да, жүріп кетті. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Антон Чехов | Қояншық


I

Бір күні ымырт үйіріле заңгер-студент Васильевтің үйіне көптен дос-жар болып жүрген медик - студент Майер мен Москва сурет - мүсін және сәулет өнері училищесінің шәкірті Рыбников келе қалды да, өздерімен бірге С - в тұйық көшесіне барып, серуендеп қайтуға шақырды. Васильев әуелі көпке дейін көнбей, қасарысып бақса да, ақыры киініп, құрбыларына ілескен.

Сұйық жүрісті зинақор әйелдер жайында ұзынқұлақтан естігені немесе кітаптан ғана оқығаны болмаса, олар тұратын үйлерге ғұмыры бас сұғып көрмеген еді. Тұрмыс тауқыметі, тәлімі, жоқшылық салдарынан тағдыр тәлкегіне ұшырап, арын ақшаға сатуға мәжбүр болған сондай бір әдепсіз әйелдер барын ол білетін. Олар мөлдір махаббат болатынын естіп-білмеген, бала сүюден мақрұм қалған заңнан тыс пенделер; аналары мен апа - сіңлілері оларды шіріген жұмыртқа санап, аза тұтып, жоқтайтын еді де, заң бұларды кесірлі пәлеге балап қуғындаса, еркектер бірден - ақ "сен" деп сөйлесе беретін. Бірақ соның бәріне қарамастан, олар да адамдық келбетін жоғалтпаған құдайдың пенделері болатын. Қай-қайсысы да өз күнәларын іштей сезініп, бір жолы болар деген үміттен күдер үзбейтін. Құтылып шығу жолындағы қам-қарекеттің қандайын болса да пайдаланып қалудан бас тартпайтын еді. Рас, қоғамның кейде адамдардың өткенін өткел ете беретіні бар, бірақ құдай алдында Мысыр әулиесі Мария да басқа әулиелердің ешқайсысынан кем саналмайтын.

Киім киісінен, жүріс-тұрысынан дараланып тұратын сондай әйелдерге көшеде ұшыраса қалса немесе әзіл - сықақ журналынан олардың түрін көрсе - ақ болды, Васильевтің есіне әлдебір кезде әлдеқалай оқыған бір оқиғаның орала беретіні бар. Әлдебір ақжүрек те адал бозбала зинақор әйелге іңкәр болып қалады да, үйленгісі келетінін айтады, әйел болса мұндай бақытқа өзін лайық емеспін деп санап, уланып өліпті. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Р. Бердібай - фольклор зерттеуші

Кіріспе
Рахманқұл Бердібайдың есімі бүгінде анықтаманы қажет етпейді. Ғұлама ғалымның биік тұлғасы, энциклопедиялық зердесі, азаматтық келбеті өзінің лайықты бағасын алған. Қазақ әдебиеті ғылымына ғана емес, түрік дүниесінің руханиятына өлшеусіз үлес қосқан ғұламаның ұлт мүддесін қорғаған батыл үні сонау елуінші жылдары естіле бастаған болатын. Ұлт мүддесін мәңгілік серігі еткен ғалым кеңестік кезең саясатына қайшы көзқарастары үшін аз қиындық көрген жоқ. Осы қудалаулар мен қиындықтар ғалымның журналистикадан бастау алып, әдеби өмірдің ұлы майданына, руханияттың асқақ әлеміне ұласқан шығармашылық жолын көктей өтіп жатты.
Р.Бердібай өзінің өнімді еңбек жылдарында 32 кітап, мыңнан астам мақала шығарды.
Исі түркі халқы пір тұтатын Маулананың мынадай сөздері бар: «Жел соққан сайын солқылдақ шыбықтай иіле берсең, асқар тау болсаң да, шыбық құрлы құның болмайды». Р.Бердібай иілуді білмеген асқақ рухтың иесі. «Рухы биік адам қоғам рухын көтереді» деген нақыл сөз осы Р.Бердібай секілді асқақ рухты адамдарға арналған тәрізді.
Р.Бердібай тарихи ақиқаттарды бүркемелеу немесе бұрмалай көрсету белең алған тоқырау жылдарының өзінде ұлтының шыңдалу процесін ашып көрсетіп, оның рухын асқақтататын мәселелерді көтеріп, соларды нақты жүзеге асыруға арналған істердің басында болды.
Ғалымның фольклортанушылық қызметін талдау бағытында алған жұмысымыз зерттеушінің бұл саладағы еңбегіне жаңаша көзқарастық тууы мен аңыз әдебиетімізді басқаша қырынан жол тануымызға мүмкіндік береді.
Диплом жұмысының өзектілігі:
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жылғы Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз», - /1/ деп дамып келе жатқан мемлекеттің рухани құндылықтарына ерекше көңіл аударды. Сол себепті біз білім мен ғылымды дамытуға өз үлесімізді қосуға міндеттіміз.
Бүгінде көптеген зерттеу еңбектерінің авторы атанған Р.Бердібай қазақ халық ауыз әдебиетін зерттеуде тыңға түрен салып, соны сүрлеуді қалыптастырды. Эпостанушылық қызметі өз алдына бір төбе. Жұмыста ғалымның фольклорды жаңаша стильде қарастыру реті, қазақ музыкасы мен тарихи мұраларын қалпына келтірудегі зор еңбегі тұжырымдалды.
Диплом жұмысының мақсаты:
1. Р.Бердібайдың фольклортанушылық қызметіне шолу;
2. Ғалымның қазақ фольклортануында алатын орнын айқындау;
3. Р.Бердібайдың қоғамдық қайраткерлігіне шолу.
Бұл мақсаттарды орындау үшін мына төмендегі міндеттер жүзеге асырылды:
1. Р.Бердібайға қатысты материалдар мен деректер жинақталды;
2. Ғалымның зерттеу еңбектері талқыланып, сарапталды;
3. Ғалым туралы жазылған пікірлерге талдау жасалып, ой қорытындысы түйінделді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қаржы | Вексель айналысы және оның Қазақстандағы даму болашағы

Еліміздің нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты экономикадағы ақша айналысын реттеп отырудың маңызы ерекше болып табылады. осы ақша айналысын реттеудегі шаралардың бірі қолма-қол ақшаларды несиелік ақшаларға ауыстыру саясаты екені белгілі. Бүгінгі таңда ұлттық ақшаайналысында несиелік ақшалардың келесі түрлері қолданылуда: вексель, банкнота және чектер. Осылардың ішінде вексельдік қатынастардың маңыздылығы ерекше болып табылады.
Өз кезегінде вексель - қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі. Ол - бағалы қағаз. Бірақ Қазақстан Республикасының «ҚР-дағы вексель айналысы туралы» (28,04,97 ж.) ҚР-ның Заңына сәйкес вексель бағалы қағаз болып табылмайды, ол қарыз міндеттемесі деп көрсетілген. Вексельді борышқор, яғни вексель беруші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді. /1/
Вексельдің экономикалық мәні - несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушының (вексель берушінің) сатушыға (вексель иемденушіге) берген қарыз міндеттемесі болуында.
Вексель нарықтық экономикалық қатынастарда тауар-ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытудағы басты құрал болып табылады. сондықтан елдің экономикасының тиімді өсуін ынталандыру үшін вексельдік несие ақшаларды дамытудың Қазақстан үшін маңызы жоғары болып отыр. Сондай-ақ вексельмен операцияларды Ұлттық банктер де және коммерциялық банктерде іске асырады. Ол туралы жұмыс барысында тоқталамыз ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Тауарлы-материалдық құндылықтардың ішкі аудиті және талдау

Кіріспе
Экономиканы басқарудың реформасы материалды ресурстармен қамтамасыз етуді тереңірек қарастыруды талап етеді. Материалдық ресурстарды үнемдеу мен өндірістік қорларды азайтуға, шаруашылық айналымға қалдық шикізаттарды кіргізу, жабдықтаушылар мен өндірушілердің арасындағы қатынастарды жақсартуға негізделген.
Барлық табиғи ресурстарымыз- еңбек, негізгі қорлар, отын мен шикізаттар- орасан зор байлық. Алайда ресурстарды дұрыс игере алмағандықтан, оларды тиімді және ұтымды пайдаланбау нәтижесінде көптеген елдердің кедей елдердің қатарынан шыға алмағандығы өмір көрсетіп отыр. Сондықтан табиғи ресурстарды үнемдеу мен тиімді пайдаланудың даму старатегиясын немесе оларды іске үшін, келесі іс-шараларды атқару қажет:
1. Материалды ресурстарды үнемдеу және тиімді пайдалану;
2. Материал сыйымдылығы мен өндірістік қорлар деңгейін төмендету;
3. Материалдардың айналымдылығын жеделдету; ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0