Әңгіме: Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл

Тәуелсіздік - барлық қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық.

Н.Ә.Назарбаев

Қазақ – отаншыл халық. Қазақтың отаншыл жүрегі – өрлік пен намысқа, ерлік пен жауынгерлікке толы, «Құлқынның құлы болма, отанның ұлы бол», «Ит тойған жеріне, ер туған жеріне», - деп айтуы осыдан. Отан – табиғи, тарихи, әлеуметтік, саяси, мәдени орта, адам баласының тіршілігінің негізі. Әр халықтың өз Отанын сүюі - заңдылық. Егер біз пендешілік жасамай, өз ұлтымызды «елден ерек, көптен бөлек» деп қарамай, оны адам баласының құрамды бөлігінде қарап, басқа ұлтқа өгейлік көрсетпесек, отансүйгіштік, ұлтжандылық, жасампаздық қасиетімен жарқырай түсер едік. Қазақ халқының Отаны, туып-өскен, кіндік қаны тамған басқа қазақстандықтардың Отаны - Қазақстан. Оның үстіне Қазақстан – қазақ халқының ата мекені. Ұлттық патриотизммен Қазақстанды өз Отаны санаған басқа ұлт өкілдерінің патриотизмі бір арнаға қосылып, бүкіл қазақстандық патриотизмді құрайды. Біздің Отанымыз – тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік біздің халыққа тегін келмеді. Талай ұрпақ зар жылап, жапа шекті, өмірлері өксікпен өтті. Тәуелсіз Қазақстан...Қандай ұлы ұғым. Жаныңды жадыратып, көңіліңді көтереді. Отансүйгіш ұрпақ сол тәуелсіздікті баянды етуге қызмет етуі керек. Ең алдымен еліміз саяси тәуелсіздік жариялады. Біз тәуелсіз елміз. Тарихқа уақыт қас-қағымдай. Өйткені ғасырларды құшақтап, аясына алған уақыт талай халықтың, талай ұлы империялардың тәуелсіздігін көрген... Солай бола тұрса да, бізге біздің өз тәуелсіздігіміз қымбат. Ол бізге қымбат – ата-бабаның рухын көтергені үшін! Ол бізге қымбат-сөнген мемлекетіміздің отын маздатып,жандырғаны үшін! Ол бізге қымбат – елімізді қатарға қосып, әлемдік қауымға ендіргені үшін! Ол бізге қымбат – ата-тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, ділімізді қаз-қатар тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізгені үшін! «Тәуелсіздік» деген – жай термин сөз емес. Тәуелсіздік, шын мәнінде, ауқымды да терең құбылыс. Ол ең алдымен саяси тәуелсіздік.

Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы
Благовещенка селосы «Благовещенка №2 орта мектебі» КММ
Кітапханашы: Каменова Айгүміс Қайсақызы

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Қазақстан Республикасында банктік маркетинг

Кіріспе
2050 даму стратегиясына сәйкес Қазақстан Республикасы алдыңғы қатарлы мемлекетерінің қатарына қосылу мақсат қойып отыр. Мақсатқа жету үшін 2050 саратегиясың барлық бөлімдерінде соның ішінде қаржы нарығында, банктік секторда реформаларды жүзеге асыра жете аламыз.
Банктік жүйе-нарық эканомикасының ең қажетті және бөлінбейтін құрлымы. Банктер қаржылық делдалдар есебінде шаруашылықтардың қаржысын, халықтың сақтаған ақшалары мен шаруашылық әрекеті негізінде босайтын ақша құралдарын тартып, оны уақытша несие алушыларға береді, ақша есептеулері мен экономикаға қажетті өзге де түрлі қызметтерді жүзеге асырады, сол арқылы өндіріс тиімділігіне оңды әсерін тигізеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ғибрат Бала тілімен

Әкем кешке үйге шаршап келетін. Мен күні бойы үйде отыра беріп жалығып, оның келуін сабырсыздықпен күтетін едім. Ол есіктен кіруімен-ақ алдынан жүгіріп шығып, құшақтап, онымен ойнағым келетін. Әкем құшақтап, сүйіп: «Қане бөлмеңе бар енді» дейтін. Амал жоғынан басым салбырап бөлмеме беттейтін едім. Әкем артымнан: «Кезінде біздің бөлмеміз де жоқ еді. Мұның барлық нәрсесі бар, тағы не керек түсінбеймін»деп айқайлайтын.
Бір күні, үндеместен жүретін болсам әкеммен жақсы түсінісетінімізді аңғардым. Бұл жолы үндемей істей алатын ойындар ойнай бастадым. Алдымен сурет сала бастадым. Әкем салған суреттерімді ұнатып: «Міне осылай тыныш отырып ойнасаң болады екен ғой!» дейтін. Бұдан бұлай ашуланып, бөлмеме қумайтын болды. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Философия | Әлеуметтік философиядағы Ислам құндылықтары

Кіріспе
1. Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Соңғы жылдары өріс алған қоғамдағы келеңсіз жағдайлар батысқа еліктеу, жастарымыздың рухани дүниесінің әлсіреуіне әкелді. Қазіргі таңда көптеген ақпараттарды теледидардан, интернеттен және т. б. алады. Ол жастарымыздың санасын улап жатыр. Сондықтан осы уланған сананы дұрыстау, жақсы тәрбие беру жастарымызға Ислам құндылықтары көп пайдасын тигізеді. Сондықтан Ислам құндылықтары қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі болып табылады.
Өтпелі дәуірдің тар құрсауынан шығу үшін тек экономикалық өзгерістерге иек арту жеткіліксіз. Ол үшін адам санасын да күрт өзгерту қажет. Жоғары жақтан келетін нұсқауға негізделген менталитетте (ділде) таңдау да, шешім де, шығармашылық пен жасампаздық та жоқ. Авторитарлық әкімшілдік қоғам тұлғасыз қалады, руханилықты (шайтан өрнек) идеология ауыстырады. Осыдан әлеуметтік өмірдің түрлі қырлары тұманданып, өктемдік саясат, бюрократтық жүйе, таптық принцип өз үстемдігін жүргізеді.
Міне осы мәселелерге, әсіресе ұлттық санаға байланысты ұлт құндылықтарына тікелей қатысы бар дүниелер атүсті қарастырылып, жеткілікті дәрежеде назар аударылмай келеді. Мұның барлығы тіліміз бен дінімізден қол үзуге, ой-санамыздың өзгеруіне, тіпті мәңгүрттене бастауымызға, ұлттық тәрбиенің өзіндік нәрін жоғалтуға алып келді. Ал, қазір егемендік алып, өткеніне оралып, жоғалтқанын қайта тауып, көнергенін жаңартып, ХХІ-ғасырда “өзге дамушы елдер үшін үлгі боларлықтай” дәрежедегі Орталық Азия Барысына айналғалы отырған Қазақстан үшін өткен тарихын ой көзімен бір шолып қарап, өз тарихындағы пайдалы дүниелерді қажетіне жарату, жаңғырту қажеттігі туып отыр. Өткеннің озық философиялық дәстүрін оқып-үйренудің тарихымызды тануға, қоғамдық сананың даму заңдылықтарын білуде, қазіргі философиялық ойды тереңдетуде және өзіміздің ғылыми танымымызды кеңейтуде, оларды жүзеге асыруда, ұлт менталитетінің қалыптасуында маңызы зор болмақшы. Өйткені елдің экономикалық мүдделерінің дұрыс шешімін табу үшін де алыс-жақындағы мемлекеттердің бізді танығаны, сыйлағаны керек. Ал осынау дүбірлі дүниеде өзіңді мойындатудың сенімді жолы - тағылымды тарихтың, озық ғылымның, өрелі мәдениеттің иесі болу.
Ал, ислам құндылықтарының қазақтың тарихы мен мәдениетімен тамырластығы, сабақтастығы дау тудырмайтын ақиқат. Бұған қазақтың бүкіл әдет-ғүрыпы, салт-дәстүрі, қанатты ойлар, адамгершілік, ізгілік, имандылық идеяларының өзінің түпкі тамырын сақтап, мұсылмандық құндылықтармен үндестігі және бар болмысымен соған негізделгені дәлел.
Ислам құндылықтары өзінің ізгілік пен әділеттілікке, адамдардың теңдігі мен бостандықтарына басты назар аударатындығымен, қарапайым, сонымен бірге терең сырлылығымен, және әмбебаптығымен, мәдени-этикалық идеяларының жүйелілігімен, өміршеңдігімен дараланады.
Егемендікке қол жеткізген тәуелсіз мемлекетіміздегі қоғамдық-тарихи әлеуметтік саяси жағдайларға байланысты болып жатқан өзгерістер барысында туындап жататын қайшылықтарды шешу, өз жолын, өз идеяларын нақтылау мен дамыту, дүниетанымдық қағидаларымызды айқындау, ұлттық сананың өсуі, халықтың рухани бастауларына көңіл аударуы және үзіліп қалған идеялық жалғастылықты іздеу, толықтыру, жаңа қоғамдағы жеке адамдардың нақтылы әрекеттері мен қоғамдық ойларын жаңылмай саралау кезінде Ислам құндылықтарын талдау, оның жалпыға ортақ рухани маңызды, өміршең идеяларын айқындап көрсету Қазақстан қоғамы үшін өзекті де қажетті толықтыру болмақ. Исламның қоғамдағы рухани-мәдени құндылықтарын қазіргі маңыздылығын зерттеудің қажеттігін осыған тірейміз.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Тянь-Шань

Кіріспе.
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан жерінде Батыс Тянь-Шань Қырғыз Алатауынан басталады. Қырғыз Алатауы Күнгей Алатауының Батыс жағында орналасқан. Жалпы ұзындығы 375 км, ең биік Шыңы — Батыс Алемендин (4875м). Батыс Тянь-Шаньга ендік бойымен орналаскдн Талас Алатауы, Түркістан, Қаратау, Өгем, Піскем, Шатқал жоталары кіреді.
Батыс Тянь-Шаньның геологиялық құрылымы протерозой тақтастарынан және қү_мтастардан, сондай-ак карбонның әктас, құмтас конгломираттарынан және девонның жанартау тектес тау жыныстарынан құралган. Сонымен бірге палезой қатпарлы іргетасы, пермь дәуірінде қалыптаскан интрузиялық және жанартаульщ, сондай-ақ платформальщ мезозой-кайнозой шөгінді тау жыныстары кездеседі.
Батыс Тянь-Шань тау жоталары тауаралық ойыстармен және өзен аңгарларымен тілімденген. Соңғылардың қатарына төмендегі өзендер жатады: Сырдария өзенінің оң салалары (Жабағылы, Ақсу, Машат, Келес, Боралдай, Болдырбек, Арыс) Талас, Хантагы және тағы басқа өзендер....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Мемлекеттiк бюджеттік саясат және бюджет жүйесін реформалауды жетілдіру жолдары

Экономикалық категория ретiнде мемлекеттiк бюджет қоғамдық өнiм құнының мемлекеттiң орталықтандырылғын қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесiнде және оны ұдайы өндiрiстi ұлғайту, қоғамдық қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндiрiске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын белгiлейдi.
Бюджет экономикаға бюджет механизiмi арқылы ықпал етедi. Мұнда бюджеттiң бүкiл экономикаға ықпал құралы ретiндегi рөлi көрiнедi. ²Бюджет механизiмi² -мемлекеттiң ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын құру және пайдалану формалары мен әдiстерiнiң жиынтығы. Экономиканы реттеу орталықтандырылған қаражат қорының көлемiн белгiлеу, оны құру, пайдалану формалары мен әдiстерiн реттеу, бюджеттi құру және орындау процесiндегi қаржы ресурстарын қайта бөлiске салу жолымен жүзеге асырылады.
Мемлекеттiң негiзгi қаржы жоспарының көрсеткiштерi республика Жоғарғы Кеңесiнiң жыл сайын қабылдайтын ²мемлекеттiк бюджет туралы² заңына сәйкес мiндеттi түрде орындалуы тиiс. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: География | Жезқазған кен орнын ашу. қазып алу және жерасты жұмыстарымен қамтамасыз етудің жобасы

Кіріспе
Халық шаруашылығының кез-келген саласының тау-кен өндірісінің өнімімен жеткілікті қамтамасыз етілмеген жерде үдей дамып, өркендей өсіп кету мүмкін емес. Сондықтан да,өскелең өнер кәсібіміз тау-кен өндірісінде жеделдете дамытып ,ондағы еңбек өнімділігін арттыруды талап етеді.Минералдық шикізат өнімінің деңгейін өсіре түсу, тау-кен өндірісін ғылыммен техника талапы тұрғысында кен қазудың озық технологиясың үнемі іздестіруде, өндірістік негізгі процестерге пәрменділігі жоғары еңбек өнімділігін арттырып, ауыр жұмысты жеңілдететін маркшейдерлік құралдарда әрдайым жетілдіріп, өндіріске енгізіп отыуды талап етеді. Кен қазу жүйелерінің конструкциялық элементтерін өзгертуге себепкер болатын негізгі технологиялық процестерге пайдаланатын жабдықтардың артықшылығы техника-экономикалық тұрғыдан есептеліп, сараптану нәтижелерінде қабылайтын инженерлік бірден-бір дұрыс шешімге негіз болмақ. Жобаланатын кеніш, ”Қазақмыс корпорациясы” акционерлік қоғамның қарамағында және кең байтақ республикамыздың мыс өндірісінің шикізатпен жабдықтаушысы болып табылады.
1 Геология
1.1Географиялық жағдайлар
Жезқазған кенорны Орталық Қазақстанның оңтүстік батысында Қарағанды
облысының Жезқазған қаласынан батысқа қарай 20 км қашықтықта орналасқан. Кенорнының аумағы 20 км2 және 67°22 - 67°32 шығыстық байлық және 47°50 - 47°55 солтүстік ендікте жатыр.
Жезқазған кенорны темір жолдармен Жарық, Жезқазған, Сәтбаев, Жезді қалашығымен байланысқан.
Ауданының климаты континенттік шөлейтті және құрғақ далаға тән. Қаңтар-ақпан айларының төменгі температурасы –41 –42, шілде-тамыз айларында +38 +48 С. Орташа жылдық ылғалдылық 120 - 200 мм болады. Топырақтың мұздау тереңдігі 2 м-ге жетеді.
Шығыс, солтүстік-шығыс, солтүстік бағыттағы жел басым. Желдің жылдық орташа жылдамдығы 4,3 м/с-ке тең.
Гидрографиялық торабы нашар дамыған, кішірек өзендерінің режимі жыл мезгілімен тығыз байланысты.
Сейсмикалық жағынан тұрақты, жерсілкіну 6 баллға дейін болуы мүмкін. Кенорын орналасқан жерде өсімдік қабаты өт жұқа.
АҚ “Қазақмыс” кәсіпорындары екі негізгі алаңда орналасқан:
1) жер асты және ашық әдіспен кеніштер, қызмет көрсетуші кәсіпорындар,
№3 байыту фабрикасы орналасқан алаң;
2) кеніш алаңынан 20км қашықтықта орналасқан Жезқазған қаласы. Алаңда №1 және №2 байыту фабрикалары, мыс қорыту зауыты, ЖЭО, қоймалар, базалар және басқа қызмет көрсетуші кәсіпорындар бар.
Жезқазған және кеніш алаңдары өзара темір жол және автомобиль
жолдарымен байланысқан....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Етістіктің болымсыз мағынасының эмоционалды-экспрессивтік мәнінің қазақ тілінде берілу жүйесін анықтау

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі
Қай тілде болмасын болымдылық мағына және оған керісінше айтылатын болымсыздық мағына барлық сөз табына тән ортақ грамматикалық категория. Тілде кез келген сөздер әрі болымды, әрі болымсыз мағынада қолданылады, яғни болымды мағынада айтылса, міндетті түрде оның болымсыз мағынасы бар деп есептелінеді. Есім сөздерде болымсыздықты білдіретін белгілі бір грамматикалық көрсеткіштер жоқ. Олардың болымсыздық формасы емес, жоқ көмекшілерінің тіркесуі арқылы ғана беріледі. Мысалы, ағаш – ағаш емес, ақ – ақ емес, екеу – екеу емес, мен – мен емес.
Етістіктің болымсыздықты білдіретін арнайы грамматикалық көрсеткіші бар. Бірақ солай бола тұра болымсыз мағынаның эмоционалды-экспрессивтік те сипаты, оның берілу жолдары да ерекше көңіл бөлетін тілдік құбылыс. Сондықтан бұл мәселе жан-жақты қарастырылуы қажет.
Жұмыстың мақсаты:
Етістіктің болымсыз мағынасының эмоционалды-экспрессивтік мәнінің қазақ тілінде берілу жүйесін анықтау.
Жұмыстың міндеттері:
– етістіктің болымсыз мағынасы және оның берілу жолдарымен танысу;
– эмоция, экспрессия ұғымына түсінік беру;
– көркем шығарма тіліндегі болымсыз мағынаның экспрессивтілігін білдіретін тәсілдерді анықтау және оларды топтастырып, түрлеріне жеке-жеке тоқталу.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Компьютерлік вирустарға түсініктеме

Компьютерлік вирус – арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен –басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды ‘’бүлдіруге’’ кіріседі және компьютерде
тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа ’’ауру жұққан’’ немесе ‘’бүлінген’’ деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус іске кірісіп, оның негізгі фукциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған программаларға да кері әсер етіп, оларға да ‘’жұғады’’ және басқа да зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды ( мысалы, файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды жайлап алады және т.с.с).
Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекетін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс жасай береді. Сөйтіп программа бұрынғысынша жұмысын жалғастырып, сырт көзге ’’вирус жұққандығы’’ бастапқы кезде байқалмай қалады.
Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадында DOS-ты қайта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын-оқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады.
Вирустың зиянды іс әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың компьютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады.
Компьютерде ‘’ вирус жұққан’’ програмалар саны көбеймей тұрғанда, онда вирустың бар екенісырт көзге ешбір байқалмайды. Бірақ біраз уақыт өткен соң, компьютерде әдеттегіден тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді, олар, мысалы, мынадай іс-әрекеттер істеуі мүмкін:
- кейбір програмалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді
- экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар, т.б. шығады.
- компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды .
- көптеген файлдардың бүлінгені байқалады.
Компьютерге вирус жұққанын байқаған кезде кейбір файлдар мен каталогтар, дискідегі мәліметтер бұзылып үлгереді, оның үстіне пайдаланылған дискеттер арқылы немесе жергілікті байланыс желілері бойымен компьютердегі вирус басқа компьютерлерге таралып кеткені байқалмай да қалады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ТЕКТОНИКАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАРДЫҢ ТАБИҒАТЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Неотектоникалық қозғалыстардың табиғатын түсіну үшін алдымен қазіргі заманғы тектоникалық қозғалыстарды және неотектоникалық қозғалыстардың бүгінгі таңдағы айқын белгісі сейсмикалық қозғалыстарға назар аудару қажет.
Жоғары айтылғандай қазіргі тектоникалық қозғалыстар деп қазіргі кезде тікелей көзбен шолып байқалатын, сонымен бірге аспапты бақылаумен зерттелетін жер қыртысының қозғалысын айтады. Мұндай қозғалыстар әр түрлі аспаптарды қолдану арқылы зерттеледі. Бұл қозғалыстардың бірнеше зерттелу әдістері бар.
Қазіргі заманғы тектоникалық қозғалыстардың зерттелу әдістері
Тарихи-археологиялық әдіс. Голландияда теңіз деңгейі ұдайы көтерілгендіктен Х ғасырдан бастап, онда тұратын халықтар теңіз шарпуынан қорғаныс ретінде жағалар бойында бөгеттер орнатқан. Теңіз жағасы төмен түскен сайын бөгеттердің үстіне құм, тас салып жалғастыра берген. Сол кездегі салынған қорғаныс бөгеттердің биіктігі қазіргі кезде 15 метрге дейін жеткен. Сонда есептей келгенде осы аймақтың жылдағы төмендеу жылдамдығы 0,5 – 0,7 миллиметр шамасында болған. Қара теңіз жағалауындағы ежелгі гректер отарларының теңіз астында қалғаны баршамызға аян. Сондай – ақ Индияда теңіз жағасындағы кемелер тоқтайтын гаваньдар жердің көтерілуі нәтижесінде біртіндеп тайыздап, порт құрылыстары теңіз жиегінен бірнеше километрге дейін алыстай берген.
Құрылыстық - картографиялық әдіс. Балтық теңізінің деңгейі неотектоникалық қозғалыстар әсерінен өзгерілуінен Аланд аралдарының ХIХ және ХХ ғасырларда сызылған карталарын салыстырғанда құрлықтың көлемі өткен ғасырға қарағанда едәуір ұлғайғаны байқалған.
Су деңгейін өлшейтін бақылау өдісі. Теңіз деңгейінің көтеріліп – төмендеуін жағаға орнатылған, тең сызықтарға бөлінген рейкалармен және футштоктармен өлшеп отырады. Әдетте теңіз деңгейінің қалпын өзі қағазға түсіріп отыратын мареограф деген аспап қолданылады. Осы аспаптар арқылы алынған мәліметтер бойынша Фенноскандинавиядағы Ботника шығанағының орта және солтүстік бөліктері (жылына 0,8 мм көтерілуде) (3.1-сурет). Ежелгі теңіз террасалардан және көл алаптарының таспалы саздардан алынған қосымша мәліметтері бойынша 9000 жыл аралығында Фенноскандинавия аумағның дөңесті тәрізді көтерілу амплитудасы 250 м болған. Мұндай изостазиялық көтерілу қазіргі заманға жақындаған сайын бәсеңдей берген. Мәселен, 9000 жыл бұрын көтерілу жылдамдығы жылына 13-8 см болса, 7-6 мың жыл бұрын көтерілу жылдамдығы жылына 2 см – ге дейін төмендеген, ал қазір 1 см шамасында.
3.1 сурет – Фенноскандия көтерілуінің изосызықтары (А.А. Никонов бойынша, 1977) а) соңғы 5000 - 7000 жылдар (метрлер бойынша); б) қазіргі кезеңде (мм/жыл), қайта нивелирлеу мәліметтер бойынша жылына 0.8 мм жылдамдықпен теңіз деңгейінің эвстатикалық көтерлілуінің есептеумен бірге. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0