Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Мекемеде еңбекақы төлеу механизмін жетілдіру жолдары

Нарықтық экономика, сонымен қатар қазіргі таңдағы кәсіпорын жұмысының нәтижелілігін анықтайтын экономикалық механизмдердің бірі - еңбекті мөлшерлеу, еңбек нарығын зерттеу, еңбек ақыны және оның рөлін жоғарылату объективті қажеттілік болып табылады. Жұмыс берушілердің кәсіпорынның негізгі қызметінен алынған табысы мен жалданбалы жұмысшылардың жалақысы шығарылған өнімінің өтіміне, оның бағасына және өзіндік құнына байланысты, былайша айтқанда, рынок тауарларының көбеюіне, сұрыпталымының ұлғаюына, тұтынушылардың сұранысына және олардың сапасы мен бағалылығына байланысты. Оған еңбекті мөлшерлеу механизмдерін дұрыс басқару және оны дұрыс қолдану арқылы жетуге болады. Сонымен еңбекті мөлшерлеудің басты міндеті өнімнің өлшем бірлігінің нақты жұмысты орындауға кететін уакыт шығынын нормативті негіздеу.
Тәжірибе көрсеткендей, еңбек шығындары ресурстардың шығынын төмендетуге, үнемді пайдалануға әсер етеді. Өнімнің өлшем бірлігінің шығынын төмендету кәсіпорынның қосымша табыс табуын жоғарылатады. Кәсіпорындардың қызметтерінің жалпы экономикалық нәтижесі мен еңбекті қолдану нәтижелілігінің өзара байланысы еңбек шығындарының төмендеуін қажет етеді де, кәсіпорындардағы еңбекті мөлшерлеумен айналысатын қызметтердің ролі жоғарылатады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Қазақстандағы лизингтік несиелеудің жүргізілу барысы

Кіріспе
Бүгінде еліміздегі экономокалық реформалар барысында көптеген өзгерістер болып жатыр. Әр түрлі заңдар қабылданып, құқықтық мемлекетімізді нығайта түсер түбегейлі шаралар жүргізілуде. Сондай өзгерістердің бірі, еліміздің нарықтық экономикаға көшуімен ілесіп келген күрделі құбылыстардың бірі - «лизинг» тақырыбының кең орын алуы.
Қазіргі кездегі нарықтық экономиканың заңына байланысты еніп отырған бұл ұғымның маңызы зор. Нарықтық экономикалық қатынастың заңы қатаң, икемің және ақшаң болса ғана өмір сүре аласың. Ал мемлекет мойнындағы дотацияға сүйеніп келген шаруашылықтар, зауыт, фабрикалар мұндай қатаң талап тезіне төзе алмай, өмір сүруден қалып, тоз - тоз болып кетті. Яғни белшесінен борышқа батып, банкротқа ұшырады. Олар жаңа экономикалық қатынасқа орай бұрынғы шаруашылықтар орнына қайта құрылған өндірістік кооперативтер. Алайда, олардың құрал - саймандары яғни техникасы бүгінгі күннің талабына сай емес, сапалы өнім беруге жарамсыз. Міне, еліміздің экономикасының өркендеуіне әсер ететін осындай мәселелерді шешуде инвестициялық құрал ретінде мүлікті жалдау шартының бір түрі лизингті қолдану оң нәтиже беретіні сөзсіз.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Психологиялық іс әрекетің проблемалары

Барлық тіршілік иелері қоршаған әлеммен өмірге маңызды байланыстарды бірқалыпты ұстап немесе түрлендіре отырып, өзіндік жауап қайтара алады. Адамның іс-әрекеті - күрделі құбылыс. Оның түрлі жақтарын әр түрлі ғылымдар зерттейді. Ал қоғамдық мағынасы - қоғамдық ғылымдардың пәні, физиологиялық механизмдер -физиология пәні болып табылады. Психология - іс-әрекеттің психикалық жағын зерттейді. Белгілі бір өнім адамның іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады. Адам, еңбектің қай түрімен айналысса да, өмірге ең алдымен қайраткер, іскер және жасампаз болып келеді.
Іс-әрекеттің негізгі сипаттамасы болып - оның мағыналығы саналады. "Мағынасыз әрекет" деген ұғымға ешқандай түсінік берілмейді. Іс-әрекеттің мағынасыз болуы мүмкін, бірақ іс-әрекетгі ғылыми зерттеу оның мағынасының ашылуын талап етеді.
Психологияны жекелеген іс-әрекеттің несі кызықтырады? Оның
сараптамасының объектісі болып - іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі
жеке адам саналады. А.Н.Леонтьевтің пікірі бойынша, іс-әрекет -
құрамына психика енетін, объекті мен субъект арасындағы шынайы
байланыс. Жеке адам қандай да бір іс-әрекетгі орындай отырып,
қабылдайды, есте сақтайды, ойлайды, зейін салады, оның үрдісі
кезіиде адамда эмоциялар пайда болады, еріктік қасиеттер көрінеді,
қатынастар, көзқарастар қалыптасады және т.б. Орындалуы кезінде
адам қабылдамайтын, ойламайтын, уайымдамайтын іс-әрекеттің
болуы мүмкін емес. Егер жеке адамда әрекетті қоздырушы мотивтер
болмаса, оның мақсаты болмаса, өзінің әрекетіне себеп болатьш
нәрселерді немесе модельдерді қабылдамаса, егер ол нені қалай істеу
керек екендігін есінде сақтамаса онда іс-әрекет жүзеге аспайды.
Қыскаша айтқанда, психикалық деп аталатын, адамның күйлерінің,
ерекшеліктерінің жэне үрдістерінің жүйесі іс-әрекетте білінеді,
дамиды, қалыптасады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Монополиялар түрлері, түсінігі, ерекшеліктері

Кіріспе
Монополия (грек. monos — жалғыз және poleo — сатамын) — 1) бір нәрсені иемденуге немесе қандай да бір іс-әрекетті орындауғы деген ерекше құқық; 2) капитализмге тән белгілі бір саладағы билік; 3) бір заттың мемлекетке, ұйымға, фирмаға, жеке адамға және т.б. жинақталуы.
Жұмыстың өзектілігі. Қазіргі таңда монополиялық державалар өз мемлекетінде немесе дүние жүзінде бәсекелес компанияларға қиындық туғызуда. Ал бәсекелестік болмаса, онда алға даму да баяу жүретіні белгілі. Тұтынушылардың олардан шегетін негізгі зияны — компаниялардың қалауынша қойылатын бағалар. Бағалар еркіндігі де бәсекелестіктің болмауынан туады. Осының салдарынан тұтынушылардың таңдауы да шектеледі. Ал бұл өз кезегінде елдің әлеуметтік жағдайы жағынан нашарлауын көрсетеді. Монополиялық билік ұсыныс пен сұранысқа да үлкен әсерін тигізеді. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге дайындалуда. Бұл елдің отандық өнім өндірушілерінен жоғарғы деңгейдегі дайындықты талап етеді. Егер елде тек монополиялық компаниялар болса, онда олардың бәсекелестікке төтеп бере алуы мүмкін деуге болады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ертегі: Көрұғылы

Бегәлі сыншы ханға ат сынап беретін сыншы екен. Бірнеше рет ат сынап береді. Тағы бір күні ат сынауға кетеді. Ол кеткенде әйелі жүкті екен, жүкті әйелі Бегәлі кеткен соң, дүниеден өтеді. Бір күндері: «Әйелінің қабырынан бала шығып жүр», - деген сөз болады. Бегәлі әйелінің қабырынан бала шығып жүр дегенді естіп: «Не істеймін?» - деп ханға барады. Сонда хан Бегәліге былай деп ақыл қосады: «Сен барып ер жасат, оның үстіне шырыш жақтыр, қуыршақ жасат, асық алып, бәрін де алып барып көрдің аузына қой. Әйел бала болса қуыршақ ойнар. Ер бала болса, ерге мініп алып жерді сабалап отырар. Ер көрге сыймайды ғой, баланы шырыш ұстап алып жібермес, сосын ұстап алуға болады», - деді. Осы заттарды......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Коррупция


(сықақ)

– Әй, шөпжелке албастылар!

Мен сендердің жындарыңды басқалы келдім,

Білімсіздіктеріңді...

Беттеріңе басқалы келдім

Тойыс, арттарыңды ашқалы келдім,-

Деген еді.

Директордың осы сөзі

Мұғалімдерді жіпсіз көгендеді.

Жөнге көнбегендерді

Айтқанына еріп

Жолында өлмегендері

Директордың қаһарына ілігіп, .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Сыныпта


Мұғалім үстелі мен орындығын балаларға темір пештің жанына жылжытқызып қойдырып алды. Сөйтті де, өзі сол жерге отырып алып сабағын беріп отырды.

Осы кезде мектептің завучы сыныптарды аралап жүр еді. Кезек осы сыныпқа келді. Завуч есікті ашып көрді де, өз көзіне өзі сенбеді. Мұғалімнің үстелі мен орындығы жоқ еді. Завуч ішке бас сұқты. Сонан соң пештің жанында отырған мұғалімді көрді.

- Мұның не? - деді завуч ренжіп. - Үстел мен орындықты орнынан неге жылжытасың?

- Онда тұрған не бар? - деді мұғалім аспай-саспай тура бір завучтың қитығына тигендей. - Кластың ішінде отырмын ғой. Кластың қай жерінде отырып сабақ берсем де дауысым, әйтеуір, балаларға естіліп тұрса болды емес пе?.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Қазақ тілінен ҰБТ ға дайындаудың тиімді жолдары


Қазіргі қоғамда өзекті мәселелердің бірі – әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларға өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар шығармашылық, жоғары интелектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық.Осыған байланысты мектеп баланың дамуында негізгі рөл атқарады. Баланың жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы мен ой өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасынан қаланады.

Ұлттық бірыңғай тестілеу – жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушыларды қорытынды аттестаттаудың бір түрі.

Бүгінде қазақ тілін оқытудағы басты мақат – мемлекеттік тіл болып табылатын ана тілімізді жан-жақты терең меңгерту. Ал, бұл міндеттің орындалуына ҰБТ cынағына оқушыларды жан-жақты дайындау үлкен рөл атқаратындығы айқын. Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда төмендегідей жұмыстар атқарудамын.


ҰБТ-ға дайындыққа арналған жобалар құрастырдым.

Өткен тақырыптардан теориялық білімдер беремін.

Оқушының сабақ үрдісінде жаңа білімді меңгеруіне басты көңіл бөлемін.

Тест жұмысын орындағаннан кейін коррекциялық жұмыстар жүргіземін.

Тақырыптық тест құратырамын.

Әр тараудан кейін сынақ қабылдаймын.

Күнделікті сабақ барысында қойылған баға сол саба .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Ғылыми техника | Аймақтық ғылыми техникалық потенциалы

Адамзат қоғамының дамуында ғылымның көкжиегi кеңейе түсiп, зор қарқынмен дамып келедi. Бүгiнгi таңда ғылымның әсер етпейтiн саласы жоқ. Ол адамның ой-санасы мен басқару, қорғаныс, техника, денсаулық - бір-бiрiмен тығыз байланысты. Ғылым мен техниканы дамыту, қандай кезеңде, қандай экономикалық формацияда болсын, өндiргiш күштердi өркендетудiң басты нысаны болып қала бередi.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшуi экономикалық және әлеуметтiк қиындықтарға әкелiп соқтырды. Осыған орай, бiрiмен-бiрi сабақтасып жақан басты деген үш түрлi себеп-салдарының шикiзат базасы ретiнде дамуы, екiншiден, халықтың тұрмыс дәрежесiнiң төмендегi және ең соңғысы, экологиялық жағдайдың республика территориясында насырға шабуы.
Осындай жағдайдан елдi алып шығудың бiрден-бiр жолы ғылыми-техникалық потенциалдың мүмкiндiлiгiн кеңiнен пайдалану. ғылыми-техникалық прогрестi экономиканы өркендетудiң құрамдас бөлiгi ретiнде қарай отырып, оны басқаруды жетiлдiрудi нарықтық қатынастар төңiрегiнде қарастыру бүгiнгi таңдағы басты мәселе қатарына жатады.
Жалпы алғанда, республика экономикасын дағдарыстан алып шығып, өсiп-өркендету үшiн жаңа мемлекеттiк ғылыми-техникалық
прогресстi нарық арқылы реттеу өрiсiн кеңейту керек. Осы тұрғыдан
алғанда ғылыми-техникалық саясаттың аймақтық проблемалары бүгiнгi күннiң өзектi мәселелерiнiң бiрi.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Олжас Сүлейменов зерттеуші ғалым

Олжас Омарұлы Сүлейменов (1936) — орыс тілді қазақ ақыны, тілтанушы, саясаткер, ядролық қару - жарақтарды жаппай қолдануға қарсы тұрушы, Төтенше және Өкілетті Елші.
I. Кіріспе
Олжас Омарұлы Сүлейменов (1936) — орыс тілді қазақ ақыны, тілтанушы, саясаткер, ядролық қару - жарақтарды жаппай қолдануға қарсы тұрушы, Төтенше және Өкілетті Елші.
1936 ж. мамырдың 18 Алматыда дүниеге келген.
1959 ж. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Геология факультетін, кейін А. М. Горький атындағы Әдебиет институтын бітіреді.
1962 — 71 жж. Казахстанская Правда ұнжариясының әдеби қызметкері, Қазақфилм киностудиясы сценарлық - редакцялық алқасының бас редакторы, Простор журналының бөлім меңгерушісі болып жұмыстар атқарады.
1971 — 81 жж. Қазақстан жазушылар одағы басқармасының хатшысы, сонымен бірге 1972 ж. Азия - Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі Қазақстандық комитеттің төрағасы болды......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0