Зерттеу мақсаты. Қазіргі нарық қатынасына көшіп жатқан кезде өнім, жұмыс және қызмет көрсету сапасы еліміздің әлеуметтік-экономикалық өркендеуінің ең негізгі көрсеткіші. Адамның ұдайы өсіп келе жатқан және біртұтас қоғамның сұранысы сапасыз ешқашанда қанағаттандырылмайды. Сапа экономиканың жетілгенін аңғартатын көрсеткіш. Қандай да бір кәсіпорын өндірген өнімнің сапасы жоғары болған сайын пайдасы да жоғары болады. Өнеркәсісптің тиімді өндірістік-шаруашылық әрекеттілігінің маңызды жинақтаушы көрсеткішіне өндірістің табысы жатады. Жалпы айтқанда, пайда – материалдық өндіріс саласында кәсіпорын қызметкерлерінің қосымша еңбегімен құрылатын таза табыстың бір бөлігі. Жоспарлық пайданың көлемі өнімді кәсіпорынның көтерме бағалары бойынша өткізуден түскен түсім мен өнімнің жоспарлы өзіндік құнының арасындағы айырма ретінде белгіленеді. Егер пайда кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінен абсолюттік әсерді көрсетсе, рентабельділік кәсіпорынға бекітілген өндірістік қорларды қолданудың тиімділік дәрежесін сипаттайды. Іс-әрекеттің тиімділігіне баға берудің критериі ретінде қарастырылатын жалпылама көрсеткіштің болуы кәсіпорынның қаржылық және экономикалық күйінің толық бейнесін құруға мүмкіндік береді. ....
Кіріспе Елу жылда – ел жаңа деуші еді бабаларымыз. Еліміз тәуелсідік алғаннан кейнгі қысқа мерзімнің ішінде қоғамның өмір тіршілігін өзгертіп, жаңа саяси жүйе қалыптастыруда экономика мен әлеуметтік салаларды реформалауда іргелі табыстарға қол жеткізді. Ұтымды әрі кезең – кезеңімен жүйелі түрде жүргізіліп жатқан қомақты іс – шаралардың оң нәтижелері еліміз таңдаған жолға деген халықтың сенімін нығайтуда. Дегенмен өтпелі кезеңнің күрделі экономикалық және әлеуметтік проблемаларын шешкен сайын, қоғамның даму деңгейіне сәйкес халықтың өмір тіршілігін тиімді ұйымдастырудың жаңа және аса күрделі мәселелері күн тәртібіне қойылып отыратыны бәрімізге түсінікті. Еліміз іргесінің бұзылмай, тыныштығы мен тәуелсіздігін сақтап, экономикасы мен мәдениетін ілгері тұрған елдермен теңестіру үшін бүгінгі күннің шындық болмысына жауап беретін мемлекеттік басқарудың жетілген жүйесі қажет. Еліміз егемендік алған алғашқы күннен бастап мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің қазіргі заманғы тиімді жүйесін қалыптастыруға баса назар аудартады. Осы орайда елбасы тануда Үкімет алдына міндет етіп қойған әкімшілік реформасы респубилкамыздағы бүгінге дейін өніктілігімен танылып келе жатқан келелі өзгерістердің заңды жалғасы деуге болады.....
Кіріспе Нарыққа негізінен миллиондаған айналымы бар корпорацияларға жол ашық, ал шағын кәсіпкерлік құрылымдардың кіруіне мүмкіндік жоқ деген пікірлер бар.Басты дәлел - шағын фирмалардың жақсы жетілген ірі компаниялармен бәсекелесе алмауы. Шын мәнінде, шағын бизнес бірнеше себептерге байланысты ірілермен сәтті бәсекелесе алады. Мысалға ірі кәсіпкорындар стратегиясын өзгерту үшін 6 жыл қажет етеді, ал жаңа стратегия еңгізу үшін 10 жыл және одан көп уақыт қажет етеді. Шағын фирмалар үшін бұл уақыт айтарлықтай азырақ - жарты жылдан 1 жылға дейін. Одан әрі, технологиялық жаңалықтар — бұл дәстүрлі түрде үлкен бизнес саласы деп саналатын, бірақ статистикаға қарасақ, 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейін радикалды технологиялық жаңартпашылықтардың 95% шағын бизнес саласынан келуде. Басқа қайнар көздердегі мәліметтер бойынша ірі фирмаларға қарағанда, шағын фирмалар 24 есе көп жаңарпашылықтар мен ашылымдар жасауда. Сондықтан Европа Достастығында (ЕС) экономиканың жеке секторындағы 15,7 миллион кәсіпорындардың барлығы дерлік шағын және орта бизнес түрінде болуы кездейсоқтық емес. Шағын бизнес кәсіпорындары 70% жұмыс орындарымен (62 млн) қамтамасыз ете отырып, қоғамдастықтың дамуына айтарлықтай үлес қосты, статистикалық мәліметтер бойынша 16 млн. адам өздеріне және 46 млн. адам жалдамалы жұмысшы ретінде жұмыс істей бастады. Көптеген жылдар бойы әртүрлі елдердің ғалымдары шағын бизнеске анықтама беруге тырысып келеді.....
Көрнекілік: Әр баланың алдында 2 дискіден (қызыл, көк) тарелкаларда түрлі-түсті геометриялық пішіндер. Сызбаның көмегімен балалар сұраған пішіндерді дискілерге лақтырады. - Міне біздің геометриялық пішіндер туралы барлық ақпараттарымыз дискеталарда сақталады деп ойлаймыз. - Балалар, енді сендермен компьютерлік «Лото» ойынын ойнайық, мұның да нәтижесі сәтті болса, вирусты жоюға көп көмегі бар. Дидактикалық ойын: «Лото» Мақсаты: Кеңістіктегі бағдарлай ілу шеберліктерін шыңдау. Көрнекіліктер: Ақ қағаз беті (монитор), көк түсті шеңбер. - Мониторларыңды алдарыңа жақындатыңдар. - Шеңберді экранның қақ ортасына қой. - Енді жоғарғы оң жақ бұрышқа апар, төменгі сол жақ бұрышқа түсір, төменгі оң жақ бұрышқа жеткіз, жоғарғы сол жақ бұрышқа көтер. - Балалар, жарайсыңдар! Енді мен осы нәтиженің бәрін электрондық пошта арқылы Математика Патшайымына жіберемін. Егер ол біздің жауаптарымызға риза болса, мына шам жану керек, яғни вирус жоғалды деген сөз. Тәрбиеші ойыншық компьютердің көмегімен ақпараттарды жөнелтеді. Шам жанады.(телефон шырылдайды)......
КІРІСПЕ Зерттеу жұмысының өзектілігі. Адамның еркіндік туралы түсінігі тарих ағымы мен қоғамның дамуымен өзгерістерге ұшырады. Алғашқы қауымда адам ол туралы көп ойланбаған, себебі тамақ табумен қолы босамады. Бір ғасырдан кейін, анығырақ айтқанда, оның жоқ болуы, құлдық құрылым мен “ мұнараға тасталынумен ” сәйкес болды. Адам “ тамақ ” мәселесін шешкеннен кейін, бос уақыт пайда болды, адам ойлана бастады, осылай философия пайда болды. Оның “ ойланған ” барлық көптүрлігінің ішіндегісінің бірі “ еркіндік ” мәселесі болды. Қоғамда тұлға еркіндігі қоғам қызығушылықтарымен шектеледі. Әр адам – жеке тұлға, оның қызығушылықтары әрқашан да қоғам қызығушылықтарымен сәйкес келе бермейді. Бұл жағдайда қоғамдық заңдар ықпалындағы тұлға жеке жағдайларда қоғам қызығушылықтарымен сәйкес іс-әрекет етуі тиіс, ондай жағдай болмаса, ол адам қоғам атынан жазаға ұшырауы мүмкін. Қазіргі заман жағдайында, демократияның дамуы дәуірінде тұлға еркіндігі мәселесі одан әрі глобалды бола түседі. Ол қазіргі уақытта кез-келген саясаттың негізі болып қатаң қорғалатын тұлғаның еркіндігі мен құқықтары туралы заңды актілер сипатындағы халықаралық ұйымдар дәрежесінде шешіледі. Философияның ең басты мақсаты – білімнің мағынасын ашу. Бірақ тарих көрсеткендей, осындай түсіндіру философиямен бір уақытта туындамаған. Бұл ең біріншіден, еуропалық философия дәстүрін адамды қоршаған табиғатты ұғыну ретінде ашқан көнегрек философиясы. Бірақ, адамның тек қана белгілі бір кластың, белгілі бір қоғамның мүшесі ретіндегі өзіндік дамуы емес, ол өзінің индивидуальдылығын ұғынатын тұлға ретіндегі дамуы, сонымен қатар, философия ұғымдық білім ретінде өзінің құрылымдарын жаратылыстық ғылым ойының нәтижелерімен ұштастырып, онда білімді түсіндіруге қатысты әр-түрлі сұрақтар айрықша орын ала бастады. Демек, оны ықпалды көнелік философиялық білімдер – Платондық, Аристотельдік, едәуір мөлшердегі демокриттік білім, өздерінің болмысқа және мәнге қатысты түсініктерін белгілі бір білімді түсіндіретін негізгі қағидалармен тікелей байланыстырып құрды. Демек, таным теориясының, гносеологияның сұрақтары болмыстың, онтологияның сұрақтарынан туынды болып қарастырылды. Осындай философияның онтологиялық мақсаты немесе бағыты ортағасырдағы схоластикалық философия құрылымдарында күшейе бастады. Мұндай схоластиканың онтологиялық бағытының маңызды гносеологиялық себебі – ортағасыр жағдайындағы ғылыми білімнің өте баяу дамуымен түсіндіруге болады. Спиноза дәуіріндегі философиялық жағдайдың күрделі өзгеруі, ең біріншіден, көптеген еуропа мемлекеттерінде ресми философиялық доктрина болып саналған схоластикалық философияның қағидалары және мақсаттарына қарсы бағытталған күрестің нәтижесі еді. Осы схоластикаға қарсы күрес – философиялық білімдерді жетілдіру куресі болды. Өз кезегінде, мұндай жетілдіру интенсивті ғылыми прогресс жағдайында мүмкін еді, яғни осындай жағдай көптеген білім салаларында жүзеге аса бастады, әсіресе математикалық және тәжірибелі жаратылыстануда байқалды. Ғылымның, философия тарихының, жалпылай алғанда рухани мәдениет тарихының дамуы мынаны дәлелдейді: ғылыми білімнің прогресі тәжірибелі жаратылыс танусыз және оның математикалық ұғынусыз мүмкін емес. Тәжірибе және математика – осы екі ғылыми білімнің құдіретті қозғаушы күштері көнелікте бар болатын, дегенмен, антика мәдениетінде олар әр қашанда бір-бірінен алшақтап тұратын. Антикадағы философиялық ілімдер тәжірибелі білімдердің және математикалық білімдердің ерекшеліктерін көрсетті. Ал схоластикалық философия болса, антикалық философияның көптеген ұғымдары мен категорияларын мұраланып, соңынан олармен толық байланысын жоғалтты. Сөйтіп ортағасырдың соңында, қайта өрлеу дәуірінде эмпирикалық жаратылыстану қарқын дами бастағанда, осы дәуірде математиканың жаңаша өркендеуі басталды, ал философтар схоластикалық қағидалар мен мақсаттарға қарсы күрес барысында жаңа жаратылыстанудың нәтижелерін ұсынуға бет бұра бастады. Алдынғы қатарлы философтардың философиялық білімді жетілдіруге деген талпынысы жаңа ғылымның тәсілдері мен нәтижелерін қорытындылау және ұғыну дегенді білдірді....
О кезде мен жас едім. Аудан орталығында, болмашы бір кішігірім қызмет істеп жүрдім. Туып өскен ауылым шалғай жерде болғандықтан пәтер жалдап, уақытша сонда тұрмыс құра бердім.
Үй иесі Назира апай — отыз жастан едәуір асып кеткен, күйеуінен ерте айырылған жесір әйел. Орта бойлы, бидай өңді осы апай жұмыс үстінде ән салып, күле қарап, әрдайым көңілді жүреді.. Кейде күрсініп, кейде жымиып, өзінің жастық дәуренін жиі-жиі әңгіме етеді.
Назира апайдың ауызға үріп салғандай Фарида атты бір қызы болды.Ажары салқын. Сөзге сараң.Үнемі жабыңқи. Әйтсе де жүзінде бір құпия жұмбақ мұңның ізі бар. Бет әлпеті келісті реңбасы таза, қарақат көзді осы бір қарапайым қызда не сыр бар екен? Әлде біреуге ғашық па? Қайдағы ғашықтық, он жетіге биыл ғана толды емес пе? Дегенмен осы бір бет – бейне, осы бір көз қарас, осы бір салқындық өзінше дербес,бір ыстық сұлу тұлға.
Фарида шай құйғанда, немесе сүлгі ұсынғанда жүзіме телміре ұзақ қарайтын-ды. Оның мөлдір қара көзі шексіз шексіз бір тұңғиық зындан сыпаттас еді. Ақыл-ой көзімен үңіліп бақсам да, ешнәрсе ұғына алмай, бойлай беретінмін, бойлай беретінмін тұңғиыққа. Осындай шақтарда қорыққандықтан ба, әлде қуанғандықтан ба, кім білсін, қыз көзінен жанарым еріксіз тайқып кететін-ді. Дәл сондағы бишаралық тұрысым,— алма ұрлап бағбан қолына түскен қара сирақ мүсәпір баланың кейпін бейнелейтін. .....
Ол қазақ даласының шалқар көгінде күмбез болып көтерілген еді. Айбынын асырғысы келіп, мейманасын тасытпақ болған нөпір жауға қас батырдың тілімен рух болып аттандап, қыран құстай шүйілді. Ол қазақ сахарасының ұлан-байтақ шетіне ән болып қалықтады, күй болып домбыра пернесінен төгілді, қозы қайырған баланың сыбызғысы болып сарнады, қобыз шанағында мұң болып жүректерді жылатты. Ол тағы да мыңдарды тебірентті. Шарана сәбидің құлағына бесік жырымен ана әлдиі болып құйылды, бойжеткен арудың ыстық ұясын қимаған сыңсу әні болып естілді, туған еліне, ата-анасына деген асыл сезімі болып жүрек пернесінің көңіл-күйін шертті. Осының барлығында да ана тіліміздің рухы жатты. Менің туған тілімнің рухы еді.
Менің ана тілім. Менің тіліме қатысты сөздер құлаққа қандай жағымды естілетін еді. Осы тіл менің құлағыма бесік әлдиімен енді, ата-анамның маған арнаған жылы сөздерімен дарыды. Ол мектептегі алғашқы ұстазымның әуезді үнімен тәлімді тәрбие болып жүрекке құйылды. Ол оқу ордасындағы ана тілі пәні мұғалімінің қоңыр даусымен ғылым негізі болып санамды билеп алды. Ыстық ұядағы ұстаздарымның мағыналы сөздері арқылы ұлттық рухымды биікке көтерді, арман көкжиегіне жетеледі. Ана тілім сағыныш сезімге толы әндер арқылы биік белеске шарықтатты, туған жерімді сүюге, ардақтауға үйретті. Сондықтан да мен ана тіліме мәңгі қарыздармын. .....
Қазіргі уақытта Алматы қаласының агломерациясы Қазақстан республикасының экологиялық жағдайы қиын аудандарының қатарына кіреді, мұндағы барлық табиғи орталар топырақ, су, өсімдік, атмосфера улы химиялық заттармен жоғары дәрежеде ластанған, соңғылардың ішінде қаланың экологиялық жағдайын қалпына келтіруде ағын суы Алматы қаласының кіші өзендері ерекше көңіл бөлінуде, себебі олар шынайы табиғи сүзгі болып табылады, сондай-ақ, сумен қамту, гидроэнергия, рекреация зоналарында негізгі су көзі ретінде қолданылады. Өндірістің жоғары дәрежеде шоғырлануы, халықтың тығыз орныласусы, және бір жағынан жалпы үлкен өзендердің әлсіздігі, Алматы қаласы өзендерінің деградациясымен ластануына алып келеді. Берілген жұмыстың мақсаты Кіші Алматы өзендерінің антропогенді түр өзгерісі дәрежесін анықтау, өзендерді қалпына келтіру және сақтау үшін суды сақтау зоналарын басқару және құрастыру бойынша нұсқауларды ойластыру болып табылады . ....
КIРIСПЕ Бүгiнгi таңда дербес Қазақ мемлекетiнiң қалыптасуы өте күрделi тарихи кезеңдерде жүрiп жатыр. Жас мемлекетiмiздiң қалыптасуында, әлеуметтiк қиыншылықтар аз емес. “Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады. Оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары”–деп, Қазақстан Республикасының конституциясының бiрiншi бабында тұжырымдалған.Ғ.Мұстафин ағамыз айтқандай “Бiз бұған дейiн ұлтшылдыққа қарсы тұрдық, ендi ұлтсыздыққа қарсы. Бұған дейiн дiншiлдiкке қарсы тұрып келдiк, ендi дiнсiздiкке қарсы тұратын мезгiл жеттi”. - дегендей. Кеңес империясы құрдымға кетумен басталған әлеуметтiк өзгерiстер мен дағдарыстар ой-сана, тәрбие, сенiм жағынан жаңа қоғам, жаңа психология қалыптастырды. Осы айтылғандарға орай бiздiң зерттеуiмiздiң өзектiлiгi мен қажеттiлiгi елiмiздегi тәуелсiздiкпен бiрге қайта оралған ата-бабаларымыз ұстанған Ислам дiнi екендiгiнде дау жоқ. Коммунизм идеологиясының қою қараңғы түтiнi адамдардың санасын улап, дiндi – апиын, құдайларды – үрей жаратады, бiлiмсiздiк, – дiнсiздiктiң себебi, дiн – құр идеология деп түсiндiрдi. Қолмен жасалған тар идеологиялар адамзаттың рухани қажеттiлiктерiн қамтамасыз ете алмады. Құдайға шүкiр қазiр тәуелсiз мемлекетiмiзде адамдар өзi еркiнше дiндi ұстанып, рухани аштықтарын қанағаттандыруда. Алайда, жақсылық пен жамандық қашанда бiрге жүредi. Соңғы кездерi исламды бүкiл адамзаттың алдында қаралап, террорим және экстремизм десе ислам дiнiне тиесiлi болып көрiнетiн психология қалыптасты. Және де елiмiзге көптеп келген жат ағымдар мен секталар, өз діні мен иделогияларын телу де.Жартты ғасырдан астам уақыт шынымен дін апин, деген психология, мен көзқарас болды.Қазіргі уақытта, керісінше дінсіздіктің апин, діннің психикамызға гигиена екенін нақтылау. Қазiргi мақсатымыз – Ислам дiнi ақылдың, бiлiмнiң тазалықтың, сондай-ақ, бейбiтшiлiк пен тәртiптiң дiнi және адамдарды жағымды көркем мiнездiлiкке, абзал әдептiлiкке тәрбиелейтiнiн- “Дiнсiз iлiмнiң ақсақ, iлiмсiз дiннiң соқыр”.- екенiн айқындау. Және еліміз қоғам дамуын арттырғысы келсе, өнеркәсiптiк технологияны, мәдениеттi ғана емес, дiни руханилықты да өркендету керек екендiгiн баса ашып көрсетемiз. Зерттеу мақсаты мен мiндеттерi: Бүкiл адамзат тарихындағы ең үлкен тұлға, Мухаммед Пайғамбардың жеке тұлғасы мен дiн таратудағы психологиясына талдау жасап, оларды теориялық жағынан негiздеу. Осы мақсатқа орай туындаған басты мiндеттер деп мына төмендегiлердi айтуға болады. Мухаммед Пайғамбардың өмiрi, ой толғамдары мен дiн таратудағы психологиясы, әдiстерiн талдай отырып мазмұны мен мәнiне үңiлу Мухаммед Пайғампардың Пайғамбар болған VI ғасырдың аяғы мен VII ғасырдың басындағы дүниенiң халi, адамдардың рухани әлемiне, дiни сенiмдерiне, дүние танымдарына, мәдениетiнiң даму деңгейiн әсер еткен, Ислам дін негіздерін айқындау.....