Жалпы Алматы қаласы географиялық тұрғыдан алып қарағанда бірқатар экологиялық қолайсыз орын тепкен. Ол негізінен ауа айналымының жоқтығымен түсіндіріледі. Бұл қаладағы жүздеген мың машинаның қала әуе аймағын улы түтінмен ластауға мүмкіндік туғызып отыр. Бұл қалада өкпе ауруларының өршуінің негізгі факторы болып табылады. Қалада әсіресі желсіз күндері демалу қиын, мұндай қиыншылықтармен күресу қазір қала билігінің алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Сонымен қатар қалада көптеген өндіріс орындарымен жылу қазандықтары да жағдайды қиындата түсуде. Осындай жағдайларды ескере отырып жақында бірқатар шаралар белгіленді. Соларға тоқталып өтсек: 27 желтоқсанда Алматы қалалық әкімшілігі ғимаратында қалалық құрылымдық бөлімшелердің басшылары бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне 2005 жылды қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатын өткізді. Олар өз салалары бойынша жыл бойы атқарылған жұмыстар жайында әңгімелеп, журналистердің қойған сауалдарына жауап берді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.....
Қой шаруашылығының технологиясына өзара байланысты ұйымдастырушылық-шаруашылық шаралары мен отарды ұдайы өсіп-өндіру жөніндегі практикалық әдістер, қолайлы азықтандыру және күтіп-бағу кіреді, ол бұл саланың жүргізу жүйесінің ерекшеліктеріне орай жүзеге асырылады.Қой шаруашылығының әртүрлі технологиялық жүйелерін жұмыс істеуіне табиғи- климаттық жағдайлар әсер етуде.Қойларды өсіру техникасы, оларды төлдету, отарларды жасақтау, күйек алу, жас малдарды өсіру және басқалары сала технологиясының маңызды құрамдас бөлігі болып саналады.Ірі қара және қой шаруашылығы ортақ мазмұнға ие. Қойдың дене құрылысының жақсы бейімделгіш қасиеті бар, сондықтан да оларды әртүрлі климаттық жағдайларда өсіреді.Басқа малдарға қарағанда олар өсімдіктердің барлық түрлерін, солардың ішінде арамшөптердің көптеген түрлерін пайдаланады,бұл ауыл шаруашылық дақылдарын егуге немесе малдардың басқа түрлерін жаюға жарамсыз жер учаскелерін пайдалануға мүмкіндік береді.Қой шаруашылығына өнеркәсіптік технологияны(мамандандыру, механикаландыру, өндірісті интенсивтендіру) енгізгенде қойдың конституциясының мәні оданда әрі арта түседі.Малдардың конституциясының тұқым қуалау әсерімен және сыртқы орта жағдайымен қалыптасатынын естен шығармау қажет.....
Зерттеу жүргiзудiң өзектiлiлiгi. Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасының банктер жүйесiнде ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда елеулi өзгерiстер болып жатқаны баршаға мәлiм. Бүгiнгi таңда нарықтық экономика жолына баÿғыда түсiп, зор жетiстiктерге жеткен өркениеттi елдер тәжiрибесiн үйрене отырып, банк жүйесiн халықаралық стандарттарға көшiру ел экономикасы үшiн маңызды болып табылады. Банк жүйесiн реформалау қажетiлiгi Қазақстанның эволюциялық дамуының сапалы, жаңа деңгейге жетуiнiң қажеттiгiнен туындап отыр. Нарықтық экономикаға көшкен жылдар аралығында Қазақстан Республикасының банк жүйесi реôормалаудың ½зақ та, қиын кезеңiн бастан кешiрдi. Бұл кезеңде елiмiздiң банк жүйесiнде тек сандық емес, сонымен бiрге сапалы өзгерiстер болды деп айтуға болады. Қазақстан Республикасының тәуелсiздiк алуының он жылдығына арналған салтанатты жиналыста ел Президентi Н.Назарбаев банк жүйесiн реôормалау нәтижесi бойынша: ''Елiмiздiң банк жүйесi түбегейлi де сапалы өзгерiстерге ұшырады'' деп мақтанышпен атап өткен болатын....
Бөкей Ордасы Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы) — Ресей империясының вассалы ретінде Еділ мен Жайық аралығында 1801 ж. құрылған. Бөкей Ордасы — қазақтардың және әлемдегі ең сөңғы Шыңғысхан ұрпақтарымен меңгерілген мемлекеттік құрылым.Хандық сұлтан Бөкей Нұралыұлының есімімен аталды.Бөкей Ордасы Еділ мен Жайықтың аралығында орналасқан. Солтүстікте Самар губерниясы, шығыста — Орал облысы, оңтүстікте Каспий теңізі батыс жағында — Астарахан губерниясының Царёв, Енотаев және Краснояр уездері. Жер көлемі — 92 144 5 km2 19 ғ. аяғында Астархан меже бөлімі бойынша — 77 624 km2. Орда өңірініңдегі дала көпшілігі құмды мен сазды жерден тұрады. Көтеріңкі жерлері төмпелі, ойпаттарда жабындық жерлер орналасады, бірақ кей тұстарда былқылдақ құм бар. Солтүстік жағында (Тарғын, Тал, Камыс-Самар, Калмақ) қара топырақты дала кездеседі, Оңтүстігінде көбінесе құм жайлайды. Оңтүстікте құм төбелерінің арасында құмаршық өсетін ойпаттар кездеседі. Төмпелерде ештеңе өспейді, теңізге жақындағанда тегістеніп кетеді де сорларға айналады. Оңтүстік-батыста Бэр төмпелерікөріне бастайды. Орданың солтүстігінде бірде жалғыз, бірде топтасқан обалар бар, соңғысында әдетте ортасында біреуі ірілеу болады. Ең ірілердің шеңбер диаметрі 30 m шамасына жетеді. Бұл обалар мола екенін қазба жұмыстар дәлелдеді, соның ішінде адам мәйітінен басқа дүние-мүлік табылған, ал кейбіреулерінде зертасты кірпіш қалауы бар.....
Қатысушылар: 1) Сидалы Назерке анасы Гульбанумен бірге 2) Бағдат Арайлым анасы Нұргүлмен бірге 3) Жиеналина Армангүл анасы Алтынгүлмен бірге Сайыс мақсаты: «Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, сүйіспеншілікті арттыруға, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Бала бойына ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына, келініне тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру» Тәрбиеші: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап Ана дейді жас сәби де жарқылдап Ана деген – бәйтерегі өмірдің, Ана деген – алтын қазық, алтын бақ! Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты тәрбиелейтін халықтың бірі де, бірегейі де біздің қазақ», - деп, аналарға деген құрметін білдіреді......
Оқытудың модульдік жүйесі әрбір оқушыны керекті материалдармен қамтамасыз ететін мүғалімнің өте көп дайындалуын талап етеді, ал бұл оңай іс емес. Оқушылардың білімге деген ынтасын, пәнге деген қызығушылығын арттыратын соның салдарынан білім деңгейін де көтеретін тағы бір тәсіл — жобалар тәсілі болып табылады. Бұл тәсіл соңғы кездерде бүкіл өлемде кең таралып келеді. Жоба ұғымы дидактикалық мақсатқа жету үшін бір идеяны, белгілі бір бұйымды немесе өнімді жасауды, есеп шығаруды, схема құрастыруды жүзеге асыратын, жұмыс нәтижесі практикалық бір жазба, схема немесе есеп түрінде көрсетілетін жұмыс болуы керек. Жобалар тәсілі негізінде: практикалық немесе теориялық бір мәселені бастан аяқ қарастырып шығатын жобаның түпкі идеясын жүзеге асыру, бір нәтижеге қол жеткізу ісі жатады. Бұл тәсіл практикалық бір нәтиже беретін іздеу, зерттеу, таңдау тәсілдерінің кең спектрін пайдаланып, оған сыртқы факторлардың әсерін қарастыру болып табылады. Осындай жұмысты орындау барысында балалар алған білімдерін толық пайдаланып, өздері де жаңа бастама,-идея берулері керек. Жобалар төсілін сауатты түрде қолдана білу үшін алдын ала көп дайындалу, тұрақты түрде жобаны жетілдіру, толықтыру ісін жүргізе білу қажет. Жобалар әр түрлі типте — зерттеу, шығармашылық жұмыстары, ойындық түрде, ақпараттық (мәлімет жинақтау, оны талдау, өңдеу, орналастыру, безендіру) жұмыстар, практикаға бағытталған істер сияқты болып құрастырыла береді. Пәндік-мазмұндық аймағына байланысты моножобалар (бір пән аясында) немесе пәнаралық жобалар бола береді.Үйлестіру, қадағалау сипатына қарай тікелей (нақты) немесе жасырын координациялық жобалар, байланыстарына қарай - ішкі, аймақтық, халықаралық жобалар болады. Орындаушыларының санына байланысты жеке, жұптық немесе топтық жобалар да жасала береді ....
Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық» Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Көркем әдебиет Сабақтың тақырыбы: «Жазғытұры» Абай Құнанбаев Сабақтың мақсаты: 1. Поэзия түріндегі шығармаларды жаттай білу қабілеттерін жетілдіреді. 2. Өлең мазмұнын түсініп, айтып бере білуге үйретеді. 3. Өлең сөздерін еске сақтап, мәнеріне келтіре жатқа айта білуге дағдыланады. Білімділік мақсаты: 1. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысады. 2. Көктем мезгіліндегі табиғатта болатын құбылыстардың ерекшеліктерін ажырата білуге үйренеді. Дамытушылық мақсаты: 1. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыра отырып, балалардың сөздік қорын молайтады. 2. Балалардың ойлауы, көре, сезіне, еске сақтау қабілеттерін дамытады. Тәрбиелік мақсаты: .....
Мақсаты. 1. Үй жануарлары мен үй құстары туралы және олардың адамға келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру. 2. Үй жануарлары мен үй құстарына деген қамқорлық сезімін ояту және оларға жағдай жасауға үйрету. 3. Еңбекқорлыққа баулу.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Қуанамын мен де, Қуанасың сен де. Қуанайық достарым, Арайлап атқан әр күнге. .....
Сабақтың мақсаты: Жыл бойы оқылған материалдарды қайталау, пысықтау, білімді бекіту. Тіл байлығын дамыту, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу, баланың бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Әдіс тәсілі: Ойын сабақ. Сабақтың көрнекілігі: Сюжетті суреттер, алфавит, 10 көлеміндегі натурал сандар, т. б.
Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру. - Балалар бүгін бізге көптеген қонақтар келіп отыр, енді осы қонақтармен амандасып алайық. Балалар: Сәлеметсіздер ме? Психологиялық дайындық. Жарқырап күнде ашылды Айналаға нұр шашылды Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз! Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз! .....