Курстық жұмыс: Экономика | “Темір жол техникасы” Ж.Ш.С. – ның экономикалық жағдайы

Кіріспе
Бұл курстық жұмыста мен фирманың әлеуметтік-экономикалық дамуын қарастырдым. Ол келесі көрсеткішкерден байқалады: кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы, цехтың өндірістік қуатын есептеу, жұмыскерлер санын және еңбек ақысын анықтау.Осы көрсеткіштерді мен нақты, кәзіргі уақытта жұмыс істеп жатқан « Темір жол техникасы » ЖШС-нен алдым. Бұл кәсіпорын двигательдерді жинау және құрастырумен айналысады, сонымен қатар басқа жұмыстармен де айналысады. Осы курстық жұмысты алуымның себебі, егер фирманың әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды жүріп жатса , онда халқымыздың да әлауқаты тез арада жоғарылайды деп ойлаймын. Ал бұл әр азаматты толғандыратын мәселе. Егер де кәсіпорын нарықты, сұранысты , тұтынушылардың талғамы мен қалауларын , сұранысты қанағаттандыратын тауар шығаратындарды , нарыққа ықпал ететін және өздерінің мүдделерінің сұранысына зерделейтін жағдайда болса, онда ол кәсіпорынның әлеумметтік – экономикалық дамуы жоғары қарқынмен жүреді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Бағдарламалау | Ықтималдықтар теориясында кездойсоқ шамалар

К і р і с п е
Қазіргі уақытта ықтималдықтар теориясы барлық жаратылыстану, экономикалық және техникалық ғылымдар ғана емес, тіпті математикадан алшақ деп саналатын тіл ғылымына, педагогика мен психологияға, сондай-ақ социологияға, археологияға еніп, ортақ тіл табысып, ішкі құрылыс заңдарын ашатын пәрменді құралға айналып келеді кеңейтіліп, анықтала түседі де, формальданады. Оқиға ұғымы ықтималдылықтың . Ықтималдықтар теориясының бірінші негізгі ұғымы- оқиға бірте-бірте классикалық анықтамасында бастапқы ұғым болып, формальды логикалық тұрғыдан анықталмайтын жиын ұғымы ретінде түсіндірілсе, аксиоматикалық тұрғыдан оған анықтама берілді. Сондықтан оқиға ұғымы туралы мына жағдайларды ескеру қажет. Оқиғалар мен олардың арасындағы қатыстарды үш рет қайталап отырғанымызды аңғару қиын емес. Ықтималдылық формальданған, бұл жағдайда ықтималдықтың классикалық, статистикалық (жиіліктік),, геометриялық және аксиоматикалық анықтамалары бір-бірімен салыстыру және жетімсіздігін толықтыру арқылы түсіндіріледі.
Негізгі теоремалардың дәлелдемесі ықтималдылықтың классикалық анықтамасы негізінде келтірілді. Комбинаторика ұғымы қарапайым статистикалық мәліметтер арқылы сипатталады. Мұнда қайталама және қайталанбайтын таңдаамалар сияқты статистика терминдерін енгіземіз. Комбинаторика ұғымы ықтималдықтарды есептеуге кең қолданылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу

Это важно!
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Өлеңдер
Толық
3 -2

Ертегі: Ақбай

Баяғыда Серікбай деген байдың Ақбай деген жалғыз баласы болыпты. Ақбай ат аяғы жерге жетер елді аралап, өзіне лайықты сұлу қыз іздеп, таба алмапты.
Сөйтіп жүргенде бір елде отыз күн ойын, қырық күн тойын берген бір байдың қызының тойы болыпты. Ақбай қасына қырық жігіт ертіп, он бес күн жол жүріп, сол той болып жатқан елге келіпті. Бұл тойда қасында қырық қызы бар, Бибісара деген бір байдың қызы да қырық ақ отау тіктіріп, салтанат құрып жатыр екен. Алыстан келген қонақ деп, Ақбайларды да осы қырық қыздың отауына түсіріпті.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Асқар Алтай | Мәйіт

Бұл оқиға байтақ далада емес, күні бүгін қыспақ қалада болды.

Аламан бәйге шабардай ғана жерде ұйлығып жатқан қалалықтарға таңсық емес. Көрдегі аруақ бір аунап түссе де, еттері өліп кеткен. Сөзге құлақ аспас, ойға сауын салмас...

І

Иқанның да, Иванның да кәсібі кісі қызығарлық емес еді. Олар — кәдімгі көр қазушылар: могильщик, қабірші, ақымшы, лақатшы... Өлі мәйіттің ең ақырғы “сауабын алушы”.

Екеуі бүгін де құлама қияда қабір қазды. Ақ қар жамылған Алатау бауыры таң бозынан күрек шыңылын шамырқанбай қарсы алған. Қара санды қабар сере күртікті сыпырып тастап, тоң жүрмеген қара шірікті қалың қабатты қарулы қимылмен аршып үлгерген. Күн төбеге көтеріле кісі бойы сары керішті кертіп, мәйіт келгенше дайын қылды.

Жұрт жиналған кезде оңашалау барып, астарына сырт киімдерін төсеп отырысты. Шылымдарын шығарып, құшырлана сорған.

— Байлар екен, — деді Иқан.

— Иә, көрініп тұр, — деді Иван. — Одан бірақ бізге келіп-кетері жоқ...

— Өз ісіңе жауап берсең — болды, — деп Иқан Иванның қышыған жерін қасып қойды.

— Білем, білем, — деп Иван да күмілжіді. — Әйел адам секілді.

— Білмеймін, — деді Иқан, — өлген соң бәрібір емес пе?! Қара жерге еркегің не, әйелің не — жұта береді... .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Бейімбет Майлин | Алғашқы сабақ


— Әй, қоясың ба, — деп Мінайдар басын көтеріп алды. — Жетті ғой... Кісіні орынсыз күйдіресің?!

— Мен бірдеме айтсам күйесің де қаласың-ау, — деп қатыны Маржанкүл, ашулы қарқыны басыла түсіп, күмілжіп сөйледі.

Маржанкүл бәсеңдеген сол Мінайдар да кенет келген ашуды ыдыратып, сұрланған бетіне аздап қан жүгіргендей болып, тікірейген көзін Маржанкүлден аударды. Кішкене үндемей отырды да, ашуының тарқай бастағанын білдіргісі келген адамдай:

— Кісі тіліне көп ересің, соныңа ашуым келеді. Болмаса ұрыс шығаратын осында не бар? Жалғыз мен бе, жұрттың бәрі де, барып жатыр, — деді.

Соңғы сөзді айтқанда Мінайдардың ашуы түгел тарап, қалыпты күйіне келіп еді. Маржанкүл осы қалпын сезгендей болып, о да бұрынғыдан жұмсара түсіп:

— Жұрттың бәрінің де барып жатқаны рас-ау, оның үшін ашуланбаймын ғой... Менің қытығыма тиетіні Сары шешейдің үйіне жиылатындарың, басқа үй құрып қалғандай соның үйіне жиналуын қарасайшы?.. Осы бар ғой, ойласам ішім от болып жанып кетеді. Сары шешей айтады дейді: «Қожалық өзімнің әмеңгерім. Қожалық тірі тұрғанда кетіктің басқасына мойын бұра алман» деп айтады, дейді. Сен үйіне барған соң екі кезін сенен айырмай қарайды да отырады ғой... Соның үшін күйемін, — деп Маржанкүл, жүнін түтіп отырып, Мінайдарға шын сырын айтты.

Мінайдар шынтақтап жатқан күйі, кеңкілдеп күлді. Кетік тісінен тілі жылмаңдап шығып тұрды.

—Ит-ау, кеше ұрысқанда сақалың сапсиып не бетіңмен барасың деген жоқ па едің? Енді бүгін екінші түрлі ғып үлгіртіпсің ғой...

—Оны айтқаным да рас еді. Кеше атам үйінен от алайыншы деп барсам, бірсыпыра кісілер жиналып, сөйлеп отыр екен ептеп құлағымды салсам, қауқылдақ үйіндегі қайнаға күліп: «Мінайдардың нағыз оқитын кезі ғой, тісі жаңа түсіп жүр» дейді. Соны есіткенде мүлде күйіп кетіп едім, деп, Маржанкүл бұ жолы күле сөйледі.

Манағыдай емес, екеуі де ашуларын тастап, жадырап сөйлесуге айналды. Шаруашылықтарын да сөз қып қойды жаздай жұмысқа жегілген жалғыз аттың ыңыршағы айналып, жегуден қалғанын, жалғыз бұзауға айырбастап алған қоңыр тоқтының салмалық етінің біткенін айтысты Маржанкүл ұнның біткенін, шайының соңын бүгін қағып салғанын айтты. Мінайдар ертеңіне қалаға бармақшы болды......
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Тарих өлмес тірі шежіре

Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Механика – математика факультеті

Қошқарбаев Нұрбол

Елемес Толқынай

«Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында, табиғи байлығы мол, өзіндік даму жолын таба білге ел».

Бүгінде Қазақстан үлкен мүмкіндіктері бар ел ғана емес, сол мүмкіндіктерді нақты жүзеге асырып отырған мемлекетке айналды.

Қазақстан Республикасы бірнеше мыңжылдық тарихы бар қазақ халқының өміріндегі жаңа кезеңнің, яғни ең жаңа тарихының басталуы болды. Халқымыз бұрында талай өтпелі кезеңдерді басынан өткерген.

Алдағы уақытта біздің алдымызда өткенімізден ақпарат беретін деректерімізді іздеп табу, жинау, жүйелеу, сақтау арқылы тарихымызды жазу міндеті тұр және бұл қазақ елі тарихнамасының өзекті мәселелерінің бірі болып табылатындығы күмәнсіз.

Қазақтың шежірелік зердесінде тарих ұдайы жеке тұлғалардың өмір дерегінен, мәдени-рухани ахуалынан бұрын, алдымен адам туралы мағлұмат беру басты нысана болы отырады.

Шежіре ру тарихы – ұлтымыздың бір бөлшегі. Ол ата-бабаларымыздың тарихтың сонау терең қойнауындағы хал-жағдайын, мәдениеті мен тұрмысын, шаруашылықты жүргізу тәсілін, өсіп-өнуі, көрші елдермен қарым-қатынасы жайлы сыр шертеді.

Барша қазақ халқын алып бәйтерек десек, үш жүзге кіретін және кірмейтін рулар оның бұтақтары. Сондықтан өзін парасатты санайтын әрбір қазақ азаматы өніп өскен, шыққан тегін айқын білуі қажеттігінде дау жоқ.

Қазақтың дуалы ауыз ақыны Әбубәкір Кердері: «Жігітке бақытта оңай, дәулетте оңай, болса егер қабырғасы халқы оның», - деп өз заманында жырлап өткен болатын.

Тарих халықтың кешкен өмірі, пешенелі тағдырының тасқа басылған айғағы және өлмес тірі шежіресі. Қазіргі өскелең өмірімізде уақытпен шендес кеңістік үшін көзді ашып-жұмғандай ғана мезетте көкірегімізге хатталып, санамызға өшпестей із қалдырған Тәуелсіздік тарихын жазудың да өз кезегі келген секілді.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Құқық | Азаматтық іс жүргізудің негізгі қатысушылар ретінде

Азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының субъектілері дегеніміз –нақты азаматтық іске қатысушы және сол іс бойынша белгілі процессуалдық статуста иеленуші тұлғалар.
Азаматтық іс жүргізу құқығының субъектілеріне ҚР азаматтары заңды тұлғалары, шетел азаматтары мен ұйымдары, халықаралық ұйымдастырушы және мемлекет кіреді.
АІЖК-ң субъектілерін 4 топқа бөлеміз:
1. Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар және іске қатысушыларға: сот, сот мәжілісінің хатшысы, сот приставы, сот орындаушысы кіреді.
2. Іске қатысушы тұлғалар: АІЖК 44-бабы. Оған: тараптар, үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекет ұйымдары, ерекше өндіріс бойынша арызданушылар, 56 және 57 баптар бойынша арызданушы жекелеген азаматтар.
3. Сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал ететін көмектесуші тұлғалар-куәлер, сарапшылар, мамандар, аудармашылар.
4. Соттағы өкілдер.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Бағалау | Кәсіпорынның бизнесін бағалау

Елімізде нарықтық қатынастардың дамуына байланысты бизнесті бағалаудың қажеттілігі де күннен күнге арта түсуде. «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» заңына сәйкес меншік объектілерін (мемлекеттік немесе жартылай мемлекеттік меншік объектілерін, мемлекеттік субъектілер немесе муниципалды құрылым меншігіндегі объектілерді) жекешелендіру, сенімді басқару немесе жалға беру, сату, национализациялау, өтеп алу, ипотекалық несиелендіру, жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде бағалау міндетті болып табылады.
Бизнесті бағалау өтімділігі төмен акциялары бар жабық кәсіпорындардың немесе ашық акционерлік қоғамдардың меншікті (жарғылықты) капиталының нарықтық құнын бағалауға мүмкіндік береді. «Акционерлік қоғамдар туралы» заңға сәйкес бірнеше жағдайларда акционерлік капиталдың нарықтық құнын бағалау тәуелсіз бағалаушылармен жүргізілуі тиіс. Мысалға, бұл әрекет, акцияларды өтеп алу кезінде т.б. жағдайларда алдын ала қарастырылуы керек. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Менеджмент | Кәсіпорындағы менеджментті тиімді ұйымдастыру жолдары

Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты жаңа типті басқару кадрлары дайындау және олардың жаңаша ойлау қабілеттерін қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Осы тұрғыдан алғанда, кадрларды кәсіби тұрғыдан, әсіресе, менеджмент саласына лайықты дайындау мемлекеттің ұзақ мерзімді экономикалық саясатының құрамдас бөлшегі болуы тиіс. Нарық жағдайында түбегейлі өзгерістерге ұшырайтын кәсіпорындар мен фирмалар деңгейінде бұл проблема үлкен мәнге ие болады. Өткір бәсекелестік жағдайындағы кәсіпорынның өміршеңдігін қамтамасыз ету үшін фирманы “дәстүрлі түрде” емес, жаңаша басқарып үйрену қажет. Ең алдымен, адамдарды жаңаша басқара білу керек. Бұның өзі нарықтың конъюнктураны алдын-ала болжап бағалай білетін, дер кезінде стандартты емес басқару шешімдерін қабылдап, оларды іс жүзіне асыратын ұжымда алатын жаңа типті басшы –менеджерлерді дайындауды талап етеді.
Диплом жұмысының мақсаты -өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру, прогресшіл техника мен технологияны енгізу, түрлі ресурстарды ұтымды пайдалану есебінен түсімді арттыру және т.б....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0