Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Республикамыздың әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясын айқындап, елу елдің қатарына кіру үшін 7 кластерді дамыту керек екендігін атап көрсетті. Бұл жеті кластердің бірі – туризм кластері. Туризм – әрі экономика, әрі саясат Мемлекет басшысының туризм кластерін дамыту арқылы Қазақстанның халықаралық беделін көтеру, сала жұмысының тиімділігін арттыру арқылы оны табыс көзіне айналдыру жайлы үкімет алдына мәселе қойып отыр. Туризм бүгінгі күнде жай ғана демалыс емес, қай мемлекетте болмасын шағын және орта бизнесті дамытатын қозғаушы күш. Бұл сала сонымен қатар, валюттік түсімдердің қайнар көзі әрі жергілікті халықты жұмыспен қамтамасыз етудің де құралы. Әлемдік статистика мәліметтеріне сүйенер болсақ, келген турист қай елге болмасын орта есеппен мың доллар көлемінде қаржы түсіріп, тоғыз адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді екен. Жер бетінің ұлтарақтай ғана аумағын мекен еткен Андора, Лихтенштейн, Монако, Сан-Марино тәрізді егжейлі мемлекеттерден бастап әлемдік саясатқа ықпал жасап келе жатқан Ұлыбритания, Германия, Испания, Франция, Қытай, Канада тәрізді іргелі державаларға дейін туризмді экономиканың негізгі табыс көзі айналдырған. ....
Кіріспе. Менің ойымша «Жалпы жертану – біртұтас жүйе болып табылатын географиялық қабықша туралы теория , материяның дамуы туралы географиялық және басқа ақпараттардың негізі . Сондықтан « Жалпы жертанудың»теориялық тұжырымдары салалық географиялық талдаудың методологиялық негізі болып табылады . Болашақ мамандардың географиялық дүние- танымына негіз қалайды . «Жалпы жертану» пәніндегі географиялық дүние таным біртұтастығымен сиппатталады: табиғи құбылыстар мен процестер бір –бірімен ғана емес қоршаған ортамен де тығыз жүйелік байланыста қарастырылады . «Жалпы жертану» глобальды экологияның теориялық базасы болып табылады , өйткені тірі организімдер мен адам баласы өмір сүріп отырған ортаның экология- лық қауіпсіздігін қамтамсыз ету мақсатында географиялық қабықшаның қазіргі күйін , оның болашақта өзгеру бағытын анықтауға ат салысады . Глобальды өзгерістерлі зерттеудегі негізгі мақсат : Жер системасының дамуына әсер ететін физикалық , химиялық және биологиялық процестердің қарым- қатынасын анықтау , оған ғылыми тұрғыдан баға беру .....
Кіріспе Біздің елімізде жүргізіліп отырған түбегейлі экономикалық реформаларға байланысты сақтандыру мәселесіне маңызды көңіл бөлмеу мүмкін емес. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде сақтандыру экономиканың стратегиялық секторының бірі болып табылады. Ол меншік иелеріне олардың мүліктері жойылып кеткенде немесе зақымдалғанда және табысты жоғалтқанда зардаптың орнын толтыруға кепіл беретіндіктен қоғамда әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Сақтандырудың рөлі-ең алдымен экономиканы микро деңгейінде көрінеді. Сақтандырудың нақты келісім-шарттары өздерінің мүліктік мүдделерін қорғау мақсатындағы жеке және заңды тұлғалармен жасалынады. Ірі аймақтарды қамтитын жүздеген кәсіпорынның мүдделерін бұзатын мыңдаған халықтың өміріне қауіп төндіретін ірі табиғи техногендік сипаттар пайда болуына сәйкес зардаптарды сақтандыру жүйесі арқылы өтеудің микроэкономикалық салдары болады. ....
Нарықтық экономикаға көшу кезінде экономиканың барлық салаларында түбегейлі өзгеріс болды. Сонымен қатар еңбек ақы төлеу жүйесі де өзгеріске ұшырады. Мемлекет пен кәсіпорындар және жұмысшылар арасында еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруда жаңа қатынастар пайда болды. Нарықтық экономикаға көшу кезеңі еңбек қатынастарын реттеу формаларынада өзгеріс енгізді. Ендігі жерде еңбек қатынастарын реттеуші формалары заң арқылы тарифтік және ұжымдық келісімдермен реттелетін болды. Әрбір кәсіпорын өз алдында тұрған мақсаттарына жету үшін өзіне қолайлы еңбек ақы төлеу жүйесін таңдауға құқылы. Еңбек ақы төлеудің өзекті мәселелері –ол еңбеккерлерге еңбек ақы төлеу мөлшерлерін төмендету және жоғарлатуға байланысты: еңбеккер әр уақтада жоғары еңбек ақы алуға ынталы, бірақ жұмыс беруші еңбекақыны төмендетуге сол жолмен өнімнің құнын арзандатуға әрекет етеді. Еңбек күшін тиімді пайдалануда бірінші әсер ететін фактор –ол еңбекке ақы төлеу жүйесі. Ал осы жоғарыдағы фактор еңбеккердің жұмыс орнына келуге негізгі себеп болып табылады. Сол үшін бұл мәселені күрделілігін бағалап болмайды. Еңбек және еңбекке ақы төлеу еңбектің сапалылығына және санына жедел бақылау жүргізуге және еңбек ақы фондына әлеуметтік төлемдер кезегінде өз алдына белгілі бір ерекешілігі болады. ....
ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақстан күрделі тарихи бет бұрыстармен қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді. Осы кезеңде елімізде жүріп жатқан ауқымды өзгерістердің мәнін әділ пайымдай отыратын өз ісіне берілген жаңалықты жатсынбай қабылдайтын ұлттық қасеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып шәкірттің жанына нұр құятын ұстаздық ана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Республика білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде Ел басы Н.Ә.Назарбаев былай деп үш мәселелерді шешудің төте жолдарына тоқталып, оның осы өзекті мәселелердің шешудегі бағытын айқындады. -Бүгінгі жастар осы заманның сыншысы тарихшысы да болғандықтан оқушымен жүйелі жұмыс жүргізілуіне баса назар аударады; - жастарды тәрбиелеу саласында көтеруге негіз болатын мәселелер ол білім және тәрбие беру саласында ғылымның дамуына оның жедел жүзеге асырылуы мұғаліммен оқушылардың ара қатынасы ғылыми-теориялық білім беруге баса назар аударады. Бүгінгі таңда өскелең ұрпақтың жеке тұлғалы қасиеттерін санасына қалыптастыру оқу танымдық қызығушылығын арттыру оқу тәрбие ісіндегі өзгерістердің қырымен сырын терең білу міндеттерін айқындау. Соның ішінде бастауыш мектептегі тәрбиемен білім беру тәжірибесіндегі білім, білік, дағдыны қалыптастыруда қазақ тілінің жасайтын қызметінің ерекшелігін түсіндіру, сездіру көкейкесті мәселе болып тұр. Бұл көкейкесті мәселенің мақсаты оқытудағы білім, білік, дағдыларды қалыптастыра отырып бастауыш мектептердегі қазақ тілінің білім беру ерекшеліктері жөнінде болып отыр. Қазіргі дамудың кезеңіндегі жаңаша ой пікірлер мен педагогикалық көз қарастардың қалыпастырудағы белесіндегі әлеуметтік философия тіл ғылымдарының алқымдылығы кеңейіп, оларды зерттеуде жан жақты толыға түсуде.....
Курстық жұмыстың тақырыбы “Корпоративтік ақпараттық жүйелер” деп аталады. Жүйе дегеніміз не? Жүйе ( грек.-systema-бөліктерден құралған) -өзара байланыс пен қарым-қатынаста болатын элементтердің жиынтығы. Ең алғашқы рет жүйе теориясын 1968 жылы австриялық биолог Людвиг фон Берталанфи (1901-1972) жасады. Ал ақпараттық жүйе – ретке келтірілген ұйымдастырылған құжаттар жиынтығы және ақпараттық технологиялар, сонымен қатар есептеу техникасы мен байланысты қолдану, ақпараттық процесстерді іске асыру болып табылады. Ақпараттық жүйелер-функционарлық ақпараттық процесстерді құру үшін енгізу, шығару, сақтау, өңдеуді қамтамасыз ететін жүйе болып табылады. Ақпараттық жүйе жинау, сақтау және өңдеу үшін арналған. Кәсіпорынды басқару,қазіргі заманға сай тілмен айтқанда,бизнесті басқару өз кезегінде әр түрлі өзгеріске ұшырады.Бірақ түп нұсқасы өзгеріске ұшыраған жоқ. Басқарушы сол мезеттегі оған мәлім мәліметтер бойынша шешім қабылдайды,ал қарамағындағы бағынышты адамдар шешімді естігеннен бастап орындайды.Тиімді басқару жүйесі негізінен мыналарға тәуелді: -қаншалықты тез жұмыс тұрақтылығы есебі және жаңалықтар басқарушыға жетеді; -қаншалықты мәліметтер уақыттылы және дұрыс; -қаншалықты тез жіне тиімді шешім орындаушыларға жетеді; -қаншалықты басқарушы тарапынан орындаушылардың үстінен бақылау жұмысы жүргізіледі. Жаңағы айтылған тиімділіктерді қамтамасыз ету үшін әр түрлі уақытта әр келкі техникалық құралдарды қолданды: тамтамдар мен хатшы көгершіндерден суперкомпьютерге дейін,компьютерлік желінің интранет және интернет,ERP жүйесі және әр түрлі жаңа үлгідегі тамтамдар.Бұл негізінен аз танымал және өте бағалы заттарды түсіну үшін шығарылған. Корпоративтік ақпараттық жүйенің құрылу мақсатыи тиімді өнімді нәтижеге ұмтылған кәсіпорынды басқару. Ең бастысы –корпоративтік ақпараттық жүйелер(КАЖ) жай ғана жүйе емес , ол өз алдына мақсат қоя алатын және оны жүзеге асыруға тырысатын мамандардың қолында қуатты да тиімді қару болып табылады.Курстық жұмыстың мазмұнын түсіну үшін мына сұрақтарға жауап бере білу керек: -КАЖ не үшін қажет ? -КАЖ-ң қандай түрлері бар ? -олар неден құрылады ? -жүзеге асыру жолдары ? -оларды енгізгенде максималды тиімді болу үшін қандай жолдар таңдау? ....
Инновация – жаңа бұйымдар мен озық технологияларды жасауға, өндіруге, дамытуға және сапалық жағынан жетілдіруге бағытталған күрделі құбылыс. Индустриалды-инновациялық қызметтің құрылымдық тұжырымдамасы республикамыздың индустриалды-инновациялық дамудың 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы қабылданды. Оның мақсаты - шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әр тараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады. Қазақстан өзінің тарихи таңдауын жасады. Экономика салаларының әр тараптануы және дамудың шикізаттық бағытталуынан шығу жолымен елдің тұрақты дамуына бағытталған Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «2003-2015 жж. Қазақстан Республикасының индустриалды - инновациялық даму стратегиясы» постиндустриалды экономикаға алғашқы қадам болып табылады. Өңдеуші өнеркәсіп пен қызмет сферасында бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндірісі берілген саясаттың басты бағыты. Индустриялы-инновациялық бағытты нақты шаралармен толықтыру мақсатында және оны жүзеге асырудың ұйымдық - экономикалық жетістіктерін қалыптастыруға қажетті негізгі шарттар мен қағидаларды қамтитын, индустрияны қарқынды түрде дамуын қамтамасыз ететін тұжырымдама әзірленді. Осы тұжырымдамада индустрия саласының бірінші кезектегі мақсаттары, отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау және дамыту бағыттары, әрі олардың мүдделерін қорғайтын зандық нормативтерге жүгіну механизмдерін жақсарту шаралары қамтылады.....
Тақырыбы: «Солдан-оңға» Мақсаты: Білімділік: Сан атауын заттарды көрсете отыра сәйкестіруге үйрету. Тәрбиелік: Бірін-бірі тыңдауға, сыйлауға, шыдамдылыққа, әсемдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу Дамытушылық: Зейін, қабылдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздік жұмыс: Текше, күлгін Көрнекі құралдар: 1-5ке дейінгі сандар, көрнекі суреттер. Технология: «Тәй-тәй» технологиясы Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ –жауап, ойын.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс -әрекеті Қызығушылық және ынталандыру кезеңдері Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударады. Балалардың көңілін өзіне аудартады. Балалар тәрбиешіге назар аударады. Іздену және ұйымдастыру-шылық кезеңі Тәрбиеші:Балаларды ортаға шақырып жылулық шеңберін құрады. - Балалар, қараңдаршы менің қолымда не? - Иә, гүлдер қандай? - Қазір мен сендерге бір-бірден гүлдерді таратып беремін, сендер сол гүлді бір-біріне әдемі тілектерінді айта отырып, ұсынасыңдар. - Ой, менің қолымда көп гүлдер жиналып қалыпты! Рахмет сендерге, балалар! Сендерге осы гүлдер сияқты жайқалып өсіңдер! - Енді сәлемдесіп алайық. - Жарайсыңдар, енді орнымызға ақырын ғана барып отырамыз. - Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті ҚМҰҚ. Тақырбы: Солдан-оңға Тосын сәт. Айдана жылап кетіп бара жатады. Оны тәрбиеші тоқтатып: - Айдана бұл сенбісің? - Иә, мен – Айданамын. - Балалар, мынау – Айдана! - Сәлеметсіңдер ме балалар?! - Айдана сен неге жылап кетіп бара жатырсың?
- Неге?
- Сен балабақшаға бардың ба? - Болды жылама, бүгін біз балалармен сандарды үйренгелі жатырмыз. Біздің балалар саған көмектеседі. Балалар сендер Айданаға көмектесесіңдер ме? - Айдана сен мына жерге балалармен бірге отыр, сабаққа қатыс. - Балалар мынау қандай сан? - Дұрыс, ал мынау не? - Қарбыз нешеу? - Мынау қандай сан? - Иә, ал мынау не балалар? - Ол нешеу? - Мынау қандай сан? - Дұрыс, мыналар нелер? - Олар нешеу? - Иә, қандай сан? - Дұрыс, мынау қандай пішін? - Олар нешеу? - Дұрыс, қандай сан? - Иә, мынау не? Олар нешеу? - Дұрыс, жарайсыңдар балалар! Тағы да менде жақсы, әдемі заттар бар. Мынау не ? - Менің қолымда неше кітап бар? - Дұрыс, ал мынау не? Нешеу? - Иә, ал мынау не? - Лентаның неше түсі бар? - Дұрыс, ал мынау нелер? - Иә, дұрыс бірақ та ол орысша. Ал қазақша ол – текше деп аталады. Қане текше деп айтайық. - Менің қолымда неше көбелек бар? - Дұрыс. Балалар текшелер көп пе, әлде көбелектер көп пе? - Қайсысы аз? - Енді балалар сендермен қызықты бір ойын ойнайық. «Қай сан жоқ?» атты ойын. Мен бір санды жасырамын, сендер тауып алуларың керек. Қане, көзімізді жұмамыз.(тәрбиеші бір санды тығып қояды) Қай сан жоқ? - Дұрыс, тағы да жасырып көрейін. Енді мен Айданадан сұраймын. Қай сан жоқ? - Бес - Дұрыс Айдана. Үйреніп қалдың ба? - Иә, үйреніп қалдым. (Ойын осылай жалғасын табады.)
-Гүлдер
- Әдемі Балалар бір-біріне әдемі тілектерін айтады.
- Рахмет!
- Сәлем саған алтын күн!
Сәлем саған Көк аспан! Сәлем саған Жер Ана! Сәлем маған, сәлем саған! Балалар өз орындарына барып отырады.
- Сәлеметсіз бе?!
- Өйткені мені мектепке алмай қойды. - Мен сандарды, пішіндерді білмеймін. - Жоқ, мен барған жоқпын, әйтпесе білер едім.
- Иә, көмектесеміз.
- Жарайды, рахмет!
- Бір - Қарбыз. - Біреу. - Екі - Бұрыш - Екеу. - Үш. - Қояндар. - Қояндар үшеу. - Төрт. - Дөңгелек
- Төртеу. - Бес. - Доп. Доптар бесеу.
- Кітап
- Бір кітап бар.
- Екі жұмыртқа.
- Лента. - 3 түсі бар. Сары, көк, қызыл. - Кубиктер.
Халықтың асыл қазыналары – ауыз әдебиеті аңыз - әңгімелерден, ертегілерден, шешендік сөздерден тұрады. Балалардың ақыл - ойын дамытуға аңыз – әңгімелер, ертегілер оқудың маңызы зор. Халықтың асыл қазынасымен сәбилерді сусындату, ертегілерді пайдалану арқылы жүзеге асады. Бүлдіршіндер өте әсершіл келеді. Естіген ертегі мазмұнын есте сақтап, әділдікке сену, біреуге жақсылық жасау, көмектесу сияқты қасиеттерге ие. Балаға күнделікті жылы дауыспен айтқан ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, күлдіргі әңгімелер сәбидің жан дүниесіне әсер етіп, ізгі қасиеттерін дамытып, ақыл - ойын жетілдіреді. Ертегі арқылы еңбекке, шыншыл болуға, туған жерін сүюге, батыр да батыл болуға тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз. Ертегі тыңдау арқылы бала оған еліктейді, өзі де ертегінің басқа түрін, ойлап шығарады. Түйсік қабілеттері дамиды. Кішкентайынан ертегі тыңдап өскен бала ақылды, зерек, терең ойлы, зейінді болып өседі. Ертегі жаңа өскін балауса буынның сана - сезімін оятып, ақыл - есін дамытып, адамгершілікке тәрбиелейді. Мектеп жасына дейінгі балалардың жасына лайықты, ертегі, жұмбақ жаңылтпаш, әңгіме естіп өсуі – олардың сөздік қорының молаюына, ақыл - ойының жетілуіне дыбыстарды дұрыс айту мәдениетіне әсер етеді. .....
Жастық жылдардың аумалы-төкпелі, бейжай күндері — елеусіз бір дүние. Менің көзіме жастық шақтың тек қана жылы шуақты, тамаша кезеңдері елестейді. Бейкүнә балалық, шақтың ебедейсіз, сәтсіз һәм беймаза күндерінің өзін мен дайын тұрған бақытқа ешқашанда айырбастамаған болар едім...
Мың тоғыз жүз қырық екінші жылдың ауыр айлары ілбіп өтіп жатты. Соғыс жылдарының қытымыр, көңілсіз күндері өкпеге түскен құрттай тіршіліктің ажарын алған. Әншейінде будақтап тұратын ауыл оттары бұл күндері жалқау көлеңдейді, сөніп бара жатқанға ұқсайды. Арбалардың доңғалағы қиралаңдап жолдың ыстық шаңын аспанға көтереді. Оған жегілген арық аттар аяқтарын сылбыр басып, жүре ұйықтайды. Майданға кеткен ересектердің ауыр кетпені жас өспірімдердің иығына батты. Бірі тары суырып, бірі мақта баптап, әркім өз ісімен әбігер. Есік-терезесі аңғал-саңғал иесіз мектепті көлеңкелеп сиырлар тұр.
Көше бойлап жүре қалсаңыз, көңілсіз жәйттерге тап боласыз: қыр-қыр еткен қол диірменнің мылқау үні, келі-келсаптың тақ-тұқ еткен қатқыл даусы қазан басының, жомарт дастарқанның сәнін кетіріп, қалың ауыл-аймақты құлазытып жіберген. Жұрттың қорегі шай мен жүгері талқан, қара тентек, қала берді быламық...