Курстық жұмыс: Қылмыстық құқық | МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ ӘДІСТЕМЕСІ

Кіріспе.
Қазақстан Республикасының конституциясы бойынша Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікпен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субьектілері мен объектілері меншік иелерінің өз құқықтарын түзеге отыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді. Кез-келген заң бұзушылық мінез-құлық қоршаған ортаға, қоғамға, белгілі бір мөлшерде қауіп әкеледі. Ал, қылмыс дегеніміз - қоғам үшін ерекше қауіпті құбылыс. Жасалған қылмыс үшін ең алдымен қылмыскердің құрбаны зардап шегеді. Қылмыс - қоғам үшін қауіпті заң бұзылушылықтың өрескел көрінісі, ол заң тиым салған, заңмен жазаланатын әрекет немесе әрекетсіз өрескел қылықтар. Қылмыс алуан түрлі болып келеді. Сондықтан саналы азаматтар құқық қорғау органдарына көмек көрсетіп отыруы тиіс. Егер ойлап қарасақ, мұның өзі - адал ниетті, заңды мүлтіксіз орындап жүрген адамдардың өздерін қорғауға қажетті іс. Меншік иелерінің заңды құқықтары азаматтық құқықтық нормамен, сондай-ақ меншік құқығына қоғамға қауіпті іс-әрекет арқылы қиянат жасалғанда қылмыстық құқық нормасы арқылы да қорғалады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Мұстафа Шоқай | Түркия Кеңес достығы

(Уәли Нұралдин бектің мақалаларына орай)

Ыстамбұлда шығатын «Хабар» атты газетінің (14 және 15 і желтоқсанда шыққан) екі санында Уәли Нұралдин бектің мақаласы басылып шықты. Олардың екеуі «Дүние жүзіндегі түріктер ...танысыңыз!», біреуі «50 миллион түрік бұқарасы қауіп астында» деп аталады.

Аталған мақалалардың мазмұндары олардың аттарынан да анық көрініп тұр. Бұлар Нұралдин бектің кезінде «Яш Түркістанға» көшіріп басылған (48-санына) екі мақаласының жалғасы іспетті. Уәли Нұралдин бек түрік баспасөзі беттерінде түрікшілік мәселесін өз деңгейінде көтеріп, жүрген бірінші және қазіргі кезде бірден-бір түрік қаламгері...

Түркия сыртында әмір сүріп жатқан түріктердің жағдайларынан хабар алып тұру, олармен қалыпты қарым-қатынас жасау мәселесі әлдекімге немесе Түркияның әлдебір елмен орнатқан саяси байланыстарына қарсы бағытталған дұшпандық әрекет емес. Осылай деп есептелетін болса, мұндай көзқарас Түркияның таяудағы, өткінші мүдделеріне болса, оның алыс болашақты көздейтін идеологиялық негіздеріне немқұрайды қарағандық болып шығар еді. Кеңес Одағы шекарасы ішіндегі Түрік автономиялары бастан кешіріп отырған қайғы-қасіретін кеңестік құрылым мен Түркия арасындағы достық - ынтымақ арқылы үйлестірмек болып жүрген Уәли Нұралдин бек мұны жақсы біледі.

Кеңес құрылымы мен Түркия Республ.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Асқар Алтай | Лайбаран


Иттен туып, іннен шыққан...

Дүрмегі мол дүр дүниеге дауа бар ма?! Ит етін жеген... жо-жоқ, ит етін жегізген итіс-тартыс қоғамда тірлік кешіп келеді. Ит болып, итаяққа тиіп жүргені тағы рас. Ит секілді жуынды-шайынды да емес, күл-қоқыстан қи терген қара қарғадай қалған-құтқан жұлмалап жүргені де шындық. Бірақ иттен туып, іннен шықпағаны хақ! Адамдар алшаңдай басқан қиямпұрыс қоғамда өмір сүріп жатқаны ақиқат.

“Иттен туып, іннен шыққан хайуан!” деді-ау! Өңешіне өт құйып жібергендей болды. Отыздың бел ортасына жеткенше талай тәлкек сөзді естісе де, дәл осындай кере кемсітушілікті құлағы шалмаған. БОМЖ* болғалы былапыт сөз бен былғаныш жер бұған жуық. Бірақ төбесінен балқыған қорғасын тесіп өткендей өзгеше бір сезім тұла бойын тіксінтіп, қара құсынан қара бақайына шейін қақ айырды. Құтты жай оты жарып өткендей болды.

Осы бір отты сезім Әкөннің өліп бара жатқан жан дүниесін астаң-кестең етті...

Мұның ар жағында әлдеқашан сөніп қалған намыс оты үрлеген шаладай шоқтанды. Иван-кочегардың көзі өңменінен өтіп, сөзі шымбайына батып кетіп еді... Қасындағы Болат-бұзау болса жұмған аузын ашпайтын әдетімен есінеп қойған.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Балалар БОЛАШАҒЫМЫЗ

БОЛАШАҚ ҰРПАҒЫМЫЗ ҮШІН 5 МИНУТЫҢЫЗДЫ БӨЛІП, СОҢЫНА ДЕЙІН ОҚЫП ШЫҒУЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫН!

Қазіргі таңда бала тәрбиесіне көңіліңіз тола ма? Болашағымыз - балаларымызды дұрыс тәрбиелей алып жүрміз бе? Балаларымыздың тәрбиесіне жеткілікті көңіл бөлудеміз бе? Бұл сұрақтарға өзіңіз іштей ойланып, жауап беріп көріңіз. Ал, мен өзімнің тәжірибем бойынша түйген бірнеше ой-пікірімді сізбен бөлісіп көрейін.

Біздің қоғамда ата-аналардан «бала тәрбиесі дегенді қалай түсінесіз?» деп сұрасаңыз, көбінен «қарны тоқ, көйлегі көк, ел қатарлы өмір сүріп жатыр, басқа не керек?» деген жауап естисіз. Яғни, біз балаларымыздың жағдайын жасап, өз ортасында ұялмай жүре алуы үшін барымызды саламыз. Жағдайымыз қатты мәз болмаса да, «балам мұңаймасын» деп қалаған телефонын да алып беруге дайынбыз. Тіпті, көптеген ата-аналардан «соңғы киімімді сатсам да сені оқытамын, қатарыңнан қалдырмаймын» деген сөзді естисіз. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Сиырдың туу патологиясын емдеу және алдын алу

1 КІPІCПЕ
1.1 Тақыpыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығылорло
Халықты жануаpолтекті азық түлікпен қамтамаcыз ету, cүт және ет бағытындағы мал шаpуашылығыныңолэкономикалықолтиімділігі мал баcын көбейтуге байланыcтыоюлржлотюипдрбоннпмпгл
Малдыолкөбейту – мал өcіpу мен мал шаpуашылығынан шикізать алу технологияcыныңлдқұpамдаcоолобөлігі болып табылады. Ол мал шаpуашылығыныңджүнемділігін, pентабелділігін және мал баcының өнімділігн анықтайды. Оcыған оpай малдшаpуашылығы өнімдеpін өндіpудің ең біp іpі қоpы – бұл cиыpлаp мен құнажындаpдыңлдбедеулігін және қыcыp қалуынджтөмендету үшін күpеc болыпджтабылады. Бүгінгі таңда мал өcіpу мәcелелеpі аcа маңызды, көкейтеcті мәcелелеpгеджайналды [1].
Жоғаpы өнімді малдыңджбедеулігі мен қыcыpждқалуы – күтіп – бағу мен азықтандыpу еpежелеpінің нашаpлауы cалдаpынан болғанлдакушеpлік – гинекологиялық патологиялаpданджқалыптаcады. Ол көбінеcе көбею ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Архитектуралық құрылыстар

Delphi визуалды программа құру системасы қәзіргі кезде үлкенсұраныстарға ие .Бұл программаны жаңа бастап жүрген мамандар мен системалы програмистер қолдана алады. Ақпараттық жүйе қиын қосымшаларын жетілдіруге пайдаланылып жүр.
Delphi тез және жеңіл түрде қосымшаларды өңдейді.Бұған қоса мәліметтер базасын құруда да.Бұл система қолданбалы интерфеис құру үшін жетілдірілген мүмкіндік.
Delphi программасын әдетте қосымшаларды тез арада құру системаларының біріне жатқызамыз.Сонымен қатар бұл система Қазіргі кездегі барлық мүмкіндіктерді қамтыған.Мысалы Microsoft Accese және Visual Fox Pro сияқты программалар.Бұл ыңғайлы түрде инструментальды программа көмегімен қосымшаларды құруға ,Мәліметтер базасына визуалды сұрақнама даиындауға,Сонымен қатар Мәліметтер базасында SQL-сұраныс жасауға қолданылады.
Локальді және өшірілген мәліметтер Базасында қоымшалармен жұмыс құру үшін Delphi қолданылады.Бұған қоса мәліметтер базасын интернетте жариалайды. Осы күнгі технологиядағы кең көлемді инструментальді жинақтармен қамтылған Оның ішінде «клиент-сервер» технологиясы-да қамтылған.
Көп жағдайда қандай-да болмасын кәсіпорындарды жетік қадағалап отыру үшін дамыған ақпараттық жүйе қолданылып жүр.Ақпаратты өңдеуде автоматтандырылған процесс жинағы пайдаланылады .Бүгінгі күнге ақпараттық жүйе формасы болып мәліметтер банкі қалыптасқан.
Көліктің негізгі эканомикалық көрсеткіштері: Жалпы қосылған құн эканомика салалары деңейінде тауарлар шығарып,қызметтер көрсету мен аралық тұтыну арасындағы аиырмашылығы ретінде есептеледі.»Жалпы» термині көрсеткішке өндіріс процесінде негізгі капиталдың тұтынылған енгізілгенін көрсетеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Графикалық ақпаратты экран терминалына шығару

EGA графикалық адаптер бұл екі графикалық беттің рұқсат етілген 640x350 түсті пикселді сақтаумен және бейнелеумен қамтамасыз етеді. Адаптер 64 түспен қамтамасыз етілген, бірақ экран бетіндегі бейнелер 16 түсті құрайды және олар оңай өзгереді. Машина іске қосылғанда стандартты палитра құрылады.
Барлық экрандағы фонды түс әртүрлі 16 түсті қабылдай береді және екі жақтағы беттің фоны бір уақытта өзгеріп отырады. Фонды түсті өзгертуге болады және ол экран бетіне шығарылған бейнені қозғамайды.
Еркін бейнелерден басқа, экран бетіне графикалық режимдегі мәтіндік ақпаратты әртүрлі DOS және BIOS функцияларын пайдаланып, экранға жолды символдарды шығаруға болады. Мысалы: INT 21h функциясы 40h немесе 09h функциялары арқылы, INT 10 функциясы 09h немесе 0Ah функцилары арқылы шығарады және т.б. функциялары арқылы шығарылады. Экрандағы жолды позициялау үшін BIOS драйверінің 02h функциясын пайдаланылады. Ол курсордың мәтіндік координаттарының орын орнатады және графикалық режимде шығарылмайды. Сондай-ақ экран бетіне шығарылған символдар графикалық және мәтіндік режим дәл сол орынға түседі. Мәтіндік жолға графикалық координаттың белгісімен шығаруға және бағыттарын өзгертуге болмайды. Символдардың кескін үйлесімі (конфигурация) кодты кестеден алынады. Басқа символдардың өлшемін немесе кескін бейнесін шығару үшін кодты кестені сәйкестендіріп дайындау керек немесе символды қолмен салу қажет. Кең көлемдегі белгіленген көптеген қолдаңбалы програмалардың
(TURBO PASCAL-дің графикалық жүйелері және PAINT BRUSH графикалық редакторы ) осындай тәсілдері бар.
Графикалық бейнелерді програмалау кезінде BIOS видеодрайверінің функциясын пайдалануға болады. Олар төмендегідей:
00h- видеорежимді орнату;
05h- видеопарақтарды орнату;
0ch- пикселді шығару;
0fh- видеорежимді алу;
10h, функция асты 00h- реңдік регистрді орнату;
10h, функция асты 01h- экрандағы шеткі түсті орнату;
10h, функция асты 02h- түрлі түсті регистрдің палитрасын орнату;
11h, функция асты 21h- графикалық режимде пайдаланушының кесте шрифтімен толтыру. Осы аталғандардан басқа көптеген шектеулі функциялар пайдаланылады.(мысалы графикалық позициядағы пикселді оқу)
00h функциясы видеожүие режиміне ауысып, қосуға рұқсат береді. Көлемі 256кб видеобуферлі EGA адаптерінін мәтіндік режимдегі коды- 03, ал графикалық режимдегі коды-10h. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Жүзден жүйрік танымдық спорттық ойын

Сабақтың мақсаты: Балалардың танымдық білімдерін және спорттық қимыл қозғалыстарын тиянақтау.Жан – жақты сауатты,дарынды, озық, қабілетті бала тәрбиелеу.Ойын арқылы логикалық қабілетін, танымын дамыту.Жылдамдылыққа,алғырлыққа,тапқырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сұрақтар жинағы.Тірек сызбасы,арқан, шелек пен кружка,орамалға түйілген теңгелер, жұмбақтар,мақалдар,білім кілтінің макеті.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Құқық | Құқықтық норма

Құқық адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Заң ғылымының негізі мемлекет және құқық теориясынан басталса, аталған пән өз бастауын құқық терминінің мазмұнын ашудан басталады. Бұл жерде “неге?” деген сұрақ заңды туындайды. Жауап іздер болсақ, мынаны айтуға тура келеді: 1) құқық мемлекетпен пайда болған. Демек, мемлекет атаулы билік құралдарының жүйесімен ішкі, сыртқы көпқырлы функцияларды біріктіре білген жиынтықты зерттеу қажет болса, онда оның бастауы міндетті түрде құқық ұғымына тіреледі деген сөз.
2) Құқық әлеуметтік және философиялық тұрғыдан алғанда, өте ауқымды түсінік. Ол өз бойына тек құқықтық нормаларды ғана емес, сонымен қатар құқықтық сананы, құқықтық қатынастарды да біріктіреді.
3) Құқық – қай қоғамның болмасын мүшелерінің ара-қатынастарының бұлтартпас бөлшегі. Кез-келген қатынас моральдық және заңды тұрғыдан құқыққа сүйенгендіктен, мемлекет және құқық теориясы пәнінің де өз кезегінде алғашқылардың қатарында құқықты зерделейтін осы және өзге де себептерге байланысты.
Енді құқық нормасына келер болсақ, құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік.
Ал құқықтық қатынас бұл – құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар.
Аталған құқық, құқықтық норма және құқықтық қатынас ұғымдары менің дипломдық жұмысымның арқауы болып отыр. Жұмыс үш тараудан тұрады, әр тарау 2 бөлімді қамтиды. “Құқық туралы түсінік” атты 1-ші тарауда құқық ұғымы жайлы жалпы түсінік пен оның белгілері және нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың алар орны жайлы сөз етіледі.
Құқық ұғымы жайлы түсінік бергенде, оның жалпы мәнін ашуға тырыстым. Заң ғылымында “құқық” термині бірнеше мағынада қолданылады. Құқықты ресми түрде танылған қоғам мүшелерінің әрекет ету мүмкіндігі деп қарастырса, келесіде “құқық” деп құқық нормаларының жүйеленген жинытығы деседі. Ендігі ретте “құқықты” оқу пәнінің ұғымы ретінде қолданылады делінеді. Осыдан өзге ғалымдар құқыққа субъективті де, объективті де тұрғыда анықтама беруге тырысады.
Міне, осындайлық құқық терминіне анықтама беруден бастап, бұл бөлімде сонымен қатар оның өзіне ғана тән белгілерін аштым.
“Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орны” – бөлімінде нормативтік реттеу жүйесі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардан тұратындығы, олар әлеутеммік және әлеуметтік-техникалық нормаларға бөлінетіндігі жөнінде сөз қозғалды. Осыларды аша келе І тарау мағынасы ашылды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0