Әңгіме: Әзиз Несин | Таксидің есігі

«Куртулушқа барамын!» — деп шофер айқай салған сәтте-ақ мен таксидің есігіне жармаса кеттім. Добалдай тұтқасынан шап беріп бұрай бастадым, бірақ есік ашыла қоймады. Тұтқа тырп етпей тұрып алды.

— Солға бұра! — деп ақыл берді шофер.

Солқылдатып солға қарай тарттым. Былқ етпеді.

Шофер:

— Солға деп отырмын ғой, бей-ay, солға! Сен, немене, солдатта болған жоқ па едің? — деп айқайлады.

Апырым-ау, мен оң жағым қайсысы, сол жағым қайсысы екенін шынымен ұмытып қалғанмын ба деп ойладым.

Біздің долмұштың соңынан жеткен жеңіл машиналар, автобустар, жүк машиналары іркес-тіркес ошарылып қалыпты. Жол сілтеуші шыбын жаны шырқырап ысқырып тұр.

Солға қарай бұрасаңшы!

— Бауырым-ау, бұралмай тұрған жоқ па!

Шофер созып қол ұшын тигізді де, есікті аша салды, мен кіріп отыра қалдым. Машина орнынан қозғалды. Шофер да бұрқырай жөнелді: «Үлкеннің тамағын ішіп, баланың ісін істейтіндер толып жатыр! Ата сақал ауыздарына біткенше оң мен солын айырмайды. Солар-ақ шашымды ағартты. Түкке тұрмайтын нәрсе: солға бұрап қалсаң болды,— есік ашық...» .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Антон Чехов | Жуан мен жіңішке


Николаевск темір жол вокзалында екі дос кездесе кетті: бірі жуан, бірі жіңішке. Жуан жаңа ғана вокзалдан тамақтанып шыққан еді, сондықтан оның май тиген еріндері піскен шиедей жылтырап тұрған. Одан херес пен флердоранж иісі шығады. Жіңішке жаңа ғана вагоннан шыққандықтан үстіне шамадандар, түйіншектер, қатырма қағаздар арқалап алған еді. Одан ветчина мен кофе тұнбасының иісі шығады. Жіңішкенің сыртынан ашаң жүзді әйелі мен ұзын бойлы, көзі сығырайған гимназист баласы қарап тұр. Жуан жіңішкені көріп:

— Порфирий! Сенбісің? Жарқыным-ау! Көріспегелі қанша заман! — деп дауыстап жіберді.

— Құдай-ау! — деп таңырқады жіңішке. — Миша! Бала жастан бірге өскен досым! Өзің қайдан жүрсің?

Достар үш қайтара сүйісіп алды да, жасқа толы көздерін бірінен-бірі алмай қарап қалды. Екеуі де естері кетіп елжіресті.

Сүйісіп болғаннан кейін жіңішке сөз бастады: .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Колхоздан келген қонақ


Есіл оянысымен көзін уқалай түрегеліп, бұрыштағы бала кереуетіне қараса, түнде онымен «жақсы түс көр» айтысып ажырасқан бұйра бас сары қыздың қарасы да жоқ. Көрпе-жастық кешегі күндізгі салтанатында тап-тұйнақтай жиюлы тұр. Есіл шифоньер айнасының алдында шашын өрігі тұрған анасынан:

— Мама, Зина қайда? — деп сұрады.

— Зина балалар бақшасына кетті.

— Қашан кетті?

— Әлгінде, сен ұйықтап жатқанда тұрып кетті.

Бұл хабар Есілге тым жайсыз әсер етті. Ол әлі де ұйқы табы айықпай, құрыстаныңқырап тұрған қабағын шыта түсіп, жабырқау кейіпте отырып қалды. Осы кезде мамасы:

— Ұйқың қанса, түрегел. Киін, — деп еді. Есіл мұны естімегендей, өз уайымын айтып жауап қатты:

— Мен енді кіммен ойнаймын?

— Түрегел. Аулада сен ойнайтын бала табылады.

Есіл тұрып, киіне бастады. Ол мамасымен екеуі Алматыға кеше кешқұрым келген болатын. Мамасы бұдан бұрын да мұнда талай келіп-кетіп жүрген адам. Ал Есіл болса бірінші рет.

Зинамен ол кеше теп-тез үйірсектеніп, екеуі бүкіл кешті тату ойнап, қызықты өткізіп еді. Енді сол серігі ұзақ күнге қасында болмайтынын білген соң Есіл қалай уайымдамасын. Мұндағы балалардан ол басқа ешкімді де танымайды ғой.

Шай үстінде де Есілдің қабағы ашыла қоймады. Мамасы оның көңілім сергітпекші болып:

— Мына әжең сені көшеге алып шығып, қала аралатып көрсетеді. Трамвайға мінгізеді,— деді.

— Ал сен ше? .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мен қазақ қыздарына қайран қалам


Қыз бала — ұлт ұйытқысы, болашақ ана, аяулы жар. Бұл ұғым “қазақ” атауы дүниеге келгеннен күні бүгінге дейін аманат есебінде қалыптасып келеді. Дегенмен, осы арулар шын мəнінде саналы ұрпақ қалыптастырып, бір қазақ үйінің «отымен кіріп, күлімен шығып отыр ма?» деген сауал туындайды. Осы тұрғыда қыздарымыздың өзге ұлт азаматының етегіне жармасып, өзге ел табалдырығын аттауы жиілеп барады. Қаракөздеріміздің шетел азаматтарымен шаңырақ көтеруі өзекті мəселе десек, қателеспейміз.

Қазіргі таңда еліміздегі əр 100% некенің 20%-ы аралас неке болып табылады. Бұған не себеп? Ең бірінші ойға келетіні — қомақты қаражат, «бақ» қонған заңғар үй. Иə, көбінесе қыздардың басым көпшілігі байлықтың көзіне құмартқандықтан, осы əрекетке барады. «Бұл топқа көбінесе тұрмысы төмен отбасыдан шыққан қыздар жатады»,-дейді психолог мамандар. Екіншіден, өзге елдің тілін біліп, «Болашақпен» білім шыңына қол жеткізуді мақсат тұтқан «тыңдаушылар»(студенттер) Алғашқыда олар алпауыт елге арман қуалап кетсе де, кейіннен жаңа ортаға бейімделген соң, мəңгілік сол елді тұрақ етуді көздейді(бір себеп: онда айлық табыс біздікінен 10 есе жоғары). Үшіншіден, қазақ жігітінен қатты көңілі қалған бойжеткендер. Олар жігіт атаулыға «кек» қайтаруды көздеп, тұрмыс құрады. Бұл санаттағылардың легі 18-ді өткеріп, оң-солын бес саусақтай таныған қыз-келіншектер. Бірақ, бақ қуалап кеткендердің барлығы дерлік көздегендеріне жете бермейді. Өзгенің қара қасқа иттері “қорғансыздың күйін” кештіріп, қайтып келген қыздардың да саны жетерлік. Бұл дегеніміз, бір қыз шетелге күйеуге шықса, мың қыз түс көргенмен тең (көпке топырақ шашқаным емес)… .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Мектеп вальсі


- Айнұрды айтамын-ау, - дейді апасы. - Айнұрды айтып отырмын! - дейді сонан соң, "кімді айтып отырғанымды өзің біліп отырсың ба?" дегендей. Бұл - апасының үлкен ағасына қарап дастарқан басында сөйлеп отырғандағы кейпі.

- Ау, біліп отырмын ғой, - дейді ағасы. - Айнұр деген өзімізбен қарайлас
оқыған жігіттер емес пе?

- Сол бала мектепті алтын медальмен бітірді ғой, - дейді апасы.

- Ау, Айнұрлар деген мықты оқыған жігіттер ғой! - дейді ағасы. - Айнұрлар деген мектепте мықты оқыды емес пе?!

- Әне! Оқысаң, сол баладай болып оқы! - дейді апасы. - Ауылдың қарапайым ұлы. Мектепті өзінің білімімен алтын медальға бітіріп шықты.

Апасы соңғы сөзді айтқанда бұлар отырған жаққа қарап отырып айтады. "Осыны сендер үшін айтып отырмын, өздерің бірдеңе түсініп отырсыңдар ма?" дегендей.

- Сол бала қай ғылымның соңына түсті? - дейді сонан соң тағы да ағасына қарап.

А .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Балық шаруашылығы | Тоған шаруашылығындағы ақ амурдың биологиясы мен морфологиясы

Арал-Сырдария су алабының соңғы жарты ғасырда зор экологиялық апатқа ұшырағаны белгілі. Үлкен Арал теңізінің қайырылмас құрдымға кеткені халқымыз үшін орны толмас өкініш. 1992 ж. Үлкен теңізде ең соңғы экологиялық зерттеу Ресей ғалымдарының қатысуымен жүргізілді. Сол жылы теңіз суының тұздылығы орта есеппен 33,8 %(%-промиля, немесе г/дм3) болған. Демек 1950- 1960 ж. мөлшерінен (10,08 %) үш еседен артық жоғарылаған болатын. 1996 ж. зерттеулеріміз бойынша теңіз суының тұздылығы 42,1-84,3 % шамасында кей жерлерде 85,8% жетті. Кейінгі жылдардағы деректер бойынша су тұздылығы 100% дейін көтерілген. Демек Үлкен Арал айтарлықтай тіршілік қалмаған өлі теңізге айналды.
Кіші Арал теңізінің қалпына келтіру шаралары 1992- жылдан басталды. Жергілікті ұйымдардың күшімен екі дүркін екі теңіз аралығына уақытша бөгет салынды. Бірақ олар су деңгейі көтерілген мезгілде жарылып, жиналған су Үлкен теңізге ағып кетіп жатты.
Соңғы жылдары Кіші теңіз және Сырдария өзенін қалпына келтіру жобасы іске асырылуда. Көкарал бөгеті салынып теңіз суы 42 метрлік деңгейге көтерілді. Бұл деңгейде теңіздің жалпы аумағы 330 мың гектарды ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасының несие жүйесі және оның қалыптасуы мен дамуы

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туын тіккеннен бергі уақытта өткен күрделі әлеуметтік – экономикалық реформалар елдің экономикалық дамуына өзіндік ықпалын тигізді. Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде несие -ақша және қаржы шаруашылығы; ақша-несие жүйесін реформалау; қатаң инфляция жағдайында бізде бұрын-сонды болмаған жаңа ақша-несие қатынастары; несие-қаржы институттарының жаңа түйінді түрлерінің пайда болуы; нарық экономикасымен және меншіктің көп түрлі формасына бейімделген екі буынды банктік жүенің қалыптасуы; жоғары дәрежеде монополиаланған мемлекет тік банктердің құрылым дардың әкімшілік-әміршілік басқа ру жүйесінен пайда табуға, коммерциялық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған жеке және ұжымдық меншікке негіз делген несиелік мекемелерге өту тәрізді бірқатар маңызды өзгерістерді жүзеге асыруда. Экономиканың нақты секто рын, яғни өнеркәсіпті дамыту және халықаралық нарықтық жүйенің бәсекелестігінің қатаң талаптарына жауап бере алатын тұрақты экономиканың жүйесін құру, экономиканың несиеге деген қажеттілігін арттыруда. Осыған байланысты үкімет пен Ұлттық Банктің құрған бағдарламаларына сәй кес экономикаға несие 4,5 есе өсірілді. Сонымен қатар, ипотекалық несиенің қажеттілігінің артуына байланысты банктердің халыққа берген несие соммасы 8 милиард теңге ге жетті. Алайда, Қазақстанда табысы аз халықтардың үлесі жоғары болуына байланысты көп адамдар әзірге ипотека лық несиеге қол жеткізе алмайды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | БІРТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСС

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі
Мұғалім - өмір бойы оқып тынбай ізденетін мамандық мұғалімнің беделі-білімде.
Бүгінгі таңда жаңаша жұмыс жасау, оқу мен тәрбие үрдісін жаңаша ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр. Ал егемен еліміздің дамуы мектеп жұмыс әдістерінің түбегейлі өзгеруінсіз, оның іс-әрекетінің жаңадан құрылуынсыз мүмкін емес. Өйткені бүгінгі бала-ертеңгі дарынды білімді, жастар тәуелсіздігімізді баянды етіп, қоғамдық әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан жоғары сынып оқушылары мұғалім берген білімді ғана игеріп қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, нысаналы, зерделі, дарындық іс-әрекеті мен сабақтастары білуі тиіс. Осыған орай, жоғары сынып оқушыларының интелектуалдық мәдениетінің дамуын арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты оқу табылады.
Білім беру мектептің ғана ісі емес мектеп білім алудың кілтін ғана береді. Мектептен тыс білім алу дегеніміз- бүкіл бір ғұмыр! Адам өмір бойы білімін көтеріп отыруы тиіс.
Курстық жұмыстың мақсаты: Оқушыларды қоғамның белсенді және білімді азаматты етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау.
Курстық жұмыстың міндеті: ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік басқару есебі

Кіріспе
Бухгалтерлік есепті реформалауда жасалған тұжырымдама міндеттернің бірі – ішкі ақпараттық жүйе арқылы кәсіпорында басқаруды жетілдіру болып табылады. Тиімді басқару принциптері мен есепті ұйымдастырудың жаңа амал-тәсілдерінің негізі ретінде Қазақстанда іс-әрекет етушіге неғұрлым жақын еуропалық құрылым алынды.
Нарықтық экономика ресурстың барлық материалдық, еңбек және қаржылық түрлерін ұтымды пайдалануды көздейді, олар кәсіпкерлік іс-әрекеттің күтілетін нәтижесін (табыстылығын) қамтамасыз етуі тиіс.
Басқарушы есеп кәсіпорынның қаржылық ақпараттарын ішкі пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болса, ал қаржылық есеп жоғарыда айтылған қаржылық ақпаратты ішкі пайдаланушылармен қатар сыртқы пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе. Яғни, басқарушы есептің мәліметін кәсіпорын басшылары қандай да бір шешім қабылдау үшін пайдаланса, қаржылық есептің мәліметін бұлармен қоса жабдықтаушы кәсіпорындар, банк мекемелері, салық органдары және тағы басқалары да пайдаланады. Кез-келген ұйым үшін қаржылық есеп міндетті түрде жүргізілетін болса, басқарушы есептің жүргізілуі және оның тәртібі әрбір кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепті реформалау ұдайы жүргізіледі. Есептің халықаралық жүйесіне көшу қолға алынды, осыған орай қазақстандық кәсіпорындардың тәжірибесіне қаржылық және басқарушылық есепті енгізу үшін нормативті құжаттар әзірленді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Жасөспірімдердің өзін-өзі тану ерекшеліктерін қалыптастырудағы психологтың ролі

Кіріспе
Қазіргі таңда психологияның алдыңғы міндеттері қоғам дамуының
бағдарламаларын анықтайды. Еңбек өнімінің дамуы, техника мен технологияның дамуына білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жақсарту, осының барлығы адамға қатысты мәселелерді ғылыми зерттеуді талап етеді. Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру мемлекеттің ең басты міндеттердің бірі.
Өмір сүру барысында дамитын тұлғаның ерекшеліктерін меңгеретін білімнің көлемі мен сипаты, қызығушылығы, кез келген ортада қарым-қатынасқа түсе білуі, зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы, адамгершілік қасиеттері, осылардың барлығы адамның белгілі бір жағдайға еркін жауап қайтаруына белсенді және мақсатты түрде әсер етеді.
Студент тұлғасының қарым-қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы студенттердің оқуда, еңбекте, қоғамдық өмірде белсенділігін дамыту жолдарын ашуға мүмкіндік береді.
Ж ұ м ы с ы м ы з д ы ң ө з е к т і л і г і :
Әлеуметтік, экономикалық дамуды жылдамдатуда болашақ мамандарды дайындайтын жоғарғы оқу орнының жауапкершілігі артып отыр. Біздің қоғамның болашағы болашақ педагоктарды, психологтарды, өндіріс және ғылым басшыларын тағы басқа мамандарды тек сауаттылыққа ғана емес, сонымен қатар белсенділікке, алдына қойған міндеттерге қызығушылықтарын қарауға байланысты.Соның негізінде позицияны белсенді, өз күшіне сенімді, орынды іс-әрекетке шығарылуын қарайтын тұлға қалыптастырады. Әрине қарым-қатынаста зейін қасиеттерінің деңгейі қалыпты болмаған жағдайда осындай сапалардың көрініс беруі қиындайды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0