Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Алтын теңге

Өз жолына түсіп алып сүрлеу соқпағымен кіп-кішкентай Құмырсқа келе жатыр еді, кенет алдынан пенде шыға келді. Пенде Құмырсқаны бір-ақ мыжып өлтіре салсам ба екен деп ойлады. Сол оймен пенденің дәп-дәу бәтеңке киген аяғы көтеріліп келе жатыр еді, осы кезде Құмырсқа:

- Ей, пенде, тұра тұр! Айтатыным бар, - деді.

- Не айтайын деп едің? - деді пенде Құмырсқаға сайқымазақ дауыспен. Сөйтті де, өзі жүресінен отыра қалды: - Ал айт, айтатыныңды! Әйтпесе, мыжи салам!

- Жақсылық жаса, - деді Құмырсқа.

Пенде Құмырсқаның сөзіне күйіп-пісті:

- Сол ма айтайын дегенің?! Сол да жаңалығы бар сөз бе?!

- Жақсылық жасасаң, өзіңе пайдасы тиеді, - деді Құмырсқа. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау және кәсіпорынның қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары

Бұл курстық жұмыста кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалап, оның тұрақтылыққа жету жолдарын, экономикалық тиімділікті де анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорын жұмысының қаржылық жағдайын бағалау адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдардың объективті зандылықтары мен талаптарына негізделген. Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Ветеринария | Жүрек ұлпасының жіктелуі және құрылысы

Кіріспе
Курстық жұмыстың көкейкестілігі. Жүрек - қан тамырлар жүйесі денедегі ең күрделі жүйе. Оның құрамына жүрек, қан және лимфа тамырлары кіреді. Қан тамырлар жүйесі: қан мен лимфаның денеде үздіксіз қозғалыста болуын
қамтамасыз етеді; мүшелердің арасындағы гуморальдық байланысты реттейді, ішкі секреция бездерінің сөлін немесе гормонын мүшелерге жеткізіп жалпы дененің қызметіне әсерін тигізеді; оттегіні жасушаларға, олардан көмір қышқыл газын өкпеге тасымалдайды; тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған улы заттарды
сыртқа шығарады (мочевина, қандық азот т.б.); жылудың, су мен минеральды тұздардың денедегі тұрақтылығын сақтайды; қорғаныс қызметін атқарады.
Тамырлар атқаратын қызметі мен морфологиялық құрылысына қарай қан айналу жүйесінің тамырлары және лимфа айналу жүйесінің тамырлары болып екі топқа бөлінеді. Олардың орталығы — жүрек.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Биология | Биологиядан сыныптан тыс жұмыстар

Кіріспе
Биологиядан сыныптан тыс жұмыс сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылып, негізінен тек биологияға қызығушылық танытатын оқушыларды ғана қамтиды. Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны оқу бағдармасы шеңберімен шектелмей, одан кең көлемді қамтып, көбінесе биология пәні ұстазының әсерімен болатын оқушылардың қызығушылығымен анықталады.
Биология адамның рухани әлемін қалыптастыруға және байытуға ықпал ететін пән ретінде аса маңызды. Табиғатқа, туған жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік аяқ астынан пайда болмайды. Ол отбасынан, мектептен тәрбиеленеді. Көпшілік жағдайда дүниетанымның қалыптасуы, әлемді ғылыми тұрғыда түсіну биологиялық біліммен тығыз байланысты. Экологиялық проблемаларды шешу жалпы биологиялық негізден басталатын экологиялық мәдениеттің алғы шарты – экологиялық сауаттылықсыз мүмкін емес. ЮНЕСКО деректері бойынша, қазіргі таңда қоғам өмірінде биологияның аса зор рөлінде қарамастан, жұртшылықтың биологиялық сауаттылығының төмендеуі байқалады, олардың биологиялық білім негіздерінен хабарлар емес екендігі көрінеді. Дегенмен көпшілік мемлекеттер биологиялық білімге қатты көңіл бөліп отыр. Мысалы, Америкада биология міндетті пәндер қатарына кіргізіліп, ал биолог мамандығы компьютер мамандығымен бірдей басқа барлық мамандықтар арасында рейтингте бірінші орында тұр. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Жапонияның табиғат жағдайлары және табиғат ресурстары

Кіріспе
Жапония эканомикасының даму ерекшеліктері.
Жапония көптеген ірі және кіші аралдардан тұрады. Жапоия солтүстігінен батысқа, оңтүстігінен шығысқа 3,5 мың км қашықтықта созылып жатыр. Аралдардың жалпы ауданы 378 мың кв, км, ал олардың саны 3900 жетеді. Ең ірі аралдарына мыналар жатады: Хонсю, Хоккоидо, Кюсю және Сикоку.
Жапония мемлекеті 47 префектураға бөлінеді, қалалары мен ауылдық жерлерінің әрқайсысының өз үкіметі, басқарушысы бар. 1999 жылдың наурыз айында жүргізілген халық санағы бойынша 125, 86 млн адамға жетті. Жапония КНР Индия, США, Индонезия, Бразилия, Ресей және Пакистан мемлекеттерінен кейін тұрып 8 – ші орынды иеленді.
Жапония тұрғындарының 99 % жапондықтар құрайды.
1875 жылғы саннақ бойынша халқының саны 35,3 млн адам болса, ал 1975 саннақ бойынша 100 жылдың ішінде 111,9 млн – ға жетті. Тұрғындарының ¾ бөлігі қалада өмір сүреді. 8,5 млн тұығыны бар астанасы Токио қаласында халық тығыз орналасқан. Мұнда 1 кв. Км жерге 332 адамнан келеді. Жапония тұрғындарының ерлері мен әйелдерін салыстырғанда шамамен тең келген. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген, өйткені бала біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан бүгінгі таңда да балаларды қорғау - әлеуметтік мәні зор халықтық іс болып табылады. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды тәуелсіз мемлекетіміздің білімді, білікті, мәдениетті азамат етіп тәрбиелеу барысында жасалып жатқан тың жұмыстар, өмірімізге еніп жатқан жаңалықтар осыны дәлелдейді.
"Бала тәрбиесі — бесіктен басталады"— деген ұлы қағидаға сүйенсек, 1,5 – 6 жас аралығындағы сәбилерге білім және тәрбие беретін мекемелердің орны да маңызды да ерекше.Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа арналған «ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» атты Жолдауының «Тоғызыншы бағытында – Жоғарғы технологияларды енгізуге және инновацияларды қолдауға бағытталған біртұтас мемлекеттік стратегия жүргізу жүйесін өте мұқият зерделеген жөн » деп атап көрсетті.
Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасыды, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау

Кіріспе.
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің эко-номикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа ен-гізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт талап-тарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдау-дың жаңа әдістемесін жасауды қажет етті.
Есеп тіркемелерінде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүр-лі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ-тілектеріне толығынан жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті. Іс-керлік шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өң-делуі қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды камтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшы-лыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағ-дайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: 8 саны және цифры

Бөлімдері: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Мақсаты:
а) 8 саны мен цифрын енгізу;8 санының қалай пайда болатындығын түсіндіре отырып, 8 - ге дейінгі сандарды тура, кері санауға жаттықтыру; 8 цифрын тану және дұрыс бейнелеуді үйрету;
ә) балалардың зейіні мен есте сақтау қабілетін дамыту;
б) бір - біріне көмек көрсетуге дайын тұруға тәрбиелеу.
Алдын - ала жүргізілетін жұмыстар: өткен сандарды қайталау, логикалық есептер шығару.
Әдіс - тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Қажетті көрнекі құралдар: 0 - ден 8 - ге дейінгі сандар, жұмыс дәптері, сандар, слайд.
Қостілдік компонент/билингвальный/: бір - один, екі - два, үш - три, төрт - четыре, бес - пять, алты - шесть, жеті - семь, сегіз - восемь.
Іс - әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі: Шаттық шеңбері:
1 - слайд Қайырлы таң досым, Қайырлы күн болсын. Жеті күннің әр кезі, Сәттілікке толсын. Біздің алар бағамыз, Жұлдызша болсын. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Әңгіме: Асқар Алтай | Түсік


Түлен түртті пендені...

Түсінде түсік көрді. Түсік — түсік емес, түсікке айналған мұның өзі. Бармақтай ғана жан иесі екен. Ештеңемен ісі жоқ. Жөнімен жүзіп жүр.

Жүзіп жүрген мекені — жатыр. Биттің қабығындай жұқа жатыр іші – жұмбақ әлем. Жұқа жарғақ жарылып кетердей толқып-толқып қояды. Жұмсақ құрсақ баяғы балалық шағында шаңырақта үрлеулі тұрған қарындай шайқала толқығанда, көгілдір әлемде балықтай жүзген бұл бесіктей тербеледі. Бірақ тұншықпайды. Емін-еркін тыныстайды.

“Япыр-ау! Баяғыда бұған тіршілік суда пайда болды деуші еді, сол рас болғаны да... Пенде де көлкіген көгілдір дүниеде жаратылады екен-ау!” деген бір сұм ой орала кетті. Денесіндей жіңішке, шағын емес, алдымен пайда болған жұп-жұмыр, жуан басына келген түсініксіз ойдан түсік селк ете түсті. “Астапыралла! Өзің кеше гөр, жаратушы ием! Мұндай мұндар ой қайдан ғана келеді, осы?! Осындай орнықсыз жерде... О, күнәһар!” деп өз-өзін жазғырып та қойды.

Әлгінде ғана адам еді.Түсік емес еді. Бауырымен жүзбей, аяғымен жорғалап жүрген: жер бетінде, күн өтінде... Енді мына бір көлкіген көгілдір әлемге тап болды. Не күн жоқ. Не ай жоқ. Не бір жұлдыз. Торғындай жұмсақ бірақ. Жанға жайлы, тәнге майлы. Емін-еркін жүзе бер, жүзе бер.

Түсікке айналған адам көк теңіздей көлкіген әлемде армансыз жүзе берді. Алаңсыз жүзіп жүріп: “Әлгінде ғана адам едім. Неге түсікке айналдым? — деген оқыс ойға тағы келді. — Ал енді, саптан қапқа тамып түсер тамшыдан емес, бірден адамнан айналған түсікті жайлы жатыры жатырқап, жатсынып қалса қайтеді?! Онда тұқымының тұздай құрығаны – жатсынған жатыр сылып тастағаны”.

Түсік дір ете түсті...

Құрсақ та кенет қуықтай қусырылып, жыландай жиырылып жазылды. Сонда ғана түсік ұлы қауіпті сезінді. Жатыр жатсынса, мұны бойға біткен арам без ретінде сылып тастайды екен. Ал арамның аты да, заты да арам. Бұл бірақ арам ба? Бұл адам еді ғой.

Адам еді...

* * *

Жатырдағы жұмбақ әлемде емес, жарығы мол жұмақ әлемде жүргенде ұрынды ғой бұл. Ұрынды. “Түсік” деген қол-аяғы жоқ домалақ пәлеге сонда жолықты.

Түсік түлкі бұлаңмен өткенін шолды...

Пендеге тән түлкі бұлаң тірлік кешкені рас. Түсікке айналмай тұрып жалғанды жалпағынан басты ғой, шіркін! Шіркіннің шылауына кім ілінбеді, шаңына кім ілесе алды?.. Құба күндер, құла түндер сынаптай сырғыды......
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Балапан торғай

Қолында аша ағашы бар сұр кепкалы бала жақындай түссе де, балапан торғай бейқам отыра берді. Тек аяғының дәл астындағы шарбақ ағаш сақ ете түскенде, ол селт етіп, шошып қалды. Жантас екінші рет атып үлгіргенше, балапан торғай жөндалбаса ұша жөнелді.

Балапан торғай алыс шырқап ұша алмайтын еді. Кешенің ар жақ бетіндегі бір шоқ талға талып, әрең жетіп қонды. Жүрен кеудесіне сыймай дүрс-дүрс соқты.

Әккі Жантас ентелеп тағы жетті. Рогаткасын жүгіріп келе жатқан бойда оқтап алды да, қалт тұра қалып және атты. Тас бұл жолы зу етіп, балапанның төбесін жалап кетті. Ол көзін жыпылық еткізіп, бұға қалды.

Балапан торғай ұша жөнелді...

Жантас балапан торғайдың қыр соңынан қалмады, ауылды шыр айналдырып қуа берді. Өкпесі өшіп, әлсіреген балапанда көтеріліп ұшуға енді хал де қалмады.

Үрейі ұшқан балапан жүнін үрпитіп, дуалға жабыса түсті. Әлсіз аяқтары сырғанақтап, сүріне құлап «Аяшы!» Атпашы!» деп жалынғандай шыр-шыр етті. Бірақ без бүйрек Жантас оған құлақ аспады. Қол созым жерде тұрып атқылай бастады.

Кенет Жантастың арт жағынан:

— Әй, о немене? — деген дауыс саңқ ете қалды. Жалт қараса, Қожа жүгіріп келеді екен. Жантас балапанды тездетіп тағы бір атып жіберді. Егер осы атқаны да тимесе, онда бас салып, Қожадан бұрын оны ұстап алмақ......
Әңгімелер
Толық
0 0