Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Үйлену салтына байланысты туған өлеңдер.

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаты. Халық құндылығы атадан балаға мирас болып, ұрпақтан ұрпаққа жетіп дамып, сана төрінде сақталып қалуы бүгінде қазақ халық әдебиетінің арқасы.
Көшпелі қазақ елінің ерте заманда жасаған мәдени мұрасының бір түрі де осы қазақ халық әдебиеті. Бұл орайда, баға жетпес байлық, құнды да құнарлы дерек көзі - халық әдебиеті.
Халық әдебиеті – барша ұлттың мәдениетінің қайнар бұлағы, халық тарихының дәстүрлі дүниетанымының жинақталған алтын қоры. Халықтың рухани айнасы, сонымен қатар, ол өткеннің елесі ғана емес, бүгінгінің сәулесі, халық тұрмысында өмір сүріп мәңгі жанданған мұра десек қателеспейміз.
Ұлы дариядай шалқыған, құнарлы қазақ халық әдебиетінің жанрлық құрамы да аса күрделі, көрікті әлем. Халық әдебиеті арқылы ұлттығымыз жоғалмай кейінгіге мирас болып келе жатқан салт дәстүрдің де жемісі зор. Соның ішінде халықтың көреген көзі мен киелі сөзі біте қайнасқан ұлттық салт-дәстүр ғұрып, жырлары өзінше арнайы сала құрайды.
Халқымыздың ежелден желісі үзілмей келе жатқан көне дәстүр мен әдет-ғұрыптары рухани, мәдени қымбат та құнды қазыналарымыздың бірі. Онда халықтың сан ғасырлық өмірі, тәжірибесі мен зердесі, адамзаттың даму жолындағы күресі, жеңісі, ізденісі мен таным түсінігі жинақталған.
«Халқым қандай десең, салтымнан сынап біл» демекші, салт-дәстүрлерден этностың мінез-құлқы, өнегесі, даналығы, шешендік ақыл-ойының ұшқырлығын көреміз. Бір сөзбен айтқанда салт-дәстүр – халықтың рухани мәдениетінің дінгегі, тілінің тірегі. Салт-дәстүрдің барынша байлығы, бағалылығы ұлттық құндылықта.

Тақырыптың өзектілігі. Ұлттық салт пен дәстүрлердің тууы ұлт болып қалыптасуына байланысты. Ұлт дегеніміз – адамдардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік, қауымдық бірлестігінің жоғарғы түрі. Қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасуы үшін құрамына енген адамдардың тұрмыстық жағдайлары, территориясы мен экономикалық өмірінің тілі мен мәдениеті, әлеуметтік хал-ахуалдағы сол ұлтқа тән ерекшелігі ортақтығы болып табылады.
Көне дәуірден бері қарай қазақтың көптеген әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі қалыптасып дамыды. Халықты өзгешелендіріп тұратын, өзіндік өзгешеліктерге толы өшпес мұра, әрине өзіне тән салт-дәстүрі, ғұрпы болып келеді. Салт-дәстүр көне тарихи процесс. Көптеген дәстүрлер ұлттың ұлт болып қалыптасуынан бұрын пайда болған. Сондықтан кейбір ұлттарға ортақ мәнді дәстүрлерде кездесіп жататынын көреміз.
Салт-дәстүр – халықтар тіршілігінің кәсібіне, наным-сеніміне, өмірге деген құштарлығына байланысты туып, қалыптасқан. Жаңа ұрпақ жадында жаңғырып сақталуы да осының айғағы. Мысалы: қазақтар жаугершілік заманда бір-бірімен анттасып достасқан. Достықты бұзғанды ант атсын деп те серттескен. Бертін келе жаңа қоғамның дамуына байланысты анттасу салты мүлдем жойылды. Бірақ сол салттың елесі ретінде, бүгінгі күндері де ерлі-зайыпты қариялардың алтын, күміс тойларын өткізудегі тәрбиелік мәні жаңарған түрі секілді. Оның ұрпақ тәрбиесі үшін тәрбиелік мәнінің зорлығында.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Бәрін білгім келеді

«Бәрін білгім келеді»
Мақсаты: Балалардың алған білімдерін қорытындылау, одан әрі толықтыру. Балаларды шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа талпындыру.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, суреттер, т. б.
Әдіс - тәсілдер: Көркем сөз, сұрақ - жауап, жұмбақтар, жаңылтпаш.
Жүру барысы:
Жүргізуші.
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге,
Көкірегінде болсын көз. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Дүниежүзілік мұхитқа жалпы шолу

Жер шарының көпшілік бөлігін су басып жатқанын көреміз. Ол дүниежүзілік мұхит деп аталады. Дүниежүзілік мұхиттың үлесіне бүкіл жер бетінің 3/4 бөлігі немесе 361 млн км2 тиеді. Дүниежүзілік мұхит бөлек – бөлек аттары бар жеке мұхиттардан тұрады, бірақ олардың бәрі бір – біріне жалғасып жатыр. Дүниежүзілік мұхит төрт бөліктен тұрады. Тынық мұхит - жер шарындағы ең үлкен (180 млн км2) әрі ең терең мұхит. Көлемі жағынан қалған үш мұхитқа пара-пар. 1520-1521 жылдары Ф.Магеллан дүниежүзін айналу саяхаты кезінде осы мұхитты алғаш жүзіп өтті. Жүзу кезінде ешқандай дауылға ұшырамағандықтан, саяхатшылар оған “Тынық мұхит” деген ат берді.
Тынық мұхитта бүкіл дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері – Мариан шұңғымасы бар, оның тереңдігі 11022 м. Тынық мұхит Солтүстік және Оңтүстік Американың батыс жаға-лауларынан бастап Еуразияның шығыс бөлігіне және Аустралия мен Антарктидаға дейінгі аумақты алып жатыр. Атлант мұхиты Тынық мұхиттан екі есе кіші (92 млн км2). Солтүстік және Оңтүстік Американың шығысынан бастап Еуразия мен Африканың батысына және Антарктидаға дейін барады.
Атлант мұхиты арқылы Батыс және Шығыс жартышарда орналасқан елдері бір – бірімен жалғастыратын аса маңызды кеме жолдары өтеді. Мұхиттың өн бойы кеме қатынасына игерілген. Үнді мұхиты Оңтүстік жарты шардың едәуір бөлігін алып жатыр (75 млн км2). Бұл - ең жылы мұхит. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Моңғол мемлекетінің саяси тарихы

Орта ғасырлардағы Қазақстан (ХШ-ХУ ғғ).
МОНҒОЛ ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫ
Монғол мемлекетінін саяси тарихы.
а) Монғол тарихы.
Қытай деректерінде Монғолия халқы "татарлар" деп аталған. Шыңғыс хан мен халқы өздерін монғолдар деп, ал мемлекетің Монғол мемлекеті деп атаған.
XII ғасырда монғол тайпалары Орхон мен Керулен аралығында мекендеді.
• XII ғ. аяғы – ХШ ғ. басы - әскери-феодалдық монғол мемлекеті қүрылды. Астанасы- Қарақорым.
Оның негізін салушы- бержігін тайпасының билеушісі Есугей баһадүрдің баласы Темучин (1155-1227 ж.ж.)- Ол 20 жылға созылған күресте барлық монғол тайпаларын біріктірді. 1206 жылы Онон өзені бойындағы ақсүйектер құрылтайында хан болып сайланып, Шыңғыс хан атанды.
Монғол тайпалары Шыңғыс хан ұлысы 1 саналып, 3 қанатқа бөлінді:
1. Оң қанат- барұңғар.
2. Сол қанат- жоңғар (зұңғар).
3. Орталық- гол (кул)
Әр қанатта ондыққа негізделген әскер болды:
• Түмен- 10 мың әскер, басқарушысы -түменбасы;
• Мыңдық - 1 мың әскер, басқарушысы -мыңбасы.
• Жүздік - 100 әскер, басқарушысы -жүзбасы.
• Ондық- 10 әскер, басқарушысы - онбасы.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Мұхтар Әуезовтің аударма пьесалары көркем аудармалары

КІРІСПЕ
Тақырып өзектілігі: Аударма тарихы алыстан келе жатыр. Бір халықтың екінші халықпен қарым-қатынас жасауы, танысуы, өз елінің ой-санасын өркендету тиянақты тірегі болып табылатын аудармаға дүние жүзінің атақты ғалымдары ерекше көңіл бөлген.
Аударма жұмысы қазір біздің өмірімізден үлкен орын алады. Орыс классиктері мен бүкіл дүниежүзілік әдебиет классиктерінің шығармалары қазақ тіліне көп уақыттан бері үзбей аударылып келеді.
Сонымен қатар қай халықтың болса да, сондай-ақ қазақ халқының өмірінде аударма әдебиет зор роль атқарады. Сондықтан аударма мәселесі - өмірлік мәні бар маңызды мәселе. Аударма арқылы жұрт адамзат ақыл иелерінің басынан шыққан асыл қазыналармен танысады. Аударма арқылы халық өткен ғасырлардағы және осы замандағы дүниежүзілік мәдениеттің жемістеріне ие болады. Аударманың маңызы мұнымен ғана сарқылмайды. Аударма ана тілінің қалыптасып, дамуына да әсер етеді.
Экономикамыз бен мәдениетіміздің орасан өсуі нәтижесінде қазақ тілінің сөздігі жаңа сөздермен, сөйлемшелермен байыды. Қазақ тілінің қалпы, оның грамматикалық құрылымы, негізгі сөздік қоры бұрынғы күйінде қалғанмен, қазір оның сөздік қоры молайды. Кейбір ескірген сөздер сөздік қорынан шығып қалды, көптеген сөздердің мағынасы өзгерді, тілдің грамматикалық құрылысы жақсарды. Әдеби тіліміздің осындай қалыптасу процесінде орыс кітаптарын қазақ тіліне аударудың елеулі маңызы болды.
Жұмыстың мақсаты: М. Әуезов шығармашылығының аударма саласымен байланысын, қарастырып, аударма шығармаларымен танысу. Атаулы қойылған мақсатта келесі міндеттер анықталды:
- М.Әуезовтың аудармашы ретінде әдебиетте алатын орнын анықтау;
- Жазушының аударма еңбектерін қарастыру;
- М.Әуезовтың аудармасы мен қазіргі кездегі аударманың сабақтастығын қарастыру;
Жұмыстың жаңалығы: Берілген жұмыста М.Әуезовтың аудармашылық қызметі бүгінгі заман тұрғысынан қарастырылады. Себебі, аударма - шын мағынасында ғылыми жұмыс. Аударма творчестволық ізденудің, әдеби шеберліктің нәтижесінде туады. Осы мағынада аударма өнері деп танылады. Аударма өнеріне жетілу үшін, біріншіден, шығарма қай тілге аударылса, сол тілді, яғни қазақ тілін жақсы білу керек. Қазақша сөйлеу, жаза білу қазақ тілін озық білгендік болып табылмайды. Ана тіліміздің бүкіл байлығын меңгерген, әдеби тілдің заңдарын игерген және оларды іс жүзінде қолдана білетін адамдар ғана қазақ тілінің шебері деп есептелінеді. Екіншіден аударма өнеріне жетілу үшін шығарма қай тілден аударылса, сол тілді, яғни орыс тілін жақсы білу керек. Оны ресми сөздіктердегі мағынасында ғана емес, халықтың ауызекі сөзінде кездесетін әр алуан мағынасында жете түсіну қажет. Үшіншіден, аудармасы аударылатын шығарманың мазмұнын оның жазылған дәуірін, сол дәуірдегі тарихи оқиғаларды зерттеп білуге міндетті. Міне тек осындай шарттарды орындағанда ғана аударма өнеріне жетілуге болады.
Жұмыстың ғылыми негізділігі: Атаулы аударма тақырыбы ХХ ғасырдан бастап зерттелініп келе жатқан тақырып. Бұл саланың дамуына М.Әузов, С. Талжанов, бертін келе Г Қазыбек, Л.У.Абенова және басқа да зерттеушілер өз үлесін қосып отырды. Атаулы салада жазылған біраз ғылыми еңбектер де баршылық.
Негізгі дерек көздер: Жұмыстың негізгі дерек көздері ретінде М.Әуезовтың аударма шығармалары, аударма саласына қатысты жазған ғылыми зерттеу мақалалары, тікелей аударылған автор шығармалары, ғылыми мақалалар, оқулықтар, баспасөз беттеріндегі материалдар алынды.
Жұмыстың құрылымы: Берілген диплом жұмысы кіріспе бөлімнен, екі тараудан, қорытынды бөлімнен және әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТАРАУ МҰХТАР ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ КӨРКЕМ АУДАРМА

1.1. Аударма түсінігі, анықтамасы, тарихы және мәселелері

Аударма адамдардың көп замандарға созылған ұзақ тарихында тілі өзге басқа адамдар қауымын түсінудің құралы, олармен қарым – қатынас жасаудың делдалы, дәнекері болған. Аударма – халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы, себебі ол – бүкіл адамзат мәдениетінің қазыналы қақпасын ашатын кілт, ғылым мен білімінің қайнар бұлағы, тіл ұстарту мектебі.
Аудармашы - өз халқының, өз ортасының, өзі өмір кешкен заманының перзенті. Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар, тайпалар, халықтар, ұлттар арасындағы әлеуметтік, экономикалық, рухани, ғылыми қарым – қатынастың, алыс – берістің, айырбастың құралы. Аударма – елтану жолы, достықтың, ынтымақтастықтың, тәжірибе – тағылым алмасудың делдалы.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Құмарбек Қалиев | Айтайын дегенім

Күршім ауданы жұртшылығы үшін бүгінде үлкен мерекеге айналған айтулы шара –өмірден ерте озған дарынды сазгер жерлесіміз Оралхан Көшеровтің творчествосына арналған, екі жылда бір өтіп келе жатқан «Оралхан көктемі» атты ән конкурсы. Бастабында аудандық деңгейде өткенімен, келе-келе ұйымдастырушылар мен меценаттардың үлкен еңбектерінің арқасында алдымен облыстық, соңынан республикалық масштабтағы ән байқауларының біріне айнала бастаған «Оралхан көктеміне» биыл «фестиваль» мәртебесі беріліп, өз еліміздің әншілерінен басқа, Қытай, Ресей, Моңғолия үміткерлері қызығушылық танытып отырған сыңайлы.Артына елу шақты ән қалдырған, бергенінен берері көп шағында бақилық болған Оралхан марқұмның ән-ғұмыры осылай жалғасып келе жатқаны-оның тыңдармандары үшін көңілге медеу,қуаныш әкелсе, екінші жағынан талай әншінің бағын ашқан дүбірлі додаболғаны күршімдіктердің көңілінде орынды мақтаныш туғызады.Біздің көп ретте осындай игілікті іс қалай дүниеге келді, оның бастауына ықпал еткен кім, оны кімдер жүзеге асырды деген сұрақтарға енжар қарайтынымыз бар. Ал, шындығында, кешегі шаруа-бүгінгі тарих. Сонанда, ерен еңбектерімен ел есінде қалатын біртуар азаматтар жайлы кейінгі буынға жеткізіп отыру-ұрпақтар сабақтастығының бір парасы болар. Осы мақсатта «Оралхан көктеміне» қатысты өзім куә болған бір жәйтті әңгімелеп беруді жөн көрдім. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: География | Алтай тауындағы мұздықтардың түзілуіне әсер ететін факторлар

Бітіру жұмысының өзектілігі: Қазақстанның шығыс бөлігіндегі Ресей, Монғолия және Қытай халық республикасымен шектесетін табиғи шеп болып табылатын Алтай таулы аймағы табиғатының алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Оны жеке табиғат аймағы ретінде қарастыруға төменде көрсетілген белгілері негіз болады:
1. Геологиялық құрылысының ерекшелігіне сай бір–бірінен терең тауаралы аңғарлар мен қазаншұңқырлар бөлініп жатқан орта биіктіктегі және биік қатпарлы–жатпарлы тау жоталарының басым болуы. Қазіргі жер бедерін жаңа тектоникалық қозғалыстардың әсерінен жаңғырған палеозой қатпарлы құрылымының айқындауы.
2. Құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орнына сай құрлықтық ауа массалары басым болып, таулы, аңғарлы жер бедерінің әсерінен шұғыл континентті климаттың қалыптасуы. Батыс циркуляциясының әсерінен Алтайдың батыс беткейінде мол жауын –шашын түсуіне орай табиғатының сыртқы келбеті Қазақстанның 6% алып жатқан орман ландшафтлары мен биіктік белдеулердің айқындауы.
3. Жылу мен ылғалдың таралу ерекшеліктеріне сәйкес тауалды далаларынан қылқан жапырақты таулы ормандар мен таулы тундра белдеулерінің басым болуы.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Психология | Психологияның ежелгі таным екендігін эксперименталды зерттеу

КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзектілігі.
Еліміз тәуелсіз мемлекет болғалы бері білім саласына, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен мән беріп келеді. ҚР-сы Президентінің 2004 жылғы 11 қазанда №1459 жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» әлемдік тәжірибе мен тұрақты дамуы қағидаттары негізінде білім берудің мазмұны мен құрылымын жақсарту басты міндеттердің бірі деп қарастырды. Бағдарламада білім беру процесінің оқу әдістемелік және ғылыми қамтамасыз етуді жетілдіру туралы сөз болды. Ал елбасы Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әдемдегі жаңа Қазақстан» (28.02.2007ж.) атты халыққа жолдауында осы заманғы білім адамзаттың сана сезімін дамытып, жаңа күш-қуат беретіндей болуы қажет екенін атап өтті.
Қазақ халқы бұрыннан «Жан бар жерде қаза бар», «Тән ауырса, жан ауырады», «Тәні саудың, жаны сау», «Жан кеудеге қонақ» деп жан дүниесініңсыры жайлы пікірлер білдірген. «Психология –ежелгі таным. Дәстүрлі емес психологиялық көзқарастардың ерекшелігі» атты жұмыста да жоғарыда көрсетілген мәселелер қарастырылған. Онда барлық адамзаттың жан дүниесі мен тәнінің құпия –сырлары, адам тәнінің күш-қуат көздері, адамның медитация арқылы өз ішкі әлемін тануы біздің қоғам үшін жаңа ақпараттар болып табылады. Ұмыт болған эзотерика ғылымы мен өмірде жиі қолданатын экзотерикалық ілімдердің психологиямен байланыстылығы қарастырылды.
Жұмыс барысында астрология ілімінің адам психикасына ықпалы; Друнвало Мельхиседектың адам чакрасының жүйесі; Лобсанг Рампаның тән аурасына қатысты мәселелері мен тәжірибелік нұсқасы; ежелгі Шығыс шеберлерінің адамның ішкі жан дүниесін тазартуға бағытталған медитациялық әдістері; Үнді философы Раджниш Ошоның психология ғылымына сыни пікірлері мен салыстырмалары, жаңа білімге ұсыныстары; ежелгі және қазіргі таңдағы Батыс философтары мен психологтарының жан мен тәнге қатысты көзқарастары мен зерттеулерінің мән-мағынасы ашылды. Сонымен қоса Американ психотерапевті Мильтон Эриксонның емдік гипноздық техникалары мен әдістері; жаңа заманғы медитацияның технологиялары кеңінен пайдаланылды.
Қазіргі кезде Қазақстанның жан-жақты ғылым саласында дамуының басты себебі адам білімінің нәтижесі екенін көруге болады. Адам білімін жетілдіру барысында өзін-өзі дамытудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолданады. Бүгінде эзотерика адамзат біле бермейтін құпия сақталған адам жаны мен тәнінің сырларын психологиялық тұрғыда ашқалы отыр. Мұндай көне ілімді меңгеру әсіресе психология мамандығында оқитын студенттерге өте қажетті әрі өзекті мәселе болып табылады. Өйткені адамның күш-қуаттарының көзі чакралар арқылы психолог адамның күй -жағдайын, өзін-өзі жетілдіруінің деңгейін анықтай алатын болса, адам тәнінен шығатын аура арқылы оның эмоционалды көңіл-күйін, денсаулығын, өзін тұлға ретінде қалыптастырған деңгейін білуге мүмкіндік алады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Дарияның ар жағы сіздің ауыл...

Дарияның арғы жағы сіздің ауыл,
Бер жағы сол өзеннің біздің ауыл.
Жүруші ең жайраң қағып, араласып,
Желкенін жел қайықтың үзді дауыл.

Дарияның арғы беті шоқ қарағай,
Жамырар шоқ қарағай топ баладай.
Көңілдің көк дөнені....
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Жапонияның табиғат жағдайлары және табиғат ресурстары

Кіріспе
Жапония эканомикасының даму ерекшеліктері.
Жапония көптеген ірі және кіші аралдардан тұрады. Жапоия солтүстігінен батысқа, оңтүстігінен шығысқа 3,5 мың км қашықтықта созылып жатыр. Аралдардың жалпы ауданы 378 мың кв, км, ал олардың саны 3900 жетеді. Ең ірі аралдарына мыналар жатады: Хонсю, Хоккоидо, Кюсю және Сикоку.
Жапония мемлекеті 47 префектураға бөлінеді, қалалары мен ауылдық жерлерінің әрқайсысының өз үкіметі, басқарушысы бар. 1999 жылдың наурыз айында жүргізілген халық санағы бойынша 125, 86 млн адамға жетті. Жапония КНР Индия, США, Индонезия, Бразилия, Ресей және Пакистан мемлекеттерінен кейін тұрып 8 – ші орынды иеленді.
Жапония тұрғындарының 99 % жапондықтар құрайды.
1875 жылғы саннақ бойынша халқының саны 35,3 млн адам болса, ал 1975 саннақ бойынша 100 жылдың ішінде 111,9 млн – ға жетті. Тұрғындарының ¾ бөлігі қалада өмір сүреді. 8,5 млн тұығыны бар астанасы Токио қаласында халық тығыз орналасқан. Мұнда 1 кв. Км жерге 332 адамнан келеді. Жапония тұрғындарының ерлері мен әйелдерін салыстырғанда шамамен тең келген.
196 жылы әйелдер 50,99 % - тін құраса, ал ерлер 49,01 % - тін құрады. Жапония қоғамында ескі дәстүрлері жалғасып келуде. 1998 жылы 65 жастан жоғары адамдар саны 16,5 % -ке жетсе, ал 1997 жылға қарағанда 0,5 % - ке өсті. Сол кездің өзінде 15 жасқа дейінгі балалар саны 0,3 % - ке қысқартылды және дәл кәзіргі таңда 15 % құрайды. Негізгі тіліне келсек Жапон болып табылады....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0