Жұмбақтар жауабымен: Әзіл-оспақты, қалжың, күлкілі

Қайыңда 50 жаңғақ өсіп тұр. Қатты соққан желден 10 жаңғақ түсіп қалды. Қанша жаңғақ қалды?
Қайын ағашында жаңғақ өспейді

Бір адам құйып тұрған жаңбырдың астында қалыпты. Үйіне келгенде үсті-басы малмандай су, тек шашы су болмапты. Неліктен?
Шашы жоқ

Төрт қызметші,
Бір патша.
Үстел
Жұмбақтар жауабымен
Толық
0 0

Қазақша ертегі: Арыстан мен түлкі

Арыстан қартайды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болды. Енді аңдарды айламен аулағысы келді. Өзі үңгірде жатты да:
- Аурумын, жүруге әлім жоқ, - деп барлық аңдарға хабар таратты.
Аңдар бір-бірлеп арыстанның халін білуге келеді. Арыстан аңдардың.......
Ертегілер
Толық
0 0

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Күз)

Бұрқырап қара дауыл соғып тұрған,
Көкорай түсі қашып солып тұрған.
Шыдамай қатты ызғарлы жел өтіне,
Бүрісіп ағаш, шөптер тоңып тұрған.
Көрік жоқ ойда-қырда шығып жүрсең,
Естілмес құс, құрт даусы құлақ түрсең.
Қақтанған, жамыла түсіп, от маздатып,
Көресің кемпір-шалды үйге кірсең.
Масатыдай құлпырған......
Өлеңдер
Толық
0 0

Әңгіме: Ауру – астан

Әжеміздің көжесін ішіп, пісірілген жүгерісін, қуырылған бәлішін бұрап тұрып жейтін біздер қазір фастфудқа көштік. Пайдасы жағынан әжеміздікіне жетпесе де, дәмі жағынан кез келген жан айналсоқтап кете алмайды. Бір дәмін татқаннан кейін қарын шұрылдағанда фастфуд естен кетпей қояды. Фастфуд ағылшын тілінен аударғанда.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Балаңыз көркем сөйлеп, шешен болсын десеңіз

Баласының көркем сөйлеуін, шешен болуын қаламайтын ата-ана бар ма екен? Ғалымдардың пікірінше, бір жасқа толған нәрестенің тілдік қорында 7-10 сөз ғана болады. Екі жасқа толғанда сөз қоры 100-ден 200-ге дейін артады. Үш жаста бала 1,5-2 мыңнан аса сөз меңгереді. Төрт жасында 2-3 мың сөзді іркілмей.....
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық
4,5 -2,5

Жаңылтпаш: "З" әрпі

Зерек зергер зерделеп,
Зергерлеуші зер зерлеп.
Зерлілер затын зерлеткен
Зергерлік те зерделік.
Жаңылтпаштар
Толық
13 -8

Қазақша ертегі: Ай астындағы Айбарша сұлу

Баяғыда Күлмесхан деген хан болыпты. Оның шын аты Баяухан екен. Күлмесхан аталған себебі, Баяуханның заманында жаугершілік қатты болып, бір ел бір елді шауып, жаншып ала береді, содан кейін Баяухан бір күні жұртын жиып, бірнеше әскер алып, жұртқа тыю саламын, әлемге әділдік орнатамын деп, жер қайысқан қолмен аттанған екен.

Жарты жолға жеткен соң, Баяуханның пір тұтып жүрген бір абызы бар екен, сол есіне түседі. Баяухан: «Қой, мен қайда барсам, не істесем де абыздан рұқсат алушы едім ғой. Қате болған екен, абыздан бата, ақыл алмай.......
Ертегілер
Толық
0 0

Қыз балаға қамқорлық танытсаңыз...

Қыз баласын тәрбиелеп отырсыз ба? Ендеше, сіз ең бақытты жансыз!

Әз елшінің ﷺ қыз балаға қамқорлық таныту жайлы сөз қылған хадистері көңілге қанат бітіреді әрі естіген жан қыз балаға қамқор болуға асығады. Құдай Тағала қыз баланы үлкен сауапқа толы қазына әрі береке бастауы етіп жібереді. Егер сіз өзіңіздің қызыңызға мейірімділік, қамқорлық танытып, үнемі аялап әрі пайдалы білім берген....
Кеңестер
Толық
0 0