Әңгіме: Балғабек Қыдырбекұлы | Бір сабақ жіп

— Сот келеді!

Үлкен клубтың ішінде бағанадан бері шулап отырған жұрт орындарынан ду көтерілді. Соттың председателі жер ортадан асқан, орта бойлы, артық еті жоқ, сылыңғырлау кісі екен. Артынан ере шыққан бір әйел, бір еркек екеуі де бұл өңірде көзге түспеген кісілер. Әйелдің басында бір тартар шәлісі бар, неше адам. Соттың екінші жолдасы ұстарамен қырғызған доп-домалақ әдемі жұмыр басын тікендей қадалып өсіп келе жатқан шашы жапқан жас жігіт. Ол сот председателінің сол жағына шықты. Үшеуі отыра бергенде:

— Отырыңыздар!— деген дауыс естілді.

Председатель бірсыпыра сот рәсімінен кейін барып:

— Айыпкер Арлыбек Жарболов, сотқа тек шыныңызды айтуға ант етіңіз,— деді. Жұрт сот председателі атын атағанда орнынан көтерілген Арлыбекке қарады, енді ғана байқағандай үлкен залдағы жаудыраған көп көз өзіне қадалғанын айқын сезгендіктен бе, әлде жұрттың бәрі маған қарап отыр-ау деді ме, айыпкер жерге қарап, ұяң, ақырын сөйледі: .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Жалындап өткен жас ғұмыр

…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.

Н.Назарбаев

Тарих толқынында қазақ елі, азап шектірген жылдар, ауыртпалық кезеңдер басынан өткергені баршаға мәлім. Бірақ біз қаймықпадық ата-бабаларымыз біз үшін жанын да қанында аямай, бізге жерімізді аманттап қалдырды. Әлихан Бөкейханов «Әр ұрпақ өзіне артылған жүкті жетер жеріне апарып тастағаны дұрыс, әйтпесе болашақ ұрпағымызға аса көп жүк қалдырып кетеміз. Кейінгі ұрпақ не алғыс, не қарғыс беретін алдымызда зор шарттар бар»,-деген. Біз осы болашақ ұрпақ алдындағы борышымызды өтеп кете аламызба жоқпа ол әрине бізге байланысты.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Аттан Қазақстан қозғалысының жетекшісі Амантай қажы Асылбекке

Дүрліктіріп қаланы,
Дүрліктіріп даланы.
Аттандаған қажы үні
Құлағыңды жарады.

Қазақстан былай қап
Қажымыз, а, Құдайлап,
Америкаға айбынын
Танытқаны шын айғақ.

Сынаққа құмар пенделер,
Қажыдан үркіп сенделер...
Төсектерін ұлғайтты,
Тоқал құмар өңгелер. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Өнімді малдардың зат алмасу ауруларына қарсы қылқан жапырақты қоспаны қолданудың емдік тиімділігі

1.1. Тақырыптың өзектілігі мен тәжірбиелік маңыздығы.Егеменді ел болғалы да біршама уақыт өткенімен мал басы, оның ішінде ірі қара мал саны өспей отыр. Бүгінде республикада мал саны небәрі 6 млн ғана. Мал басы көбінесе шаруа қожалықтары мен жеке кооперативтерде шоғырланған. Ірі қара мал басының бұлай өспеуінің себебі төлдер арасында жиі кездесетін жұқпалы және жұқпалы емес аурулар себепкер болып отыр.Республикамызда ірі қара шаруашылығы мал шаруашылығының дәстүрлі және негізгі саласы болып табылады.Ірі қара малы өнімділігін арттырудың басты жолы – мал басын көбейту десек, одан алынатын төлді аман сақтау маңызды болады....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биология | Биологиялық активті заттарды полимерде иммобилизациялау

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі коллоидты химияның өзекті мәселелерінің бірі, бұл-пролонгирлеуші емдік қасиеті бар жаңа полимерлі дәрілік препараттар алу. Практикалық медицинада қолданылып жүрген дәрілік заттардың кемшілігі фармакологиялық эффектсінің периоды (орташа 3-5сағат) аз болуы. Бұл кемшілікті жоюдың бір жолы жоғары молекулалық қосылыстар негізіндегі принципиалды жаңа дәрілік формалар алу .
Дәрілік заттарды шығаруда сапалы өзгерістер алып келген - жоғары молекулалық қосылыстар, биохимия, фармакология мен медицина ғылымдарынан туындаған жаңа дисциплинааралық –медико-биологиялық полимерлер химиясының интенсивті дамуы себеп болды. Мұндай жаңа полимерлер негізіндегі дәрілік препараттар тек пролонгирлік қасиетке ие болмай, сонымен қатар орган-мишеньге белгіленген программа бойынша енгізуге мүмкіндік туды. Полимерлі дәрілік формалар дәрінің улылығын, қосымша әсерін, қабылдау жиілігін және организмге тиетін препараттың жалпы дозасын азайтуға мүмкіндік береді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген, өйткені бала біздін болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан бүгінгі таңда да балаларлы қорғау - әлеуметтік мәні зор халықтық іс болып табылады. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды тәуелсіз мемлекетіміздің білімді, білікті, мадениетті азаматы етіп тәрбиелеу барысында жасалып жатқан тың жұмыстар, өмірімізге еніп жатқан жаңалықтар осыны дәлелдейді.
"Бала тәрбиесі — бесіктен басталады"— деген ұлы қағидаға сүйенсек, 1,5 – 6 жас аралығындағы сәбилерге білім және тәрбие беретін мекемелердің орны да маңызды да ерекше.Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа арналған «ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» атты Жолдауының «Тоғызыншы бағытында – Жоғарғы технологияларды енгізуге және инновацияларды қолдауға бағытталған біртұтас мемлекеттік стратегия жүргізу жүйесін өте мұқият зерделеген жөн » деп атап көрсетті.
Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасыды, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Меншікті негізгі құралдардың теориясы

Диплом жұмысының өзектілігі. Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Дс Солозано осы ғылым туралы "Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес»- деген болса, оның әріптесі Р.А. Фаулки "Есеп — бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы" - деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген конференциясында "Есептей алмаған, басқара алмайды" — деген сөздің бекер айтылмағандығын атап өтуге болады. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады. Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі қаржылық (сыртқы) және басқарушы (ішкі) есеп болып екіге бөлінеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Зерде интеллектуалдық ойын

Мақсаты: оқушылардың танымдық қабілетін арттырып, интеллектуалды, өнерлі де жігерлі, шығармашыл, еркін ойлай алатын жеке тұлға етіп тәрбиелеу. Оқушылардың білімдерін пысықтау. Алған білімдерін саралай отырып, оқу іс – әрекетіне деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі: түрлі тапсырмалар, жұмбақтар, мақал - мәтелдер слайд.
Түрі: сайыс

Барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі көрермендер! «Зерде» интеллектуалдық ойынына қош келдіңіздер! Бүгін ойын сайыс түрінде өтеді. /оқушылар ортаға шығады/
Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Бәріңе жар салайық!
Бүгін сайыс төріне,
Есеп шешіп таласып,
Жұмбақ айтып аңдысып,
Шабыт тасып шалқысып,
Кең пейілді жігермен,
Келді міне көп білген,- демекші енді көпшілік қауым, күш жігері шалқыған, бұл жеңіс менікі деп артынған оқушыларды ортаға шақырайық. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ыдыстар

Мақсаты: Ыдыстардың түрлері және оның қызметі туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Ұсақ қол қимылдарын дамыту. Мүсіндеу іскерлік дағдыларын
жетілдіру (созу, есу, домалақтау, тегістеу)
Тәрбиелік мәні: Бір – біріне өзара көмекке дайын болу сезімдерін тәрбиелеу.
Қос тілді түсінік беру: Ыдыстар – посуда, қасық – ложка, шанышқы – белка, қазан – кастрюль.
Көрнекі құрал: Ермексаз, тақтайша, су, сүрткіш.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы кезең
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір - бірлеріне
жылы лебіз білдіреді.
Жылулық шеңбері.
Ризамын, ризамын, Өткен күнге ризамын
Ризамын, ризамын. Осы күнге ризамын Амандасу

Ұйымдастырушылық, ізденушілік кезең
2. Тақырыпты хабарлау.
Балаларға сабақты жұмбақ шешуден бастау.
Кесе – шыны, пиала,
Оларсыз шай құяма?
Қасықсыз тамақ жемейді
Бәрінің атын не дейді? (ыдыс – аяқ ) .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік есеп, оның мәні мен маңызы

Кіріспе
Қандай ғылымның болмасын пайда болу тарихы, маңызы мен мақсаты және қоғамда алатын өз орны бар екендігі белгілі. Солардың ішінде басқа салалардан өзінің ерекшелігімен оқшауланатын бухгалтерлік есеп саласы бұдан бірнеше жүздеген жылдар бұрын пайда болып табылады. Бухгалтерлік есеп саласы бұдан пайда болып, күнделікті өмірде қолданылуы барысында қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына қарай өзгерістерге ұшырап келе жатқан ғылым болып табылады. Бухгалтерлік есеп туралы белгілі ғалым Б.Де Солозано «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес және де бухгалтерлік есепсіз әлемді басқару мүмкін емес, адамдар да бірін-бірі түсінбес еді»
-деген болса,оның әріптесі П.Самуэльсон «Біздің ғасырымыз-машина ғасыры сондай-ақ ол бухгалтерлік есеп ғасыры болып табылады»-дейді. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0