Курстық жұмыс: Құқық | Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері

Зерттеу тақырыбымыздың мақсаты мен мазмұны ескере отырып, негізінен, азаматтық- құқық жауапкершіліктің тәрбиелік аспектілерін қаралап көрелік. Аталған мәселелерді зерттеумен айналысып жүрген Қазақстандық ғалымдар Ю.Г. Басин, М.К.Сүлейменов, А.Г.Диденко, О.Ихсанов және ресейлік ғалым Е.А.Сухановтың пікірінше азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің ескерту-тәрбиелік функциясының айқындаушы маңызы зор.
Бәрімізге мәлім, жауапкершілік әлеуметтік өмір аясында адам, қоғамның табиғи өмір сүруі үшін қажетті жағдай туғызуға себепті салдарын тигізетін еркіндікті (соның ішінде ой еркіндігінде) қамтамасыз етуге қабілетті, жауапкершілікті адамдардың мінез- құлқын қалыптастыру құралы болып табылады. Олай болса, жауапкершілік пен еркіндік өзара байланысты әрі бір-біріне себепті салдарлық құбылыстар. Еркіндік істің байыбын барлай отырып, дұрыс шешім қабілеттілігінен басқа ешнәрсе емес. Еркіндік немесе шешім қабылдауға жағдай тудырған болса, жауапкершілік те арта түседі. Еркіндік шектелген, шектелілген жерде жауапсыздыққа, заңға қайшы келетін мінез-құлыққа әкеліп соқтыратын психологиялық деформацияға жол ашыла ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Бастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамыту

Кіріспе.
ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақстан күрделі тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді.
1999 жылы маусымда ҚР-ң Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері айқындалды. Бұл принциптерде барлық азаматтардың тең құқылығы айқындалған. Халықың барлығы бірдей білім алу мүмкіндігі, жеке тұлғаның білім алуын ынталандыру және дарындылықты дамытуды қарастырады.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” бағдарламасында “Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы туралы” Қазақстан халқына жолдауында айқындалған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жаңартумен қатар оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігін дамытуға ерекше көңіл бөлген.
Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттың ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осы орайда егеменді еліміздің білім бнру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасаланып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді ізденімпаз, барлық іс-әркетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Мектептегі оқу үрдісі оушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыра отырып, олардың белсенділігін, шығармашылық әрекетін дамыта білу бүгінгі күннің өзекті мәселесінің біріне айналып отыр. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстағы классикалық және кейнстік бағыттар

Кіріспе
Макроэкономикалық талдаудың негізгі мақсаты жалпыэкономикалық тепе-теңдік жүйесінің пайда болу жағдайын табу. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің мәнін, маңызын ашу жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысты категорияларын талдау қажет.Жиынтық сұраныс-(AD)- (aggregate demand)-бұл қазіргі кезде баға деңгейі кезінде (тұтынушылық, инвестициялық сұраным, мемлекет тарапынан сұраным, таза экспорт) көрсетуге болатын тауарлар мен қызметтердің жалпы көлеміне сұраным.Жиынтық ұсыныс (AS)- қалыптасқан баға деңгейімен сәйкес өндіріліп және ұсынылуы мүмкін тауарлар мен қызметтердің жалпы саны.Классикалық мектептің экономистері нарықтық жүйе ұзақ мерзімді кезеңде экономикадағы ресурстарды толық пайдалануды қамтамасыз етеді деп пайымдаған болатын.Оның өзіне аңда санда туып қалатын сәйкессіздіктер рыноктың автоматты түрде өзін-өзі реттеу негізінде шешіледі. Соның арқасында, ең соңында, жұмыспен толық қамтамасыз етілу нәтижесінде экономикада өндірістің тиісті деңгейіне қол жетеді. 30 жылдардың тәжірибесі классиктердің баға және жалақы, әсіресе қысқа мерзімді кезеңде, болар-болмас өзгереді деген ойлардың дұрыстығына күшті күдік тудырды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Василий Шукшин | Село тұрғындары


"Несі бар, мама! Кәрілікке қолды бір сілтеп, келіп қайтпаймысың. Москваны аралап, бәрін де көрер едің. Жол қаражатыңа ақша жіберемін. Ең дұрысы, ұшақпен кел жолың арзанға түседі. Қай мезгілде қарсы алатынымды біліп отырайын, бірден жеделхат жібер. Ең бастысы, жүрексінбесең болды".

Маланья шешей хатты оқып шықты да, кеберсіген ернін шүршитіп, ойланып қалды.

— Павел шақырып жатыр, деді ол Шуркаға, көзілдірігінің үстінен қарап (Шурка Маланья кемпірдің жиені. Қызының тұрмыста жолы болмай үшінші рет күйеуге шыққан). Содан Шурканы өз қолыма ала тұрайын деп қызына тілек білдірген-ді. Маланья жиенін жақсы көреді, бірақ сонда да қылтың-сылтыңсыз, қатаң ұстайтын.

Шурка үстел басында сабақ оқып отырған. Әжесі әлгідей дегенде ол иығын қиқаң еткізді де, шақырады екен бар, дегендей сыңай танытты.

— Сенің әлгі демалысың қашан еді?деп сұрады әжесі Шуркадан.

Шурканың құлағы елең ете қалды.

— Қайсысы, қысқы демалыс па?

— Қайсысы болушы еді, әлде жазғысы ма?

— Бірінші қаңтардан басталады. Оның несін сұрадыңыз?

Әжесі ернін тағы да шүршитіп, ойланып қалды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Джек Лондон | Аппақ тыныштық

Кармен екі күнге де бармайды.

Мэйсон кесек мұзды түкіріп тастады да, байғұс мақұлыққа мұңдана қарады, одан иттің табанын аузына тосып, оның бақайларының арасына шодырайып қатып қалған мұзды қайтадан тістелеп тазалай бастады.

— Аттары әсем қаншама итті кездестірдім, солардың бірде-бірі түкке жараған емес, - деді ол шаруасын бітірген соң итті серпіп тастап. - Олар біртіндеп әлсірей береді де, ақыры өліп тынады. Сен әшейін Касьяр. Сиваш немесе Хаски деп аталатын иттердің бірдеңеге ұрынғанын көрдің бе? Ешқашан да! Шукумге қарашы: бұл...

Кенет әбден жүдеген ит жоғарыға қарай атылып, Мэйсонды кеңірдектен ала түсуге шақ қалды.

— Өй, мынауың не сұмдық!

Бишіктің сабымен бастан тиген қатты соққы итті қар бетіне мұрттай ұшырды. Ол жанталаса безектеп қалды да, езуінен сап-сары сілекей тамшылап кетті.

— Айттым ғой, Шукумге қарашы: Шукум мүлт кетпейді. Бәс тігейін, бір апта өтпей-ақ бұл Карменді жарып тастайды.

— Ал мен, - деді Мэйлмют Кид отқа қыздырып отырған нанының бетін аударып, - межелі жерге жеткенше Шукумді өзіміздің жеп қоятынымыз үшін бәс тігемін. Бұған сен дейсің, Руфь?

Үндіс әйел қоюын тұндыру үшін кофеге бір кесек мұз тастады да, Мэйлмют Кидке қадаған көз жанарын күйеуіне бұрды, одан иттерге қарады, бірақ үн қатқан жоқ. Соншама көз жетіп тұрған ақиқат құптауды қажет етпейтін еді. Басқа шешім де жоқ-тын. Алда із түспеген екі жүз миль жол жатыр, азық небәрі алты-ақ күнге жетеді, ал иттерге мүлде ештеңе қалмаған. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Журналистика | Асқар Егеубаев публицист

Әрбір журналистің бүгінгі күнгі жанкешті еңбегі – ертеңгі ел тарихы. Бұл үрдіс сонау ертедегі жазу-сызу пайда болған күннен бастап жалғасын тауып келеді. Бағзы замандардан бізге жеткен балбал тастардағы жазбалар – тарихымыз бен мәдениетіміздің, рухани дүниеміздің қазынасына қосылған қаймағы қалың, құнарлы мұралар. Отандық баспасөз беттерін парақтап көрсек, елдің кешегісі мен бүгіні, ертеңі менен келешегі сара жолдай сайрап жатыр. Біздің осы өмір сүріп жатқан дәуірімізді ақпарат ғасыры деп ерекше әспеттеп жар салып жарнамалаймыз. Сонымен қатар жаһандану деген жаңа түсінік пайда болып, әлемдік ақпарат кеңістігінің өрісі кеңіп, дүниенің төрт бұрышындағы жаңалықпен танысуға мүмкіндік туды. Осындай ақпарат тасқынының толассыз ағынына төтеп беру үшін жаңалық пен хабарды екшеп қабылдап, асылдан жасықты айыра білетін білік пен талғампаздық тағы да қажет болады. Осы орайда қоғамдық сананы, қоғамдық ойды қалыптастыруға публицистер еңбегі елеулі қызмет атқарады. Сондықтан мен бітіру жұмысымның тақырыбын «Асқар Егеубаев – публицист» деп алдым. Бітіру жұмысының негізгі тақырыбына көшпес бұрын ең әуелі публицистика мәніне тоқталып, түсінік бере кеткенді жөн санадым. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Туризм | Әуе көлігінің халықаралық туризмдегі мәні

КІРІСПЕ
Жер бетімен және сумен тасымалдау түрлернің қаншалықты жедел болғанымен, жер өте үлкен, сондықтан алыс мемлекеттер мен континенттерге саяхаттау үшін айлар мен жылдар кеткен.
Адамдардың әуе көлігін ойлап табуы, бұл көлік түрінің дамуы мен оның саяхаттау мақсатын да пайдаланылуы туризмнің қалпын, стилі мен тәсілдерін өте қатты өзгертіп, туризмнің көпшілік түрінің дамуына, саяхаттар географиясының және туристік ағымдардың, құрылымының өзгеруіне әкеп соқты.
Мысалы, Мәскеуден Владивостокқа темір жол арқылы саяхаттау ең аз дегенде 7 күн алады, демек жалпы 14 күн (барып- қайту үшін). Ал бұл саяхатшының тасымалдауға бөлетін уақытының нормасынан шығады.Ұшақ болса, Мәскеуден Владивостокқа 8 сағат ішінде жетуге мүмкіндік туғызады.
Туризм мақсатымен трансконтиненталдық тасымалдауда әуе көлігінің бәсекелесі жоқ (арнайы мақсатпен саяхаттауды алмағанда).
Көпшілік туризмі әр жұмыс істейтін адамның бос уақытында негізделген.
Еңбек қарым-қатынастарын реттейтін Норма бойынша, жұмыс-
шыларға берілетін демалыс 2-4 аптаға созылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Вуздағы Кафедра құжат айналымын Delphi көмегімен дамытуды ұйымдастыру

ХХ ғасырдың соңы азаматтардың индустриялық эрадан информациялық эраға өтуімен ерекшеленеді. Осыған байланысты ақпаратты ала білу, оны өңдеу және күнделікті істе пайдалану өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.
Соңғы компьютерлік технологиялардың пайда болуы көптеген мекемелердің, өндірістердің, акционерлік қоғамдардың және компаниялардың іс құжаттарын ұйымдастыру, деректер қорын басқару, т.с.с көптеген жұмыстарын едәуір жеңілдетті. Қазіргі кезде мәліметтерді сақтау және өңдеу жұмастарын соңғы жылдарда шыққан программалық өнімдер арқылы жылдам әрі тиімді ұйымдастыруға болады. Заманымыздың өркендеуіне байланысты мәліметтер ағымының көлемі де ұлғая бастады.
Деректер қоры, дерктер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ), электрондық кесте т.с.с. компьютерлік жаңа програмалардың дамуы заман қажеттілігінен туындап отырғандығы айқын. Сондықтан соңғы жылдары компьютерлік технологиялар қарқынды дамып, көптеген жерлерде қолдалынуда, себебі дайын құралдарды пайдаланбау бірталай қиындықтар туғызатыны сөзсіз.
Қазіргі уақытта көптеген мекемелерде, өндіріс орындарында және компанияларда мәліметтер ағымымен жұмыс істеуде деректер қоры кеңінен пайдалануда. Себебі деректер қоры мәліметтерді сақтауда және оларды өңдеу жұмыстарын жүргізуде көптген жеңілдіктер береді.
Осындай мекемелердің бірі – кафедра. Әрбір кафедраның атқаратын жұмыстары мол. Оның ішінде кафедраның әр мамандық бойынша жылдық оқу жоспарын жасау жұмысы күрделі де, уақытты көп талап ететін жұмыстардың бірі. Осы оқу жоспарында көрсетілген әр мамандыққа байланысты және пәндерге лайық емтихан, курсық жұмыс, лекция, практика, СРС, СРСП, лабораториялық жұмыс сағат сандары т.с.с мәліметтер дер кезінде алынып, көптеген жұмыстар жасалады. Осы аталған себептерге байланысты бітіру жұмысына қойылған мәселе өзекті мәселелердің біріне жатады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ

І. КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қазақ ежелден ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген халық. Өйткені, біздің қазақ - бала дүниеге келмей жатып-ақ, оның тәрбиесіне әзірлене бастаған. Оның бір мысалы тегі жақсы жермен құдаласып, алдымен екі жастың жан тазалыығына мән берген. Жас келіннің бойына бала бітісімен енесі мен абысыны жерік асын қамдап, ерекше күтімге алып, қамқорлық жасаған. Кейіннен бүкіл ұлттық психологиямызға «атойлап» шабуыл жасаған кешегі кеңестік идеология ұрпақ тәрбиесіне де көптеген өзгерістер енгізіп, таза қазақи тәлім-тәрбиені шұбарлап жіберді. Соның салдарынан өзгеше ойлайтын жан дүниесі, мінезі басқаша балалар көбейіп, жұртымыздың рухани азғындау көріністері жиі байқала бастады.
Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасындағы балалардың білімі мен тәрбиесіндегі халықтық педагогиканы қолдануда балалардың дағдыларын қалыптастыру барысындағы әдістемелік әдебиеттерді талдап, ғылыми негіздерін белгілеу. Сондай-ақ қазіргі жастар тәрбиесіндегі халықтың әдет – ғұрпын, салт – санасын қалыптастыру әдістемесін жасау.
Зерттеудің міндеттері:
- Мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеуде халықтық педагогиканы қолданудың ғылыми - теориялық негіздерін анықтау;
- Қазіргі жастардың тәрбиесінің мазмұнын, көлемін және оның жүйесін қатысымдық әрекет негізінде белгілеу;
- Мектеп жасындағы балалардың оқу тәрбиесінің әдістемесін жасау.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0