Курстық жұмыс: Педагогика | Қазіргі мектептегі сынып жетекшісінің негізгі жұмысы

Зерттеудің өзектілігі: Бүгінде қоғамды реформалау жағдайында мектепке, оқушылар мен мұғалімдерге қойылатын талаптар да жаңа сипатқа ие болуда. Дегенмен, сынып жетекшісі қызметінің маңыздылығы жойылған жоқ. Ол жаңа жағдайға сай өзара байланысты 3 қызметті орындайды: әр бағытын сыныптағы оқушылардың әрекетін ұйымдастыру, ондағы әрбір тұлғаның дамуына қамқорлық жасау, сыныпта туындаған мәселелерді шешуде балаларга көмектеседі.
70-80 жылдардағы мектептен өзгешелігі, тәрбиенің ықпал ету күші негізінен баладан тысқары байланыста болғаны. Бүгінде көптеген сынып жетекшілерінің ол жөнінде көзқарастары басқаша. Яғни, тәрбиені баланың ішкі жан дүниесін дамытуға жағдай жасау деп түсінеді. Осыдан барып тәрбие жұмысының бағыты мен жүйесі өзгереді. Мұндай көзқараста баламен жеке жұмыс жасау мүмкіншілігі күшейеді. Ол әр бір баланың дене және психикалық дамуын қамтамасыз етумен байланысты болады. Мұндай жағдайда, бірінші кезекте, негізінен сыныптың ішкі көңіл күйін көтерудің онда жағымды психологиялық жағдай туғьгзуға, балалардың өзін-өзі басқаруын қалыптастырып дамытуға, әрбір жеке баланың өзін-өзі танын, қоршаған ортаға қатысты ашылуына жағдай туғызуға, оқушыларды шынайы әлеуметтік өмірмен қарым-қатынас жасауға аса көніл бөлінеді.
Зерттеудің мақсаты: Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты - мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбие міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру.
Зерттеудің міндеті: Қазіргі мектептегі сынып жетекшісінің негізгі жұмыс мазмұны мен атқаратын міндеттері - сан алуан. Сол себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы; өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Психология | Бала есінің дамуы

Ес, еске сақтау қабілеті аз зерттелген қасиеттердің бірі. Ол физиологиялық тұрғыдан қарағанда 3 бөліктерден тұрады: ақпаратты қабылдау, оны сақтау және мезгілінде қайтадан жаңғырту, яғни еске түсіру. Бұл үшеуін, еске сақтаудың 3 кезеңі. Олар бір – бірімен тығыз байланысты қызыметтер. Естің физиологиялық негізіне келсек, ол өте күрделі қызметтің бірі. Сыртқы ортаның мәліметтері адам миына жан – жақтын келеді: көру, есту, сөз, тері, иіс, дәм, сезімдері және ішкі түйсіктер арқылы. Олардың бәрі қабылданып, талданып, талшықтанып, қажеттісі ғана еске сақталады, керек кезінде пайдаланады.
Мәліметтердің келу жолына байланысты ақпаратты қабылдау белсенді қызметтің күрделі түрі. Мәліметтерді қабылдап, талдасуымен қажеттісін еске сақтау басталады. Бұл кезді ғалымдар консомедация (лат. Консомедация - бітелу, бекіту, нығайту, нақтау) кезеңі деп айтады. Онысыз апарат тұрақты ес іздеріне айнымайды. Ғалымдардың зерттеулерінің негізінде мәліметтің ізі ми қыртысында пайда болып сақталатыны, ал оларды қабылдап, консолидациялауға торлды құрлым мен мидың жүйесі қатысатындығы белгілі болды. Мәліметтердің іздерінің қалыптасуының нерв клеткаларындағы био-химиялық және биоэлектрлік өзгерістерге негізделеді. Қазіргі түсініктер бойынша естің негізгі элементі нейрондардың бір-бірімен байланысының орны – синапстар. Бұған дәлел баланың өсіп дамуына қарай нерв клеткаларының денесі мен дендриттеріндегі синапстық байланыстардың көбейі. Нейрондар арасындағы байланыс бала жетілген күрделеніп, көбейіп, дами береді. Қазіргі электрофизиологиялық әдістерді қолдану арқлы нейрон аралық байланыс пен контактілерде өте көп түрлер болатыны анықталып оты. Бұған қоса көп жаттықтырылған нейрондарда РНК-ның нөмірі көбейетіндегі табылады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Қ. Ергөбек Сәбит Мұқанов шығармашылығын зерттеуші

КІРІСПЕ
Қандай халық болмасын өзінің азаматтық тарихына енжар қарай алмаса керек. Әдебиет тарихы – халықтың азаматтық тарихымен сабақтас құбылыс. Адамның тынымсыз еңбегімен, зерек ақыл, ыстық жүректің жылуымен бірлікте ғана жасауы мүмкін таланттың қыр-сырына арнайы үңілу бұл жұмыстың мақсаты емес. Алайда шығармашылық және зерттеушілік болмысын талант пен еңбектің бірлігінен тыс түсіндіруге болмайтын, табиғатында талантты, ғұмырында еңбекқор, қазақ әдебиеттану ғылымының қазіргі белді өкілі, көрнекті сыншы, филология ғылымының докторы, профессор Құлбек Ергөбектің терең еңбек жолы, терең шығармашылық келбеті, терең ғылыми ізденістері туралы сөз бола қалған жағдайда алдымен талантты өз ғұмырында шығармашылықтың қиындығы мен қызығына бірдей жұмсап үлгерген Құлбек Ергөбек қазақ әдебиеттану ғылымының қыр сырына қанық бұл жолға таланты мен күш қайратын бірдей жаныған ғалым.
Әлеуметтік, танымдық-мазмұндық тұрғыдан алғанда да, эстетикалық, әдеби-көркемдік тұрғыдан алғанда да аса маңызды зерттеу еңбектерінің атына заты сай болуын қамтамасыз ететін принциптері. Мұның өзі зерттеушіге зор жауапкершілік нардың жүгін арқалатқан міндеттер. Іс жүзінде зерттей білу де – талант. Теңіздің түбінен інжу теріп алғандай көп оқып, ізденудің кірпияз талғампаздық жемісі. Сәбит Мұқанов жайлы көптеген сыни мақалалар, зерттеу еңбектері шын мәнінде де көп еңбек етіп, талғампаздық пен мұқияттылық танытқан. Құлбек Ергөбек әдеби-ғылыми мәселелерді мөлдіретіп жазған, Тіл оралымы бай, сөз саптасы шешен. Алайда ол татусыз тамсану, дәмсіз су сорудың жетегіне ешқашан ерген емес. Не айтса да деректермен, нақтылы пайымдаулармен, ұстамды ой-пікірлермен көрінді. Құлбек зерттеулерінде сарыла ізденген нәр бар, еленіп екшеленген ой бар.
Осыдан болар Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының «... Сіздің ұлттық әдебиеттануыңыз бен әдебиет тарихының заманға лайық жаңа методологиясын жасақтау академиялық орнықтылығы мен кемелділігін қамтамасыз ету жолындағы тыңғылықты ізденістеріңізгн сүйсінемін», - деп пікір білдіруі кездейсоқ емес.
Иә, академиялық орнықтылық ... Бұл қасиет қателеспесем Құлбекке кезінде біреу де болса бірегей болған Қазақтың Ұлттық Мемлекеттік университетінің ұстаздарынан дарыған деп ой түюге болады. Алайда сыншы, зерттеуші Құлбек Ергөбек шығармаларының кейінгі толқынға, артынан ерген ізбасарларына беймәлім қырлары бары анық.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты мен міндеті:
Қазақ әдебиетінің жарқын бейнелерінің бірі Сәбит Мұқанов шығармашылығын зерттеп, бүтін бір шеберханаға айналдырған сыншы, зерттеуші Құлбек Ергөбектің еңбегін тану арқылы оны қазақ әдебиетінің құнды беттеріне айналдыру. Жазылған шығарманы оқу бар да, оны кәсіби тұрғыдан тану бар. Осы ретте Құлбек Ергөбектің Сәбит Мұқанов туралы зерттеу еңбектерінің кейінгі әдебиеттанушылар үшін танымдық маңызы зор. Осы тақырыпты зерттеудегі біздіңі мақсатымыз да осы арнаға саяды.
Сондықтан Диплом жұмысымызды Қ.Ергөбек шығармашылығына, оның ішінде заманының заңғар жазушысы, әдебиетіміздің марқасқасы С.Мұқанов шығармашылығын зерттеген еңбектеріне арнағанды жөн көрдік. Әрине, бүкіл әдебиеттің жаңа бағытына айналған зерттеулердің бір Диплом жұмысының ауқымына сыйғызу мүмкін емес. Дегенмен сыншы, зерттеуші Қ.Ергөбек зеттеулерін ғылыми түрде қарастырып, талдап таразылаудың уақыты жеткен сияқты. Әрине біздікі тек тың соқпаққа сүре салу ғана. Қалай болғанда да, диплом жұмысымызға арқау болып отырған ауқымды еңбектер әдеби ортада өз бағасын алғанымен, ғылыми түрде сараланбағаны ақиқат. Осыны негізге ала отырып Диплом жұмысының мақсатын айқындап, саралай зерттеуді міндетімізге алдық.
Диплом жұмысының өзектілігі:
Бізде сыншылар аз емес. Бірақ соның ішінде әдебиетке белсене араласатыны некен саяқ. Солардың бірі – сөз жоқ Құлбек Ергөбек. «Сыншы атану, сыншы міндетін сезіну - өз буыныңның жетістігін өзіңдікі санау, кемшілігін өз кемшілігің санау, сөйтіп жетістік – кемшілікті өз мойныңа көтеріп алудан басталған» дейді Құлбек Ергөбек. Б Майлин, Ж.Аймауытов, Б.Кенжебаев, Б.Соқпақбаев, Д.Исабеков, А.Сейдімбек, Ө.Нұрғалиев, Б.Қанатбаев, Қ.Түменбаев сияқты сыншыларымыздың пікірі, ой-толғамдары таразылауы қандай мәдениетті, қандай өтімді, тұщымды. Жазушыны жер бауырлататын сын бар, жазушыны көтермелейтін сын бар. Мұның екеуі де еренсіздің ісі. Сынның төресі – жазушыға көмектесетін сын. Әдебиетті көтеретін де осы сын. Құлбек Ергөбектің сыны да дәл осындай жазушыға көмектесетін әдеби сынның беделін өсіретін өміршең сын. Ұлы ақын А.С.Пушкин «Сын тарихы – ел тарихы» екенін айтқан. Демек, шығармашылығынғылыми зерттеумен байланыстырған біздің кейіпкеріміздің сыншылық көзқарасы бір әңгіме тарауы. Әрине, шығармада жәй оқырман байқай бермес бұрылыс-қалтарыстарды әдебиетші көзімен зерттегенде сынның қатар жүретіні заңды құбылыс. Сондықтан, бүгінгі әңгімеміздің өзектілігі деп Құлбек Ергөбектің сыншылық қырын алуымыз жайдан жай емес.
Диплом жұмысының құрылымы:
Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, үш тараудан, қортындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Алғашқы тарауды Құлбек Ергөбек қазақ әдебиетіндегі сыншы, зерттеуші деп алып, онда Қ.Ергөбектің сыншылық жолға келуі, жалпы әдебиетке бет бұруына ықпал еткен алдынғы буын ағаларының, ұстаздарының атап айтқанда Б.Кенжебаев пен Т.Кәкішевтердің берген бағыт-бағдары негізге алынады. Сонымен қатар, құлбек Ергөбектің шығармашылығының шыңына айналған Сәбит Мұқанов тақырыбына келу жолдары сараланады. Екінші тарауда Құлбек Ергөбек «Адасқандар» романын – романнан повестке деп атап, бұл тарауда сыншының Сәбит Мұқановтың «Адасқандар» романын негізге ала отырып, түпнұсқадан алыс кетпей, нақтылықты ұстандық. Айтулы шығарманың астарына иерең үңілуге тырыстық. Соңғы тарау, бүкіл бір дәуірдің бет-бейнесін ашатын Сәбит Мұқанов шығармашылығын тағы бір қырына арналады. Оның халық ауыз әдебиетін зерттеудегі еңбектері сыншы Құлбек Ергөбектің назарынан тыс қалмаған. Сәбит Мұқановты жаңа заманның жазушысы деп тану арқылы жеке зерттеу жұмыстары сараланады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Есей Жеңісұлы | Жесірлер

1. «Сағындың ба?»

Мамырдың мамыражай бір күні еді. Мал төлдеп бітіп, шаруа адамының қолы қалт босаған шақ. Сөйтсе де, ауылдың ұсақ-түйек шаруасы біте қойсын ба, істеймін десең екі қолға бір жұмыс табылады. Гүлсім де үйде жалғыз отырудан зерігіп, қора жаққа беттеді. Бадаға кеткен сиырлардың астын тазарту керек. Бұл өлкеге нағыз көктем мамырды орталап келетін әдеті. Сонда ғана Жер-Ана бусанып алып, бауырын тіле еккен көкке нәр беріп, еркін тыныстап жатқаны.

Ұлының күпәйкесін кие салып еді, сәлден кейін ыстықтай бастады. Басындағы орамалы көзіне қайта-қайта түсе беріп шаршатты. Гүлсім күпәйкені шешуге асықпады. Көктемгі желемік желмен ойнауға болмайды, ертең бүйірден ұстап қалса, бәле сонда басталар. Орамалының сулығы самалмен тербеліп, қытығын келтірген соң, Гүлсім оң жақ езуімен тістеп алды. Епсекті қолы күректі әрі-бері тез аударыстырып, ретті қимылдайды. Бір мұңды әуен тілінің ұшына келе берген. Сәлден соң Гүлсім өзінің жайлап сол әуенді ыңылдап жүргенін аңғарды.

Қыздарының бәрі тұрмысқа шыққан. Бұл күнде әрқайсысы бір-бір үй. Бірден-екіден жиен де сүйгізіп отыр. Бәрі алыста. Анда-санда ғана артынып-тартынып келіп, апталап жатып кетеді. Ондайда Гүлсімнен сергек, Гүлсімнен самдағай адам жоқ. Бұрынғысынша, Темірбегі тірі күніндегідей, жайнаң қағып жасарып кетеді. Жиендерінің бірін жетелеп, көршілерге кіріп-шығуы да жиілейді. Қалың ойдан еңсе жазып, қабағына сәуле ұялайтыны да осы кез. Амал не, қыздары кеткесін құлазып-ақ қалады. Кеудесінен ел көшкендей, боп-бос. Ал жалғыз ұлдың санасына ештеңе кіріп-шықпайтын сияқты. Ертелі-кеш бағатыны — қора маңы. Одан қалса кешкілік добын құшақтап, мектепте волейбол ойнауға тартып бара жатады. Анда-санда дастарқан басында отырғанда әкесі туралы сөз бастаса, ұлы ілесіп те жарытпайды. Үнсіз тыңдайды да, басын салбыратып отырып-отырып тұрып кетеді. Бірақ Гүлсім ұлының бұл қылығына ренжіген емес. Оның да соңғы кездері жиі ойланатынын байқап қалып жүр. Сырттай оқуға түскелі өзі кітап оқығыш болып алды. Сессия басталуына әлі жарты ай уақыт бар болса да, «киінемін», «әпкелерімнің үйінде жатып ағарамын» деп сылтау айтып, Алматыға алып-ұшып жөнелген. Анасының жалғыз қала беретініне әбден еті өліп кеткендей......
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Балғабек Қыдырбекұлы | Дос қадірі


Қандай жолдас еді, ол, қандай жолдас еді,— деген сөз оның ділінде де, тілінде де тұрды. Сол бір сөзді қайта-қайта қайталап қойып. ұзақ-ұзақ даққа кетеді. Еріндері күбірлей береді. Оның еріні күбірлеген сайын жанында отырған жұбайы оның өзінше сөйлеп отырғанын байқамай «м-м» деп қала береді. Ол жасаураған бота көздерін Гүлбаршынға бір тастап қайта ойымен болады. Сәлден кейін күбірлейді. Бұл күбірлеген сайын Гүлбаршынның іші қорқа түседі. Бірақ үндемейді. Қазақ ойға кеткенде ойын бұзбай, үндемеуге Гүлбаршын үйреніп кеткен. Сол әдебін-әдетін бүгін де сақтап отыр. Әншейіндегісі бір жөн екен, бүгінгісі әлейім болды. Үндемейді, алайып жасаураған қос шырағы жасқа толып, қанталап кеткен. Шамасы ол сыртта, үйге келгенше де жылаған болса керек.

«Волга» Күнгей Алатауды бөктерлеп Ыстықкөлдің солтүстік жағалауымен жүйткіп келеді. Тасты, кедір-бұдырлы жолды жолаушылар елең қылып отырған жоқ. Тек анда-санда баранка ұстап отырған бала — Қарақ машинасын тоқтатып, артқы қақпағын ашып, ү'ш аяғын буып салған көрсен құйрықты көрқызыл қазақы қойды байлап келеді де, қайта жүріп кетеді.

Машинаның артында екі адам Қазақ пен Гүлбаршын қасқыр ішікке оранып қатар отыр. Күнгей Алатаудың күнгей жағы болса да, қар қалың. Жолдан кішкентай ауытқуға болмайды. Оның үстіне Қарақтың, машина жүргізгені жаңа болмаса да заводтан жаңа шыққан және ілкі келе бастаған ГАЗ—24 сырын алып болмаған машина. Кеш алдында келген суық хабардан кейін-ақ бұлар көз ілген жоқ. Содан соң Қазақ анда-санда жол жабдығын, сөздің мәнін, жауабын айтқаны болмаса артық үн шығаруды қойды. «Қандай жолдас еді, ол?»— деп күбірлей береді, кейде ойы сыртқа шығып кетіп те отыр......
Әңгімелер
Толық
0 0

Ертегі: Өнер өрге сүйрейді

Ерте заманда бір шалдың Артықәлі деген жалғыз ұлы болыпты. Көшпелі тіршілікте кедейшілік өмір кешсе де, ақылды шал баласын талапты етіп тәрбиелепті. Олар күн-көріс үшін құмда өскен сексеуілдерді отындыққа шауып, базарға әкеп сатады екен.
Жасы он екіге толған Артықәлі бір күні әкесіне оқу оқығысы келетінін айтады. Шал біраз ойланып, ақырында, баласын қалаға оқуға жіберуге бекінеді. Сексеуіл сатудан түскен қаржыны ұлының қалтасына салып:
— Балам, талабың оң болсын! «Ізденген жетер мұратқа» деген, алдыңнан жарылқасын! Аман-сау бол, құлыным! – деп маңдайынан сүйіп шығарып салады......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Насыреддин Қожырбайұлы | Бақташы

Қуатты қол көк желкесінен ұстап тік көтеріп алғанда дем жетпей жаны көзіне көрінген болатын, әйтседе қанына біткен қайсарлықпа әлде, ауырғанның не екеннін сезетін кезге жетпеген бе, дымын шығармай іштен тынды. Мынауың нағыз төбет болада әй, - қарашы сесін шығармауын, -деп Болат күліп қойды. Енесінің бауырынан шығып осы үйге тұрақтағалы бір шама уақыт болған сияқты, тарамыстанып өзі өсіп келеді, бұрынғыдай емес, ызаланып тісін ақситқанын да қойған, таңеретеңнен қара кешке дейін Жантастың қасынан бір елі қалмай түйелерді бірге бағысып келетінді шығарды. Кейде күшік қиялы алысқа шарлап, көзін тырнап ашқаннан бастап бауырларымен бірге ала қаншықтың төсін сорғылап, қарынын тойғызып алып, алысып - жұлысып ойнағандарын, көрші үйдің қара -ала мысығы ысылдып айдаһарша айбат шегіп, тап-тап бергенін, ана қаншықтың әрі кетшей, - дегендей зілсіз ырылдағандарын еске алып отырғаны. Алыпсоқ деген атына сай нағыз қазақы төбет болып өсіп келеді, Күжірейген жон арқасы, сұсты қабағы, өзі құралпы күшіктер түгілі үлкен ауыл иттерінде қаймықтыратын сияқты.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Селода тұрады екенсің


Бағана басында сөйлеп тұрған үлкен радио "Қазалыдан сөйлеп тұрмыз. Жергілікті уақыт..." дей берген кезде, ойнап жатқан кішкентай балалардың шуылы сол сәт тына қалып, бір-біріне: "Тұра тұрыңдар! Тұра тұрыңдаршы! Қазалыдан сөйлеп жатыр!" деп тоқтау сала бастайтын еді. Әлгі радионың ішінде сөйлеп тұрған диктордың даусы кәсіби дикторлардың даусынан бірде-бір кем емес еді. Бұл дауысты естіген жандар мұны мойындаған.

Әшейінде апалары шақырғанда, ойыннан естімей қалып жататын балалардың осылай тына қалуына диктордың даусының кәсіби дикторлардың даусына ұқсайтындығы немесе радионың Қазалыдан сөйлеп тұрғандығы да себепші емес, олар қазір тура бір майдан хабарын тыңдағалы жатқандай, өз ауылдарының егін жинаудан нешінші орында келе жатқандығын білгісі келіп тұр. Өйткені осыған байланысты мәліметті дәл қазір ана радиода сөйлеп тұрған дауыс оқитындығын олар жақсы біледі. Енді радиодан бір сәт лекітіп барып, екпінге толы күйдің даусы төгіліп шығады да, .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Шай үстіндегі әңгіме

Саттар мен Тоқтар - әскерде бірге болған жігіттер. Саттар үйленді. Үйленгеніне де аса көп уақыт бола қоймаған еді, бір күні Саттардың үйіне жанында Әбу деген жолдасы бар Тоқтардың кіріп келгені. Әскерде бірге болған екі жігіт лезде құшақтары айқасып, бірін-бірі арқадан қағысты да қалды. Тоқтар жанындағы Әбуді Саттарға таныстырды. Саттар онымен де емен-жарқын амандасып, танысып қойды. Енді Саттар өзінің келіншегіне Тоқтардың кім екендігін, өзінің өмірінде қандай орны бар екендігін айтып жатты. Қонақ жігіттердің келуімен бірге үйдің ішіне
бір көңілді дабыр орнады.

Саттардың келіншегі пысық-ақ жан еді. Күйеуінің жолдастары келіп қалғасын, бір бөлмеге жылдамдатып дастарқанын дайындай қойды, ас та әзірленіп келді, дастарқанның шетінен самаурын да орын алды. Сол-ақ екен, әңгіме қызып сала берсін. Әңгіме әуелі екі адамның арасында - әскерде бірге болған Саттар мен Тоқтардың арасында басталды да, сәлден кейін олардың әңгімесіне Саттардың келіншегі де емен-жарқын пейілмен араласып кетті. Ал Әбу көбіне тыңдаушы болып, жігіттердің әңгімесіне оқта-текте бір атсалысып отырды. Осылай басталып кеткен әңгіме отқа тамызық тастағандай лаулай түспесе, бір бәсеңдеген жоқ. Біраздан соң шай да өз мәресіне жете бастады. Әңгіменің тізгіні осы кезде барып қана сәл-пәл тартыла бастаған еді. Енді Саттардың келіншегі үй иесіне тән қонақжайлылық пейілмен:
.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | ӘЛЬ-ФАРАБИДІҢ ТӘЛІМ –ТӘРБИЕЛІК ОЙ-ПІКІРЛЕРІ

К І Р І С П Е
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді. Қазақ топырағынан көкірегі ояу, көзі ашық ойшыл азаматтарымыз бүкіл шығыс араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге танылғандары да аз емес. Солардың бірі — бәрімізге танымал ұлы жерлесіміз Әбу Насыр әл-Фараби.
Бірнеше ғасырдан бері Әл-Фараби мұрасы әлемдік көркем ойға өз үлесін қосқан педагогикалық мұраның қатарында көрінді. Осындай биік рухани өсу біздің қазақ педагогикасының өткені мен оның даму тарихына,яғни Әл-Фараби мұрасына қатысты екені ақиқат.Сондықтан да оның қазіргі кездегі мұрасы сан-салалы гуманитарлық –педагогикалық арналары бойынша қазақ ғалымдарының зерттеуімен Әл-Фарабидің әрбір ғылымының арнасы айқындалып,ол біздің еліміздің рухани игілігіне айналуда. Фарабидің өмірі жөнінде бізге жеткен мағлұматтар үзік-үзік,аңыз-шыны аралас болып келеді....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0