Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты

Кез келген мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі – бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыраттты. Жеке меншікте, аралас, акционерлік меншікте құрылған миллиондаған кәсіпорындар пайда болды және қазіргі таңда қызмет етуде, көбею үстінде, даму барысында. Осылардың барлығы кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ұйымдастыру және басқару механизмінің өзгеруіне себеп болды. Мемлекеттің инвестициялық қызметі оның экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз.
Нарықтық қатынастардың дамуымен қатар барлық ұйымдық-құқықтық кәсіпорындардың қаржылық-шаруалылық тәжірибесінде қаржылық инвестициялар да кеңінен етек жайып келеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Халықаралық құқық | БОСҚЫНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІНІҢ НЕГІЗГІ

Кіріспе.
Бірнеше ондаған жылдардан бері босқындар проблемасын қазіргі заманның маңызды проблемаларына жатқызады. Босқындардың жер ауыстыруының жағдайлары мен себептері әр түрлі. Кейбіреулері адамдардың өзара қатынасының шеңберінде қалыптасатын немесе соның нәтижесі болатын жағдайларға байланысты туындайды; келесілері, пайда болуы адамдарға тәуелсіз жағдайлармен шартталады, мысалы дүлей апаттармен. Босқындардың негізгі массасын, әрине, бірінші тектегі жағдайлар туғызады, атап айтқанда: қарулы қақтығыстар, нәсілдік және діни тіресулер.
Батыс зерттеушілерінің жұмысында халықаралық құқықтағы босқындар жағдайы мәртебе ретінде анықталады. Осы терминді кең мағынада қолдану мүмкіндігін ұйғара отырып, оны құқықтық біліктілік тұрғысынан қолданылуының негізделуіне шүбә келтіру керек.
Құқықтық мәртебе – бұл халықаралық құқық субъектілерінің, жеке территориялардың, әр түрлі халықаралық және мемлекеттік органдардың, тұлғалардың және мүліктердің жеке категорияларының халықаралық құқық нормаларымен орнықтырылған жағдайы. Мысалы, тұлғалардың жеке категорияларының құқықтық мәртебесі туралы сөз болғанда, онда, бәрінен бұрын, дипломатиялық қызметкерлер мен халықаралық қызметшілердің құқықтық жағдайлары ұйғарылады, яғни қызметтері, кейбір ескертпелермен халықаралық сипатта болатын және олардың басқа мемлекеттің территориясында уақытша болуы өзіндік ерекшелікпен шартталған жеке тұлғалар категориясы.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан Республикасындағы саяси модернизация

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кезеңдегі тарихи дамудың негізгі көріністері тұрғысынан әлемдегі кейбір елдерде авторитаризм мен тоталитарлық режимдрдің құлауынан байқалады. Ал модернизация теориясы тұрғысынан саяси даму билік пен қоғам арасындағы жаңа байланыстар типін қалыптастыру, халықтың көпшілік бөлігіне негізгі шешімдерді қабылдарда ықпал етуге мүмкіндік беретін әлеуметтік – саяси механизамдерді құру болып табылады.
«Модернизация» ұғымы Батыс әлеуметтануында әлеуметтік – саяси, жалпы қоғамдық даму мінездемесі ретінде қолданылады. Яғни модернизация термині жинақталған мағынада қолданылады. Біріншіден, ол қазіргі индустриалдық қоғамның даму сатыларының түрлерін, екіншіден, дамушы мемлекеттердің ұлттық дамудың өндірістік дамуға көшу процесін айқындайды.
Жалпы саяси ғылымдарда саяси модернизация теориялары XX ғасырдың 50 – 60 жылдарында қалыптаса бастады. Оның құрушылары XIX - XX ғасырлардың басындағы атақты зерттеушілердің, сонымен қатар М.Вебердің (мінез – құлықты рационалдау негізде дәстүрлі қоғамнан қазіргі қоғамға өту бағытында европалық мәдениетті дамыту идеясын қозғады), Ф.Теннистің және Э.Дюркгеймнің (еңбекті бөлу негізде «механикалық ынтымақтастықтың» қоғамынан «органикалық ынтымақтастық» қоғамына өту эволюциясының концепциясын ұсынғандар) теориялық мұраларына сүйенді[1].
Алғашында модернизция өзінің табиғаты тұрғысынан Азия, Африка, Латын Американың артта қалған елдерінің өзара байланыстары идеясына сәйкес қолданылды. Қазіргі уақытта модернизация теориясы посттоталитарлық әлемде саяси өзгерістердің бағыты мен мағынасын көрсетеді. Өйткені, өтпелі кезеңдегі елдің саяси даму проблемалары модернизация теориясында толық бейнеленеді. Яғни, ол дәстүрлі мемлекеттің артта қалушылығын жою, динамикасын анықтаушы әртүрлі схемалар мен модельдер жиынты....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ертегі: Сауысқан мен көкек

Ертеде сауысқан мен көкек бір орманды мекендепті. Олар ұялары болмай, ағаштың бұтақтарын паналап күнелтіпті. Көкек күнде ерте тұрып алып: «ұя керек», «ұя керек», - деп, көршілерінің мазасын кетіреді. Бір күні сауысқан көршісіне:
- Екеуміз бірігіп ұя істейік. Әуелі саған, содан кейін маған салармыз, - дейді. Көкек:
- Менің ұя салатын қуатым да, қаруым да жоқ. «Керек, керек» деп қақсай берсем, құстың бәрі ......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Антон Чехов | Хамелеон


Үстіне су жаңа шинель киіп, қолына түйіншек ұстаған полиция надзирателі Очумелов базар алаңын кесіп өтіп жатты. Оған ілесе аяңдап жирен қалабасы келеді, қолында кәмпескеленген тошалағы толы елегі бар. Айнала тым-тырыс..- Алаңда қыбыр еткен жан жоқ... Дүкендер мен кабактардың есіктері жарық дүниеге аранын ашқандай шалқасынан ашылып, тұнжырай қарап қалыпты, олардың маңында, тіпті, қайыршы да жоқ.

— Қауып алғанын қарашы сұмның! Жігіттер, жібермеңдер өзін! Қазір қауып алуға заң жоқ! Ұста! Ә...ә! - деген дауысты Очумеловтің құлағы шалып қалды.

Иттің қыңсылағаны естілді. Жан-жағына қараған Очумелов Пичугин деген көпестің отын қоймасы жағынан үш аяқтап шоқаңдап, артына қарай-қарай қашып бара жатқан бір итті көрді. Оның соңынан бір адам қуып келеді, үстінде крахмалданған шыт көйлек, желбегей салған жилет. Қуып бара жатып ол еңкейе ұмтыла беріп, етпетінен құлай беріп, иттің артқы аяғынан ала түсті. Иттің тағы да қыңсылаған ащы даусы мен адамның "Жіберме!" деген айғайы жарыса шықты. Сөйткенше болмай, дүкендердің есігінен ұйқылы-ояу пішінді біреулер қылтиып шыға-шыға келді, отын сарайының маңына жұртшылық, жеті қат жер астынан шыққандай лезде жинала қалды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Тақпақ: Аралар

Аралар ұшып тынбайды,

Әрі-бері зырлайды

Аралайды қырлайды,

Шаң тозаңды жинайды.

Әдемі гүлдер өсірсең

Саған балын сыйлайды.
Тақпақтар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Зейнетақы қорлары | Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы зейнетақы қорлары

Кіріспе
Әлемнің көптеген елдерінде зейнетақы қорларының жұмысы қайтадан түрлендірілуде. Бұл әсіресе ТМД елдерінде кеңінен етек алады.
1998 жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында бірінші болып өзінің зейнетақы қоры жүйесін реформалауға кірісіп кетті. Зейнетақы реформасына еркіндік беріп, даңғыл жол ашқан (Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы 1997 жыл 20 маусым) Қазақстан Республикасының заңы болған. Осы негізде бүгінгі күні жаңа зейнетақы жүйесі аяғынан тік тұрды деп айтуға болады.
Қазақстандық зейнетақы қорларының жүйесінің негізінде Чилидегі зейнетақы қорларының жүйесі жатқандығын баса айта кетуге болады. Өйткені бұл жөніндегі Чилидегі 20 жылдық тәжірибе біршама ден қоюға тұрарлықтай. Чили мемлекетінде зейнетақы активтерін зейнетақы қорлары басқарады, олар зейнетақы қорларының салымшыларына зейнетақымен қамтамасыз етудің түрлі схемаларын ұсынады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: 1 наурыз – Алғыс айту күні

Мақсаты: Көктемгі табиғат туралы түсініктерін кеңейте отырып, көктем мезгіліндегі табиғат өзгерістерін сезіне білуге, балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру.
Дамытушылық: үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту.
Тәрбиелік: әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Ноутбук,
Технология: «Тәй - тәй» бағдарламасы бойынша белсенділік орталықтарындағы жұмыстар
Жұмыс жасайтын орталықтар: «Көркем әдебиет», «Өнер», «Ғылым», «Аспаздық»
Тәрбиеші: Балалар бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті, қәне амандасып алайықшы.
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Тәрбиеші: Балалар осы көтеріңкі көңіл күймен шаттық шеңберімізді құрайық. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Еңбекті нормалау және оның еңбек өнімділігін жоғарлатудағу рөлі

Бақылаушы сағатпен тек бақылаудың басын ғана белгіленуге пайдаланылады.
Шартты белгілерде жұмыс уақыты шығындары категориясы индексін қолданады немесе шартты көрсетіледі.
Жұмыс уақыты шығындар индексі пайдаланудың детальдық зерттеу жағдайында қажет етеді. Бұл уақытты пайдаланудың терең сипаттамасын өткізілуіне жағдай жасайды және жұмыс уақытын жоғалтудағы жіберілген периодтарды анықтайды.
Берілген бақылаудың қайта жасалуы әр жұмысшылар мен жұмыс уақыты шығындарының категориясының есептелген санында қорытындалады, барлықбақылаулар мен бір мезеттік пайданың жұмыс уақыты әр қайсысының категориясы бойынша жалпы санын анықтау.
Уақыт шығындары категорияларының әр қайсысы бойынша бір мезеттегі соммасын минутқа айналдыру үшін бір мезеттің t Мн ұзақтығын орнату керек, жұмыс күнінің ұзақтығының қатынасы бақылаудың көлеміне
t Мн = Т см / Мн
Әр категория бойынша уақыт шығындарын анықтау үшін бір мезеттік санындағы әр қайсысын бір мезеттегі уақыт ұзақтығына көбейту керек.
Жұмыс уақытының нормалдық балансының жобалау реті және еңбек өнімділігінің мүмкінідігін анықтау келтірілген жалғыз және шоттық жұмыс күнін суретке түсіру бірдей.
Еңбек өнімділігінің жоғарлату мүмкіндігі коэффициенті
Кпт = М изл / (Мн - Мизл),
Мұнда М изл – уақыт жоғалтуына көрініс беретін адам – бір мезеттік тіркелген саны.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Ж. Нурмухаммедұлы басқарған Сырдария және Есет Көтібарұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі

Кіріспе
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
Мақсаты:
Тақрып: Ж. Нурмухаммедұлы басқарған Сырдария және Есет Көтібарұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі болып табылады.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты тақырыпқа сәйкес сол кезеңдегі Сыр бойы қазақтарының ауыр жағдайына байланысты зерттеулер жұргізіп, яғни біріншіден не себепті туындағанын (көтерілістің барысы, маңызы) Есет Көтібарұлы мен Жанқожа Нурмухаммедұлы бастаған көтерілістің барысы мен маңызын, көтерілістің жеңіліс табуын толығымен ашып беру курстық жұмыстың мақсаты болып табылады.
Міндеттері.
- Кіші жүз қазақтарының көтерілісі. Есет Көтібарұлы мен Жанқожа Нурмухаммедұлы бастаған Сыр бойы қазақтарының көтерілісінің тарихда алатын орны, құндылығын жөнінде зерттеулер жүргізу.
- Сол кезеңдегі негізгі мәліметтер бойынша негізінен сол кезеңдегі жағдайға тоқталып, не себепті туындағандығы тұралы зерттеп , баға беру.
- Есет Көтібарұлы мен Жанқожа Нурмухаммедұлы бастаған көтеріліске айқындама жасау өзектілігін көрсете білу.
- Тақырыпты зерттелген әдебиеттер тұрғысынан тұжырым жасау.
Зерттеудің өзектілігі.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0