Курстық жұмыс: Бағдарламалау | Бейнені компьютерлік анализдеу.

КІРІСПЕ
Бейне, көру образдары – онымен адам туған күнінен бастап соңғы күніне дейін кездеседі. Сәби өз өмірінің бірінші аптасының өзінде-ақ анасының түрін басқа адамдардан ажырата бастайды. Сатып алушы өзіне керекті затты магазин полкасынан оған таныс суреті бойынша қателеспей таңдап алады, немесе, егерде ол өзінің түрімен адамды қызықтырар бір жаңа зат көрсе тоқтайды да, оны қолына алып, оны дұрыстап қарайды. Біз үйге немесе офисқа қажетті жиһазды жиі таңдаймыз, оны біз рекламалық буклеттерді және каталогтарды қарау арқылы таңдаймыз. Осы тұрмыстық мысалдар бізге өміріміздегі визуалды ақпараттың ролін айқындап береді. Және де мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Бұл айтылған жағдайлардың барлығында біз сапалы түрде анализденген бейнелер, суреттермен жұмыс жасаймыз. Мұндай сапалы түрдегі анализ сонымен қатар бұлардан да «салмақты» мақсаттарда қолданылады, мысалы, қылмыс орын алған жерден алынған саусақ іздерін зерттеуде және оларды базадағы бар саусақ іздерімен салыстыру арқылы идентификациялау үшін, немесе детальдың сыну характерін зерттеп, себебін анықтау үшін және тағы басқа мақсаттарда. Бұл жағдайларда визуалдық ақпарат белгілі бір қорытындыға келуге мүмкіндік береді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Тапқыр қоян

Мақсаты: Жабайы жануарлар мекені, қоректенуі және олардың жабайы деп аталуы, бір - бірімен байланысы туралы түсінік беру. Балаларға ертегінің жоспар бойынша мазмұнын айтуды үйрету арқылы зейіндерін есте сақтау, сөз дыбыстарын анық айту, сөйлеу ойлау қабілеттерін дамыт, ертегіні сурет бойынша айтуға жаттықтыру. Табиғаттың бір бөлігі - жануарларды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу.
Билингвальды құрағыш: Жануарлар - животные қоян - заяц
Сөздік жұмыс: Бөлтірік, мыршай, миығынан күлу.
Технологиялық қамтамасыз ету: Суреттер, ойыншықтар, мнемосхема.

Мотивациялық - қозғаушылық
1. Шаттық шеңбері:
Үлкенге де сіз!
Кішіге де сіз!
Үлкендерді құрметтеп,
Бас иеміз біз!.....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Криптология ғылымы

Қазіргі заманда адам баласының дамуы үшін ең қажетті бірден бір фактор- ақпарат. Ақпарат алмасу арқылы біздің ата-бабаларымыз көптеген игі және зиянды жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі кездегі ғылым және техниканың ең көрнекті жетістігі – компьютер. Компютерді адамдар ақпарат алмасу және технологиялық жетістіктерді тиімді пайдалану нәтижесінде жасап шығарды.
Қазіргі таңда адам баласының барлық дерлік жұмысы және жалпы тіршілігі есептеу техникасымен өте тығыз байланысып кетті. Дамыған елдерде барлық ақша операциялары электронды түрде жүзеге асады. Әскери техниканы басқару, зауыт-фабрикада өнімнің сапасын қадағалау, тауар жасау және тағы да басқа шаруашылық түрлерінде есептеу техникасы, яғни компьютерлер кеңінен қолданылады. Оларсыз, біздің қазіргі өміріміз мүмкін емес еді. Егер компютерлер болмаса, онда біздің тіршілігіміз 20-ыншы ғасырдың басындағыдан көп өзгермес еді.
Компьютердің рөлі өте зор. Бірақ оның негізгі жұмыс жасау принціпі, жоғарыда айтылған, ақпарат алмасу үрдісі. Енгізу-шығару порттарынан келіп және шығып жатқан бір мен нөлдерді пайдалану нәтижесінде адам баласы өте үлкен дәрежедегі ақпаратты өңдеуге мүмкіндік алды.
Бірақ, әр адамның, әр ұйымның, әр мемлекеттің өзінің құпиялары болады. Егер, қазіргі адамның, ұйымның, мемлекеттің дамуы компьютермен және онда өңделетін ақпаратқа тәуелді болса, онда құпия ақпаратты жаудан қорғау қазіргі кездегі ең негізгі проблемалалардың бірі болып табылады. Сондықтан, осы еңбегімнің тақырыбы және мазмұны ақпаратты қорғаумен ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Латын Америкасына экономикалық - географиялық сипаттама

Кіріспе
Латын Америкасы деп АҚШ пен Антарктида аралығында орналасқан Батыс жарты шардағы ауданды айтады. Оған Мексика, Орталық Америка елдері, Вест – Индия және Оңтүстік Америка кіреді. Мексика, Орталық Америка және Вест – Индияны кейде Мезоамерика субауданына біріктіреді ( Орталық Америка ). Оңтүстік Америкада екі субауданды ажыратады: Анд елдері – Венесуэла, Колумбия, Эквадор, Перу, боливия, Чили және Ла- Плата елдері немесе атланттық - Аргентина, Уругвай, Парагвай, Бразилия. Соңғы субауданда алғашқы үш елді Чилимен қоса жиі Оңтүстік конус субауданына біріктіреді.
«Латын Америка» түсінігі дүниенің осы бөлігіндегі Пиреней түбегінің роман халықтары испандықтардың және португалдықтардың тілі, мәдениеті мен дәстүрінің ықпалымен тарихи қалыптасқан ұғым. Олар 16 – 17 ғасырларда Американың осы бөлігін жаулап алып, оны отарлады және осында қалыптасқан ұлттардың маңызды бөлігін құрады. Европаның басқа елдерінің - Ұлыбритания, Франция, Нидерландының отарлау жаулап алушылықтары көп болған жоқ және кем басталған, сәйкесінше оның халықтарының ұлттық әсері айтарлықтай көп емес. Қазіргі таңда Латын Америкасының 33 саяси лербес мемлекеттерінің 18- інде ресми және басым тіл – испан тілі ( халықтың 63% ); Бразилияда ( халықтың 34% ) – португал, ал 14 кішігірім елдерде ( халықтың 3% ) ресми тіл болып француз тілі ( Гаити ) жарияланған, ағылшын Гайана, Тринидад-и Тобаго, Барбадос, Ямайка , Багам аралдары , Гренада, Доминика, Сент - Люсия, Сент- Винсент және Гренадин, Сент- Кристофер және Невис, Антигуа и Барбуда, Белиз және голланд тілі суринамда.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Шаруашылық | Шошқа шаруашылығының маңызды және түрлері

Шошқа шаруашылығының маңызы
Халықты етпен қамтамасыз ету мәселесін шешу барысында мал шаруашылығының тез жетілетін саласы ретінде шошқа өсіруді дамытудың маңызы зор.
Шошқа еті мен майы тағамдық құнарлылығы мен дәмдік қасиеттерімен ерекшеленеді. Мәселен, 1 кг шошқа етінде 2500 ккал, ал сиыр етінде - 1500 ккал энергия бар. Шошқаның тұтас етінде орташа алғанда 52 пайыз бұлшық ет, 38 пайыз май және 10 пайыз сүйек ұлпалары бар. Ет өнеркәсібінің бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтьшың және басқа да ғылыми-зерттеу мекемелерінің зерттеулеріне қарағанда шошқа еті бағалы белоктарға, барлық аминқышқылдарына, минералдық заттар мен В тобының витаминдеріне бай. Адам ағзасын ауыстырылмайтын май қышқылдарымен қамтамасыз етудің маңызды көзі - тері май ұлпасы-қыртысмай жоғары тағамдық құнарлылығымен бағаланады.Қыстырмайдың бұндай тағамдық қасиетінің үлкен прайгикалық мәні бар, сондықтан да ол елеулі мөлшерде (20-25 пайыз) әртүрлі шұжықтарға қосылады. Шошқа еті мен қыртыс майының қорытылуы 90-98 %-ға дейін жетеді. Шошқа еті жақсы консервіленеді, оны тұздау мен қақтау бұл тағамның құнарын арттыра түседі. Шошқа етінен шұжықтардың әртүрлі сорттары, сан еттері, ветчина, рулеттер, буженина, грудинка, корейка жөне т.б. жоғары сапалы тағамдардың өте мол ассортименті дайындалады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Тақпақ: Ата Заңым

Ата Заңым шындығымды қорғайды
Ата Заңым шаттығымды қорғайды
Ата Заңым денсулықты ойлайды
Шындығымның шырайы.....
Тақпақтар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Ветеринария | ІҚМ туберкулезінің патологиялық морфологиясы

Қазіргі кезде туберкулез ауруын дер кезінде анықтауда және емдеу шараларын жүргізуде көптеген жетістіктерге қол жетуіне қарамастан, күні бүгінге дейін ол бүкіл әлемде кең таралып, медико - биологиялық мәселе болып қалып отыр. Ветеринарлық ғылымның өзекті мәселелерінің бірі – бұл ірі қара малының туберкулез ауруынан толығымен сауығуы болып табылады. Қазіргі кезде туберкулез ауруы әлі де мал шаруашылығы саласына экономикалық шығын әкелуде және күрделі эпидемиологиялық қауіп тудыруда. Ірі қара туберкулезімен күресу жолының жетістіктері келесілермен анықталады: ауруды зерттеу деңгейімен; диагностикада қолданылатын тиімді әдістер және құрал- жабдықтарымен; ауылшаруашылықтың құрылу мүмкіндігімен; материалдық қамтамасыздандырумен; алдын алу және сауықтыру шараларды ұйымдастырумен. Туберкулез қоздырғышын Р. Кох (1882) ашқан болатын, ол ең бірінші рет аллерген- туберкулинді дайындады (1890). 1924 жылы А. Кальметт және С. Герен адам туберкулезін өзіндік алдын алу үшін БЦЖ вакцинасын (BCG – Bacterium Calmett-Guerin, Кальметт-Герен бактериясы) жасап шығарды]. Туберкулез қоздырғышы – Mycobacterium tuberculosis. Микобактерияның тегі ішінді патогенді және патогенді емес микроағзалардың 30 түрі болады. Туберкулез ауруы 3 патогенді түрде болады: — Mycobacterium tuberculosis – адамда болады. Бұл түрді тек адам ғана емес, сонымен қатар шошқа да, мысық, ит, ірі қара да қабылдай алады, тек құстар ғана (тотықұстан басқасы) қоздырғыштың осы түріне шалдыға алмайды. — Mycobacterium bovis – барлық ауылшаруашылық, жабайы жануарларда, соынымен қоса адамда болады, тек құстарда болмайды. — Mycobacterium avium – үй және жабайы құстарда, шошқада, басқа да жануарларда болады, ал адамдар сирек ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Ағымдағы міндеттемелер есебі

Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъекті сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттармен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын субъектілердің өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлерге олардың істеген еңбегі үшін,сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шет елдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі. Осы айтылғандар туралы толық түсінік беретін қаржылық есептің ең негізгілерінің бірі болып саналатын тақырыптардың бірі – міндеттемелер есебі.
Қазіргі таңда барлық кәсіпрындар өз табысын өсіру мақсатында жаңа технологияларды қолдануға асығады. Сондықтан да банктерден несие алу барлық кәсіпорын үшін өте маңызды. Сондай-ақ несие негізгі міндеттемелерінің бірі болып табылады. Несие беру және оның операцияларын жүргізу лицензия берілген Ұлттык банктің шешімімен айқындалған ресми статусы бар банкілер арқылы жүзеге асырылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі пәнінде дамыта оқыту арқылы шығармашылық қабілетін арттыру

Кіріспе
Диплом жұмысының көкейтестілігі.
Бастауыш білім үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы басқышы екенін ескере отырып, оқушыға белгілі бір көлемдегі білім-білік, дағдыларды меңгертумен бірге табиғат қоғам, адам, айналаны қоршаған дүние туралы танымын қалыптастыру, оның жеке басының қасиеттерін жан-жақты дамыту, жоғары адамгершілік принциптерге тәрбиелеу-бүгінгі күннің басты талабы.
Қазақстан Республикасының «Білім Заңында» (8 бап) білім беру жүйесінің міндеттері бөлімінде: « Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға дәне кәсіби шыңдауға бағыттылған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» делінген. Және де Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді деңгейлері мен мазмұны нақты көрсетілген: « бастауыш мектептің негізгі міндеті- баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту» делінген. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0