Қамқор, дуагөй атам мен әже, сіздерге ықласты сәлемдерімді жолдап қаламын. Өзім сіздердің оң баталарыңыздың арқасында сау-саламат бармын. Өткен почтадан жіберген сәлем хатыңызды, азын-аулақ ақшасымен, жолығып алдым. Алла разы болсын, мендей нашар балаңызды естен шығармай тұрғаныңызға. Ықыласыммен Құдай-тағаладан тілеймін: сіздердің еңбек қамқоршылығыңызды бізге де қызметімізбен өтеуге жазғай еді деп. Оқыған оқуымыз турасында бұл күнде ұстаздарымыз сонша разы. Жаңада ең жақсы оқыған балалардың есебіне қосып, кенегесіне жазып қойды. Ата, сіз әрқашан ақыл айтушы едіңіз: «балам алаң болмай ұстаздарыңның айтқанын орнына келтіріп, берген сабақтарын толық үйреніп, білуге тырыс» деп, мен ол сөздеріңізді ұмытқаным жоқ...
Сіз жазасыз, ата, Қасенге қорасан4 шықты деп. Аман жазылып кеткеніне қатты қуандым. Бізге ұстаздарымыз айтады: қорасанды егіп шығарған балаға қайта қорасан шықпайды, шыға қалса, қатерсіз, жеңіл шығады, — деп. Осы сөзді жөні келсе ескеріп, жақын жердегі лекарьлерге5 кішкентай інілерімді апарып, шешек ектірген қалай болады екен?
II. Негізгі бөлім 2. 1 Қамыс өсімдігінің морфологиясы 2. 2 Қамыстың тұрмыста және шаруашылықта қолданылуы 2. 3 Қамыс қантының пайдасы 2. 4 Қамыстан шиті тоқу технологиясы
ІІІ. Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі Аңдау хат Зерттеу мақсаты: Астық тұқымдасына жататын көпжылдық су өсімдігі қамыстың шаруашылықта және адам өміріндегі маңызын анықтау Міндеттері: - Қамыс өсімдігі туралы мәліметтерді іздестіру. - Керексіз болып келген су өсімдігінің шаруашылықта және тұрмыста қолданылуын сипаттау. - Қамыс өсімдігінен қант дайындаудағы тиімділікті дәлелдеп, көз жеткізу. - Қамысты басқа да салаларда пайдалану туралы болжамдар айту. Зерттеу нысаны:.....
Ғылыми прогресс - білімнің жоғарылауымен және ақпарат көлемінің көп болуымен сипатталады. Мұндай кең көлемдегі ақпараттарды басқару көп қиындық әкелері сөзсіз. ХХІ ғасыр жаңа технологияның пайда болуы, оның жедел өсуі мұндай мәселелерді шешуге жол ашты. Оны шешудің ең тиімді жолы – автоматтандыру, яғни мәліметтер базасын құру. Қазіргі кезде біздің елімізде, шет елдерде де ақпараттарды автоматтандыруды кеңінен қолданады, оларды пайдаланылу салалары өте көп. Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриялды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін «ақпараттық экономикаға» ауысу болып отыр. Ақпарат – қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстардың бір түрінің айрылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын» қабылдағанын жатқызуға болады. Әр түрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйені дамығанын талап етеді. Сонда сол деректермен автоматтандырылған жинауды, өңдеуді және монипуляциялауды іске асырады. Мәліметтер базасы - ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құралған деректер жиынтығын құрайды. Мәліметтер базасы деп деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Мәліметтер қорын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады. Мәліметтер базасы деректерді сақтау үшін жасалады. Мәліметтер базасы ақпараттарды сақтауды және мәліметтерге ыңғайлы тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын ....
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты қаржылық жағдай тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды. Есеп тіркемелерінде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүрлі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ-тілектеріне толығынан жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті. Іскерлік шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өңделуі қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды камтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшылыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейеді. Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес. Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік -әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік («иесіз») меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, бас-қарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері. Қаржылық болжамдау - бұл кәсіпорынның дамуын қамтамасыз ету үшін оның барлық кірістері мен ақшалай қаражаттарының шығындалу бағыттарын болжамдау болып табылады. Қаржылық болжамдау болжамдаудың тапсырмалары мен объектілеріне байланысты әртүрлі мазмұн мен бағыттағы қаржылық жоспарларды құру көмегімен жүргізіледі. Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және болжамдау бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасау және алынған нәтижелерге сәйкес кәсіпорын қаржылық жағдайын нығайту жолдарын анықтау. Көзделген мақсатқа сай келесі міндеттер қойылған: - кәсіпорынның қаржылық жағдайының түсінігі және оның кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын бағалаудағы рөлін, қаржылық тұрақтылық түрлері мен қаржылық жағдайларын зерттеу, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші факторларды анықтау, қаржылық тұрақтылықты бағалаудың негізгі әдістері мен критерийлерін зерттеу және берілген кәсіпорын қаржылық жағдайын бағалау үшін тиімді әрі қолайлы әдісті таңдау; ....
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер жөнінде түсінік. Диалектиканың қарама-қайшылықтарының бірлігі мен күресідеп аталатын заңына сәйкес кез келген нәрсені, құбылыс, процесс қарама-қарсы жақтардың қарама-қайшылықты бірлігі болып табылады. Белгілі бір құбылысты, нәрсені дамыту процесінде соңында күрес арқылы шешілетін қарама-қайшылықтардың арасында сәйкессіз элементтер пайда болады. Олай болса, дамытудың қозғаушы күші де, қозғалыс көзі де қарама-қайшылық. Оқушылардың танымдық іс - әрекеті адамдық танымның әртүрлілігі және оқыту процесінің қарама-қайшылықтарымен сипатталады. Практик мұғалімдер оқу процесінде қарама-қайшылықтарды таза интуитивті түрде туғызады.. Олар бұл қарама-қайшылықтарды оқушыларға білімді меңгерту барысындағы қиыншылық ретінде қабылдайды. Белгілі дидакт М. А. Данилов оқу процесінде объективті түрде пайда болатын және оның басты қозғаушы күші болып табылатын жетекші қарама-қайшылықты алғашқылардың бірі болып анықтады. Бұл оқыту барысында алға қойылатын оқу және практикалық міндеттері мен білім, білік және ақыл-ой дамуының деңгейінің арасындағы қарама-қайшылық. Сонымен бірге, ол карама-қайшылықтың, қозғаушы күштің қалыптасуының шешуші шарты болып оқушының өзінің санасында ішкі сипатқа ие болатын және оған қиыншылық ретінде танылатын қарама-қайшылықтың қалыптасуы болып табылады. Осы көрсетілген қарама-қайшылықты шешудің мәні әрбір балаға қоршаған ортаны танып-білуіне, өзінің тұлғалық ресурстарын іске асыруына, өзін-өзі танытуына көмектесуде.....
Ертеде бір кедейдің жалғыз баласы болыпты. Аты Асан екен. Күндердің күнінде әкесі дүние салып, бала жетім қалыпты. Шешесі ұлын жетелеп жүріп, ел қыдырып, күнін көріпті. Бір күні бұлар Тайыр деген ханға келіп, мұңын шағып, жәрдем сұрапты. Сонда хан Асанның шешесі Жаңылға: — Сен менің тазыларымның күтушісі бол, иттермен бірге жатып, бірге тамақтанасың. Ал мына балаң қозы бақсын, – дейді.......
Құланиектеніп таң білінген кезде Мекке - Мәдинеден дүлдүліне мініп, зұлпықарын асынып, атағы бүкіл әлемге кеткен Ғазретғали пайғамбар жолға шығыпты.
Оның ойына бірнеше қырғын соғыстардағы, тіпті өзі таң қаларлық болған жеңістері, «аллалап ап» дегенде, көлденеңінен пайда бола кететін күші, керемет майдандардың шаңы бұрқырап, қызыл қандар су болып аққан суреттері елестеді.
Бірақ бір ұзын аяқ сары маса ызылдап көзінің алдында, мұрнына қанатымен сырып өтіп быж-быж етіп мазасын кетірді. «Ер мұрынды келеді, ат ерінді келеді» дегендей, жарықтық Ғазретғалидің мұрыны қоқырайған үлкен болатын. Ал танауының тесігі анау-мынау шелектей бар. Ызылдаған сары маса енді мазасыздығын бұрынғыдан да гөрі ұлғайта түсті. Тіпті даңдайсып кетті. Бір кезде быж-быж етіп ән салып келді де Ғазретғалидың танауына зып берді.
90-шы жылдардың басында жапондық ғалымдар Түркияның білім беру жүйесін зерттеген екен. Зерттеу соңына қарай жапондық ғалымдар мен бірқатар жапондық дипломаттар сол кездегі Түркияның президенті Тургут Озал және басқа да түркі зиялылары жиналған ортада кездесіп, баяндамаларын ұсынады. Сөз арасында жапондықтар білім беру жүйесіне қатысты мынадай ой түйіндегенін айтады: "Сіздердің білім беру жүйелеріңізде ұлттық рух жоқ екен!" дейді. Тургут Озал таң қалады: «Мұны қалай түсінеміз?» дегенінде жапондар сөзін былай жалғайды: «Біз Жапонияда мектеп табалдырығын аттаған балаларымызға ұлттық рух екпесін жасаймыз. .....
Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы болып келді және әлі де болып келеді.Республика экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі бола отырып, ауыл шаруашылығы аса зор әлеует пен үлкен қорға ие. Ел тұрғындарының 40%-дан астамының қызметi мен тiршiлiк көзi ауылдық жер болып табылады, олардың көпшiлiгi үшiн жер - негізгi өндiрiс құралы. Аграрлық өндірiстiң тұрақтылығы - елдiң азық -түлiк қауiпсiздiгiнiң негiзi. Астық және ауыл шаруашылығының басқа да өнiмдерi - әлемдiк нарықта экспорттық өктемдiк жасауда әлеуеттi өнiмдердiң және валюталық түсiм көздерiнiң бiрi. 2006 жылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенiн тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске асыру басталады, оның негiзгi басымдықтары агроөнеркәсiптiк кешен салаларының өнiмдiлiгi мен кiрiстiлiгiн өсiру негiзiнде агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ отандық өнiмнiң ұлттық бәсекелiк артықшылықтарын дамыту болады. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын тиiмдi iске асыру үшiн 2006 - 2008 жылдарға арналған бiрiншi кезектегi шаралар бағдарламасы әзiрленедi, мұнда өңiрлiк мамандануды күшейту, пайдалылығы жоғары өндiрiстi дамыту, әрi iшкi және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу жолымен тиiмдi аграрлық бизнестi дамытуды және ауыл шаруашылығы өнiмдерi нарығын кеңейтудi мемлекеттiк ынталандыру шаралары көзделедi ....