Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Қош келдің Наурызым

Мақсаты: Балаларды қазақтың салт - дәстүрімен, қазақ киімдерімен таныстыру.
Жүру барысы:
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, апайлар Наурыз мерекесі құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Бәріңізге жаңа жыл бақыт жылы, бейбіт жылы болсын!
Анель: Қыс өтіп, қар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп.
Шаруаның кенелген,
Мейрамы ежелден.
Құтты болсын Наурыз!
Бекарыс: Наурыз тойы салтанат,
Наурыз тойы мархабат.
Әр жүректен ән тарап, .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Елорда - Астана

Мақсаты: Балаларға Астананың көрікті жерлерін атау, өздерінің Астанадан көргендерін баяндау. Өлең жолдарын дауыс ырғағына сай айтқызу. Сөздік қорын молайту. Өзінің қаласына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, бақылау, салыстыру, сұрақ - жауап
Көрнекіліктер: Астана көрінісі, Бәйтерек, үш бидің ескерткіші
Жаңа сөздер: Елорда, Есіл, парламент

Ұйымдастыру кезеңі.
Біздің туып - өскен жеріміз – Қазақстан Республикасы.
- Иә, балалар, бүгінгі сабағымыз Елордамыз Астана туралы болмақ.
- Ал қанекей балалар Астана қаласына барғандарын бар ма?
Сендер Астанаға бардыңдар, сол жайлы айтып беріңдерші. Қане балалар кімде қандай сұрақ бар екен. /Астана қаласына барып қайтқан балаларға сұрақ қою/
Олай болса құрметті қонақтар барлығымыз Астана қаласына саяхат жасайық. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Химия | Қазақстан Республикасының табиғи және сұйытылған газды пайдалануын талдау

Бұл жұмыста еліміздегі мұнай өндірісімен тікелей байланысты газ өнімдерінің өндірілуі, ішкі нарықла тұтынылу деңгейі, экспортқа шығарылатын көлемі және тасымалдаушы магистралды құбырлардың технико-экономикалық жағдайлары толық көрсетіледі.
Жұмыстың әр бөлімінде газ саласын курстық жұмыс тәртібі бойынша талдаймыз.
1-ші бөлімде газ саласының республикадағы жалпы жағдайы айтылады.
2-ші бөлімде Қазақстан Республикасының газ өнімдерін жалпы пайдалану және экспортқа, импортқа шығарылу көлемі көрсетіледі. Күнделікті бұқаралық ақпарат құралдарынан көріп отырғанымыздай өте үлкен көлемді газ ресурстары магисрралды құбырлармен таратылады. Осы бөлімде магистралды құбырлардың ең бастылары және қосымшалары көрсетіледі. Сонымен қатар газ тасымалдаушы құбырлардың пайдалануға берілген жылдары және қазіргі проблемалары толық қамтылады.
3-щі бөлімде жұмыс бағдарламасы бойынша модель табылып болашақ үш кезеңге болжам жасалады.
Жұмыстың басты мақсаты: Республикадағы газ өндірісінің көлемі мұнай өндірісінің көлеміне тікелей байланысты болғандықтан модель арқылы байланыстың деңгейін анықтау.
Жұмыстың басты міндеттері:
1. Газ өндірісімен мұнай өндірісі арасындағы байланысты анықтау.
2. Анықталған байланысқа қатысты модельдерді құру.
3. Анықталған бойынша болашақ кезеңдегі өндіріс көлеміне болжам жасау.
Модель бойынша еліміздегі мұнай өндірісі болашақтағы үш кезеңде өсетіндігін көрсетеді яғни осыған сәйкес газ өндірісінің өсетіндігін дәлелдейді.
Жұмыста қорытынды және жұмысты жазу барысында пайдаланылған әдебиеттер келтіріледі. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Мемлекеттік тіл менің тілім

Бұл өмірде бір күн қонақ боламыз
Мүмкін елу мүмкін жүз жыл салармыз.
Ана тілін ардақ тұтып, қастерлеп,
Құрметтейік келгенінше шамамыз!

Мемлекеттік тіл - тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады.Тіл ұлтпен - ұлтты татуластыратын ерекше қатынас құралы. Адам тіл арқылы бір-біріне қатынаса алады. Қазіргі заман жеке адамдардың ғана емес, тұтас ұлттардың да өткеніне үңіліп, бүгінгісін бажалап, болашағын бағдарлауға жол ашты. Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де «батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртында қалдырмай, шыбындыға алдырмай», барлық жиған тіл байлығын, күй мен жырын бізге жеткізді. Еліміз өз егеменгдігін алып, іргесін кеңге жайған замандамыз. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді «Қазақ мемлекеті»- деп атайтын боламыз деген Елбасымыздың салиқалы сөзі еріксіз ойға оралады. Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын бекітіп, қанатын қатайтты. Тілдің беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау, олқысын толтыру өз қолымызда, сіз бен біздің қолымызда.

«Ұлттың сақталуына да, жойылуынада себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы тіл» деген Ахмет Байтұрсынұлы. Отбасы өзіміз де Отанымыз Қазақстан...Тіл меңгеруде, өз тілінде еркін сөйлеуде ата-ананың да рөлі ерекше. Әр ата-ана ананың ақ сүтінен дарыған тілін үйретуді қолға алса, бұл тілдің ешқандай қиындығы жоқ. Ана тілін - білмеген ақылы жоқ желік бас. Ана тілін - сүймеген халқын сүйіп жарытпас деген сөзде де терең мағына жатыр емес пе! Кей мекемелерде қазақ пен қазақ, әке мен бала, ұстаз бен шәкірт қазақ тілінде сөйлеспеуі көңілге қонымсыз-ақ. Алдына ел болу өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз...

Тіл тазалығы дейтініміз - ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау -деп Ахмет Байтұрсынұлы меңзеген еді. Ана тілі - халық болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі (Ж. Аймауытов).

Ана тілі қанның, қиылған жанның, толқытқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы, онда дәм де, мән де болу керек. (С.Торайғыров). Бірақ қазақ тілі - тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл ортақ тіліміз екенін ұмытпағанымыз жөн болар. Қазақстанда тұратын оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтарының тілі. «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деген Елбасымыздың сөзін есте сақтағанымыз дұрыс болар. Қазақ тілі өте бай, орамды, көркем тіл. Тіл арқылы өнер білімді, мәдениеттілікті, қоғамның белсенді азаматы болуды сол тіл арқылы үйренеді. Халық өзінің ғасырлар бойы жасаған асыл мұраларын ұрпақтан ұрпаққа алдымен ана тілі арқылы табыс етеді. Сондықтан ана тілін білмей, ұлттық мәдениетті жете меңгеру мүмкін емес. Қазіргі жаңартылған бағдарлама талабына қарай үш тілдікті алға қойып отыр. Әрине, әр тілді меңгеру, әр тілде сөйлеу әркімнің арманы. Жеті түрлі ілім біл, жеті елдің тілін біл деген. Біздің мектебіміз аралас мектеп болса да мемлекеттік тілге деген құрмет өте жоғары. Оның дәлелі «Мың бала» жобасы бойынша арнайы жоспар құрылып, өзге тілді өкілдеріне насихаттаумен бірге әр түрлі сайыстар өткізіп тұрады.«Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты тіл үйірмесі жұмыс жасайды. Біздің мақсатымыз өзгенің байлығы, сұлулығы және икемдігі жағынан дүние жүзіндегі озық тілдермен теңдесе алатын ана тіліміз бар екенін ұмытпау болып табылады. Үш тілдік деп жүріп, ана тілімізден айырылып қалмасақ еді. Тіл туралы заңымыздың қағаз жүзінде қалмай, өмірінде нық қадам басып, ғұмыры ұзақ болуы үшін күресе білейік те намысты қолдан бермейік!

Атбасар ауданы
"Сергеевка орта мектебі" ММ
Жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі: Магзум Майра

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Аналар-мәңгі жасасын

Жүргізуші:
- Аяулы біздің ата-аналап мен әжелер, Сіздерді Бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесі - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Біздің сәбилеріміз сіздерге, аналарға деген ыстық лебіздері мен шексіз махаббатарын ән мен таппақ арқылы жолдамақ. Қабыл алыңыздар!
Армысыздар, аяулы аналар,
Армысыздар әжелер мен апалар!
Мерекемен құттықтайды сіздерді,
Шашу шашып, өнерімен балалар.
- Балалар сонда қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем)
- Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады? (Күн жылынады,қар ериді, жер көктейді, бәйшешектер шығады,құстар қайтып келеді)
- Қазір қандай ай? (Наурыз)
- Сонда бүгін қандай мереке? (Аналар мерекесі)
- Балақайлар, аналардың бүгінгі мерекесіне жайындаған қандай сыйлықтарын бар? .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Құдайберген Жұбанов және қазақ тіл білімінің қолданбалы саласы

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тіл білімі ғылымының алғашқы қалыптасу дәуірінде Қ.Қ.Жұбанов «қазақ тілін ғылым тезіне түсіруге» ат салысып, теориялық негізінің қалануында өзіндік ғылыми тұжырымдарын қалдырды. Ғалымның ғылыми еңбектері мен ой-пікірлері қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық тұрғыдан қалыптасуына негіз болды. Қазақ тілінің жеке мәселелерін ғылыми тұрғыда зерттеу профессор Қ.Жұбановтан басталады. Қ.Жұбановтың ғылыми зерттеулерінде маңызды ғылыми мәселелер көтеріліп, көбі өз шешімін тапты, ал бірсыпыра ғылыми жаңа идеялары ғылымның кейінгі дамуына әсер етті. Тілші ғалымның арнайы сөз етіп, айналысқан тілдік мәселелері әр саланы қамтиды: қазақ тілінің фонетикасы, грамматикасы, терминологиясы, ұлттық әдеби тілдің тарихы мен дамуы, жалпы тіл білімі мәселелері [1,21].
Сонымен қатар XX ғ. 60-жылдарында ғана пайда болған «Статистикалық лингвистика», «Лингвистикадағы модельдеу» бағыттарының кейбір бастамаларын Құдайберген Жұбановтың сол кездегі зерттеулерінің өзінен-ақ молынан кездестіруге болады. Қ.Жұбановтың қазақ тіл білімі туралы зерттеулерінде тілді сандық деректер мен мәліметтер негізінде қараудың алғашқы нышандары бар. Бүгінде тіл білімінің бір саласына айналып отырған лингвистикалық статистиканы ғалым сол кездің өзінде-ақ тани білген. Тілдің сандық сипатынан байқалатын сапалық қасиеттерін оны зерттеуде пайдалануға болатын тиімді әдіс көздерінің бірі екенін де байқаған. Сондықтан ғалым Қ.Жұбановтың дәстүрлі қолданбалы тіл біліміне және оның қазіргі заманға сай жаңа салаларына қатысты ой-пікірлерін, тұжырымдарын саралап қарастыру дипломдық жұмыстың өзектілігін білдіреді [30,122].
Зерттеу нысаны. Профессор Қ.Жұбановтың қазақ тіл білімі мен қолданбалы лингвистикаға қатысты көзқарастары мен тұжырымдамалары, еңбектері.
Зерттеу мақсаты. Диплом жұмысының негізгі мақсаты – проф. Қ.Жұбановтың қазақ тіл біліміндегі қолданбалы лингвистикаға қатысты дәстүрлі және жаңа бағыттарының қазақ лингвистикасынан алатын орнын және ғылыми маңызын көрсету.
Зерттеу міндеті:
- тіл білімінің дәстүрлі қолданбалы саласы мәселелерінің шешілуі;
- тіл білімінің қолданбалы лингвистика саласының жаңа бағытының
шешім табуы;
Зерттеу әдістері. Тарихи салыстырмалы, сипаттау, ой-пікірлерді жинақтау, қорыту әдістері басшылыққа алынды.
Зерттеу тәсілдері. Бақылыу, есепке алу, салыстыру, салғастыру.

Профессор Құдайберген Жұбанов және қазақ тіл білімі

1.1 Проф. Қ. Жұбановтың өмірі мен қызметі
Профессор Қ.Қ.Жұбанов Ақтөбе облысы, Темір ауданы (қазіргі Мұғаджар ауданы) 9-шы ауыл Ақжар деген жерде 1899 жылы желтоқсанның 19 күні дүниеге келген. Бастапқы білімін әкесі Қуан ауыл ұстасы Сатыбалдыға қозылы қой беріп салдырған мектеп «корпусы» - жыпырайған шым үй. «Педколлективті» құрайтын бір-ақ адам, - ол 1911 жылы Уфадағы медресе «Ғалияны» бітіріп келген жас ағартушы Абдолла Беркінов (бұл кісі сол 1911 жылдан 1955 жылға дейін жарты ғасырдай өмірін жас буындарды оқытып тәрбиелеуге жұмсаған, Қазақ ССР-не еңбегі сіңген мұғалімі атағын алған ұстаз болатын). Қ.Жұбанов бұл мектеп қабырғасында оқып жүріп орыс тіліне сонша құмартады. Бірақ бұл мектепте орысша оқытпайды. Сондықтан мұның ретін басқа жерден іздеуге тура келеді. Қосуақтамда тағы бір «оқу орны» болатын. Ол – бір кластық орыс мектебі. Бұл мектептің мұғалімі Хұсайын Ашығалиев. Ол туған халқын орыс елінің тілімен, мәдениетімен, өнер білімімен таныстыру міндетін арқалаған қазақтың алғашқы демократ зиялыларының уәкілі еді. Ол тек орысша сауатты ғана емес, музыкадан да хабардар, ана тілін де, халқының ауыз әдебиетін де жақсы білетін, жастарға ұстаз боларлық жанның бірі болатын. Қ.Жұбанов сол мұғалімге барып тұңғыш орысша сабақты содан алады.
1914 жылы әкесінің қоштауымен Құдайберген Орынбордағы «Хұсайния» медресесіне шәкірт болып кіреді. ХХ ғасырдың бас кезіндегі мұсылман медреселерінде заман ықпалына байланысты, тек діни сабақтар ғана емес, «дүнияуи» пәндер де, яғни азаматтық білім беретін пәндер де оқытылғаны мәлім. Осындай медресе «Хұсайнияда» Құдайберген табиғат пен қоғам жөніндегі ғылымдардан алғашқы мағлұматтар алады. Бұл медресе талапты жастың әрі қарай орысша білімді толықтыра берсем деген ниетіне де кеселдік келтіре қоймайды. Өйткені медресе Орынбор сияқты қалада еді, ал қала ХХ ғасырдың бас кезіндегі саяси – мәдени өрлеу үстінде еді. Мұнда ғалым үш жылдай оқиды, медресе оған дүниетану ғылымдарынан там – тұмдаған мәлімет беріп, оның шығыс тілдерінен (араб, парсы, түрік) бұрынғы білгенін толықтыра, жетілдіре түседі, шығыс әдебиеті классиктерін түп нұсқадан оқи алатын дәрежеге жетеді. Сонымен, болашақ түркологтың шығысты алғаш оқып тануы осымен тәмам болады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Ертегі: Хан Шалқан

Баяғы бір өткен заманда елге қатал Шалқан деген хан болыпты. Ол бір күні ерігіп отырып, іші пысқаннан кейін, жанына тазысын ертіп, сауыт-сайманын киіп, боз жорға атқа мініп, серуен құрып, саяхатқа шықты. Жолда келе жатып, бір дөңнің астынан жұмыртқадай аппақ, әдемі бір жалғыз үйді көреді. Бұрын бұл жерде ешқандай қоныс орналаспаған, мидай жазық, жапан далада жалғыз үйдің тұруы өте бір керемет нәрсе екен.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Жеті өнерпаз

Баяғыда байлығы жұрттан асқан бір хан болыпты. Бұл ханның жалғыз ай десе аузы, күн десе көзі бар Қаншайым деген қызы бар екен. Қыздың сұлулығына қараған адам есінен танып қалады екен.
Күндердің күнінде Қаншайым қырық қыз нөкерімен сейіл құрып, суға түсуге барады. Суға түсіп бола берген кезінде, Қаншайымды көктен бір қарақұс келіп, көтеріп кетеді. Қырық қыз төменде шулап қала береді. Жылап-сықтап, кешке үйлеріне оралады.
Бірнеше күнге дейін олар ханға болған жайды айта алмай қатты қиналады. Ел-жұрты жиналып, ақылдасып, сол арадағы бір дана қарияны хан алдына жібереді. Болған оқиғаны естіген хан есінен......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Намаз Мурсалы | Жақсылық жасап жарысқан

«Басыңа іс түссе, жақсы көмек етеді, жаман күліп кетеді» демекші, пенде атаулы қиындыққа тап болып, басына іс түскенде өзгелерден көмек күтеді. Халі мүшкіл жандарға қолдан келгенше қайырымдылық жасап, барыңмен бөлісу- имандылықтың белгісі. Мұндай қасиеттерді бойға жиған ақ пейілді адамдар айналамызда аз емес. Солардың бірі - бүгінде талай жанды қуанышқа кенелтіп, алғысын алып жүрген- «Қайырымды жандар» еріктілер тобы.

Көмекке мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша жәрдемдесуді мақсат еткен «Қайырымды жандар» еріктілер тобы 2015 жылы 22-желтоқсанда құрылған. Айдын Тоқсанбаеваның бастамасымен ұйымдастырылған бұл топ алғаш Алматы қаласынан бастау алып, уақыт өте келе Астана, Шымкент, Ақтау, Тараз, Ақтөбе, және т.б.еліміздің ірі қалалары мен аудандарында құрыла бастады. Алматыдағы «Қайырымды жандар» еріктілер тобының 80 % -ы 18-25 аралығындағы жастар болып саналады. Бұл топтың құрамында бүгінде 300- ге жуық адам бар.
Бүгінге дейін мейірімді жандар көптеген қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, талай көмекке зәру адамдарға қол ұшын созған. Соның ішінде, 2015 жылы екі бүйрегі істен шыққан алматылық Жанель Жайлауованың еміне 12 млн теңге жинап берулері- топтың ең ірі шарасы. Өздерінің айтуынша, бұл ақшаны жинау оларға оңай соқпаған, тіпті базардағы алмаларды 2-3 есе бағамен көшелерде сатқан екен. Мешіттерге барып, өздерінің пісіргендерімен жәрмеңкелер ұйымдастырған. Бұл іске тек Алматыдағы ғана емес, өзге де қалалардағы топтар, сонымен бірге, кейбір кәсіпкерлер де барынша атсалысты. Қаршадай қыздың өмірге деген ұмтылысы оларға сенім беріп, одан әрі құлшындыра түскен. Ақыры еңбектері ақталып, Жанельдің еміне қажет соманы түгелдей жинап береді......
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: География | Испанияның физикалық жане географиялық жағдайы

Испания –Еуропаның оңтүстік батысында орналасқан мемлекет. Пиреней түбегінің көп бөлігін, Жерорта теңізіндегі Балеар және Питиус аралдарын, Атлант мұхитындағы Канар аралдарын және Солтүстік Африка жағалауындағы Сеута және Мелилья қалаларын иемденеді. Географиялық координаты 40 градус солтүстік ендік, 4 градус батыс бойлық. Испания территориясының жалпы аумағы 504750 шаршы км құрайды. Құрлық аумағы 499400 шаршы км. Ал өзен және көлдер аумағы 5350 шаршы км. Материктік Испания батысында Португалиямен, солтүстігінде Франция және Андоррамен, оңтүстігінде Гибралтармен шектеседі. Испания солтүстігінде Бискай шығанағымен, солтүстік -батысы және оңтүстік-батысында Атлант мұхитымен, шығысында және оңтүстік шығысында Жерорта теңізімен шайылған. Испания Королдгі Франциямен 623 км, Португалиямен 1214 км, Андоррамен 65 км, ағылшын колониясы Гибралтармен 1.2 км, Мороккомен: Сеута қаласы 6.3 км, Мелилья қаласы 9.6 км- шекараласады. [1-20]
Шекараның құрлықтағы жалпы ұзындығы 1919 км, жағажайлық линиясы 4964 км. Испания Еуропада Швейцариядан кейінгі биік таулы мемлекет. Таулар ел территориясының 90 пайызын алады. Пиреней Испаныияның ең биік таулары емес. Елдің оңтүстік-шығысында биіктігі Алпіден ғана төмен Кордильера–Бетика деп аталатын тау жүйесі орналасқан. Оның жоғарғы нүктесі Муласен тауы. Бұл Еуропаның оңтүстігіндегі жаз бойы қар сақталып тұратын аймақ. Пиреней түбегі жан-жағынан сумен қоршалғанына қарамастан, елдің климаты мұхиттармен емес, сыртқы факторлардан қорғайтын тауларының есебінде көрінеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0