Ертегі: Бір өгіз

Бір шал мен кемпірдің жалғыз сиыры болыпты. Сол сиырдың сүті олардың қорегі екен. Сондықтан сиырдың бұзауы сүтке жарымай, өліп кала беріпті.
Жылдар өтеді, шал-кемпір қартая түседі Ал бұзаулардың бұрынғыша өлуі тоқталмайды.
– Қой, болмас, – дейді, бір күні шал кемпіріне, – бір жылға бір нәрсе етіп шыдармыз. Сиырды саумай-ақ койшы, бұзауы өссін.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Сүйінші


— Құдағи, сүйінші!..

— Қалағаныңызды алыңыз.

— Қажет емес пұлыңыз,

Сөзіме құлақ салыңыз.

— Құлағым сізде, құда,- деп

Қасын керіп назданды.

— Содан бері жиырма қыс,

Жиырма көктем жаз қалды.

Қоңыраулы күз,

Қоңыр күз

Ұмытармыз қалай оны біз?!

Немере мен шөбере

Оңымыз бен солымыз.

— Бір Алланың бергені

Жалғасады жолымыз.

Қартайтқанмен біздерді

Ұрпағымызды түлетті.

— Айтпаңыз енді, құдағи,

Сүйсініп оқыр сіз ылғи,

Бөбектердің үні дерлік,

Сөйлейтұғын тілі дерлік,

Көретұғын күні дерлік,

Тәуелсіз ел нұры дерлік,

Тәуелсіздік жыры дерлік.

Күндей шалқып,

Айдай толған

Ана тілге, салт дәстүрге

Туған күннен болған қорған.

«Айналайын» жиырмада

Жөргегінде ана тілінің

Асыл діні, тінінің

Жоқшысы болып ер жетті.

— Осы сөзің, әй, құда,

Салды еске бұл кепті.

Ол кезде қазақ тілін мен

Жатсынып біраз «бүлінгем».

— Жүзіндегі өкініш аңғартады көп жайды,

Мұндай іске, әрине, өкінбеуге болмайды.

— Алла!- дедім бірде мен

Естіп тұрған немерем:

— Әже,- деді кенеттен,-

Алла дейсің әманда

Ескертесіз сіз өктем,

«Алла» деп айт» деп маған да.

Сол Аллаңыз жер-көкті

Неше күнде бар етті?..

Сауалы сана тербетті.

Тек, әттеген,

Мен тіптен білмейді екем бұл кепті.

— Білмеймін,- дедім,- білмеймін

Немеремнің маған күлгенін

Көрсеңіз ғой сол сәтте.

Деді соңсоң тым баяу:

— Оқыңызшы мынаны!

Ежеледім, құдай-ау!

Тұңғыш рет тұшындым,

Ана тілін түсініп.

«Айналайын» екен ол

Содан бері мен оған

Ел қатарлы создым қол.

— «Айналайыннан» айналдым,

Табыстырған ана тіліммен,-

Деді дағы құдағи

Құдасын төрге бастады.

— Қайтеміз теріп басқаны,

Құпия сырын ғаламның

Білімді ғана іледі,

Құпиясын аша біледі,-

Десіп олар:

«Айналайынға» ғұмыр тіледі.

Оқып сені ер жетсін,

Елімнің құрыш - білегі,

Тоқтамас мәңгі жүрегі.

Оқып сені қайнасын,

Намысы, қайрат - жігері.

Қабыл болсын,

«Әумин»

Үлкендердің тілегі!

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Тақпақ: Астанаға тілек

Болашақтың бастауы Астанамыз,

Астана еліміздің бас қаласы.

Астана болашағы сен елімнің,

Астана көрік берген жас қаламыз.....
Тақпақтар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биология | Оңтүстік Қазақстан облысының жануарлар дүниесі

Тақырыптың өзекутілігі мен жаңашылдығы: ОҚО-сы бірден-бір табиғатта қайталанбайтын территория. Жер бдерінің едәуір бөлігі жазық келеді. Оның солтүстиік шығысында ұзыннан – ұзақ созылып жатқан Қаратау тау сілемдері (217 шақырым), солтүстік бөлігінде Бетпақ дала, Шу өзенінің оңтүстігінен басталатын Мойынқұм, батысында Өгеш және Қаржантау тау сілемдері ғана өзгешелік білдіреді, Облыстық оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр.
ОҚО-ныңкең байтақ табиғат аймақтары түрлі жануарларға өте бай. Онда жануарлардың түрлі жануарларға өте бай. Онда жануарлардың 1400-ге жуық түрлері кездеседі.
Диплом жұмысында жануарларды облыстық қазіргі белгіленген аумағының табиғат зонасы бойынша аудандастырып көрсеттік, яғни жануарлар шөл-шөлейтті және таулы зоналарға аудандастырылған. Біржола құрып кетудің алдында тұрған жануарларды қорғау мен сақтауға байланысты облыс көлемінде жасалынып жатқан іс-шараларға да көңіл бөлдік.
Осы Оңтүстік өңірде кездесетін жануарлардың 1400-ге жуық түрінің ішіндегі 70-ке жуығы Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Ол түрлерді сақтап қалу және қорғау мақсатында қазіргі таңда Қазақстанда ең әуелі қорықтар, ұлттық саябақтар, қорықтық белдемдер, сияқты ерекше қорғалатын табиғи аумақтар түрлері көптеп ұйымдастырылуда.
Облысымызда соңғы ресми деректер бойынша, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер көлемі 847 мың гектарды құрайды.
Еліміздегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ең маңыздысы – мемлекеттік қорықтар. Облыс көлеміндегі ең ауқымды ерекше қорғалатын табиғи аумақ болып «Ақсу – Жабағылы қорығы» саналады. Онда балықтың - 4,, бауырымен жорғалаушылардың -9, құстардың – 240, сүтқоректілердің -43 түрі қорғалады. Оның көлемі 85,4 мың гектарды құрайды. Бұдан басқа облыста 10 қорық, 47 табиғи ескерткіштер, зоологиялық саябақ, дендрологиялық саябақ бар.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Электр жүйесі | Электр жүйесімен қамтамасыздандыратын екінші ретті электрқоректендіру көздері

КІРІСПЕ
Екінші реттік электр қоректендіру көздері (ЕЭҚК) бұл бірінші реттік қоректендіру көзінің энергиясын ЭК-і мен жүйелердің параметрлерінің сәйкес келетін жиілік мәнді, деңгейлік және тұрақты электр энергиясына түрлендіретін құрылғы.
Бірінші реттік ЭҚК-і ретінде ЭК және әдетте айнымалы токтың өндірістік желісін немесе айнымалы автономдық көздерін (генераторлар), әйтпесе тұрақты (аккумуляторлар, химиялық батареялар және т. б.) токтарды пайдаланады.
Әртүрлі ЭК мен жүйелерді қоретендіру үшін қолданылатын бұл көздер өте шектеулі екендігін практика көрсетеді. Оның себебі, қазіргі кездегі ЭК-і өзінің тұрақты кернеуін төменгі деңгейде ( 5... 15) қоректенуін талап ететін интегралдық сұлбаларды (ИС) пайдаланумен орындалады. Сонымен қатар, бұл кернеудің ауытқуы берілген мәннен (5...10%) аспауы қажет. Қажеттілік қатарында, мысал ретінде прецизиондық аналогтық құрылғыларды немесе аналогты-цифрлық және цифрлы-аналогтық түрлендіргіштерді қоректендіру кезінде кернеудің қоректену тұрақтылығы жоғары болуға тиіс (0,1...0,01%).
1. Екінші ретті электр қоректендіру көздері
Бірінші ретті ЭҚК-нің практикасында қолданылған нақты параметрлер, төменгі талаптардың шартын орындайды: өндірістік желінің және тұтынушылардың кернеу жиілігі сәйкес келмесе онда өндірістік желі айнымалы кернеуді 50 Гц деңгейімен қалыптастырады, ол кезде ЭК-тері негізінен тұрақты токтың, яғни нөлге тең кернеу жиілігі кезіндегі токтың кернеуін қоректендіру үшін қолданылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Әріппай мен көкжал қасқыр


— О, Әрекеңнің басынан не кешпеген. Бәрі де кешкен. Әй, Әреке, Әреке - тай, мына балаларға жас кезіңізде өзіңіздің басыңыздан кешкен қызғылықты уақиғалардың бірін әңгімелеп, айтып беріңізші?

Әрекен бәлсінбейді. Электр ұстарамен күнара тықырлап қырып жүретін көктұқыл сақалын күлімсірей сипалап, сәл ойланып отырады да:

— Жарайды, айтсам, айтып берейін — дейді.

— Қай әңгімеңізді айтасыз?

— Жапан дүзде көкжал. қасқырға кездесіп, қалай аман қалғанымды айтып бepeйін.

— Дұрыс, соны айтыңыз.

— Біріншіде оқимын ол кезде, кішкентаймын, — дейді Әрекең.— Әке-шешем колхоздың қойын бағады. Поселкеде өзімнің Күлімхан дейтін жеңгемнің үйінде жүрем.

Күлімханды сен білесің, мінезі күрт, тілі ащы адам еді ғой. Бірақ оған да кінә жоқ. Күн бойы колхоздың жұмысын істеп, шаршап келеді. Оны күтіп, бітпей жатқан үй ішінің тіршілігі және көп. Міне соның арасында қитығына біз де тиіп қоямыз. Сосын ол қалай ашуланшақ болмасын.

Бір күні ойынның қызығымен жүріп, қызыл бұзауды байлауды тарс ұмытыппын да кетіппін. Бір қарасам қоңыр сиыр түк білмегендей үйдің қасына маңқиып келіп тұр. Қызыл бұзау құдай тілеуін беріп, оны рақаттанып еміп тұр. Ойынды тастай салып ұмтылдым. Дәл сол кезде ар жақтан аюдай ақырған Күлімхан қоса көрінді.

Бұзауға қабат жеттік ол екеуміз.

Жеткенмен не пайда. Қызыл бұзау өз шаруасын тындырған. Қоңыр сиырдың желініндегі күні бойы сыздықтап жиналған, бүкіл үй ішіміз боп үміт артып отырған бар сүтті қарнына қотарып құйып алған. Сиырдың желіні ішінен желі шыққан допқа ұқсап боп-бос. Ызасы қайнаған Күлімхан бір қолымен қызыл бұзауды бұйдасынан сүйрей - мүйрей, маған ұмтылды.

— Ойында басың қалғыр, жүгірмек!

«Жүгірмекте» кінә мол. Мойнын ішіне тығып, жасқанғанды ғана білді ол. Күлімханның жұдырығы балғадай ауыр келетіні және мәлім. Шойын жұдырықтар көк желкемнен аямай түйіп - түйіп етті.

Және ұрады екен деп, құламасам да әлгі араға құлай кетіп бақырдым. Ойындас жолдастарым анадайдан бұның бәрін көріп тұр. Жоқ, жатқан үстімнен төмпештеп ұрған жоқ жеңгем, Бірақ зәрі ұрғанға бергісіз ащы сездерін аямай айтып, енді қызыл бұзауды түйгіштеп кетіп бара жатты.

Ал таяқ еттен, сөз сүйектен өтетіні белгілі. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Төлен Әбдікұлы шығармаларының композициялық ерекшеліктері

Кіріспе
Әдебиеттің зерттеу нысаны адам яғни адамтану екенін ескерсек, әрбір адам өзінше бір дүние, ашылмаған зерттелмеген қазына емес пе? Барлық нәрсенің өлшемі болып табылатын - Адам болмысының табиғи, биологиялық, физикалық , психологиялық ерекшеліктерін әр ғылым саласы өз тұрғысынан зерттеп зерделейді.
«Адам психикасы оның құпиясы мол табиғаты, есті және ессіздік т.б. секілді психологиялық үдерістер философия, психология және әдебиеттану ғылымдарына жан талдау тәсілін тудырып, адам
мәселесін терендей зерттеуге зейін қоя бастады» (1,3) деген пікірге ден қойсақ, көркем әдебиеттің ерекшелігінің өзі сонда, ол адам жанының құпия қалтарыстарын, күйініш – сүйініштерін бір сөзбен айтқанда, адамды психологиялық барша болмысымен толық ашып беретіндігімен тікелей байланысты.
Көркем шығарма табиғатын психологиялық тұрғыдан талдау ,
жалпы прозадағы психологизм, лиризм, сондай – ақ көркемдік тәсілдің түрлері ретінде «ішкі – монолог» «ой ағыны» т.б. мәселелер де көптеп сөз болып жүр. Психологиялық талдау дәстүрі кімнен басталып қазақ әдебиетіне қайдан келді. Алғашқы үлгілері қай жазушылардың творчествасында көрініс берді.
Психологиялық талдау дәст үрлі әлем әдебиетіндегі жаңалық
ретінде негізінен XIX ғасырдың екінші жартысында ғана
дүниеге келгені мәлім. Алғаш рет австралиялық дәрігер - психолог З. Фрейд(1856 – 1939) ашқан психологиялық талдау тәсілі бастапқыда жүйкесі сырқат жандарды емдейтін медициналық термин болып қалыптасқанымен бертін келе адам психикасын зерттеу аумағы кеңейіп, өзге де өнер салаларында, соның ішінде әдебиетте көркемдік тәсіл ретінде қолданыла бастайды.
Ал, орыс әдебиетінің сынында «психологиялық талдау» деген терминді алғаш Н. Г. Чернышевский, Л.Н. Толстой шығармаларын талдау барысында қолданған екен. Бұл термин басқа да әдебиетші, сыншылар тарапынан қызу қолдау тауып реалистік әдебиеттегі көркемдік әдістің басты элементі ретінде қолданылады.
Психологиялық талдаудың алғашқы үлгісі Л. Н. Толстой туындыларында көрініс берсе, Ф. Достаевский творчествосында ол шын мәніндегі дәстүрге айналып одан кейін А. П. Чехов,
И.А. Бунин, М. Горкий, А. И. Куприн шығармаларында тамырын
тереңге жайды. Орыс әдебиетінде Л. Толстой мен Ф. Достаевский
Қазан төңкерісінен кейін Кеңес әдебиетінде М. Шолохов,
Л.Леонов, К. Федин, А. Толстой, А. Фадеев, Л.Собольев сияқты белгілі жазушылардың шығармаларында жемісті жалғасын тапты.
Біріншіден, қазіргі қазақ әдебиетінің қай жанырына көз салмайық, оның профессионалдық деңгейінің өскендігіне, өмірлік шындықты өнерлік мұрат деңгейіне көтеруге де жазушыларымыздың ізденіс үстінде екеніне көз жеткіземіз. Мәселен, ХХ ғасырдың басында дүниеге келген бір ғана роман жанрының өзі бүгінде қандай биік деңгейге, кемелдікке жетті.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Шаңырақ сайысы

Мақсаты: Ата – аналарды мектеп сынып өміріне қатыстыру балаларды дұрыс тәрбиеге баулу. Ата – аналарды балалармен бірлескен әрекетке баулу. Ұйымшылдық, қызығушылық, көркемдік, шығармашылық сөздігін дамыту.
Тәрбие сағат көрнекіліктері: Ұран сөздер, шарлар, отбасы туралы мақалдар.

Негізгі бөлім:
1 - жүргізуші:
Армысыздар, ағайын, ата - аналар!
Бармысыздар жанкүйерлер әз қауымдас!
Бүгінгі күн әуенін біз бастайық
Сайыста көңілменен қол соғайық!
2 - жүргізуші:
Біздерде ойын - сауық басталады,
Тамаша күй тартылып ән салады
Бүгінгі күн әуенін біз бастайық
Ұмытарсыз күн бойы, шаршағанды. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Балабақша (1 сынып, 1 бөлім )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Өзім туралы»
Сабақ тақырыбы:Балабақша
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
2.6 Орфоэпиялық нормаларды сақтау.
1.2.6.1 Мұғалімнің көмегімен қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялау.
2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу және тіл нормасын сақтау.
1.2.3.1 Сұхбаттасының сұрағына жауап беру және оған сұрақ қою барысында тілдік нормаларды сақтап, этикет сөздерді қолдану.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен қазақ тілінің төл дыбыстарын қайталайды, сұрақтарды түсінеді, жауап береді.
Көптеген оқушылар: мұғалімнің көмегінсіз қазақ тілінің төл дыбыстарын қайталайды, ұхбаттасын түсінеді, сұрағына жауап береді, сұрақ қояды.
Кейбір оқушылар: мұғалімнің көмегінсіз қазақ тілінің төл дыбыстарын қайталайды және дыбыстарға қосымша мысал келтіре алады, сұхбаттасының сұрағына толық жауап береді, оған сұрақ қояды, баға береді. ...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Ілияс Жансүгіров | Байсарының өтірігі

Ақжол шабдар атым бар, Ақшамға азан айтып, аллаһу әкбар дегенде, Алматыдан шығып Ла-й-ла-һа-ил-ла-ла дегенде Қарғалыны қақ жарып, Ұзынағашқа бардым. Сол жерден бір ауыз тиіп аттанып, бұлаң құйрықпен қазан қайнап жатқанда, Қазан қаласына бардым. Қазан қаласында бір жомарт адам бар еді. Баяғы қонақ келді деп атымды шаужайынан ұстай алды, — депті.

(Алматы уезі Байжарас ұлы Рақметқалидан)

Өтірікті айтқан жақсы,

Қостаушысы табылса

Екі өтірікші бірі бастап, бірі қоштап, ел аралап, өтірік айтпақшы болыпты. Біреуі бір күн ілгері жүріп, ел аралап қонған, түстенген жеріне, жолыққан адамына өтірік айта бермекші болыпты. Екіншісі бір күн кейін жүріп жүріп, сол жөнмен алдыңғы өтірікшінің айтқанын растамақшы болыпты.

Өтірік бастаушы бір ауылға келіп қоныпты. Ауыл адамдары: «Жақсы-жаманнан не тіл бар?» — десе, өтірікші: «Ел аман, жұрт тыныш. Жалғыз-ақ көкті көбелей, аспанды аралай көшіп бара жатқан елді көрдім», — депті. Ел нанбапты.

Енді келесі кешке сол ауылға қостаушы өтірікші келіп қоныпты. Ауыл адамдары тағы да: «Жарқыным, жақсы-жаманнан не тіл бар, кеше бір қонақ, көкті көбелей, аспанды аралай ел көшіп бара жатыр екен дейді. Онан не білесің?» — дейді. Қостаушы: «Болса-болар, өйткені аспаннан анда-санда көрегенің сағанағы түсіп бара жатқанын көрдім», — депті. Бұл өтірік содан кейін лақап алып елге тарап кетіпті.

Келесі күні өтірікті бастаушы енді бір елге келгенде, тағы да естіген-білгенді сұрағанда: «Бөтен айтарлық сөз жоқ, жалғыз-ақ жолда бір үлкен көл өртеніп жатыр екен», — депті. Ел нанбапты.

Енді келесі кеште алдыңғы уәдемен қостаушы өтірікші келіп қоныпты. Ауыл адамдары тағы да: «Жарқыным, жақсы-жаман не тіл бар. Кеше бір қонақ келіп, жолда бір көл өртеніп жатыр деп кетті. Онан не білесің?» — дейді. Сонда қостаушы: «Жолда бір кепкен көлдің табанынан піскен балық жеп, қайран болған едім. Мынауыңыз сол жер болар», — деген екен. Бұл тапқырлыққа риза болған ел: «Өтірікті айтқан жақсы, қостаушысы табыл-са», — деп мәтел етіп кетіпті.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0