Курстық жұмыс: География | Тұран жазығының физикалық-географиялық орыны, қалыптасуы

Кіріспе
35-53°с.е аралығында дүние жүзілік мұхиттан шалғай құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орынының ерекшелігіне сай Каледон Герцин, Альпі қатпарлықтарында түзілген биік және аласа тау жүйелерімен шектескен Тұран жазығының табйғатының алуан түрлілігінің негізгі себебін ашып көрсету еліміздің аумағының батыс оңтүстік-батыс және оңтүстік бөлігінің жер бедерінің,климатының, топырағы мен өсімдіктер жамылғысының қалыптасу заңдылықтарына әсер ететін негізгі факторларды анықтауға мүмкіндік береді. Тұран ойпатының құрылықтың ішкі аймағында орналасуы Шығыс Европаның өзі орналасқан ендіктеріне қарағанда қысы суық, жазы ыстық болып климаты шұғыл континентілігін;келуімен ерекшеленетін климатының шұғыл континеттілігінің; желдің,температураның әсерінен жүретін үгілу үрдісін,жер бедерінің эолдық пішініндерін,құрғақ климат жағдайында топырақ пен өсімдіктер жамылғысының шөлге тәң түрлерін таралуын анықтайды. Шөлді шөлейтті Тұран жазығының жан -жақты оқып үйрену табиғат байлықтарын шаруашылық мақсатта игеру барысын қоршаған ортаның тепетеңдігін сақтау мәселесін шешу мен қатар, табиғат жағдайларының негізгі ерекшеліктерінің терен меңгеруге мүмкіндік береді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ертегі: Ғылманның өнері

Бұрынғы өткен заманда Бағдат шаһарында Ғылман деген бір ақылды адам болған екен. Бағдатта оның әртүрлі дәрігерлік өнерімен атағы шығады. Мұны естіген Бағдат патшасы Ғылманды өзіне шақырып алдырыпты. Патша күн сайын онымен бірге кеңесіп отырады екен. Ғылманның өнерлеріне таң қалып жүреді екен. Бір күні патша үлкен уәзірін шақырып алып:

— Бұл Ғылман өте ақылды және өнері де көп адам екен. Осыны уәзір етсек қайтеді? – дейді. Уәзір патшадан бұл сөзді есіткен соң: «Ғылман уәзір болса, бізді орнымыздан түсірер», – деген ойға келеді де:

— Ей, патшам! Бұл Ғылманнан мен қорқамын, өйткені басқа адамдар істей алмаған нәрселерді бұл істей алады. Сондықтан бір күні сізді де, бізді де өлтіріп, өзі патша болып алар деп қорқамын, – дейді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Әбдіжәміл Нұрпейісов | Жолаушы жолға шыққанда

Баяғы қазақ: «Жолаушы үйден қырық қадам ұзап шыққасын-ақ басына мүсәпірлік түседі» депті. Кім біледі, қазіргідей алдында алақанын тосып, ас-суын әзірлеп күтіп тұрған қонақ үй болмағасын сыбай-салтаң шыға қалған салт атты жолаушы үйінен қырық қадам ұзап шыққасын күні мүшкіл болса болатын да шығар. Айтса да: атына жем керек. Талықсып кеп тоқтаған жерде өзіне де бел шешіп қонатын, түстенетін баспана керек. Бір қырдан ассақ тағы сондай бір қырық алдыңнан тосып тұратын осынау ақыраған сары далада жалғыз атты жолаушыға жөні түзу жолдас кездесе ме? Бұйрат арасынан бұлаң еткен бір сүрлеуге түссең бас еркің қолына тигесін бұйдаңнан жетелеп әрі-бері тәлкек қылады. Жапан түзде жолыққан жалғыз кісіні о да басынып, қылжақтап мазақтайды, мазақтайды да, ақырында бір шағылдың шетіне келгесін көк көдеге құйрығын шаншып алып ырғалақтаған ақ ши арасына сып беріп кіріп ізінен адастырады да кетеді. Сен ат үстінде ақырып тұрасың да, тебініп қайта жүресің.

Жә, бір кезде солай болған. Ал, қазір ше? Жапан түзде жалғыз жорытқан кісінің көңіл-күйін құлазытып бітетін жұтаң сезім қазіргі жолаушылардың басында бола ма екен?

Рас, біздің ата-бабаларымыздың заманында адам баласының аяғы қысқа болды. Үйде де, түзде де мешеулік басына түсе бергесін қыс — қыстаудан, жаз — жайлаудан ұзап шықпаған. Ат жетпес, атан жетпес алысқа жалғыз-жарым кісі болмаса, қалған қазақ мал өрісінен аспапты ғой. Ілгеріректе жасаған бір атамыз айтыпты деген бір сөзді осы жұрт әлі күлкі қылады. Сол атамыз дүние салар шағында мақүлдасуға жиналған ағайын-тумасына қарап отырып: «Өмірде арманым жоқ, тірлікте мен бейбақ не көрмеді дейсің?! Бұл ағаң жер түбіндегі Аралға да қыста тоң балық тасыған кірешілермен ілесіп барып қайтты ғой», — депті. Ол кезде бақұлдасуға жиналған кісілердің бәрі «рас қой, рас қой» деп мақұлдап-шұлғыпты дейді. Ал, қазір күледі. Неге? Заман заманға күле ме? Адам адамға күле ме? Әлде бұрынғы ұрпақтың басындағы мешеулік пен мүшкілдік бүгінгі болған-толған шақтағы мырзам сыған жандардың жүрегін аяныш шақырудың орнына менмендік оята ма? Өткеннің бәріне күле қарау болған-толғанның белгісі ме? .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Мaл төлдeрінің кoлибaктeриoзынa диaгнoз қoю әдістeрін жeтілдіру

1.1 Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы.
Мемлекетіміздің азық –түлік тәуелсіздігі –экономикамыздың ауыл шаруашылығы саласындағы стратегиялық міндеттердің бірі болып табылады. Аталған бағдарламаны жүзеге асырудағы талаптардың бірі –жануарлар басының сақталуы және олардың өнімділігін арттыру. Осыған байланысты, мал дәрігерлік, ғылымында және тәжірибеде жануарлардың, соның ішінде төлдердің инфекциялық ауруларын зерттеудің маңызы зор, осылардың ішінде колибактериоз алатын орны ерекше.
Мал дәрігерлік және медициналық ғылымдар аталған аурулардың эпизоотологиясы мен эпидемиологиясын зерттеуде, клиникасы мен диагностикасында, әр түлік малдарда індеттің байқалуы мен оны емдеуде, алдын –алу шаралары мен емдік препараттарын өндіру мен ұсынуда үлкен табыстарға жетуде.
Бірақ, қол жеткізген жетістіктерге қарамастан, асқазан –ішек жолдары инфекцияларымен күрес толығымен шешімін таба алған жоқ. Жануарлар арасында колибактериоз індетімен күресу өте қиын. Ол колибактериоз сероварларының табиғатта кең таралуына, жануарлар организмінде қоздырушылардың ену жолдарына, бактерия тасымалдаушылыққа және қоршаған ортаның олармен контаминациялану кезіне байланысты болып отыр. Колибактериоздың диагнозын жетілдіру үшін, алдымен бактериологиялық және серологиялық әдістерді жетілдіруіміз керек. Бактериологиялық әдіс жақсы жетілген деуге болады және қоздырғышты патматериалдан бөліп алып түрлерін ажырату үшін қолданылатын қоректік орталар бар. Оларға Эндоның, Левинаның Пласкиревтің бактоагар «Ж» және басқа қоректік орталарды жатқызамыз. Әдетте патматериалдан бөліп алынған E. coli штамдарының зардапты серотоптарын анықтайды. Қозының колибактериоз ауруының патогендік серотоптарына мына штамдарды жатқызамыз; О 8, О 9, О20, О35 , О78, О101 , О137, О 15, О41, ж. т.б. осы зардапты серотоптарды анықтау тез арада анықтау үшін ішек таяқшасының сапасы жоғарғы штамдарынан антиген дайындау керек. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Қазіргі мектеп жағдайында оқушыларды патриотизм мен интернационализм рухында тәрбиелеу

Кіріспе
Елбасы Н.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында Қазақстандық патриотизм саяси ерік жігер – жаңа Қазақстанды құрудың аса маңызды факторлары бөлімінде « Өткен жолымыз лайықты жол болды, ал біздің бірлескен шешімдеріміз бен тындырған істеріміздің нәтижесі таңқаларлықтай болды. Мұның бәрі де жаңа жалпы қазақстандық патриотизмнің іргетасын қалап, біздің Отанымыздың, біздің барша көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыздың, біздің балаларымыздың тамаша келешегі бар екеніне негізді мақтаныш пен сенімді туындатады –деп атап көрсетілген.
Жастардың бойында қазақстандық патриотизм қалыптастыру үшін әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір-бірін танып біліп,құрметтеуі тиіс.Мектеп оқушылары қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, өз болмысында еш бұрмалаусыз танып, білуі шарт. Мектепте оқушыларының бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда ана тілі пәндерінің алатын орны ерекше. Отанды сүйген, елін жаудан қорғау үшін қасық қаны қалғанша аянбай шайқасатын Қобланды, Қамбар, Ер Тарғын, Алпамыс тұлғалары, ақын – жыраулардың, билердің татулыққа, адамгершілікке, елін сүюге шақырған өлең – жырлары, шешендік сөздері оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруды маңызы өте зор. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Символдық мағынаның берілу тәсілдері

КІРІСПЕ
Бүгінгі күнде халықтың алтын тұғыры, рухани-мәдени қазынасы ретіндегі тілді зертеудің жалаң түрдегі лингвистика ғылымының зерттеу ауқымы кеңейіп, өркені өсіп отыр. Оған себеп, тілдің өз бойында бүкіл тарихты, төл мәдениетті, ұлттық талғамды, мінез бен көзқарасты, сана мен салтты, дәстүр мен даналықты, сенім мен нанымды сақтап, берік тұтуында. Басқаша айтқанда, әр тіл – өз ұлтының бойтұмары іспетті тұнып тұрған қасиетін белгілейтін таңбалық жүйе. Осымен байланысты тілдік жүйенің құрылымдық бірліктері тек дәстүрлі лингвистиканың ғана емес, этнолингвистика, социолингвистика, лигвомәдениеттану, психолингвистика, когнитивтік лингвистика т.б. ғылым салаларының зерттеу нысанына айналып отыр. Мұның өзі тіл табиғатына терең бойлап, жан-жақты қарастыру нәтижесінде тілдік жүйе құрылымының сипатын айқын тануға жол ашты. Сондықтан да тілді қарапайым таңбалық жүйе деп қарастыру ол туралы түсінікке әсер етеді және зерттеу мүмкіндіктерін шектейді. Тіл, көнеден айтылып келе жатқандай, таңбалар жүйесі ғана емес, ол осы жүйені көмкерген мәдениет. Сондықтан да қазіргі тіл білімінің антропоцентристік бағытына сәйкес, ол – әр халықтың ұлы мұрасы, ұлттың тарихи жетістігі. Тіл – мәдениетті тану кілті, рухани және материалдық мәдениеттің қалыптасуына қатысатын үлкен күш, мәдениет ескерткіші, ұлт өмірінің айнасы. Ол мәдениеттің жалпы сипатын анықтайды, негізгі ақпаратты жинайды, сақтайды және жеткізеді. Осыған сай тіл әрбір этностың мәдениеттің өзгешелігін, екінші жағынан, тіл шеңберінде мәдениеттің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуын қамтамасыз етеді. Тіл қазіргі, келер ұрпақты үлкен бір тарихи арнаға, бүтіндікке байланыстырады.
Символдардың әмбебап категория екені белгілі, дегенмен, біздің жұмысымызда тілдік көріністер ретіндегі символдың табиғаты мәдениет шегінде қаралады. Бұл көзқарас бойынша, символ – кез-келген мәдениетке тән әмбебап құбылыс. Ол халықтың дүниені түйсінуінен хабар беретін қойма, яғни ғаламның тілдік бейнесі ретінде ұлттың эстетикалық таным-талғамын, шаруашылық кәсібін, мінез-құлық, ырым-наным, салт-дәстүрін, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухты тек тілде ғана жан-жақты танытады. Осыған сай белгілі бір халықтың материалдық және рухани мәдениет элементтері тілде эстетикалық символдар ретінде қалыптасады. Мұның негізінде „әлемді тіл арқылы танытудың” әр ұлт тілінде түрлі сипатқа ие екендігі туралы шешімге символдың лингвистикалық сипатын ашу арқылы және ұлттық болмысын таныту негізінде келуге болады. Сондықтан да қазақ тіліндегі атаулардың символдық мәнін қарастыру бүгінгі күн талабынан туған, яғни тіл мен таным, тіл мен сол тілді қолданушының тығыз байланысынан туған өзекті мәселелерідің бірі деп айтуға болады.
Қазақ тілінде символдық мағынаның қалыптасу жолдары, символдық мағынаның берілу тәсілдерін анықтау – жұмыстың негізгі мақсаты. Осы мақсатқа сай төмендегідей міндеттер қойылады:
– символдың әмбебап категория ретіндегі зерттелу жайына шолу жасау;
– тіл мен таңба арақатынасын айқындау;
– тілдік таңба және сөз-символдың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажырату;
– тілдік жүйеде символдың қалыптасуының когнитивтік құрылым ретінде айқындау;
– символдық мағынаның тілдік негіздерін ашу;
– символды өзімен тектес метафора және фразеологизмдермен салыстыру, сол арқылы өзара ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау.
Символдық мағынаның қалыптасуына әсер ететін экстралингвистикалық факторлардың (көне дүниетаным, наным-сенім, этностың салт-дәстүрі т.б.) негізінде құнды рухани қазына – мәтіндердің танымдық мазмұнын қысқа да нұсқа түрде сақтап жеткізетін тілдік құралдардың бірі – символдар екені, тілдегі когнитивтік модель ретіндегі символдың түрлері символдық мәні нақты тілдік деректер арқылы анықталады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Ертегі: Білу және түсіну

Үкі бәрін, тіпті одан да көп білетін. Оны ешнәрсемен таң қалдыруға болмайтын. Кез-келген жаңалықты ол құлықсыз тыңдап, үнемі былай дейтін:
— Мұның бәрін мен осыдан жиырма жыл бұрын білгем.
— Сен білесің бе?.. деп біреулер сұрайтын.
— Баяғыдан білемін, басқа жаңа бір нәрсе айтпайсың ба, — деп жауап қатушы еді.
Тіпті керемет оқымыстылардың өзі, Үкі оларға сұрақ қойғанда өздерін ақымақ сезінетін.
— Сен білесің бе, -деп сұрайтын олардан үкі.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Тоқаш Бердияров | Жаңалық

Гүлайна апай отарға ерте оралды. Қызымды сағындым деп күні кеше Алматыға аттанған-ды. Тұңғышы — Зіреш қалада пединститутта оқитын еді. Зіреш қысқы, жазғы демалысын көбіне совхоз орталығындағы нағашыларының үйінде өткізіп жүрді. Айлар бойы өз қызын көрмеген ана сағынбағанда қайтсін? Перзент десе, ана жүрегі алып ұшады емес пе!

Киіз үйдің ішінде қымыз ішіп отырған Нұртай ақсақал, аттан түсіп жатқан бәйбішесін көріп ойға қалды. «Тәуба, қызыма барам деп менімен күні-түні керілдесіп, мазамды алушы еді, мұнысы несі?! Ерте оралғанына қарағанда бір гәп бар сияқты. Әйтеуір, жамандық болмағай!..»

Ол тысқа шықты. Болдырып келген аттың ертұрманын ағытып, тыныштық па дегендей бәйбішесінің жүзіне телміре қарады. Гүлайна аса көңілді, ауыл жаңалықтарын айтып, сарнай жөнелді:

— Талқанбайдың ала сиыры екі бұзау туыпты. Екеуі де инеліктей әншейін, қарындары қабысып тұр. Әлгі қу тоқал енесінің сүтін қақтап сауып алады екен. Уызға жарымаған бұзаулар қайтып мал болсын? Обалдағы-ай, обалдағы-ай!..

Нұрекең ер-тұрманға жамбастай кетті де, қарсы алдында шөкиіп отырған бәйбішесінің, әңгімесін ұнатпаған шыраймен:

— Қызыңа бардың ба, соны айтшы,— деді.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Бейімбет Майлин | Кедей теңдігі


1917 жыл, ноябрьдің іші, ел арасында жүріп Қауқымбайдың үйіне кездейсоқ болып қонғам. Менімен бірге дуаннан келе жатып Тәңірберген де қонған. Шам жаға шайды алып келді. Біз бай, бәйбіше, мырзамен бір дастарқандамыз. Самаурынның есік жағына кірлі майлық орамалды жайып жіберіп, үсті басы далба-дұлба, бір жігіт отыра кетті. Шоқпақ бұжыр қара, қолы тілім-тілім жарық, байдың малайы екенін адам айтпай-ақ, пішінінен, отырыс-тұрысынан білетін.

Бізге өзінің байлығын, малай ұстайтындығын білгізгісі келді білем, Қауқымбай бай көтеріліңкіреп қойып:

— Әжі өгіздерді байладың ба?— деді.

Бәйбіше байдың сөзін көтермелейін дегендей:

— Қыс болса жақындап келеді, тезек жанындағы жалаңның шомын дұрыстау керек еді, сүмеңдеп қыдырумен-ақ ұзақ күнді кеш қылады,— деп ілді.

— Сүмеңдеп қайда бардым,— деп есік жақтағы жігіт күңк ете қалды.

Бай мен бәйбішенің екі аралығында отырған мырза күлімсіреп:

— Балалармен доп ойнағаны болмаса, ешқайда барған жоқ,— деп кекетті.

Ата-енесінің, байының ізінен шығайын деген секілденіп келіншек:

— Жұмысының көптігінен ағаш жарып беруді де қойды, бүгін шайға суды өзім әкелдім,— деп бір түйреп өтті.

Айыбын мойнына .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Құрметті ұстаз

(Ұстазды шәкірттерінің мерекесімен құттықтауы)

Сіз мәнді де мағынаға толы, ұлағат пен ұжданды жанына серік қылған, ой мен ақыл және парасат пен пайымды жүрегіне жақын еткен, руханият пен білімді жас ұрпақтың тәрбиесіне қарай бағыттап отыратын Ұстаздық деп аталатын игі мамандықтың жолын қалап алған жансыз. Сіздің Ұстаздық қызметтегі әрбір жылыңыз Сізге абырой мен табыс, бақ пен береке әкелді, сонымен бірге тағы да жаңа әрі жарқын мүмкіндіктерге жол ашты.

Әрбір басталған жаңа бір оқу жылының күміс қоңырауының сиқырлы үні Сізге қуаныш сыйлады. Бұл нағыз ұстазға ғана тән сезім еді. Сол күміс қоңыраудың үнімен бірге балдырған күлкілері жараса мектепке енген қаншама бүлдіршін Сіздің алдыңыздан тәлім көрді, ұлағатыңызды тыңдады, өз мектебінен қанат қақты. Олар қазір еліміздің әр түкпірінде жүр.

Сіз үнемі ұстазға тән сергек ойдың иесі болдыңыз. Әрбір табыстарыңызға тоқмейілсу мен тоқырау сізге жат еді, керісінше жаңа ізденістерге жол ашты. Сіз өз қоғамыңыздың ұрпақтан не талап етіп отырғандығын жіті аңғара алдыңыз. Өз бойыңыздағы білім мен білік дариясын солай қарай бұрдыңыз, жас шыбықты солай қарай идіңіз. Егер Сіз осы жылдардың ішінде мақтау мен құрмет көрсеңіз, ұстаздық жолыңызда, шынында да, осыған лайықты істер атқара алған едіңіз.

Сіздің өткен құрметті жолыңыздың әрбір иірімінде шәкірт жүрегінің алғыс сезімі жатыр. Олардың әрқайсысы бір әлем еді, олардың әрқайсысы жаңадан ашылар бір дүние еді. Міне, сіз осы бір балдырған жүректердің риясыз досы, ертеңге деген үміті бола алдыңыз. Сізге осы үшін де өз шәкірттеріңіз алғыс айтады.

Сізді шәкірттеріңіз бүгінгі мерекеңізбен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасыңызға бақыт, ұстаздық жолыңызға шығармашылық табыстар тілейді. Ұстаздық қызметіңізде әр уақытта шәкірттеріңіздің алғысына бөлене беріңіз!

.....
Әңгімелер
Толық
0 0