Сценарий: 1 Қыркүйек - Білім күні (Балабақша | Алғашқы қоңырау)

Тақырыбы: Білімнің бастауы – балабақшада (Ертеңгілік)

Мақсаты: 1 қыркүйек - Білім күні мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру. Ата Заң күні мерекесін атап өту.
Сахна мәдениетіне баулу. Көңілді орта қалыптастыру.

Барлық балалар «Балдәурен» әнінің әуенімен түрлі - түсті шарлар ұстай көңілді би билейді, би аяқталғанда шарларды ұшырып жібереді. Ортада жүргізуші 5 - 6 бала қалады:
1 - бала: Қандай керемет! Бүгін көңіл - күйім шарықтап тұр!
2 - бала: Себебі бүгін мереке ғой!....
3 - бала: Иә, иә! Бүгін - 1 қыркүйек, білім күні!
4 - бала: Бәсе, бүгін оң көзім қайта - қайта тартқан еді.........
5 - бала: Осылай әңгімелесіп тұра береміз бе?
Балаларды шақырып, мерекені бірге тойламаймыз ба?

Сценарийлер (ертеңгіліктер)
Толық
1 0

Қазақша Жаңылтпаш: "Б" әрпі

Баласы шашын жібітіп отыр,
Атасы насыбайын үгітіп отыр.
Апасы түбітін түте алмай,
Ұрысып отыр.

Балтабай
Мал таба алмай жүр.
Баласы тал таба алмай жүр,
Ағасы бал таба алмай жүр,
Балтабай әлі мал таба алмай жүр.
Жаңылтпаштар
Толық
19 -11

Қазақша ертегі: Қарттың ұлына айтқан өсиеті

Бір бай өлер уакытында ұлын шақырып алып: - Ұлым, мен өлген соң жұма сайын қыз алып, қала сайын үй сал. Ас жесең, бал же, - деп, өсиет айтыпты.
Бай дүниеден өтіп, ұлы атасының өсиетін орындай бастайды: жұма сайын қыз алып, қала сайын үй салады. Ас ішсе, бал ішіп, ақшасын бітіреді. Сөйтіп, жігіт жарлы болады. Бір күні жігіт далаға шығып біраз жүріп, бір үйілген тастың тасасына отырып, бөркін қолына алып басын ұстап отырған уақытта, бір жақтан бір шал келіп жігітке....
Ертегілер
Толық
0 0

Қазақша шығарма: Мен Қазақтың баласы – мен Қазақпын!

Мен - қазақпын! Қазақ даласының баласымын! Ол - менің мақтанышым, айбыным!

Талай заман бойына ата-бабаларымыз күшін сарп, өмірін құрбан етіп, ел мен жерді қорғап, бізге аманат етті. Осы бір өлкеде бір отбасыдай ынтымағы жарасып жүзден астам ұлт өкілі, он алты миллионнан астам адам тұрып жатыр. Әр тілде сөйлеп, әр дінді ұстанатын осынша халықтың бір мемлекетте тату-тәтті тұрып жатқанына таңданамын да. Ол бір-біріне деген жылы қатынаспен ғана емес, бауырмалдықпен де қатар жүреді. Елімізде қазақ, орыс, түрік, ұйғыр.....
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақша ертегі: Өнеге

Бұрынғы заманда бір үлкен шаһар бар екен. Бұл шаһардың ханы болыпты. Ол күнде жаман киініп, жай кісі болып, шаһарды, базарды аралап жүреді екен. Күндерде бір күн хан базарды аралап келе жатып, басына бір кесек алтын, аяғына бір кесек алтын қойып жатқан бір адамды көреді. Мұны көріп, хан таң қалып, неше күндей......
Ертегілер
Толық
0 0

Қазақша сценарий: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Анасы бар адамдар ешқашан картаймайды)

Тақырыбы: Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды.
Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Кеш жарық, қымбатты ұстаз - аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен.....
Сценарийлер (ертеңгіліктер)
Толық
1,5 -0,5