Ертегі: Тоқты қошқар бұзау бұқа лақ теке

Бір қорада тоқты қошқар, бұзау бұқа, лақ теке – үшеуі дос екен. Бір күні күн шыға бөрте лақ орнынан атып тұрады да керіліп-созылып, пысқырынып, ұйқысын ашады. Сонан соң секіріп барып, күйсеп жатқан көк қасқа марқаны сүзгілеп тұрғызады. Екеуі қасқа бұзауға келеді. Лақ теке екі жолдасына былай дейді:

— Жүріңдер, серуендеп қайталық. Анау көрінген сары адырға барайық. Онда мөлдір бұлақ бар. Сүйікті асымыз, өлең шөпке тоямыз. Тоқты қошқар балғын балаусасын теріп жесін. Менің тұяғым қышыды, тастан-тасқа секірейін, тілім қышыды, қынасын теріп жейін, жүріңдер!

Лақ теке бастайды да үшеуі жүріп кетеді. Келе жатып, жолдан бір қап бидай тауып алады.......
Ертегілер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту

Оқытудың жаңа технологияларын бастауыш мектепте қолдану
Бүгінгі таңда адамның қоғамдағы орны, оның әлеуметтік және рухани көзқарасы жаңа талаптарға сай жеке тұлғаны қоғамға жаңаша даярлауда, оның жалпы білімдік және кәсіпке даярлығын дұрыс жолға қоя білуінде. Осыған орай білім берудің тұтас жүйесін құру негізгі мәселелердің бірі болып, үздіксіз тәлім тәрбиеден, яғни от басынан бастап, қоғам саранысын өтей алатын жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Ал оқушылардың бойындағы білім негіздері бастауыш мектептен бастау алатыны түсінікті. Соңғы жылдарда білім беру туралы, әсіресе, үздіксіз білім беру туралы көбірек сөз қозғалып жүр. Сондықтан мәселені бұл тұрғыдан алғанда, бастауыш мектепте сапалы білім беру шешуші рөлдердің бірін атқаратыны даусыз. Бастауыш мектепте оқитын балалардың жасы төмен болғанына қарап, оларға білім беру де жеңіл болады деген түсініктен аулақ болу керек. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қорқыт «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр» 5-сабақ (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі
Сабақтың тақырыбы: Қорқыт «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр» 5-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.
Сабақ мақсаты: Өзіндік ой-пікірін дәлелдеу үшін жыр мәтінінен алынған үзінділерді тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ертегі: Бере білген бөле білер

Баяғыда бір жарлы болыпты, мінуге аты, ішуге асы болмапты, бала-шағасы көп болыпты. Мал дегенде маңдайына біткен жалғыз ғана қазы болыпты. «Аштық – атаң емес» деген, тесік тамақ шыдата ма, ақыр соңында сол қазды жемекші болып сойып, пісіреді. Бірақ оған салатын тұзы да, қосып жейтін наны да болмайды. Сонда жарлы тұрып әйеліне:

— Қатын, осы қазды тұзсыз, нансыз жегеннен де ханға апарып тартсам қайтеді? Сөйтіп, одан бірнеше күн тамақ қыларлық астық сұрасам қайтеді, – дейді. Қатыны:

— Мейлің, сүйтсең, сүйте ғой, – дейді. Жарлы ханға пісірген қазды алып келеді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Тақпақ: Қыс

Алақай-ау, балақай!
Қыс келді ғой, балақай!
Шаңғы теуіп ойнайық,
Аққала да жасайық.

Қатты борнан соғады,
Қарда қалмай жауады.
Егер олай болмаса,
Жерді тұман басады.
Тақпақтар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш мектеп кезеңінде шығармашылық қабілеттің дамуын зерттеу

Кіріспе
Тәуелсіз мемлекетіміздің саяси – экономикалық, әлеуметтік даму жағдайының ерекшеліктеріне қарай бұл күнде халыққа білім беру саласы және оның әр буыны үлкен өзгерістерге ұшырауда. Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамдарда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, жастардың белсенді, шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Сондықтан да, білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Сонымен қатар жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін дамыту болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Әдебиет | Абайдың педагогикалық көзқарастары

Абай - өз заманының биік парасат иесі ғана емес, бүгінгі заман айшылықтарын шегінуте де оң бағыт берген биік тұлға. Ақынның гуманистік идеясы тек өледдерінде ғана емес, қарасөздерінде де терең философиялық толғаныспен көрініс тапқан. Абай қарасөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған ақын шығармашылығындағы айтпақ ой, терең филососриялық мұғалім өзі зерттеп, түсінгенде ғана осы бағытта баламен жүргізілетін білімдік және тәрбиелік істері нәтижелі болмақ.
Курстық жұмыстың мақсаты: Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәнін қазақтың мақалдарын сынай отыра Абай дүниеқоңыздық, ұятсыздық сияқты адамды аздыра-тын қылықтардан жиренуді мақсат етеді. Жақсы, жаманның арасын айырып, ақиқатын айтады немесе "7-ші", "31-ші" сөзінде Абай оқу, өнер-білім мәселесі төңірегінде келелі ой қозғауы осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | Ақтөбе облыстық мемлекеттік мұрағаты тарихи дерек ретінде

Міндеті мен мақсаты.Жұмысты жазудағы мақсатымыз - Ақтөбе облысының шаруашылығы мен әлеуметтік – мәдени салалары бойынша мұрағат қорларын жинақтап топтастыру, оны ғылыми айналымға енгізу.
Мақсатымызға жету үшін мынадай бірнеше міндеттерді алға қойдық.
- Мұрағаттағы облыстың шаруашылығына қатысты құжаттарды сыни көзбен талдай отырып, салаларына қарай топтастыру;
- Өлкенің әлеуметтік – мәдени дамуына байланысты оқу – ағарту, мәдени және спорт салаларына қатысты қорларды бір жүйеге келтіріп, жинақтау;
- Ақтөбе облысының шаруашылық, мәдени – ағарту өміріне қатысты негізгі құжаттар мұрағатта сақталған жергілікті баспасөз материалдарын жылдар бойынша шоғырландырып, жинақтау;
- Мұрағаттағы қорлардың Ақтөбе тарихындағы орнын анықтау. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Жұмбақтар қызықты жауабымен

Үш дос сөреде тұрған кітаптар санын болжамдап айтады: 43, 34, 41. Барлығы қате айтады. Біреуі 6 санға, біреуі, 3 санға, ал біреуі 1 санға жаңылысады. Сөреде қанша кітап тұрғанын таба аласыз ба?
40 кітап

Жанында жаздың шуағы
Жаңбырмен жүзін жуады.
Екі орақ пен бір таяқ,
Белін бірге буады.
Ол қай әріп болады?
Ал зердеге салайық
Болады екен қай әріп.
Ж әрпі .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0