Әңгіме: Дүние кезек

Ешкімі жоқ кемпір жалғыз сиырын сауып, сүтінен май жасап, оны көрші дүкенге өткізіп күнелтеді екен. Дүкенші кемпірдің адалдығына кәміл сенгендіктен одан алған сары майды таразыға тартпастан қабылдап ала беретін. Алайда бір күні ойына күмән ұялап кемпірдің өткізген майын таразыға тартуды ұйғарады. 1 кг. деп алып жүрген сары майдың 900 гр. болып шыққанында қатты ашуланады. Кемпірдің келесі келгенінде дүкенші: «Бұдан былай сізден сары май алмаймын» деп жазғыра сөйлеп, ашулы екенін білдіреді. Көңілі құлазыған кемпір «тыныштық па балам, кәрілікпен алысып жүріп байқамай бірдеңені бүлдірген шығармын, ағаттық жіберген болсам кешіре ғой» дейді. Дүкенші «маған өткізген майыңыз 1 келі емес 900 гр. болып шықты. Ұят емес пе мұныңыз?» дейді. Сонда кемпір: «Менде 1 келілік тас жоқ болғандықтан, сізден сатып алған 1 келі шекерді таразыға қолданып жүр едім» дейді. Әлгі жерде дүкеншінің қызарып, бозарғаны соншалық, кірерге тесік таппай тыпыршып қоя береді. Міне дүние кезек дегеніміз осы. Не ексең соны орасың. Адамдарға істегенің міндетті түрде алдыңнан шығады. Әрдайым жасаған игі ісіміз және көретін ізгілігіміз көп болғай! .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Тәуелсіз - Қазақстаным

Тәрбиешілер: Бақыт Сагдатовна Аубакирова, Шарипжанова Мейрамгуль Мырзабековна, Баскөл ауылы, Иманов ат. ЖОББМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: «Тәуелсіз- Қазақстаным»
Құрметті Ұстаздар, ата-аналар, кішкентай бүлдіршіндер!
Бүгін біз Тәуелсіздіктің 21жылдығына арналған кішкентай бүлдіршіндердің дайындаған «Тәуелсіз- Қазақстаным» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.
Әнұран орындалады.
Тәуелсіздік текке бізге келмеген,
Талай бабам қанын төгіп терлеген.
Сонда-дағы қасиетті қазағым,
Төл байрағын дұшпанына бермеген.
Бабалардың ғасыр бойы арманы,
Өткенімен келешегін жалғады.
Желбіреп тұр төл байрағы қазақтың,
Егеменді – тәуелсіздік алғалы. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Дымқыл - құрғақ

Кіші сала: «Қоршаған ортамен таныстыру»
Ұ. О. Ә. Тақырыбы:«Дымқыл - құрғақ»
Мақсаты: 1 жас 6 айдан асқан балаларды топырақтың қасиеттерімен таныстыру: құрғақ - сусылдайды, ал дымқыл – пішінін жақсы сақтайды.
Көрнекі құралдар: Құм, ыдыстар, дымқыл салфетка, суқұйғыш, ойыншықтар.
Әдіс - тәсілдер: Балалармен эксперимент жасау.
Сөздік жұмыс: Құрғақ, жеңіл, дымқыл, сулы.

Мотивациалық қозғаушы
Шаттық шеңбер:
Амансың ба, алтын күн!
Амансын ба, көк аспан!
Амансын ба, жер ана!
Амансын ба, достарым!

Іздену ұйымдастырушы
Қоян жылып кіреді:
Тәрбиеші: Қоян не болды саған?
- Қане балалар, сұрайықшы қоян неге жылап тұр екен. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Тақпақ: Ұстаз

Ұстаз деген ұлағатты ұлы есім,
Білім беріп бізге шаршап жүресің.
Арманға алыс қанат қатып кеткенде,
Аяулы ұстаз қадірін сен білесің......
Тақпақтар
Толық
1 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Туған жерімді сүйемін

Сабақтың тақырыбы: Туған жерімді сүйемін
Сабақтың мақсаты: «Отан», «сүйіспеншілік», «туған жер» құндылықтарының маңыздылығын түсіндіру.
Міндеттері:
- Отан, сүйіспеншілік, туған жер туралы түсініктерін кеңейту;
- Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту;
- Туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: дәптер, қаламыздың суреттері, түрлі түсті қарындаштар.
Шаттық шеңбері
Тәрбиеші Е. Ерботиннің «Туған жер» өлеңінің бір шумағын балалармен бірге қайталайды.
Туған жер .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Ақпараттық жүйе | Кітапхана

Курстық жобада қарастырылған деректер базасымен ақпараттық жүйелерді қолдану барған сайын қазіргі замандағы адамның іс-әрекеті ілгері жылжып келе жатқан ұйымның ажырамас құрамдас бөлігіне айналуда. Осы себептен тиісті технологиялар мен бағдарламалық өнімдерді құру мен тиімді қолданудың принциптерін игеру ісі үлкен өзектілікке ие болуда. Ақпарат деп дәстүр бойынша адамдар ауызша, жазбаша не болмаса өзге әдіс арқылы беретін мәліметтер аталады. Ақпараттық жүйе (АЖ) ақпаратты алу мен жинақтауға, оны кез келген мақсатта тиімді пайдалануға арналған. Ақпаратты өңдеуден өткізу ісін жеңілдету мақсатында ақпараттық жүйелер (АЖ) қолданылады. Автоматтандырылған АЖ деп өздерінде техникалық құралдар, атап айтқанда ЭЕМ қолданылатын АЖ атайды. Қолданыстағы АЖ-дың көпшілігі автоматтадырылған болып табылады, сол себептен оларды қысқартып жай ғана АЖ деп атайтын боламыз.

Ақпараттық жүйелердің автоматтандырылуы есептеу техникасының көмегімен жүзеге асырылады. Бұл ретте ақпарат ЭЕМ жадында сақталатын деректер түрінде ұсынылады. Соған сәйкес, Ақпаратты жобалау кезінде бір жағынан, жүйеде қандай мәліметтер және қандай мақсатпен сақталып жататындығы туралы мәліметтер, ал екінші жағынан – тиісті деректер ЭЕМ-нің жадында қалайша ұйымдастырылып, АЖ пайдалану кезінде оларға қалайша қолдау көрсетіліп, және өңдеуден өткізіледі деген міселе шешіледі. Кеңірек түсінгенде АЖ анықтамасы ретінде ақпаратты өңдеуден өткізудің кезкелген жүйесін түсінуге болады. Қолдану саласы бойынша өндірісте, білім беру саласында, денсаулық сақтауда, ғылымда әскери істе, әлеуметтік салада және өзге салаларда қолданылтын жүйелерге бөлуге блады.
Білім беру саласы бойынша АЖ-лердің екі тобын айырады: ақпараттық іздестіру жүйелері мен деректерді өңдеуден өткізу жуйелері.
Ақпаратты іздестіру жүйелері, әдетте, қайсыбір іздеу жүйелерін қанағатандыратын, сақталатын мәліметтердің ішкі жиынын алуға бағытталған.
Пайдаланушылардың деректерді өңдеуден өткізу жүйелерін қолдануы көбінесеақпараттың жаңартылуын тудырады; ақпарат шығарылмауы мүмкін не болмаса ол мәліметтердің өздерін емес, сақталып жатқан мәліметтерді бағдарламалық өңдеуден өткізудің нәтижесі болып табылуы мүмкін. Деректерді өңдеуден өткізу мысалы ретінде қаланың жинақ банкісінің АЖ –сін алуға болады.

Ақпараттық жүйелерді фактографиялық пен құжаттық деп екіге бөлуге болады. Фактографиялық жүйелер заттық саланың объектілері жөніндегі мәліметтерді сақтайды. Және әрбір объекті жөнінде, мысалы

қызметкер туралы мәліметтер жүйеге көптеген дерек көздер мен әртүрлі құжаттардан келіп түсуі мүмкін. ЭЕМ жадында осы мәліметтерді орналастырған кезде олар түрлендіріліп, жазблар түрінді сақталады.Құжаттық жүйеде сақтау объектісі болып құжаттар табылады, себебі сол құжаттар жинақталып өңдеуден өткізіледі. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | Наурыз мейрамының тарихи түп тамырына үңілсек

Наурыз мейрамының тарихи түп - тамырына үңілсек...
Халқымыздың ежелден желісі үзілмей жеткен көне салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрыптары рухани, мәдени және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың бірі. Адамзат баласының өзін қоршаған ортамен қарым - қатынасы негізінде туындаған халықтық салт - дәстүрлер, діни әдет - ғұрыптар, маусымдық халықтық мерекелер және отбасылық той – томалақтар деп үш топқа бөлінеді. Діни әдет - ғұрыптарға өте ертеден қалыптасқан түрлі ырым - сырым, наным - сенімдермен бірге зороастризм, будда, шаман, ислам діндерінен енген рәсімдер жатады. Ал маусымдық мерекелерге жалпыхалықтық тойлар - жыл басы тойы - Наурыз, жаз тойы - Қымызмұрындық, күз мейрамы - Мизам (шопандар тойы мен сабантой), қыс тойы - Соғым енеді.
Адам баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап қартайып дүниеден өткенге дейінгі өмірі үнемі сан ғасырлық наным - сенімі, таным – түсінігі, қоғамдық даму барысындағы ізденістері жинақталған салт - дәстүрлер аясында болады......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қылмыстық құқық | ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЪЕКТІСІ

КІРІСПЕ
Бұл тақырыптың өзектілігі еліміз тәуелсіздіктің туын тік көтеріп демократиялық, құқықтық мемлекет құру жолына түскен шақта қылмыстық кодекс баптарына жаңаша қарауды қажет етті.
1997 жылы шілденің 16-сында Қазақстан Республикасының я Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне енді. Қылмыс субъектісі болып қоғамға қауіпті іс-эрекет жасаған және заңға сәйкес сол үшіи қылмыстық жауаптылықты көтеруге қабілетті адам болып табылады. Сөйтіп, қылмыстық субъектінің түсінігінің мәнін ашып, қылмыс субъектісінің белгілерін айқындап, қылмыстың субъективтік жағы түсінігі және оның маңызын көрсеткен. Зерттеудің ғылыми жаңалығы бұл диплом жұмысы қылмыс субъектісі түсінігінің мәнінің толық табиғатын ашып көрсетіп отыр. Жаңа нарықтық экономикаға өтуге сәйкес, қылмыс субъектісінің түрлерінің өзгеруіне байланысты қылмыс субъектісіне басқаша қараууды қажет етеді. Қылмыстың арнаулы субъектісі бар қылмыстық-құқық нормалары жеке тарауларға біріктіріліп, арнаулы субъектінің белгілі көрсеткен. Қылмыстыц субъективтік жағының белгілерін анықтап, анықтаудың маңызы ерекшеленген.
Абайсыздық туралы ұғымның мәні ашылып, оның түр. белгіленген. Бұл жұмыста қылмыс субъектісі мен оның түрлері қылмыстың субъективтік жағы және оның маңызын толық ашқан. Қылмыстың субъективтік жағының міндетті белгілері де айқын көрсетілген. Сондай-ақ іс-әрекеттің қылмыс екендігін жоятын мән жайлардың түсінігі және түрлері талданған.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру

Кіріспе
Зерттеу жұмысының көкейтестілігі. Қай дәуірлерде болмасын қоғам мүддесінө мүддесінен жоғары қоятын саналы ұрпақты тәрбиелеу қоғамның басты мәселелерінің бірі болып келеді, солай болып қала береді де.
Еліміз тәуелсіздігінің іргесін бекітіп, өркениет өресін кенейте түсу үшін бізге еліміздің ертеңі үшін еңбек ететін жан-жақты дамыған азамат керек. Ал бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен мораль өлшемдерін егжей-текжейлі білетін, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына жиған ұрпақты тәрбиелеу басты мақсат.
Дегенмен арамызда пендешіліктен аса алмай, өзінің азаматтық ар-намысын, ожданын дүниенің алдамшы қызығына айырбастап алып жүргендерді кездестіріп жатамыз. Міне, осы көңілге кірбің ұялататын жайт мектептін алдына бала алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап онын бойына адамгершілік, имандылық, саналылық касиеттерін сіңіру міндетін қояды. Бұл міндет бізге осы бітіру жұмысының маңыздылығын көрсетті. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Бейімбет Майлин | Мұқыл сиыр қызыл бұзау


Берденде айнала санағанда үш-ақ тұяқ бар: жауыр қара ат, мұқыл сиыр, қызыл бұзау. Ашаршылық, жұттан бері осы үш малының саны артқан да емес, кеміген де емес.

Қатыны Кәкіш ашуына мінгенде Берденді кейде бүріп алады:

— Жұрттың бір малы екеу болып, ілгері басып барады. Ашаршылық жылы Дәуқараның адал қарасы қалмап еді, осы күні 10 шақты мал қылып алды. Сенің берекең жоқ, ырысың жоқ — деп күйдіреді.

Кәкіштің ашулы сөзіне Берденнің құлағы үйреніп болғандықтан елемейін десе де, адал қарасы жоқ адамдардың жылдан жылға мал санын арттырып бара жатқандығы есіне түскенде Берден ойланады:

"— Апырмау, солар қалай өсіреді екен? Мен ретін келтіре алмай қойдым: азғана астық ішуден артылмайды. Жалғыз сиырдың бұзауы жыл сайын жұмсалумен келеді — бір жылғысын баламның қайнына қалың малға бердім, келер жылғысын қатынның төркініне азаға салдым, былтырғы бұзауын құдаға сойып берген тоқтының төлеуіне бердім. Осының ішінде орынсыз жұмсаған жерім бар ма? Жарлымын деп жегжат адамдармен алыс-беріс қылмай қалай тұрасың? Жыл тәулігінде келетін құдаға тоқты соймай неғып шыдарсың?!.." Берденнің ойы қызыл бұзауға келіп тоқырады. Қызыл бұзау — ұрғашы. Қызыл бұзау қолда тұрса, бірер жылдан соң бұзаулайды. Сиыр болады. Сиырдың саны екеуге толады. Екі сиыр бұзауласа, жылына екі төл қосып отырса, Берден ілгерілемегенде, кім ілгерілейді?!.......
Әңгімелер
Толық
0 0