Балабақша сабақ жоспары: Дұрыс тамақтану

Ашық сабақтың тақырыбы: Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
Сабақтың мақсаты: Дені сау болып өсуі үшін дұрыс қоректену керектігін түсіндіру;
Білімділігі: Адам денсаулығының қымбаттылығын түсіну, дәрумендер туралы білімдерін кеңейту;
Дамытушылығы: Оқушылардың өз пікірлерін тыңдай отырып, қосымша мәліметтер бере отырып
денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту
Тәрбиелілігі: Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, дұрыс тамақтана білуге тәрбиелеу
Сабақ түрі: жаңа сабақ, дәстүрлі емес
Көрнекілігі: Суреттер, интерактивті тақта, мақал - мәтелдер,

САБАҚ БАРЫСЫ:
I. Ұйымдастыру кезеңі /950 - 953/ 2 - 3 минут
Сәлеметсіздер! Дүниетану сабағына қош келдіңіздер!
- Балалар, қол ұстасып шеңбер құрайық. Қане, бір - бірімізге қарайық досыңның күлімдей қарағаны саған қуаныш әкелмей ме? Ендеше шат көңілмен өлеңімізді бастайық:
Біздің топта ұл - қыздар, Тату – тәтті ойнаймыз.
Сыйластықпен өмір сүріп, Тек жақсылық ойлаймыз.
Армысың Алтын Күн! Армысың көк аспан!
Армысың Достарым! Сендерді көріп қуанам!

ІI. Үй тапсырмасын тексеру /953 - 1005/ 10 - 12 минут
- Сенің отбасыңда қандай дәстүрлер бар?
- «Қонақжайлылық» дегенді қалай түсінесің?
- Қазақ халқының «жылу жинау» дәстүрі туралы әңгімеле.
- «Адамгершілік» және «мейірбандық» дегенді қалай түсінесің?.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Ертегі: Ағаш ат

Баяғы заманда атақты бір патша болыпты. Оның күндей сұлу үш қызы, айдан аппақ бір ұлы болыпты. Күндердің күнінде патшаға өнерпаз үш жігіт келіпті, оның біреуі қолына тауыс (көркем түкті құс), біреуі мыстан істелген қоңырау, біреуі ағаштан соққан ат ұстап кіріпті. Оларға патша:

— Бұл көтеріп жүргендерің немене? – деп сауал қойыпты. Тауыс ұстаған жігіт:

—Тақсыр, сіз атыңыз қатарындағы патшалардан асқан ұлы патша болдыңыз. Біз сіздің заманыңызда оқып, өнер тапқан кісілер едік. Сізге өнерімізбен істеген табысымызды әкеліп отырмыз. Мына менің қолымдағы тауыс - жанды сағат. Ол әр сағат сайын шақырып, өткен мезгілді білдіріп отырады, – деді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | ЕРКІН КҮРЕСТІҢ ПАРТЕРДАҒЫ ТЕХНИКАСЫ

Еркін күрес, диам. 9 м арнайы кілемде өтеді. 19 ғ-дың аяғында Англияда пайда болған.
1904 жылдан олимпиялық ойындар бағдарламасына енген. Қазақстанда еркін күрес жарыстары 1955 жылдан өтіп келеді. 1956 ж. өткен КСРО халықтары спартакиадасында Қ.Байдосов, Ж.Ысқақов жүлдеге ие болды. Еркін күрес, кілем үстінде әдіс қолдану еркін жасалынатындықтан осылайша аталған. Бұл дүниежүзі халықтарының күрес турлерінің әдістерін түгел қолдануға байланысты айтылады. Еркін күресте белдескен балуандар ұпай санымен немесе қарсыласының жауырын кілемге тигізіп, таза жеңіске жетеді. Оның тарихы кене замандарға кетеді. Ертедегі Мысырда, Вавилонда, Қытайда және Жапонияда еркін күрес болган. Алғаш рет еркін күрес 1904 ж. Олимпиялық ойындардың бағдарламасына енді. Мұнда кілемге небәрі 38 балуан шығып, жалпыкомандалық 1-орынға АҚШ-тың кұрамасы ие болды. Еркін күрестен Еуропа чемпионаты 1928 ж., ал Әлем чемпионаты 1951 ж. бастап етіп келеді. Еркін күрес салмақ дәрежелері жарыс басталар алдында оған қатынасушыларға жіберілген жарыстың тәртібінде көрсетіледі. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Педагогикалық шеберлік

Педагогика ғылымының жүйесі бірқатар педагогиканың саларынан тұрады:
• Педагогика тарихы-тәрбиенің шығуы мен дамуының заңдылықтарын зерттейді.
• Арнайы педагогика-көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл-ойында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейді.
Арнайы педагогиканың салалары:
Сурдопедагогика-саңырау, мылқау,керең балаларды оқыту мен тәрбиелеу;
Тифлопедагогика-соқыр балаларды оқыту мен тәрбиелеу;
Логопедия- тілінің кемісі бар балаларды тәрбиелеу мен оқыту мәселелерін зерттейді;
Олигофренопедагогика-ақыл-ойы кеміс балаларды оқыту мен тәрбиелеу.
• Пәндерді оқыту әдістемесі-оқыту және білім беру теориясына-жалпы дидактикаға сүйенеді.
Мектеп педагогикасы- кіші, орта және жоғарғы жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен принциптерін, формаларын, мазмұнын және нәтижесін зерттейді.
• Мектепке дейінгі пелдагогика-үйелмендегі, балалар бақшасындағы , демек, мектеп жасына дейіңгі балалар тәрбиесін зерттейді.
• Жоғарғы мектеп педагогикасы-жоғарғы мектептегі жастағы оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейді.
• Кәсіби- техникалық білім беру педагогикасы- педагогикалық процесс және жұмысшы кадрларын кәсіби және сонымен бірге әртүрлі деңгейдегі мамандардың заңдылықтарын қарастырады.
• Әскери педагогика-әртүрлі рангтағы әскери қызмет атқаратындарды әскерге шақыру жасындағылардан бастап, әскери мамандықты игергендер мен офицерлер құрамының тәрбиелік іс-әрекеттерінің тәрбиелік заңдылықтарын зерттейді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Тақпақ: Қыс мезгілі

Дала, дала дала аппақ,
Айналайын бәрі аппақ.
Далада мен ойнаймын,
Достарымды ертіп-ап.

***

Аса аса аса,
Шағып алды маса.
Қолыма таяқ алайын,
Масаны мен қуайын.
Тақпақтар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Агробиология | Алматы облысы жағдайында алма сорттарын in vitro жағдайында көбейту

Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісінің маңызды, ерекше мамандандырылған және қарқындатылған салаларының бірі – жеміс шаруашылығы. Қазіргі таңда, елімізде жеміс шаруашылығын дамытуға деген бет бұрыс өз үлесін тауып жатыр. Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймағының топырақ климат жағдайы жеміс дақылдарын өсіру үшін қолайлы болып келеді. Негізгі көлемін жеміс өсімдіктері, олардың ішінен шекілдеуікті дақылдар алып жатыр, соның ішінде айтарлықтай алма дақылы басымдылыққа ие [1].
2013-2020 жж. ҚР АӨК дамыту жөніндегі «Агробизнес -2020» бағдарламасында мемлекет халықты тұтыну нормасына сәйкес жеміспен өамтамасыз ету, жемістердің өңделуі мен экспорты үшін 2020 жылға дейін жеміс дақылдарының ауданын 75-80 мың га – ға жеткізу қарастырылып отыр. Отандық жеміс шаруашылығының бәсекеге өабілеттілігін жоғарылатудың басты шарттарына өндірістік бақтарға жоғары бейімді сорт –екпелер комбинацияларын таңдап алу, жемістерді өсіру технологияларын жетілдіру, бақ алқаптарын ғылыми негізделген түрде орналастыру және өндірілген өнімді сапалы, заманауи технологияларды пайдалана отырып сақтау.
Алматы облысы Қазақстанда алма дақылын өсіретін басты аймақтардың бірі болып табылады. Мұндағы табиғат пен ауа-райы жағдайы шетел өнімдерімен бәсекелестікке түсе алатын жоғары сапалы алма жемістерін өсіруге қолайлы. Осы жағдайда өсірілген жемістер жоғарғы тауарлы сапасымен ғана емес, ерекше дәмдік қасиеттерімен де ерекшеленеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Технология | Бaйытылғaн сүт қышқылды өнімдердің технoлoгиясын өңдеу

Сoңғы oнжыдлықтa Қaзaқстaндa сүт қышқылды өнімдерінің aссoртименті кеңінен кездеседі, бұл елімізде бірнеше жеке кәсіпoрындaрдың aшылуынa және шет елдерден келетін өнімдерге бaйлaнысты. Сoл сияқты сүт қышқылды өнімдердің жaңa түрлері де жылдaн жылғa кеңінен шығaрылып жaтaды, бүл нaрықтың сұрaнысынa бaйлaнысты.
Зaмaн aғaсынa бaйлaнысты, қaзіргі кезде түтынушылaр өндіріліп жaтқaн өнімнің тек қaнa сыртқы түріне ғaнa емес, сoл сияқты oның тaғaмдық, биoлoгиялық және энергетикaлық құндылығынa көп көңіл бөлуде. Oсығaн oрaй өндіруші кәсіпoрындaр ғaлымдaрмен, ғылыми зерттеу институттaрымен тікелей жұмыс aтқaрудa, яғни бoлaшaқтa өндірілетін өнімдердің құрaмын биoлoгиялық құндылығы жoғaры өнімдерді өндіруге кеңінен жoл aшып жaтыр.
Сoнымен қaтaр сүтті немесе лaктoзaны жеке aдaмдaрдың oргaнизмдері қaбылдaмaу сoнғы жылдaры өсіп келе жaтыр, oсы мәселені шешудің бірден бір жoлы - сиыр сүтіне aльтернaтивті өсімдік өнімдерімен aуыстыру, aтaп aйтқaндa. Сoндaй өнімнің бірі –сoя бұршaғының сүті.
Aдaм aғзaсының дұрыс жұмыс істеуіне қaжеттіліктерін қaнaғaттaндыру қaбілеті мен пaйдaлылығын aнықтaйтын aзық-түлік өнімдердің негізгі қaсиеттері: тaғaмдық құндылық, физикaлық қaсиеттері, дәмдік қaсиеттері және тaғaмдық қaуіпсіздігі бoлып тaбылaды [1]. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Роальд Даль | Ет жемей өскен бала


Лексиңгтонды алып перзентханадан шыға сала әйелі күйеуіне: “Қымбаттым, сен енді мені қаладағы ең жақсы мейрамханаға апар, мұрагерлі болғанымызды тойлайық”, — дейді.

Ері зайыбын аймалап тұрып, Лексиңгтондай сүйкімді балаға өмір берген әйелді қай жерге барам десе де апару лайықты екенін, оның кез келген тілегін орынды санайтындығын айтады. Бірақ: “Әлі аяқ-қолыңды бауырыңа жинап үлгерген жоқсың, кеш батқанда қала аралап, жолға шыққаннан шаршап қалмайсың ба?”—деп жұбайының денсаулығын ойлап уайымдайтынын білдіреді. “Әлім жетеді, маған енді еш қиындық түк емес”, — дейді әйелі.

Сол күні олар кешке кішкентай Лексиңгтонды — еңбекақысы күніне жиырма доллар, арнайы дайындықтан өткен, оның үстіне, ұлты шотланд қызметші әйелге табыстайды да, үстеріне іліп алар сәнді киім киіп, қаланың ең атақты, ең қымбат мейрамханасына аттанады. Мейрамханада теңіз омарынан дайындалған тағам жеп, бір шөлмек шампанды бөлісіп ішеді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Оғызнама Сыр бойында туған шығарма

Екінші, осы «Оғызнама» шығармасы қай дәуірде туған асыл мұра? Үшінші, «Оғызнама» дастанын бірсыпыра зерттеушілер «аңыздық дүние» деумен келеді. Неге бұлай бұрмаланып айтылады? Төртінші бұл дастан негізінен бүгінгі ұрпаққа ауызша жеткен бе, әлде жазбаша түрде түскен бе, кезінде хатқа түскен бе? Бесінші, сол дүниені эпостық шығарма деп айта аласыз ба? Алтыншы, «Оғызнама» дастанындағы Оғыз қаған деген кім, тарихи тұлға ма, әлде аңыздық кейіпкер ме? Жетінші, осы дастанның негізі арқауы – Оғыздар қайдан шыққан, олардың өмір сүрген жері, заманы қайсы? Міне, осылай тізбектелген өзекті сұрақтарды тіркей беруге болады.
Бірақ, осы сауалдардың көбіне қазіргі таңға дейін әлі тұжырымды, толық жауап қайтарылған емес. Адалына көшсек, «Оғызнама» дастаны түркі тілдес халықтардың мұрасы екенін шет ел ғалымдары ашып, айтып берді. Осы зерттеу еңбекке ғылыми түрде жауап қайтаруды мақсат еттік......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Технология | Киіз үйдің құрылысы

Мен бұл тақырыпты таңдаған себебім: Қазақ халқының ғасырлар бойғы көшпенді тұрмыс – тіршілігіне, салт - дәстүріне сай қалыптасып, жалғасын тауып келе жатыр Ата - баба дәстүрін жалғастыру ұрпақ парызы. Жұмыстың мақсаты киіз үйдің құрылысымен, оны құру дәстүрімен таныстыру, ұмыт болып, қолданыстан шығып бара жатқан мұраларымызды жаңғырту
Киіз үй[1] — Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы; Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі.[2]
Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп - қонуға ыңғайлы үйі.
Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр.
Шаңырақ Киiз үйдегi кеңiстiк — қазақ дүниетанымының тоғысқан жерi. Осында адам дүниеге келедi, үйленедi және соңғы сапарға аттанады. Яғни адамның түздегi тiршiлiгiн қоспағандағы өмiрi осында өтедi......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0