Білім саласы: «Таным» Кіші сала: «Қоршаған ортамен таныстыру» Ұ. О. Ә. Тақырыбы:«Дымқыл - құрғақ» Мақсаты: 1 жас 6 айдан асқан балаларды топырақтың қасиеттерімен таныстыру: құрғақ - сусылдайды, ал дымқыл – пішінін жақсы сақтайды. Көрнекі құралдар: Құм, ыдыстар, дымқыл салфетка, суқұйғыш, ойыншықтар. Әдіс - тәсілдер: Балалармен эксперимент жасау. Сөздік жұмыс: Құрғақ, жеңіл, дымқыл, сулы.
Мотивациалық қозғаушы Шаттық шеңбер: Амансың ба, алтын күн! Амансын ба, көк аспан! Амансын ба, жер ана! Амансын ба, достарым!.....
1.1 Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы. Сүтті ірі қара шаруашылықтарына едәуір зиян келтіретін аурулардың бірі. сиырдың желінсау (мастит) ауруы. Желінсау сүт бездерін қабындыратын қатерлі кесел. Ол жылдың кез келген мезгілінде, сиыр сауылып жүргенде, тіпті суалған кезінде де пайда болады. Желінсау ауруынық әсерінен кейбір шаруашылықтардың сүт өндіру көрсеткіші едәуір төмендейді. Желінсау ауруы. сүт бездерінің зақымдануының әсерінен болады. Ол аурудын, белгілері сипатына қарай білінбей (суб.клиникалық) немесе ұйыма түрде (серозды), катаральды, фибринозды, іріңді, геморралогиялық қабыну түрінде етіп, малды өлім.жітімге ұшыратуы да мүмкін. Әсіресе клиникалық белгісінің байқалмауынан және оны ажыратудың қиынға соғуына байланысты субклиникалық желінсау өте қатерлі болып табылады. Өйткені, субклиникалық желінсаумен ауырған сиырдың сүтін пайдалану адамның немесе жас бұзаулардың денсаулығына да зиянды болады. Мұндай жағдайда, желінсаудың бұл түрінде сүттің түсі әдеттегі сүттен айырмасы болмайды, бірақ оның құрамында патогенді (патогенный) немесе токсигенді микрофлора болады. Ол адам мен жануарлар үшін де зиянды. ....
Зерттеудің өзектілігі: Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік оңалту (реабилитациялау) қазіргі әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қызмет көрсету жүйелері үшін ең маңызды және қиын міндеттердің бірі. Мүмкіндіктер санының үзіліссіз өсуі бір жағынан, денелік, психикалық және интеллектуалдық қабілеттеріне тәуелсіз, олардың әрқайсысына көңіл бөлу болса, екінші жағынан, демократиялық, азаматтық қоғамға тән тұлғаның құндылығын көтеру туралы түсінік және оның құқықтарын қорғау қажеттігі, үшінші жағынан осылардың барлығы әлеуметтік реабилитациялау іс - әрекетінің маңыздылығын көрсетеді. Мүгедектер құқығы туралы Декларацияға сәйкес ( ББҰ, 1975 ж.) мүгедек - туғаннан болсын немесе оған қатыссыз, денелік, және ақыл-ой мүмкіндіктеріндегі кемшіліктеріне қарай өз бетінше толығымен немесе жартылай қалыпты жеке және әлеуметтік өмірдегі қажеттіліктерін өздігінше қамтамасыз ете алмайтын адам. Мүгедектерді әлеуметтік реабилитациялау – олардың құқығын, денсаулығын, әлеуметтік мәртебесін, әлеуметтік ортадағы өмірлік іс-әрекетке деген қабілетін қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені. 1992 жылы бесінші мамырдағы Европа кеңесі Ассамблеясының 44 -сессиясының реабилитациялық бағдарламасына сәйкес мүгедектік – денелік, психологиялық, әлеуметтік, мәдени, заңдық және басқа кедергілерге сәйкес мүгедектігі бар адамға араласып, қоғамның басқа мүшелері сияқты қоғамның өмірінде, отбасының өмірінде солар сияқты болуға мүмкіндік бермейтін шектеулердің болуы ретінде анықталады. ....
1 Анализ үшін қажетті көмекші ақпарат 1.1 Теріс емес бүтін сандарға түсінік Tepic емес бүтін сандар жиынын құрудың теориялық – жиындық тәсілі тұрғысынан, натурал сан деп бос емес шектеулі бір - бірімен эквивалентті жиындар класының ортақ қасиетін айтады. Ондай тәсіл мейлінше көрнекі және шын мәнісінде мектепте өтілетіндерге дәл келеді. Алайда оның елеулі бір кемшілігі бар: негізгі ұғым шектеулі жиын бұл жағдайда белгісіз болып қалады (анықталмайды). Шектеулі жиындардың айырмашылықтарын түсіндірген кезде, әдетте, шектеулі жиын¬дар барлық элементтерін «толық атап шығуға» оларды бірінен соң бірін «көрсетіп беруге» болатын жиындар дейді, немесе бұлар элементтерін «санап шығуға» бола¬тын жиындар деп аталынады. Элементтерінің саны шектеулі болатын А жиынын алып, оған тең қуатты бо¬латын барлық жиындарды бір класқа топтастырайық. Егер А жиыны үшбұрыш төбелерінің жиыны болса, онда үшбұрыш қабырғаларының жиыны, үш әр түрлі әріптен тұратын сөздердегі әріптер жиыны, т.б. осындай жиындар А жиынымен бір класқа топтасады. Егер осы процесті әрі қарай жалғастырсақ, он да тең қуаттылық қатысы эквивалент қатысы болатындығына байланысты барлық шектеулі жиындар кластар бойынша бөлінеді бір класқа тиісті екі жиын өзара тең қуатты, ал әр түрлі класқа тиісті екі жиын тең қуатты болмайтындығын көреміз. ....
Кітапхананы пайдаланушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту, олардың ақпараттық қажеттілігіне жедел және кәсіби деңгейде жауап беру, дәстүрдегі және жаңа қызмет түрлерін пайдалана отырып, халықтың білім алуына, мәдени және рухани жаңғыруына ықпалдық ету-кітапханашының басты міндеттері. Жаңа технологияны, ақпаратты жеткізудің жаңа түрлерін енгізу халық арасына ықпалын кеңейтуге мүмкіндік берді. Жыл көлемінде электрондық өкіметті қалыптастыру мемлекеттік бағдарламасын, «Мәдени мұра» бағдарламасын, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауын жүзеге асыруға кітапханалар зор үлестерін қосуда. Кітап қорын есепке алу және оны өңдеу - халықаралық кітапханалық ынтымақтастықта ең маңызды мәселелер болып көтеріліп келеді. Кітапхана қорын есептеу және өңдеу мәселелерімен көптеген Ресейлік кітапханатанушылар шұғылданып келеді. Бағалы да мәнді тәжірибелер Л.Б.Хавкинаның, А. В. Кленованың, Ю. В. Григорьеваның құралдарында көрсетілген. Бұл мамандар кітапхана қорын есептеу жеке-жеке түрлерінен бастап, жаңа заман талабына сай, жаңа технологиялардың көмегі арқылы бұл сұрақтың күрделі шешімдерін іздей бастады. Жаңа ғасырлық ғаламдық талаптары Қазақстан Республикасының көптеген кітапханаларының алдына жаңа ауқымды мақсаттар мен тапсырмалар қойылды. Бұл өңделіп жатқан стратегия қазіргі қоғамның құрылуы мен дамуындағы гуманитарлық және өркениетті бағыттардың өркендеуіне әкеледі. Кітапханалық қызметтегі ғаламдық электрондық орта құру, дерекқорлар дерегі біртұтас компьютерлік жүйесіне күрделі ұлттық және кішігірім ауылдық кітапханалардың бірдей іске араласуымен түсіндіріледі. Бұл дипломдық жұмыстың маңыздылығы Қазақстан Республикасының кітап қорын өңдеу, есепке алу жаңа технология енгізу әдістерін көптеген кішігірім аудандық, ауылдық кітапханалар үшін іс-тәжірибелік тұрғыдан енгізу тақырыбын ашып отыр. Актуалдығы- Кітапханасі ісі аясында жүргізіліп жатқан кітап қорын есепке алу және өңдеу тәсілдері облыстық ғылыми әмбебап кітапханалар және басқа да облыс кітапханаларына әдістемелік көмек ретінде ұсынылады. Мақсаты – Жалпы кітапхана ісіндегі кейінгі жылдары жасалып жатқан, кітап қорының есепке алу және өңдеу іс-тәжірибелерді ашып көрсету. Осы тәсілдерді жетік меңгере жеткізе отырып, есепке алу дәрежесі мен сақталуының жиынтығын зерттеу. Тапсырмасы - Қазақстан Республикасында кітапхана ісінің дамуындағы кітап қорын есепке алу және өңдеу мәселелерін шешу үшін қандай шешімдер керек, құжаттардың баспадан «бүгін» басылып шыққандай қалыпта қалай ұстап отыру керектігін және қандай органдармен қарым-қатынасты нығайту керектігін көрсетеді. ....
Құқық қатынастарына қатысушылардың азаматтық құқықтары мен міндеттері болады, олар құқық қатынастарының обьектілері деп аталады. Азаматтық кодекстің 1-бабында азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер болып табылады деп атап көрсетілген. Азаматтақ құқық қатынастардың субьектілері ретінде әрекет жасайтын азаматтардың басым көпшілігі – Қазақстан Республикасының азаматтары Конституцияның 10-бабында Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес беріліп, тоқтатылатыны, оның алыну негіздеріне қармастан бірыңғай және тең болып табылатыны атап көрсетілген. Азаматтық құқық шеңберінде кәсіпкерлер үшін ерекше режим жасау Ааматтық кодекстің маңызды жаңалығы болып табылады. Кәсіпкерлік қызметпен заңды тұлғалар ғана емес, жекелеген азаматтар да айналыса алады. Атап айтқанда, Азаматтық кодекстің кейбір баптарында кәсіпкерлерге арналған арнаулы режим бар нормалар: міндеттемені мерзімінен бұрын орындау, қосылу шарты және басқалар ....
Сабағын оқи сала кешегі ойында кеткен есесін қайтару үшін Батыр компьютерге шүйлікті. Ата-анасы баласының сабағына керек болар деп жинаған ақшаларына осы компьютерді алып бергелі Батыр үйден шықпайтын болды. Сабақтан келе сала алдына қонжиа кетеді. Демалыс күндері тіпті күні ұзақ отырады. Кейде тіпті түннің жарымын болғанын да білмей ойнай береді. Ойыннан қалған уақытын әлеуметтік......
Жергілікті жердің дәрілік шөптерін танып, ажырата білу, оны күнделікті тұрмыста ересектердің көмегімен қолдана білу жолдарын зерттеу. Зерттеудің ғылыми болжамы: Адам баласының тіршілігі өсімдіктер дүниесімен тығыз байланысты. Өсімдіктің емдік қасиеті адам баласына бұрыннан белгілі, оны пайдалану жолдарын зерттеу аса өзекті тақырып болып табылады. Зерттеудің негізгі кезеңдері: 1. Ғылыми жұмыстың тақырыбы таңдалып, қажетті материалдар мен зерттеулер ізделіп, олар жүйеленді. 2. Баспасөз материалдары және ғылыми еңбектер мен көркем әдебиет материалдары жинақталып, шолу жасалды. Жергілікті өлкетану мұражайына саяхат жасалып, көне жәдігерлермен таныстым. 3. Бейнеу керуен сарайлары туралы баяндама, және буклеттер дайындалды. Жұмыстың нәтижелері мен қорытындылары:.....
КІРІСПЕ Мұнай және мұнай өнімдері біздің еліміз үшін негізгі экспорт көзі болғандықтан мұнайдың дүниежүзілік бағасы макроэкономикалық параметрлердің маңызды бірі болып табылады. Сыртқы рыногтағы жағдай қазақстандық мұнай компанияларының жағдайына да өз әсерін тигізеді. Мұнайдың дүниежүзілік бағасының дағдарысы тек қана мұнай өндірісіне ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның бүкіл экономикасына қауіп төндіреді. Себебі, көптеген ұңғымалар қор бөлігінің қайтарымсыз жоғалтуларымен тоқтатылады. Осыған байланысты бюджеттің кірісінің азаюы, жұмыс орындарының қысқартылуы, экономиканың барлық салаларында салықтардың көбеюі, т.б. жағдайлар туындайды. Қазақстан Республикасының мұнай өнеркәсібі экономиканың жетекші саласы болып табылады. Еліміз қазіргі таңда дүние жүзіндегі ірі мұнай өндіруші елдердің қатарына қосылып, дүние жүзі бойынша мұнайдың дәлелденген қорынан-13, газ және конденсаттан-15, мұнай өндіру көлемі жағынан 28 орын алады. Қазақстан дәлелденген қоры және мұнай өндіру көлемі бойынша ТМД елдерінің арасында екінші, ал газ бен конденсаттың қоры бойынша – төртінші орын алады. Жаңажол кен орны 1978 жыл ашылған және 1983 жылы пайдалануға жіберілген. Бұл 60 пайыз күкіртсутегі мен көмірқышқылгазды, 10 пайызға дейін парафинді, жоғары газ факторлы кен орны. Жаңажол кен орны таскөмір жүйесінде қалыптасқан, кеуек пен жарықшақтардан, кеуек пен ұсақ қуыстардан тұратын карбонатты коллектор болып табылады. Кен орынды игеру екі карбонатты қалыңдық бойынша жүргізіледі – КТ-І және КТ-ІІ. Бұл жердегі ұңғымалар мынадай сипаттарға ие: терең, газ факторы жоғары және күкіртті сутегінің пайыздық мөлшері жоғары. Жаңажол кен орнында мұнай өндіру штангалы терең сорапты ұңғыларды пайдаланады. Мұнайды өндіру кезіндегі кең тараған тәсілдердің бірі –штангалы терең сорапты қондырғы. Бұл штангалы сорап арқылы кіші дебитті ұңғыларды игеруге болады. Арнайы бөлімде де ШТСҚ бойынша технологиялық есепке талдау жасалған.....