Балабақша сабақ жоспары: Дастархан басында

Лексикалық тақырып: Дастархан басында
Оқу қызметінің тақырыбы: Азық - түліктер
Мақсаты: Балаларға азық - түлік түрлері туралы түсінік қалыптастыру. Азық - түліктердің қайда сатылатынын, қайда сақталатыны туралы мәлімет беру. Дастархан басындағы әдептілік туралы түсінік қалыптастыру. Тағамдарды қорлауға, оларды қадірлей білу керек екенін түсіндіру.
Түзетушілік мақсаты: Баланың ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, ұсақ қол моторикасын жетілдіру. Бір - екі сөздермен сөйлем құрап, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
Көрнекілігі: азық - түлік бейнеленген суреттер, шынайы тағамдар
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу
Мотивациялық ынталандырушылық
Амандасу тренингі
Қайырлы таң алтын күн!
Қайырлы таң жер ана!
Қайырлы таң достарым!
Дөңгелене тұрып барлығы бірігіп қайталайды.

Тыныс алу жаттығуы
Мұрынмен дем алып, ауызбен дем шығару.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем айларын атаңдаршы?
- Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?

Фонематикалық есту қабілетіне жұмыс
Құстар және желдің дыбысын тыңдау арқылы олардың атауын атап, буынға бөледі.
Артикуляциялық жаттығу
"Сағат", "Түтікше", "Тәтті тосап", "Ат шауып келеді", "Саңырауқұлақ", "Жылан".....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Ертегі: Қарт пен тапқыр жігіт

Бір қарт адам болып, өзі ғалым болыпты. Бір күні шаһарға барып, үйіне қайтып келе жатса оны бір жас жігіт қуып жетеді. Ол келе жатып жөн сұрасады да, барар жолы бір болғаннан кейін:

— Ата, жолды қысқартайық, – дейді. Қарт:

— Жол қалай қысқарады? – дейді. Жігіт:

— Жолдың қысқаруы оңай, екеуміз бірімізді-біріміз, кезек-кезек арқаласақ болғаны, – дейді. Шал ішінен:

— Япырым-ай, мынау бір кесепатты адам болмаса игі еді? Сөзінің түрі жаман екен. Ат-матыммен мені бұл қалай арқалайды? Мен қалай арқаламақшымын? – деп ойлап, жауап қайырмай, бетіне ажырайып қарап қояды. Мұнан кейін жігіт те үндемей келе жатады да, орылмаған, бірақ пісіп тұрған егінді көріп:

— Ата, мына егін сіздің елдікі ме? – дейді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Биология | Бидай өсіру

Жобаның мақсаты: егер де дымқыл дәнді сепсем, өскін неше күннен кейін шығады?
Жоба қалыптастыратын біліктіліктер:
өздігінен зерттеу жұмысын жүргізу, бақылау, ақпарат жинау.
Жобаның міндеті: білімге құштар болу, табиғатты бақылау, қорытынды жасау, өздігінен тәжірибе жасау дағдыларын қалыптастыру.
Жобаның мәселесі: дымқыл әлде құрғақ дәнді себу тиімді?
Шығармашылық жұмыстың жоспары: дәнді суға салып қою (бір тәулікке), топыраққа себу, мезгілінде су құю, күнде бақылау жүргізу, күнделікті толтыру.
Жобаның түрі: сарамандық – бағдарланған жоба.
Пәндік мазмұны жағынан: дербес жоба (Дүниетану).
Оқушылардың әрекеті бойынша: дербес жоба.
Ұзақтылығы: апталық жоба.
Жобаның қорытындысы: презентация..
Рефлексия: жұмыс барысында оқушының бойында пәнге қызығушылығы оянып, өздігінен тәжірибе жүргізу дағдылары қалыптасып, қосымша мәлімет жинастырылады, ой - өрісі дамиды......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Қазақша өлең: Есенбай Дүйсенбайұлы (Қалқа бала)

Тапқан-ау сұлулыққа дарқан ана,
Базардан бір қыз көрдім - Қалқа бала.
Жүреді арба сүйреп, қап көтеріп,
Жүк батып жүрекке де, арқаға да.
Апырай, кетіп қалмай жай-жөніммен,
Тас жұтқан тәуекелден тай жедім мен...
Арбалып арай көрдім......
Өлеңдер
Толық
0 0

Ертегі: Адам өмірі

Дүние түгел жаралып болғаннан кейін, жер бетін алғаш мекендеушілерге өмір сүру мерзімі үлестіріле бастапты. Бұл хабарды естіген адам өмір сүру мерзімі үлестірілетін жерге басқалардан бұрынырақ барған екен, өмір сүру үлесін үлестірушілер:
– Адам, – депті, мән-жайды түсіндіріп, – жер бетін мекендеушілердің ішінде сенің сипатың бөлекше, бәрінен артықсың. Сен сөйлей аласың, төрт мүшең түгел өз қажетіңе жұмыс істейді, ойлай да аласың, ақылың да мол. Басқа жануарлардың бәрі сенен көш төмен, олардың бәрі сенің мұқтажыңды өтейді. Кейбіреуі ашсаң, алақаныңда, жұмсаң, жұдырығыңда болады. Бәріне сенің үкімің жүреді. Сай-сала мен қыр-қыраттағы жеміс-жидек, ағаштың мәуесі, телегей теңіз, арынды өзен, шалқар көл, асқар таулар – бәрін сен өзіңнің қажетіңе жаратасың. Сөйтіп, қам-қайғысыз өмір кешесің. Сондықтан жер......
Ертегілер
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Биология |Төрт түліктің бірі сиыр

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Бұл тақырыпты алудағы басты себебіміз қазіргі таңда ең бір маңызды өзекті мәселелердің бірі.. ауыл шаруашылығының кенже қалуы. Сырт көзге сылбыр, жуас көрінетін сиыр малының да көп қасиеттерін көркем шығармалар, аңыз - әңгімелер арқылы біліп жүрген жоқпыз ба? Жалғыз өгіздің бір табын малды ұялы қасқырдан түні бойы қорғаудағы ерлігінің өзі неге тұрады? Ал, шынтуайттап келгенде кейінгі жастарымыз, үлкен қалаларды былай қойғанда, облыс, аудан орталықтарында тұратын жеткіншектердің өзі Зеңгі баба тұқымының қасиеттерін, оның басқа түліктерден қалай және қандай қасиеттері арқылы ерекшеленетінін ашып айта алмайды. Кезінде сиыр малының көшсе көлік, сауса сүт, сойса ет болып, халқымыздың қажетіне жарағанын кейінгі жастар нақты бір аңыздай қабыл алып жүрсе, соған ең алдымен өзіміз кінәліміз. «Зеңгі баба», «сиыр малы» дегенді былай қойып, осы түлікті «сүт бағытындағы мүйізді ірі қара» деп оқытып жүрген жоқпыз ба? Осыны санасына сіңірген кейінгі жастардың сиыр малының тек ет пен сүт үшін өсірілетінін пайымдағаны болмаса, одан арғыға терең байламасы анық. Ал, шынтуайттап келсек, басқа да жан - жануарлар секілді Зеңгі баба тұқымы адамға серік, әрі момын жануарлардың бірі. Ол да түйсіне, сезіне алады, қажет кезінде иесін қауіпті жағдайлардан құтқарып та алады......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ертегі: Байғыз

Бұрынғы өткен заманда бір жалмауыз патша болыпты. Ол ұшқан құсты ұстап алып, шетінен жей береді екен. Құстардың көбін тұмсығын тесіп, жіпке тізіп тастайды. Сөйтіп, көктегі құстың бәрін аулап, ұстап бітіріпті. Тек байғыз ғана жалмауыз патшаның қолына түспей қойыпты.
Жалмауыз патша байғызды қалай қолға түсірсем екен деп, қиял шегіпті. Сұңқарды жұмсағысы келген екен, от шашқан көзін көріп, айнып қалыпты. Сонда «Мұны жіберуге болмайды, ұстап алады да жасырып қояды, – деп, ойлайды......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Жүсіпбек Аймауытов | Қартқожа


Елі үшін күйген,
Еңбекті сүйген,
Ізгі тілекті,
Ер жүректі,
Жұртшылық көсемі
Жалынды жастарға арнаймын.

Жазушы

БІРІНШІ БӨЛІМ

ОҚУ

Ұмытпасам, бұдан табандатқан 14-15 жылдар бұрын болса керек: Қаржасбайдың аңыраған қонақ үйіңде жиырмаға тарта баланы алқа қотан отырғызып, Мәжит қожаның азан-қазан қып оқытып жататыны. О кез Мекалайдың аузынан жалын шығып тұрған шағы еді. Ал, бұ күнде Мекалайдың жалыны түгіл, әуелі қабірін таба алар ма екенсің. Бұ күнде ондағы ызбарын төгіп отыратын Мәжекең де, бет-аузы ақпандағы алабас бураша сорағытып, ақ сабауға қош айтысып, қыжырайып, төсегінде жатыр. Пай-пай-пай! Көрінде өкіргір, Қожаекем-ай! Жөнсіз қатал едің-ау, жарықтық! «Бибіден» дабыл жесең де, жаназадан құр қалсаң да, ашуыңды балалардан алушы едің-ау! Өткен күннің белгісі жоқ қой, әйтпесе нағыз...

Әйтеуір бесті айғырдан да шақар оқытады. Қожасы бар болсын, оның басын ауыртқалы отырғам жоқ, әшейін аузыма түсіп жатыр. Со кезде қожадан талай бала оқиды. Сол балалардың ішінде босаға жақта — астында бір жапырақ тай тері, мұрнын қос-қостан тартып, қожасының ақ сабауына қарай түсіп, шиге шанышқан бір жапырақ қағазына үңіліп, құнысып, бір бала отыратын еді. Жасы 10-11 шамасы болар ма екен, қалай... Екі жеңі де сауыс, бетінің бір жағы да сатпақ, көзінің былшығы да жөнді тазармайды. Со баланың қақ-соқпен ісі жоқ, момақан, аңқау, көзі бажырайып, аузын ашып, мұрны қоңқиып отырғаны. Жасында болпиған, сүйкімді бір бала болады ғой, тап сол бала осы еді. Құдай ондап, аты да түріне сай бола кетер ме? Қартқожа. Жас балаға лайық ат емес қой.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Агрономия | ЖШС жағдайында күрішті себу әдістерінің оның өнімділігіне әсері

Кіріспе
Қaзaқстaн Республикaсының aгроөнeркәсiп кeшeнiнiң болaшaғы өтe зор. Көптeгeн пoзициялaр бойыншa бiз әлeмдe iрi aгрaрлық экспoрттық өнiм өндірушілердің бірі бола аламыз. Бұл, әсіресе, экологиялық таза тағамдарға қатысты. «Made in Kazakhstan» бренді сондай өнімдердің эталоны болуға тиiс.
Сонымен қатар, астық өнімдері бойынша Қазақстан Еуразияда болашақта «нан кәрзеңкесі» болу алға қойылған мақсаттардың бірі.
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін Елбасы Н.Ә.Назарбаев Үкімет пен әкімдерге мынадай тапсырмалар берді:
- Ауылшаруашылығына бөлінетін субсидияларды бөлу қағидаларын қайта қарастыру, біртіндеп өнімді сақтандыруға көшу;
- бес жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасау;
- өнімнің өңдеу сапасын жақсартып, тауарларды сақтаудың, тасымалдаудың және өткізудің тиімді жүйесін құру;
- еңбек өнімділігін белсенді түрде арттырып, өндіріс шығындарын төмендету;
- жерді пайдалану тиімділігін арттыру. Суармалы егіс алаңын 5 жыл ішінде 40%-ға кеңейтіп, 2 миллион гектарға жеткізу;
- өндірісте сұранысқа ие аграрлық ғылыми зерттеулерге салынатын инвестиция көлемін арттыру керек.
Aуыл шaруaшылығын әpтapaптaндыpып, 2021 жылғa қaрaй aзық-түлiк тaуapы экспоpтын 40%-ғa көбeйту.
Бұл мiндeттep aгроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылуы қажет.
Aлғa қoйылғaн aуылшapуaшылық сaлaсындaғы мaқсaттapды жүзeгe асыруда күріш шаруашылығы өpкeндeуiнiң рөлі өтe жоғapы.
Арал өңірі Қазақстанда өндірілетін күріш дақылының 80% жуығын қамтиды.
Сoнымен қaтap күpiш Aзиядaғы 2,5 млрд. aдaмдаpдың жәнe жүздeгeн миллиoн бaсқa дa кoнтинeнттepдeгi хaлықтapдың мaңызды өнiмi бoлып тaбылaды. Aдaмдaрдың жapтысынaн көбi өмiр сүpетiн 21 eлдeгi хaлықтapдың бaйлығы мeн дeнсaулығының 75% осы күрішке байланысты болып келеді. Күріш жармасының құрамында 30-75% көмірсу, 7,6% ақуыз және 0,4% май болады. Ол қоректілігі жоғары, дәмі жақсы, жеңіл қорытылатындықтан диеталық, әсіресе балалар тағамы ретінде кеңінен пайдаланылады. Азық-түлік теңгерімінде дәнді дақылдар арасында күріш бірінші кезекте тұрады. Күріштің әлемдегі егіс көлемі 150 млн. га, орташа өнімділігі 32 ц/га құрайды. Әлемде күріш сұранысы жыл сайын артуда, айрықша үлкен қажеттілік дамыған елдерде жоғары.
FAO (Aзық-түлiк жәнe aуыл шaруaшылығы ұйымы) мәлiмeттeрi бoйыншa күрiш 112 eлдe өсрiлeдi. Дeгeнмeн eлдеp aрaсындaғы күрiш өнiмдiлiгi 0,8 тоннaдaн 6,7 тoннaғa дейін aуытқып отыpуымeн eрeкшeлeнeдi. Әлeуeттi өнiмiілiккe (6 т/га) АҚШ, Корей, Жапония, Австралия, соңғы жылдары Ресей де қол жеткізген. Колумбия, Қытай, Франция, Италия, Испания да осы деңгейге жақындауда. Қазақстан күріш өсіретін ең солтүстік аймаққа жатқанымен күріш ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Журналистика | Шетелдердің балалар журналистикасы

Журналист - әмбебап мамандық. Бұқаралық ақпарат құралдарының ең басты қызметі – қоғамдық пікірді қалыптастыру болса, балалардың өмірге деген көзқарасының қалыптасуына да масс-медианың ықпалы зор екені айқын. Журналист ең алдымен қоғамға қызмет етуші тұлға. Сондықтан оның еңбегінің әрбір жемісі адам бойына адамгершілік, имандылық, ізгілік, еңбекқорлықты сіңіре отырып, ой-өрісін кеңейтіп, эстетикалық танымын дамытуға қызмет етуі керек. Бүгінгі таңда жастар өмірін теледидарсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан телехабар мағынасыз жасалмауы тиіс. Балалар мен жасөспірімдерге арналған бағдарламалар жоғары білімділік пен біліктілікті, қоғамдық-саяси белсенділігін таныта отырып, жастардың үлкен өмірге жолдама алуына көмектесуі тиіс. Яғни бұқаралық ақпарат құралдарына – газет, журнал, телевидениеге қоғамның ертеңіне кепіл болатын жас ұрпақты тәрбиелеуде жүктелер жауапкершілік мол.
Бұл мәселе қазіргі кезде тек біздің елде ғана емес, әлемді толғандырып отырғаны ақиқат. Жаһандастыру үрдісінде жарқын болашақ үшін әлем лаңкестік, нашақорлық, түрлі ауруларға қарсы бірігіп күресуде. Осының барлығы дерлік адам, әсіресе жас ұрпақ психологиясына ерекше әсер етеді. Сондықтан біздің ғылыми зерттеуімізде негізгі қарастырып отырған мәселе де осыған үндес.
Бұл бітіру жұмысымызда негізгі қарастыратынымыз - шетелдердегі балалар журналистикасының ерекшеліктері. Осы тақырып аясында жұмыс істей отырып, біз шетелдегі балаларға арналған телебағдарламалар арқылы өз еліміздегі балалар бағдарламаларының балалар тәрбиесінде атқарып отырған қызметін сараптаудан өткізуді ұйғардық.
«Балалық шақ күн сайын айналада болып жатқан оқиғаны, құбылысты сол қалпында немесе жаңаша қабылдау. Туған жерді, Отанды тану осы қабылдаудан өріс алады. Сондықтан да сәби жүрегіне адам жанының сұлулылығы мен дүниеде ешбір асыл затқа теңдесі жоқ Ұлы Отан ұғымын қалыптастыру осы кезден басталады» деп жазады ұлы педагог В.А.Сухомлинский. Осы пікірге сүйенсек, балалар журналистикасында қантөгіс, күш көрсету, қорқыту, ұрып-соғу, ұрлау, сабау сияқты көріністерді көрсетуге немқұрайдылық танытпауымыз керек. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0