Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Шал мен бала


Трамвай қоңырауын шылдыр-шылдыр еткізіп, қала шетіндегі ең соңғы аялдамаға тақап қалды. Жұрт орындарынан түрегеп есікке қарай бейімделді.

Орта тұста отырған бүкірлеу қаба сақал кішкентай шал да трамвайдың әбден тоқтауын күтпей, имек бас таяғына сүйеніп, ілгері қарай жүрді. Бір қолында тағамдар салған сумкасы. Кенет трамвайдың жүрісі күрт баяулағанда, шал ілгері лықсып, құлай жаздап қалды. Оның арт жағына таман тақыр бас кішкене бала түр еді. Шалдың қолтығынан шап беріп, сол ұстап үлгерді. Әйтпегенде қауқарсыз қарттың не құлап, не алдағы біреулерге сүзе барып соғылатыны айқын еді.

— Рақмет, балам!

Тақыр бас бала шалды трамвайдың басқышынан да демеп, сүйеп түсірді.

Бұл — көз байланып қалған кешкі мезгіл еді. Әлгіндей долы нөсерден кейін жер беті шалшық суға толып, лайсаң батпақ болып қалған. Бұлтты аспан әлі де сыз бүркіп түнере салбырап тұр.

Трамвай қоңырауын тағы да шылдырлатып, келген ізіне қарап бұрыла жөнеп берді. Терезеден түсіп, жерді жарық етіп тұрған шаршы көзді сәулелер онымен бірге қозғалды. Енді маңайды қараңғы түнек басып кетті.

Шал шалшық судан қорынып, қалай қарай аяқ басарын бағдарлай алмай тұр.

— Ата, бері қарай жүріңіз, — деп тақыр бас бала шалды қайтадан келіп қолтықтады. -Сумкаңызды маған беріңіз. Мен алып жүрейін.

Бейтаныс баланын көргенділік қылығы шалды сүйсіндірді.

— Балам, сен қай баласың?

— Мен сіздің үйдің жоғарғы жағындағы кешеде тұрамын. Сіздің Сашаңыз екеуіміз бірге, бір класта оқимыз, — деді бала.

— Жарайсың, балам. Азық-түлік алайын деп бағана базарға барып едім. Содан соң күн жауып, кешігіп қалғаным. Ал менің Сашам қалай оқиды, соны айтшы?

— Жақсы оқиды.

Класта тыныш отыра ма? Тәртіпсіздік қылықтары жоқ па? .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | КРОН ААҚ Ң БИЗНЕС ЖОСПАРЫН ТАЛДАУ

Американың белгілі қоғам қайраткері Бенджамин Франклин былай деген екен: “Болашаққа көз таста, әйтпесе артта қалып қаласын”. Менің бұндағы айтайын дегенім жоспарлау туралы. Себебі, жоспарлау кез-келген кәсіпкерлік іс-әрекеттің негізі болып табылады. Онсыз ешбір фирма нарық жағдайында өмір сүре алмайды.
Жоспарлау туралы сөз қозғағанда бизнес жоспарды естен шығармаған жөн. Өйткені, бизнес-жоспар кәсіпорынның даму преспективаларын анықтау үшін, баантен несие алу қажеттілігін дәлелдеу үшін, рентабельді жұмысты ұйымдастыру жағдайларын құру үшін, фирманың материялды және қаржылық жағдайын зерттеу үшін қажет болып табылады. Нарық жағдайындағы шаруашылықты жүргізгенде бизнес-жоспар кәсіпкерліктің әр түрлі сферасы мен формасында қолданылады және кәсіпорын не болмаса кәсіпкер нарық конъюнктурасының өзгерісіне байланысты кездесетін мәселелерді бейнелеуге көмектеседі. Бизнес-жоспар ұсынылы отырған бизнестің қысқа, нақты, түсінікті көрінісі болып табылады, әрі кәсіпорын алдында тұрған стратегиялық, тактикалық шешімдерді және:
- кәсіпорынның ұйымдастырушылық-басқарушылық және қаржылық-экономикалық жағдайына бағалау жасауды;
- кәсіпкерлік іс-әрекеттің потенциялды мүмкіншіліктерін анықтауды;
- жоспарланған периодқа инвестициялық мақсат құруды қарастырады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Эдгар По | Алтын қоңыз

араңызшы! Әне! Есуасша билеп жүр,

Бүйі шағып алса керек...

(Ешкімдікі жөн емес)

Бұдан біраз жыл бұрын менің Вильям Летран деген бір кісімен жақынырақ танысуыма тура келді. Ол өзі бір кезде дәулетті гугенеттер әулетінен шыққан, бірақ қыр соңынан қалмаған қырсықтың салдарынан бағы тайып, кейін қу тақыр боп кедейленген адам еді. Бар байлықтан айрылған соң көрінгенге көзтүрткі болмайын деп, ол өзінің ежелгі атамекені Жаңа Орлеан қаласын тастап, Оңтүстік Каролинадағы Чарлстон маңындағы Сэливанов аралына барып қоныстанған болатын.

Бұл бір алабөтен арал. Өзі ұзындығы үш мильдей теңіздің қайран құмынан тұрады. Ені тілдей, еш жерде ширек мильден аспайды. Шалшық шілік пен қалың қамысты жанамалап, суы зорға жылжитын қылдырықтай бұғаз ғана оны құрлықтан бөліп жатады. Аралда ағаш аз, әрі жөнді өспейді де. Тіпті шын мәніндегі ағаш жоқтың қасы. Аралдың сонау батыс жақ шетіндегі қаңқиған Моултри форты мен жаз айларында халық құжынап кететін тіршілігі беймаза Чарлстонның қапырық шаңынан қашып жаз айларында қала тұрғындары уақытша қоныстанып, жан сауғалайтын бірнеше қалқайған үйшіктер салынған маңнан ғана қылқан жапырақты бәкене пальмаларды көруге болады. Оның есесіне егер батыстағы әлгі мүйіс пен теңіз жағалауындағы тастан бетер ақ қайраң кемерді есептемегенде, аралды түгел ағылшын бағбандары аса қадірлейтін қош иісті мирта тоғайы басып кеткен. Қау боп өскен қалың бұталардың биіктігі кей тұста он бес жиырма футқа дейін жетіп, төңіректі ғаламат хош иіске бөлеп, арасынан адам өтіп болмайтын тұтасқан тоғайға айналады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Агрономия | Алматы облысы Кербұлақ ауданы жағдайында себу мерзімінің сүрлемдік жүгерінің сапасы мен өніміне әсері

КІРІСПЕ

Алматы облысы республиканың оңтүстік шығысындағы өсімдік шаруашылығы саласымен айналысатын ірі аймақ. Облыста егіншілікпен қатар, сүтті және етті ірі қара малдар шаруашылығы дамыған.
Сондықтан, өңірде мал шаруашылығын жеткілікті мөлшерде мал азығымен қамтамасыз етуде жоғары өнімді, сапасы жоғары дақылдарды өсірудің практикалық маңызы зор.
Кербұлақ ауданының көптеген шаруашылықтары шөл-далалы жерлерінде орналасқан. Ауадан экономикасын көтеріп, жергілікті халықтың әл-ахуалын жақсартуда жетекші роль мал шаруашылығы үлесіне тиеді. Әзірге ауданда мал шаруашылығын өркендетудің мүмкіндіктері толық қанды пайдаланылмай отыр. Сол себепті, ірі қара малдың тұрақты берік мал азығы қорымен қамтамасыз етуде, мал азығы рационында сүрлемдік дақылдардың үлесін арттыру қажет. Себебі, олардың қорытылғыштығы жоғары, сүт қуғыш өсімдіктер. Өңірдегі негізгі сүрлемдік дақыл – жүгері.
Дақылдың дәнін қамырланып пісуге дейін апару, құрғақ заттар үлесін дәнінде 50%, ал жалпы өсімдікте 28% жеткізеді. Әзірге ауданда сүрлемдік жүгерінің өнімділігі төмен. Дақыл өнімділігінің төмендегінің басты себебі, оның қарапайым технологиямен өсіріліп, ерте орылуы, яғни сүттену сатысында сүрлемге салу.
Қазіргі кезде, өндірісте қолданылып жүрген жүгері сорттары мен будандары ерте және орташадан ерте мерзімде пісетіндер.
Сондықтан, олардың дәнінің қамырлану сатысында әбден жинауға болады. Аталған сатыда жүгеріні сүрлемге жинау өнімділікті көтерумен бірге, оның сапасын жоғарылатады.
Өңір диқандарының алдында тұрған басты міндеттердің бірі, сүрлемдік жүгеріні қарқынды технологиямен өсіру арқылы собығын қамырлану сатысына жеткізіп ору. Қарқынды технологиямен өсіруде күтіп-баптау шараларына үлкен мән беріледі. Себебі, вегетация дәуірінде, әсіресе оның бастапқы сатысында жүгері баяу өседі де, танаптар арамшөптермен күшті ластанады. Жүгері танаптарында арамшөптер күресу қатараралықтарды өңдеу арқылы жүзеге асырылады.
Танаптың арамшөптермен ластану көрсеткіші өңдеу саны мен сапасына тікелей байланысты.
Сондықтан диплом қорғаушы шаруашылық жағдайында өндірістік тәжірибе қойып, онда ол сүрлемдік жүгері қарқынды технологиясының негізі буыны – қатараралықты механизациялау әдісімен өңдеудің сүрлем өнімділігіне және оның сапасына әсерін зерттеп, эксперимент нәтижелері бойынша дипломдық жұмыс орындады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: М.Мағауин «Бір атаның балалары» (үзінді) (5 сынып, IV тоқсан, 1 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстандағы ұлттар достастығы.
Сабақтың тақырыбы: М.Мағауин «Бір атаның балалары» (үзінді)
Жүзеге асатын оқу мақсаттары: 5.А5. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.
5.ТБ1.5.Болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: Берілген сұрақты түсінеді және жауап бере алады;
Көптеген оқушылар: шағын диалогке қатысып, лайықты жауап бере алады;
Кейбір оқушылар:болымды, болымсыз етістіктерді айтылымда ұтымды қолданады....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Досыңа серік бол

Білімділік: Балаларға табиғат туралы, күз ерекшелігі туралы түсінігін молайту.
Тәрбиешілік: Жұмысты ұқыпты әрі таза жасауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: 1. Түсіндіру әдісі.
2. Тосын жағдай.
3. Қылқаламмен сурет салу.
4. Сұрақ - жауап әдісі.
Қолданылатын көрнектіліктер:
Тәрбиеші үшін: үлгі сурет, қылқалам, су бояу.
Балалар үшін: қол сүртетін сүлгі, қылқалам, су бояу.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің барысы.
Алдымен сәлемдесу: рәсімімен басталатын сабақта балалар бір - біріне жылылық шырай таныту үшін
Біздің күлкіміз көңілді.
Жеткізсін жылу мен шаттықты
Бөліскен жақсы ғой өмірде
Қуаныш, мейірім, бақытты.

Сәлеметсіз бе?- деген жылы сөздер айтады.

Тәрбиеші: балалар сендерді шын көңілмен қуаныш шеңберіне шақырамын.
Біздің жасап тұрған шеңберіміз неге ұқсайды?
( Балалардың жауабы)
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, керегесі кең, босағасы берік, үлкен киіз үйдің шаңырағына ұқсайды екен. Демек бұл біздің балабақша. Мұнда біз ынтымақты өмір сүріп, тәлім - тәрбие алып жүрміз. Енді бір - бірімізбен дос, бауыр тату ойнайтынымызды дәлелдеп, алақандарымызды беттестірейікші. Алақандарыңызды түйістіргенде нені сезінеміз? .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Мәшһүр Жүсіп Туысқан бауырларыма бір насихат


«Әй, қазақ ағайындар! Жылдан жылға кедей болып, жоқ жерде малдарыңнан айрылып қалып, күн асқан сайын кеміп барамыз, мұны кімнен көресіз?! «Қыс алды, боран алды»,-дейсіз, қыс пен боран алатұғын болса, қоян неге өлмейді, торғай неге өлмейді? Бораннан ығып, суықтан үсініп бір қоянның, бір торғайдың өлгенін көрген жан жоқ. Қазақта бір мақал бар «Жаман Құдайшыл келеді» дейді.

Ол сөздің мағынасы құдай, құдайдың жазуыменен болды десеңіз, бұл сөздің тұрғаны теріс. Өзі жаратқан мүлкін, өзі бар қылған мақұлығын құдай неге қырады? Кім болса, ол болсын, өзі жасаған нәрсесін өзі бұзбайды. Құдай тәбәрак оттағала мұнша жаратқан мақұлығын жоқ қылуға мөлшер қылған болжалды мезгілі бар. Ол мезгіл Ысырапыл (Исрафил) періштенің сұрын (сорын) үруімен (ұруымен) болмақ. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Қыстайтын құстар қайда тұрақтайды

Білімділік: Қыстап қалған құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстардың сыртқы белгілері бойынша ажыратуды үйрету. Табиғатты сүюге, табиғатқа қамқор болуға үйрету.
Тәрбиелік: Құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: балаларға құстар туралы тақпақ айтқызып әр түрлі сұрақтарға жауап беру арқылы сөздік қорын, ой өрістерін дамыту.
Жаңа сөздер: ұшады, секіреді, қоректенеді.
Әдіс - тәсілдер: АКТ слайд арқылы құстар туралы әңгіме құрау.
Шаттық шеңбер:
Ал балалар тұрайық
Қарлығаш болып ұшайық
Сауысқан болып секіріп
Тоқылдақ болып шоқиық
Торғай болып қонайық
Қане, қанат жазайық
Қарлығаш болып ұшайық .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Әңгіме: Ілияс Есенберлин | Алтын орда II кітап

БІРІНШІ ТАРАУ

Ордада төртеуінен басқа ешкім жоқ еді. Төрде Батуханның немересі Тоғырылшадан туған Өзбек пен Өзбекпен бес атадан қосылатын Тамғамның баласы Құтлық Темір әмір отырған. Өзбектің оң жағында Орда иесі Алтын Орда ханы Тоқтайдың үлкен ұлы Елбасмыш, ал Құтлық Темірден сәл төмендеу, оның сол жағына бас әмірші Қадақ орналасқан.

Осы Тышқан, яғни 1312 жылы Алтын Орда ханы Тоқтай дүние салған. Сонау Өргеніштен Өзбек пен Құтлық Темір көңіл айта келген. Өзбек ол кезде, қазіргідей толықпаған, сұңғақ бойлы, сымбатты жігіт еді. Әдемі қоңырқай даусымен оқып отырған жаңа үйренген құранын аяқтай бергенінде ол кенет Құтлық Темірдің оқыс қозғалғанын көзі шалып қалды. Сөйткенінше болған жоқ, сол сәтте-ақ Елбасмыш пен екеуінің қарсы алдына, өткір қылыш алып түскен Қадақтың басы топ етті. Басынан айырылған дене кеңсірігінен қан бұрқырай атып, бір орнында тыпырлады да қалды. Ал Өзбектің қарсы алдына түскен Қадақтың буырыл сақалды басы бір сәт оған бірдеме айтқысы келгендей, көзі шарасынан шыға жасаурап, тілі әлденені былдырлай еріндері сәл ашылып-жабылып жатты да, кенет тына қалды. Сол мезетте Өзбектің өзінің де оң қолы сол жақтағы қынаптағы алдаспанның тұтқасын барып ұстады. Көз ілесердей уақыт өткен жоқ, жүзі ұстарадай қылшылдаған алдаспан жарқ етіп көкке бір көтерілді де, орғи сілтенді. Құран сөзін ұйып тыңдап отырған Елбасмыш Қадақтың басы келіп алдына түскенде шошып кеткен. Есін жиып ол үлгірген де жоқ, енді өз басы анандай жерге ұшып түсті. Бұның да денесі бір орнында тыпырлады да қалды. Өзбек орнынан ұшып түрегеліп, өзіне қарап тасырайып көзін алмай жатқан басынан бөлек қан-қан денесін алдаспанымен тартып-тартып жіберді.

Бассыз денесі тіріліп кетеді деді ме екен, бұнысы несі?.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қылмыстық кодекс | Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқарудың ерекшеліктері

КІРІСПЕ
1997 жылы қылмыстылықпен күрес барысында отандық заңнамаларда елеулі өзгерістер болды. 1 қаңтар 1998 жылдан бастап Қылмыстық кодекс күшіне енді де, ескі 1959 жылғы ҚазССР-нің Қылмыстық кодексіне қарағанда жаза және қылмыстық - құқықтық әсер етудің басқа шараларының жүйесі, оларды қолдану тәртібі және жауаптылық пен жазадан босату негіздері мен тәртібі елеулі өзгерістерге ұшырады.
Бұл аталған ережелер өзінің жалғасын 13 желтоқсан 1997 жылғы Қазақстан Республикасының Қылмыстық - атқару кодексінде жалғасын тапты.
Жаңа Қылмыстық - атқару кодексі ескі кодекстің кемшіліктерін жойып қана қоймай, қылмыстық жазаларды атқаруды заңдық реттеудің шеңберін ұлғайтты. Мысалы, алғаш рет бірыңғай кодификацияланған заңда жазаның және басқа қылмыстық - атқару шараларының барлық түрлерін атқару және өтеу сұрақтары, қылмыстық - атқару заңнамасының қағидалары мен бастаулары, сотталғандардың құқықтық жағдайы арнайы баптар мен тарауларды қарастырылған.
Яғни, құқықгық мемлекеттің жүйесін қалыптастыру қоғам дамуының объективті зандылықтарына ғана емес, осы тарихи кезеңде құқықтық нормалардың орындалуын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тиісті заң актілерін дұрыс қолдана білулеріне де байланысты.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, бас бостандығынан айыру жазасын өтеу, атқару ерекшеліктері өзекті мәселелердің бірінің қатарына жатады.
1. ТАРАУ. БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ЖАЗАСЫ – ЖАЗАНЫҢ БІР ТҮРІ РЕТІНДЕ.
1.1. Қылмыстық жазаның түсінігі және мақсаты. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0