Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі.......
Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні келтеде, байлар киіп қырмызы, жарлының тоны келтеде, жердің үстінде, аспанның астында әлемді таң еткен Келтең деген бір сараң бай болыпты. Бірнеше малшылары, құлдары болыпты. Сол көп малшылардың бірі Қазанқап деген қозышысы бар екен.
Қазанқап бір күні ұйықтап жатып түс көреді. Түсінде басынан күн, аяғынан ай туып, қасында екі қозы қошқар соғысып жатыр екен. Қазанқап «екі қошқарды айырайын, әйтпесе сүзісе-сүзісе бастары жарылар да бай маған ұрысар» деген оймен айғайлап тұра жүгіремін дегенде, өз даусынан өзі шошып оянып кетеді. Оянса, түн әлі қараңғы. Қозылар қотанда тып-тыныш жатыр. Ол аң-таң болып біраз отырды да ертеңіне байдың баласы......
Құдық терең еді, сондықтан арқан да ұзын болатын. Су тола шелекті тартқан кезде, шығырық ауыр айналатын. Құдықтың суы керемет мөлдір болғанмен, оның бетінде күн сәулесі шағылыспайтын, ал енді күн сәулесі өлеусіреп болса да жеткен жерлер, тастардың арасы жап-жасыл мүктен көрінбейтін.
Міне, тап сол араға құрбақаның үлкен тобыры қоныстанған. Құдықтағылар оларды ауып келгендер деп есептейді. Дәлірек айтқанда......
Кіріспе Еңбекақы - бұл жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады. Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізгі және басты бөлігі болып табылады, сонымен қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл - ауқатын деңгейін жоғарлататын құрал болып саналады. Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай нысандары бар. Қызметкерлерге ақша өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ақшалай форма, еңбекақы төлеудегі ең басты нысандарының бірі болып саналады. Еңбекақының заттай нысаны сирек пайдаланылады. Еңбек төлейтін мұндай нысан ақша айналымының бұзылу кезінде, экономикалық тұрақсыз, гиперинфляция және құлдырау жағдайларында кең қолданамыз. Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастырудың тетігі жұмыс күшінің еңбекақыға өзгеруінің процесін тікелей қамтып көрсетеді. Олардың қазіргі нарықтық жағдайларға қаншалықты сәйкес келетіндігі, еңбекақының негізгі қызметі орындауына байланысты. Еңбекақыны ұйымдастыру арқылы нарықтық экономиканың екі қозғалушы күштері арасында әлеуметтік әріптестік қатынастардың дамуына мүмкіндік беретін, жұмыс беруші мен қызметкерлердің мүдделері арасында келісімдер жасалынады.....
Тақырыбы: Менің балабақшам Мақсаты: балабақшаға деген сүйіспеншілігін дамыту, өзінің балабақша ұжымының мүшесі екенін санасына сіңіру, достық қарым - қатынас сезімдеріне тәрбиелеу. Міндеттері: - үлкендердің еңбектерін бағалауға үйрету; - балабақшаға деген мақтаныш, құрмет сезімдерін дамыту - айналасындағы адамдарды жақсы көруге тәрбиелеу. Әдістер: түсіндіру, әңгіме, ойын. Көрнекілік: балабақша суреті, балабақша қызметкерлерінің суреті.
Тәрбиеші: - Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қане қонақтармен сәлемдесіп алайық! (балалар амандасады) - Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «менің балабақшам» - Ендеше балалар, барлығымыз бір - бірімізге, қонақтар мен ұстаздарға жақсы көңіл - күй сыйлайықшы! Қане, шаттық шеңберін құрайық.
«Шаттық шеңбері» Тәрбиеші балалармен бірге Е. Өтетілеуұлының өлеңін айтады
«Ізгі сөздер» Бақшамызға барғанда, Жолыққан бар жандарға, «Қайырлы таң!»- деймін мен. Күндіз де елді елеймін: .....
Іс – әрекет бөлімдері Педагогтің іс – әрекеті Балалардың іс - әрекеті Ынталандыру. Сезімді ояту
Арайланып таң атты Алтын сәуле тартты Жарқырайды қаламыз Жарқырайды даламыз
Қайырлы таң, балар, Қайырлы таң, қонақтар
Бәрі бірге қайталап амандасады. Ізденістер. Ұйымдастыру. 1. Мемлекеттік рәміздердің мән - мағынасын әңгімелеп беру. Қазақстанның Республикасының рәміздеріне: Ту, Елтаңба, Әнұран жатады - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тудың көгілдір түсті болуы - бұл әлемнің, ашық аспанның түсі......
Адам өліміне әкеліп соғатын кез келген билер шешіміне мен қарсымын. Ол адамдыққа, адамгершілікке жатпайды.
Автор
Адал махаббаттың құрбаны болған ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкеліп соққан билер шешімінің нүктесі - Еңлік пен Кебектің мойнына арқан салып, екі аттың құйрығына байлап алып, сүйреп, "Матайлап" ұрандатып шауып-шауып төбеге төмпешік жасап тынды. Тіпті адам түгілі, жыртқыш аңда өз баласына өлім тілемейді. Бұл жаза өте қате шешім еді.
Қай заман, қай ғасырда болмасын екі жастың бақытты болғанын қаласа жүрегінде мейірімі, басында тауықтың миындай ақылы болса шешім шығарған билер өлімге кеспес еді. Осындай өлімге әкеліп соғатын билердің ауыр шешіміне себеп - ауылда қалған билердiң сұңғыла Қараменде дәл басып айтқан “менмендiгiнде” және бозбалалардың (матай жағы) жалған намысшыл кеудемсөқтығында. Терең ойсыздықпен, асығыс ақылсыздық арқасында ғашық жандардың өмірі қыршыннан қиылды. .....
Ертеде сауысқан мен көкек бір орманды мекендепті. Олар ұялары болмай, ағаштың бұтақтарын паналап күнелтіпті. Көкек күнде ерте тұрып алып: «ұя керек», «ұя керек», – деп, көршілерінің мазасын кетіреді. Бір күні сауысқан көршісіне: – Екеуіміз бірігіп берік ұя істейік. Әуелі саған, содан кейін маған салармыз, – дейді. Көкек: – Менің ұя салатын қуатым......
Өткен замандарда Әбдіхамит деген патшаның уақытында бір адам екінші бір адамнан жер сатып алыпты. Әлгі жер сатып алған адам жерін айдап жатса, айдаған жерінен бір құмыра алтын тауып алыпты.
Жер сатып алған адам жер сатқан адамға барып: «Сенің сатқан жеріңнен бір құмыра қызыл алтын шықты, ол алтын сенің есіңнен шығып кеткен екен, соны барып алып кетерсің», – дейді. Сонда жер сатқан адам айтады: «Мен саған жердің бәрін сатқанмын. Ол менің алтыным болса, енді сенікі», – дейді. Жер алған кісі айтады: «Мен сенің тек жеріңді алғанмын, алтыныңды алмаймын» деп, екеуі Әбдіхамит патшаның алдына келіпті. Сонда патша екеуінен де сұрап, бұл екеуі де алтынды алмаса, жерден шыққан алтынды кім алады деп уәзірлерінен сұрайды......