Балабақша сабақ жоспары: Жылғалардан су ақты

Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Айналамен танысу.
Тақырыбы: Шуақты көктем
Мақсаты: Көктем мезгілін сипаттау, балаларды табиғат тамашаларымен таныстыру. Табиғат ерекшеліктері мен өзгерістерін бақылау арқылы тілдерін дамыту, табиғатты аялауға, табиғаттың әсемдігін, сұлулығын көре, сезе білуге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: Көктем мезгілі туралы суреттер, құстардың суреттері, қызғалдақ гүлінің суреті.

Мативациялық қозғаушы:
Балалар, қараңдаршы жарқырап күн шығып тұр, бізге шуағын шашып тұр.
Қандай шуақты ерекше күн! Және де бізге көп қонақтар келіп отыр екен және солармен амандасып алайық.
Шаттық шеңберіне тұру.
Арайлап таң атты,
күн сәулесін таратты
жарқырайды қаламыз
жарқырай түс, даламыз
қайырлы таң! Қайырлы таң қонақтар
(Шеңберге тұрады өлең жолына сәйкес қимылдар жасайды)
Бүгін бізде ашық оқу іс - әрекеті: Айналамен таныстыру. Мен қазір сіздерге жұмбақ жасырамын......
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Ертегі: Алтын ат

Баяғы заманда бір хан болыпты. Оның жалғыз баласы бар екен. Өзі жалқау көрінеді. Бір күні ол ұйықтап жатып түс көреді. Түсінде бір жағынан ай туып, бір жағынан жұлдыз шығып тұр екен. Бұл түс жалқау балаға қатты әсер етеді. Ертеңінде орнынан тұрып, көрген түсін іздеп шығады. Бірнеше күн жүріп, бір қаланың шетінде сиыр бағып жүрген таз балаға кезігеді. Қасына жақындап, сусын сұрайды. Сонда таз бала ханның баласынан:

— Қайдан келе жатқан жолаушысың......
Ертегілер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ДАЙЫН ӨНІМ МЕН ТАУАРЛАРДЫ САТУ БОЙЫНША ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЕСЕБІ

Дайын өнім негізгі және қосалқы цехтарының сатуға арналған өнімі. Дайын өнімнің өндірісте жасалғаны, оның біртұтастығы стандартпен немесе техникалық шарттарға сәйкестігі, паспорты, сертификаты және басқадай құжаттармен куәландырады, қоймаға тапсырылғаны, тапсырыс берушілердің қабылдап алғаны және басқа жайлары міндетті түрде актімен рәсімделеді.
Дайын өнімді есептеу үшін 1320 «Дайын өнім деп» аталатын активті инвентарлық шот пайдаланылады. Дайын өнім кәсіпорынның айнаплым қаражатының құрамына кіреді және ол қаржылық есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша көрініс табады.
Дайын – өнім өзіндік құны есептік кезең аяқталғаннан кейін ғана анықталады.
Дайын өнім қабылдау тапсыру накладной бойынша немесе өнімді шығару жиынтығы бойынша өндірістен қоймаға кірістеледі.
Қабылдау – тапсыру құжаты (накладной) цехта 2 дана етіп жазылады. Дайын өнім қоймаға тапсырылғаннан кейін, накладнойдың 1 данасы қоймада, екінші данасы цехта қалады.
Өндірістік тапсырмалардың орындалу барысын жедел байқап отыру үшін және шығарылған дайын өнімнің құнын жедел есептеп отыру үшін өнеркәсіптің барлық салаларында «өнім шығару жиынтығы» деген құжаттың нысаны қолданылады. Осы жиынтық бойынша бір айдағы өнімді кірістеуге болады және оған тиісті накладной қоса тіркеледі.
Көптеген белшек сауда кәсіпорындарында тауар есебін ұйымдастырудың күрделі жағдайынан алшақ болу үшін тауардың сату бағасы бойынша есеп әдісін пайдаланады. Өйткені ол сатылған тауардың есептік бағасы бойынша сомасын жеңіл анықтауға мүмкіндік береді, ол үшін бүкіл сомадан чек бойынша жиынтық сомасын алып тастаса, айырмасы саудадан түскен түсім болып саналады. Осы жағдайда, тауардың да қалдығын кез келген кезеңге анықтау мүмкіндігі туады. Бұл тәсіл тек қана көтерме саудаға тән деп ойлауға болмайды, оны бөлшек саудамен айналысатын кәсіпорындар да штрих кодтарының көмегімен жүзеге асыруына болады.
Тауарлар сатылғаннан кейін тауар бағасы ҚҚС сомасынан «тазартылады», яғни табыс сомасы шығарылады, ол үшін ҚҚС сомасын қызылмен жазады. ҚҚС жалпы табыстан есептелінеді де, тауарлар түскен және кірістелген кезде шегерімге қойылған сомаларды алып тастағаннан кейін қалғаны бюджетке аударылады ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Балаларға)

Балалар, аманбысың шырақтарым,
Майысып көлге біткен құрақтарым!
Жүрмесем есендесіп тұра алмаймын,
Ішінен асып кетсе бір аптаның.
Қонаққа келді міне Жамбыл атаң,
Сан жылдар жүк көтерген бүкір жотам,
Қарт бабаң дәуіріне мейірі қанған.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Әңгіме: Ілияс Есенберлин | Көшпенділер

ЖАНТАЛАС

Тарихи трилогия

ПРОЛОГ

Қазақтың ұлы даласын күнгей мен күншығыс жағынан алып тағадай иіле түсіп, мыңдаған шақырымға созылған дүние жүзіндегі ең биік таулар қоршап жатыр. Осы ақ басты ғажайып шың, құздар қазақ жерінің үстінен өтетін ескек желге, азынаған дауыл-боранға ғана тосқауыл емес, бұл таулар көшкен елге де, басқыншы жаудың қалың қолына да асу бермес берік қамал. Тек бір жерінде ғана бұл ғаламат қиялар, шөккен нардай, даланың бауырына кіре, жатаған тартқан. Осы тұстан Азия мен Европаның түйіскен алқабына қарай, жаратылыстың өзі жаратқан долы сұрапылымен бірге, араларына жүздеген жылдар салып фангфур ұлы хандарының, Әтилланың, Шыңғыстың құмырсқадай құжынаған қосындары төгілген. Бұл қанды жорықтар ең алдымен осы арада әлмисақтан бері егіп егіп, мал бағып, қала салып, бейбіт жатқан елдерді талқандады. Одан өтіп қазақтың көшпенді байтақ даласын қызыл қанға бояп, лек-легімен күнбатысқа қарай лап қойды. Бұлар басып өткен жерде тек күңіренген ел, күйзелген дала, күйреген қала ғана қалды.

Бұл жолғы шайқас та — соның бірі еді.

Жоңғар қақпасының етегіндегі Сойқан сайда қытай мен қазақ әскерінің алысқанына міне бір жеті болған. Бойлауық жылқы секілді бой бермей, екі жақ бірдей арандағанда, талай қанды ауыз бөрілер пұшпағынан ілінді. Жүрегінің түгі бар талай батырлар қайқы қара алдаспандардан қаза тапты. Талай албырт жас өмір сабағынан үзілген гүлдей семді. Бірақ кісі қанын толарсақтан кешіп жүрсе де селт етпейтін қолбасшылар майданға жұртты төпеп айдай берді. Сегізінші күні жасыл жібек шатырын қырық құлға көтертіп, майдан шебіне қытай боғдыханы Канси келді. Әскер басшыларын шақырып алып: .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: География | Солтүстік Қазақстанның санаторлық курорттық потенциалын анықтау

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Демалыс пен туризм қоғамдық қызметтің негізгі сферасына айналып жатыр. Олар көптеген рекреациялық ресурстар түрлерінің географиялық ортаға таңдалмалығымен, рекреациялық территорияларды рационалды үйымдастырумен, әртүрлі демалыс түрінде қажеттіліктерді болжаумен, рекреациялық ресурстардың аймақтық бағалау ерекшеліктерімен байланысты мәселелердің кең шеңберін қамтиды. Соңғысы ерекше өзекті мәселені құрайды және ол туризм мен демалыс мақсаттары үшін территорияның жарамдылығын зерттеу мәселесінің маңызды бөлігін құрайды.
Қоғамның өндірістік интенсификациясы ең алдымен адамның психофизикалық жүктемесінің күшейуіменен анықталады. Адамның жұмыс қабілеттілігін (рекреацияны) жақсарту үшін арнайы жағдай жасау керек.«Рекреация» сөзінің мағынасы – «дем алу, адамның күшін қалпына келтіру» дегенді білдіреді.
Емдік-сауықтыру туризмі туристік классификация ішінде өзіндік орны бар. Сондықтан да туризм классификациясын талдай отырып диплом жұмысының мазмұнын құрау. Соған орай Солтүстік Қазақстанда емдік сауықтыру рекреациялық ресурстарын зерттеу, талдау мәселелері қолға алынуда. Адамдардың рекреациялық қызметі бірнеше аспектілерден тұрады: медико-биологиялық, әлеуметтік-мәдени, экономикалық болып. Рекреациялық қызметінің ең негізгі аспектісі медико-биологиялық болып табылады. Оның құрамында – денсаулықты жақсарту, курорттық емдеуді қажет ететін адамдарға көмек көрсету және аурудың алдын алу;
Әлеуметтік-мәдени қызметке - әлемді, табиғатты, тарихты, мәдениетті тану, яғни танымдылық мақсаты; ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Наурыз көженің адам ағзасына пайдасы

Зерттеу жұмысының негізі: Наурыз көже және оның құрамы туралы әдебиет. Зерттеу жұмыстары.
Бұл мәселеге, сұраққа қызығушылық қайдан пайда болды: Наурыз көженің дәмі өте ұнайды және адам ағзасына пайдалы болғандықтан.
Қандай ұсыныңыз бар: Мектеп асханасында, дүкендерде газдалған сусынының орнына Наурыз көже сатылымда болса, себебі Наурыз көже адамның иммунитетін жоғарлатады, және Наурыз көжеде мынандай дәрумендер бар В1, В2, В6
Бұл сұрақтың жауабын қайдан іздедіңіз: әдеби кітаптардан, газеттен, интернеттен және ғалымдармен және өз ой - пікірім бойынша талдадым, зерттеу жүргіздім.
Сұрақтар( кімнен не жайлы сұрадыңыз): Жетекшіммен, анаммен бірге жұмыс істедім
Жобаға пайдаланылған көрнекі құралдарыңыз: (суреттер, фотографиялар, слайд, тағам түрлері, зертхана құралдары )
Байқауға пайдаланған мәтін түрі: (баяндама, презентация және т. б) .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Жабайы жануарлардың тіршілік мекені

Лексикалық тақырып: Жабайы жануарлардың әр мезгілдегі тіршілік кезеңі
Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Жабайы жануарлардың әр мезгілдегі тіршілік кезеңі
Мақсаты: Жабайы жануарлар туралы түсінік беру. Оларды орманда мекен ететіні жөнінде айту. Балалар үй жануарлары және жабайы жануарларды ажырата білуге үйрету. Қайда? сұрағына жауап беруге дағдыландыру. Ертегі мазмұнын баяндап әңгімелеуге, берілген сұрақтарға толық жауап беруге үйрету. Бейнелік сурет бойынша әңгіме құруға үйрету. Ертегіні тыңдай білуге дағдыландыру.
Түзетушілік мақсаты: Баланың ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, ұсақ қол моторикасын жетілдіру. Бір - екі сөздермен сөйлем құрап, ауызекі байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: жабайы жануарлары бейнеленген сурет, жабайы жануарлардың муляждары, үнтаспа, айна.
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу
Сөздік жұмыс: аю, түлкі, қасқыр, тиін, қоян
Мотивациялық ынталандырушылық
Педагог балаларды шаттық шеңберге шақырады.
Нұрланып күн тұрса
Күллі әлем жинайды.
Жер беті құлпырса
Бұлбұлдар сайрайды.
Тыныс алу жаттығуы
"Су астындағы сүңгігіштер" .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Стилистика тілдің көркемдегіш амал тәсілі

КІРІСПЕ
Стилистика – тіл білімінің бір саласы. Стилистика тілдің көркемдегіш амал тәсілдерін, тілдің жұмсалу аясының түрлі қоғамдық салаларда қолдануын, қатысымдық әрекетінің функциясын атқарады. Стилистика мәселесі өте күрделі, өзінің функционалдығымен қарым-қатынас әрекетіндегі тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдерді қолдану принциптерін ретке келтіретін сала. Стилистика сөйлеу, коммуникация процесіндегі тілді пайдаланудың заңдылықтарын зерттейді. Стилистика түрлі қоғамдық салаларда тілдік амал-тәсілдер мен стилистикалық мүмкіндіктер арқылы коммуникативті-прагматикалық, эстетикалық қызметті қарастырады. Стилистика көптеген ғылыми-практикалық мәселелерді қамтиды. Ол тілдегі стилистикалық амал-тәсілдерді ғана қарастырмайды, стилистикалық мүмкіндіктердің барлық базасын қамтуды көздейді, сондай-ақ ұлттық әдеби тілдің нормасын сақтап, стилистикалық норманы қалыптастырады. Стилистика ғылымы стилистикалық ұғымдар мен белгілердің межесін өзіне тірек ете отырып, теориялық проблемаларды шешеді [1,6].
Қазіргі стилистика ғылымының проблемалары өте кең: тілдік пәндері кешенді түрде зерттеуді қажет етеді. Тілдік бірліктерді пайдаланудың тәсілдерін үйретеді әрі стилистикалық тәсілдерді коммуникативтік мақсатқа сай іріктеу ұстанымын негізгі меже етіп алады. Адамдық фактордың сөзді саналы түрде ұйымдастыруын есепке алып отырады, тілдік емес ситуациялар мен контекстің тікелей ықпалы арқылы дискурс пен мәтіндегі стилистикалық мүмкіндіктердің жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
Стилистика – тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық принциптерін ғана ретке келтіріп қоймайды, прагматикалық әлеуметтік ықпалы ерекше стилистикалық әсер ететін тілдік бірліктердің қызметін толық есепке ала отырып, оны жүзеге асырушы экстралингвистикалық және басқа факторлармен бірлесіп стилистикалық мүмкіндіктерді қарастыратын тіл ғылымының күрделі саласы.
Қазіргі стилистиканың жалпы филологиялық, тілдік немесе әдебиеттік тұрғыдан бөлінуі де оның мазмұны мен бағыттарының әр түрлілігін көрсетеді. Қазіргі тіл білімінде стилистиканың даму бағыттарының бірнеше түрі өте маңызды орын алады. Олардың қатарына функционалдық стилистика, көркемдік тәсілдердің стилистикасы, прагмастилистика жатады. Жалпы тіл ғылымында стилистиканың даму бағыттарының жоғарыдай түрлерінің пайда болуы, стилистика мәселесінің өте күрделі ғылым саласы екенін көрсетеді. Жалпы тіл ғылымында функционалдық стильдерді былайша топтастырады:
– ауызекі сөйлеу тілі;
– ғылыми стиль;
– ресми стиль;
– публицистикалық стиль;
– көркем әдебиет стилі [2,8].
Стилистикалық фигуралар жоғарыда аталған функционалдық стильдердің барлығында бірдей қолданыла бермейді. Стилистикалық фигуралар көркем әдебиет стиліне тән стилистикалық тәсілдер болып табылады.
Ұлт тілінде көркем әдебиет тілінің алатын орны ерекше. Көркем әдебиет тілінде сол тілдің барлық байлығы еркін қолданылады. Көркем әдебиет стилі – стилистикада әдеби шығарманың көркемдік формасын құрайтын ерекше стиль түрі. Көркем әдебиет стилінің сыртқы құрылымдық жағы туралы әдебиетшілер мен тілшілер арасында ортақ пікірлер бар, сондай-ақ тілдік-стильдік тұрғыдан бөлектенетін тұстары да бар. Көркем әдебиет стилі тіл аясының негізін құрайды. Жалпы алғанда олардың арақатынасы ортақ болғанмен, соған қарамастан „көркем әдебиет тілі” бір-біріне ұқсас емес. Көркем әдебиет стилі өзінің әдеби тілмен ішкі бірлігі жағынан қаралатын объективті шындығын ешуақытта жоғалтпайды, керісінше қазақ ұлттық әдеби тілінің барлық тілдік-стильдік ерекшеліктері көркем әдебиет стилінде көрсетіліп отырады [3,36].
Көркем әдебиет стиліне әдеби тілдің нормасы да кіреді, сондықтан көркем әдебиет тілі арқылы әдеби тілге қатысты ізденістен көркемдік-эстетикалық топпен бірге стилистикалық категориялары өрбіп шығады. Көркем әдеби стилі жалпы әдеби тілдің ұлттық нормаларына, көркем сөздің нормаларына иек артады. Жалпы халықтық тілден, ауызша әдеби тілден, ауызекі сөйлеу тілінен, ұлттық әдеби тілден негізі қаланған көркем әдебиет стилі көркемдік, құрылымдық, эстетикалық өрісін беруде өзгеше стильдік мәнер түзе алады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0